Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

№1 семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы.

  1. Білімді меңгерудің жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.
  2. Оқу және практикалық тапсырмаларды шешу жағдайында зияткерлік процестерді қалыптастыру ерекшеліктері.
  3. Оқыту мазмұны мектеп жасындағы ақыл-ой дамуының көзі ретінде.

Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.

Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.

Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін көтерудің үшінші деңгейлі курсы болды. Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс - әрекеттер жоспарланған. Курс барысында оқыған бағдарлама жеті модульді қамтиды. Осы жеті модуль ішіндегі өзектісі «Оқушылыардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» болып табылады. Себебі бұл модульді күнделікті сабақ үстінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүдесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.

Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырмалар беріледі. Жеке тұлғаға бағдарланған технологияда (Хуторской А. В. ) оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді. Аталған технологияның негізгі ұстанымдары төмендегідей:

- жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті өзіндік ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сай оқыту) ;

- білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс) ;

- оқытудың жағдаяттығы ұстанымы (құзыреттілік бағдарланған тапсырмаларды орындауға тілдік жағдай туғызу) .

Бұл технологияны іске асыру екі жолмен жүзеге асырылады: 1) сыныпты дифференциациялар арқылы «жоғары-орташа-төмен» топтарға бөлу және оқу материалын күрделілік деңгейіне байланысты іріктеу; 2) білім траекториясын өзіндік мүмкіндіктеріне ыңғайлау. Мұны жүзеге асыру оқытудың ерекше шарттарын қажет етеді: әр түрлі мазмұн мен көлемдегі білім нәтижелерін әкелетін әрбір білім алушының жеке білім траекторияларын таңдау.

Оқушыларды жас ерекшелігіне сай бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сұрақтарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашыллыққа ұмтылады. Жас ерекшелігін ескере оқыту барысында біліктілікке жетеді.

-әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

-оқушының жеке қабілеті айқындалады;

-іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;

-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;

-әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;

Жас ерекшеліктерін ескеру барысында тапсырмалар негізінен жеңілден күрделіге қарай құрылады. Тапсырмалар мазмұны күрделенген сайын оқушылардың қызығушылықтары артып, еңбектене түседі. Сондай еңбектенудің арқасында оқушылар өз білімдерін шыңдай түседі және тиісті бағалармен бағаланады.

Бастауыш мектеп - өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өрендеуіне, ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өзгерту міндеттері қойылды.

Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан- жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.

Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшықеттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы, барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйкесінің қалыптасуына үлкен рөл атқарады.

Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде балада қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті дамып, түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.

Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.

Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі - есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.

Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі бірден жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады.

Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру деген сияқты түрлері анық көріне бастайды. Оқушыларда жоғары дәрежеде, жүйелі түрде нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы - ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.

Тіл - ойдың жемісі. Бала тілінің таза, ойының жеткілікті болуына баса назар аудару қажет. Л. С. Выгодскийдің пікірінше, мектепте оқытудың басталуымен ойлау баланың саналы әрекетінің орталығына ығысады. Ғылыми білімді меңгеру барысында жүзеге асатын сөздік-логикалық, пайымдап ойлаудың дамуы басқа да танымдық процестерді құрайды.

Ғұлама ғалым Х. Досмұхамедұлы тіл, сөйлеу - адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айтады. «Тіл - жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт. Мектеп пен баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл - шатасқан тіл» -дейді.

Баланың алғаш мектеп табалдырығын аттауы - оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әрі үйдегі, әрі мектептегі жаңа талаптарға негізделеді. Бұл жастағылардың негізгі әрекеті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі, ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында . Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мынандай қиындықтарға кезігеді:

1-ші: баланың мектеп жағдайына бейімделуі;

2-ші: мұғаліммен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы;

3-ші: 1-сынып оқушыларына берілетін тапсырмалар тым жеңіл болып, баланың оқуға деген қызығушылығы жоғалып кетуі мүмкін. Алайда, барлық қиындықтар бала психикасы дамуына байланысты шешіледі, жаман-жақсыны ажырата бастайды. Мектепке алғаш келген оқушының негізгі таным процестері мектепке кіргеннен кейін едәуір өзгерістерге ұшырайды. Бұл кезеңде балаға мұғалім мен ата-ана тарапынан көп көмек қажет болып табылады.

Өкінішке орай, жақсы оқуға мүмкіншілігі толық жететін оқушыны, оның кейбір ақыл-ой енжарлығына қарап, қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да кездеседі. Бұл баланың оқуға қызығушылығының жоқтығынан, ақыл-ой жұмсаудан қашу ниетінен, онда қалыптасқан сенімнен, яғни ілім - баланың қабілеті жетпейтін, өте қиын нәрсе дегеннен келіп пайда болады. Мұндай балаларға қозғау салып, оны белсенділікке бастап, бейімділік көрсеткен нәрселерінен мағлұматтар беріп қызықтыру қажет. Оған қосымша қызықтыратын материалдар беріп, білім алудың қуанышын бастан кешіруге (мысалы, бұрын оған қиын болған есепті дұрыс шығару кезі) жағдай туғызған пайдалы. Бұл мектеп оқушысының өз күшіне деген сенімін туғызады, сөйтіп басқалардан қалыспай тәуір оқи алатындығына көзін жеткізеді.

Мұғалімнің ойлы, қабілетті балаларға төнген қауіпті де ұмытуына болмайды. Олар оқуды жеңіл меңгереді, сондықтан да олар еңбектенуге дағдыланбаған және қажетті ықыласы жоқ болады. Ақыл-ой күшін жұмсаудың болмауы мынандай жағдайға әкелуі мүмкін: мұндай балалардың бірте-бірте қабілеттіліктері жойылады, талантты мектеп оқушысынан еңбекке жарамсыз, орта, тіпті нашар жұмыскерлерге де айналып кетеді.

Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілдерін білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі. М. М. Мұқанов өзінің «Жас және педагогикалық психология» атты еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілетіндігін көрсетті: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексті беріледі.

Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі - бастауыш сынып оқушыларының психикасын дамыту болып табылады. Бала психикасының дамуын зерттеудің міндеттері төмендегідей болып келеді:

- Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.

- Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.

- Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.

Әл-Фараби өз еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды. «Қандайда бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Бізге осы ерекше мәндердің кейбіреулерін ғана жеткілікті, ал қалған көпшілігін сезінудің өзі тиімді». Осы жағдайда біздің сезіміміз қабылдап, ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән рольді атқара бастайды. Бастауыш мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлауы күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып шоғырланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысында таным процесін дамыту
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі
ПДТ-сы (психикалық дамуының төмендеуі) бар кіші мектеп жасындағы оқушылардың ойлауын еңбек іс-әрекетімен түзету
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділігін дамыту
Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуы
Кіші мектеп жасындағы балалардың көру бұзылысын зерттеу
Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік қабілеттерін дамыту құралдары
Оқушыларда біртұтас тұлға ретінде қалыптастыру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz