Әлеуметтік педагогиканың даму мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Эссе
Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың даму мәселелері

Орындаған: Байетова А.Т.
Тобы: С 1801-10ж

Әлеуметтік педагогиканың даму мәселелері

Әлеуметтік педагогика терминін алғаш XIX ғасырда неміс ағартушысы Адольф Дистервег ұсынған болатын. Дегенмен әлеуметтік педагогика ұғымы қазіргі күнгі толыққанды мағынасында XX ғасырдың ортасында ғана қолданысқа енді.
XIX ғасырдың екінші жартысында педагогикаға және қоғамдық тәрбиеге деген сұраныс күшейе түсті. Біріншіден, оған жастарға қоса ересектерді де тәрбиелеу мәселесі ене бастаған еді. Екіншіден, әлеуметтік жүйедегі нормаларға бағынбайтын барлық жас ерекшелігіне қарамай өкілдерді бейімдеу мен қайта тәрбиелеу қажеттігі туды. Әлеуметтік педагогиканың қалыптасуына түрткі болған объективті сұраныстардың тууына Еуропа мен Америкадағы әлеуметтік-мәдени процестердің ықпалы күшті болды. Ол жерлерде индустрияландыру күшімен халық ауылдық жерлерден қалаға ағыла бастады. Халық жаңа жағдайға бейімделе алмай, толыққанды отбасын құру қиындады. Соның салдарынан қылмыс, әдепсіздік еселеніп, қаңғыбастар мен кедейлер көбейді. Еуропадағы урбандалу мен ұлттық мемлекеттің қалыптасуы, солтүстік Америкада америкалық ұлттың қалыптасу процестері тұрғындардың барлық әлеуметтік топтар мен жас ерекшелігі топтары өкілдеріне ортақ құндылықтар насихатталып, мойындатылуын талап етті.
Дәстүрлі тәрбиеші тәрбие мен моральдың жеке-дара насихатшысы болудан қалған кезеңде туындаған вакуумды толтыру мақсатында педагогика ғылымы әлеуметтік педагогиканың алғышартын жасай бастады. Бастапқыда, әлеуметтік педагогикаға дұрыс анықтама берілмеді. Неміс ғалымдары Герман Ноль мен Гертруда Боймер: әлеуметтік педагогиканың зерттеу пәні -- қамқорсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу, -- деген болатын, ал Пауль Наторп әлеуметтік педагогика пәнін қоғамның тәрбиелік күштерін халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында біріктіру мәселесін зерттейді деп дұрыс көрсеткен.
Педагогика ғылымы секілді әлеуметтік педагогика да ізгілікті ғылымдармен байланыста дамып, жеке өзіне ғана тән әлеуметтік іс-әрекет, әлеуметтік білім беру және әлеуметтік тәрбие сияқты салалардан түрады.
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет кәсіптік жұмыстардың бір түрі ретінде баланы әлеуметтендіруге көмектесіп, әлеуметтік мәдени тәжірибелерді меңгеруге қолайлы жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл іс-әрекет әлеуметік педагог тарапынан әртүрлі оқу мекемелерінде, ұйымдарда, қауымдастықтарда, кәсіпорындар мен шеберханаларда, жеке тұлғамен де жүргізіледі.
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет жеке тұлғаның әртүрлі тосын жағдайларға ұшырап қалғанда одан шығуына көмектесу, сүйемелдеу мақсатында ұйымдастырылады.
Қазіргідей адам мен қоршаған ортаның, адам мен қоғамның арасында қарама-қайшылықтар үдеп, адамдардың психикасына әсер ететін теріс көріністер орын алып отырған кезде әлеуметтік тәлім-тәрбиенің маңызы зор. Ауыр күйзеліске ұшыраған жетім-жесірге, мүгедекке, қараусыз қалған жандарға, кедейшілік пен қайыршылыққа душар болғандарға, әртүрлі туа біткен не техногенді, экологиялық апаттарға үшыраған адамдарға қолдау көрсетіп, көмек беруде әлеуметтік педагог мен әлеуметтік қызметкер жұмысының өзіндік маңызы өте зор.
Әлеуметтік педагогика болашақ мамандар мен педагогтардың алдына мынадай мақсаттарды қояды:
таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалық білімдерді меңгеру;
әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу жолдарын қарастыру;
баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге баулу;
баланың ізгілікті сенімдерін ояту, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
тосын жағдайлардан өз алдына шығуға ұмтылу, тура шешім табуға, тартынбай іс-қимылға кірісуге үйрету;
қоршаған ортаның әсерін талдай білу және әлеуметтендіру құрбандығы, шығындары туралы түсінік беру және көмектесе білуге үйрету.
Баланы адамгершілікке, ізгілікке, қомқор болуға үйрету жеке өз мүддесін, талабын қанағаттандыруға баулу, қабілеттерін дамытуына ынтасын ояту мақсатын көздейді. Тосын жағдайларға ұшыраған, көмекке мүқтаж адамдарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагогика жайында
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік - экономикалық факторлары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогиканың жалпы мәселелері
Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
Пәндер