Мемлекеттік бағдарламалар - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Туризм және Спорт факультеті

БОӨЖ 11
Тақырыбы: Мемлекеттік бағдарламалар - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі

Орындаған: Кенесова Н. М
Топ: ХІТ 21-01
Қабылдаған: Еришева Т.А

Түркістан,2021

Қазақстан -2030 стратегиясы - ел дамуының бір белесі
1997 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан - 2030 ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды, қаралған мәселелер: Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары, реформаларды аяқтау, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу, Қазақстан барысын қалыптастыру. Ол мемлекеттік шаралардың нақты жоспарларын әзірлеуге негіз болған ел дамуының жеті шешуші бағытын айқындап берді. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жобасы Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі болды, ол елдің дамуының он жылдық кезеңіне арналған экономикалық маңыздылығын ескеріп, қойылған міндеттердің табысты іске асырылуын қамтамасыз етті. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Аталған бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілді. Әлемдік сарапшылар қоғамдастығының адам дамуының орта мерзімдік трендтеріне қатысты байламдарын шартты түрде үш блокқа бөліп қарауға болады екен. Бірінші блокта сарапшылар айтарлықтай ілге-рілеушіліктер байқалатын салаларға назар аударады. Екіншісі - бұл белгісіздік аймағы көрінеді. Ал үшіншісі - айтарлықтай өзгерістер болжанбайтын үдерістер мен құбылыстар екен. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы шеңберінде 1997 жылы жарық көрген адамдық даму жөніндегі есебінде адам әлеуетінің даму индексі бойынша Қазақстан әлемнің 174 елі арасында 93- орында тұрды. Қазақстан -- өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайды, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіретін, өзіндік экономикалық стратегиясы бар мемлекет. Қазақстан-2030 даму бағдарламасының басты жетістіктерінің бірі - 2008-2009 жылдардағы жаһандық экономикалық дағдарыс әлемдік және өңірлік дағдарыстардың кері салдарларына ұлттық экономиканың тұрақтылығын арттыру жөніндегі экономикалық шараларға өзінің әсерін тигізуі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданған Қазақстан 2030 стратегиясының тағы бір негізгі басымдықтарының бірі - шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейімен ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылдығында қаржы саласының негізгі институттары қалыптасып, осы саланың қарқынды дамуының берік негізін жасадық. 2003 жылға қарай, шетел сарапшылары экономикалық реформалардың мақсатты жүргізілуінің, қолайлы инвестициялық климаттың жасалуының, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің арқасында Қазақстан экономикалық өсу қарқыны бойынша әлемдегі көшбасшылардың біріне айналғанын атап өтті. 2002 жылдан бастап ұлттық және шетел валютасындағы кредиттік рейтингте Қазақстанның деңгейі тұрақтыдан жағымдыға көтерілді. Қазақстанның кредиттік рейтингінің инвестициялық деңгейге дейін көтерілуі қаржы саласының дамуы бойынша ТМД елдері ішінде алдыңғы қатарда екендігінің дәлелі болды. Қазақстан - 2030 даму стратегиясының қабылдануы елде нарықтық экономиканың қалыптасуын, демократиялық бағыттағы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің құрылғанын, оның ішкі тұрақтылығын анықтап берді. Осының нәтижесінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде айқындала түсті. Қазақстан - 2030 стратегиясының Ережелері Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті ең дамыған елу елінің қатарына ену стратегиясы мен Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде Жолдауында өз жалғасын тапты. Еліміздің ендігі даму көкжиегі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауы, бұл- еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік саладағы серпінді дамуының кепілі. Алдағы он жылдыққа арналған, басым бағыттар белгіленген стратегиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2025 жылға негізгі мақсат
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратег
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмнің қалыптасуы
Қазақтанның «Қазақстан - 2030» ұзақ жылдарға арналған дамуының стратегиясы
Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Пәндер