Инфографика және оны тегін жасау сервистері туралы


№1 СӨЖ Жұмыстың тақырыбы:
«Инфографика және оны тегін жасау сервистері»
Жұмыстың мақсаты: Инфографика ұғымымен танысу және сабаққа қажетті материалдарды құрылымдап беруді үйрену, қарапайым серсвистерді білу және олармен жұмыс жасай білу.
Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Инфорграфика ұғымына талдау жасау. Сонымен қатар инфографиканы тегін жасау сервистерін қарастырып, презентация жасау Интернетте іздеу жүйелері арқылы ақпарат іздестіру. Canva, Easel. ly, infogram. com, Piktochart, Venngage инфорграфиканы тегін жасау сервистерімен танысу.
Мультимедиалық ресурстар мен интернет-журналистикада инфографика кеңінен қолданылады. Ақпаратты ықшамдап, оқырман тез түсінетіндей қылып берудің тамаша әдісі саналатын бұл құралдың қарапайым түрлерін қазір онлайн түрде жасауға болады.
Инфографиканың пайда болу тарихы
Ең алғаш инфографиканы 1982 жылы USA Today газетінің баспагерлері қолдана бастады. Осының арқасында газет ең көп оқылатын басылымдардың үздік бестігінің қатарына енді.
Уақыт өткен сайын инфографика тек қана технология мен бизнес емес, сонымен қатар өнер екені де анықтала бастады. Сонымен бірге, осы өнерді жетік меңгеру баспа бизнесінің табысына тікелей әсер ететіні де анық болды. Сондықтан «Эсквайр» және «Нью-Йоркер» сияқты журналдар инфографиканы жасау жұмысын идеяның авторы болып табылатын бір журналист пен 3-4 дизайнерге тапсырады. Осылайша инфографика дүниеге келеді.
Инфографика қандай болады?
Инфографика сөзсіз түсінікті болуы тиіс. Мысалы, сіз неміс тілін білмейсіз. Бірақ, суретке қараған уақытта сіз әңгіменің не жөнінде екенін ұға алсаңыз, бұл - инфографика деген сөз. Барлығы тайға таңба басқандай түсінікті болуы керек. Бұдан шығатын қорытынды - қарапайым ете отырып, түсінікті қылуға тырысыңыз. Себебі, инфографиканы кейде “көп сөздің орнына - сурет” деп те атайды.
Суреттің инфографика екендігіне көз жеткізу үшін: суреттен барлық мәтін мен сандарды алып тастау керек. Енді қалған суретке назар саламыз. Қандай да бір мағына беріп тұр ма? Егер тек сәндік элементтерден ғана құралған дүние қалса, онда ол инфографика емес. Бұдан шығатын қорытынды: мәтін, сан, сурет барлығының арасында байланыс болуы тиіс.
Одан бөлек, талғам болуы да аса маңызды. Суреттер мен сандардың сәйкес келуі, әріптер мен қаріптердің үйлесімі осының барлығы ерекше талғамды қажет етеді. Олай болмаған күнде тек уақыт бекер шығындаймыз. Қай түстің қай түспен сәйкес келетіні, әріптерді орналастыру білу үшін біраз жұмыс жасау керек.
Инфографика жасауға арналған онлайн-сервистер
Infogr. am- бұл латвиялық Улдис Лейтерс пен Раймондс Кейз атты екі журналистің құрған компаниясы. Негізгі мақсаты - журналистерге кәсіби дизайнерлердің көмегінсіз инфографикалар жасауға қол ұшын беру.
Жұмысты қалай бастайды?
Аталған платформаның көмегімен кез келген мәліметтерден график жасауға болады. Ол үшін сізге алдымен тіркелу керек. Одан кейін сіздің алдыңызға үш түрлі нұсқа беріледі: график жасау, дайын жұмыстарды қарау немесе ақылы нұсқасын сатып алу.
График жасау (Create) батырмасын шертіңіз де, өзіңізге ұнаған график түрін таңдаңыз. Таңдап алған соң, XLS, XLSX нмеесе CSV форматындағы мәліметтеріңізді компьютеріңізден жүктеу ғана қалады. Осыдан соң, мәтіннің көлемін, түсін, пішінін өзгерту сынды көптеген параметрлерді қолдана аласыз. Кейін дайын өнімді Facebook, Twitter сынды желілерде бөлісіп, жеке сайтыңызға салып қоя аласыз.
Cacoo - 2007 жылы nulab. Inc. компаниясының шығарған сервис. Жұмыс жасап болған соң тек жүктеп қана қоймай, Adobe Illustrator сынды редакторларда өңдеуге мүмкіндік береді. Cacoo онлайн схемалар мен диаграммалар жасауға арналған қарапайым сервис. Ол қарапайым функциялардан бөлек қосымша модульдер мен күрделі схема, диаграммалар жасауға да көмектеседі. Дайын өнімдер саны өте көп. Осынысымен де ыңғайлы. Сәл өзгерістер енгізіп, жаңа өнім жасап шыға аласыз. Бұл сіздің алдағы уақытта тәжірибе жинауыңғызға үлкен көмегін тигізетін болады.
Жұмысты қалай бастайды?
Ең алдымен, тіркелу қажет. Интерфейс орыс тілінде де ашылады. Жүйелік қаріптер мен кирилл әріптерін қолдайды. Аталған сервис топтық жұмыс үшін өте қолайлы. Шығармашылық процеске қатысушыларға өзгеріс енгізуге рұқсат беріп қою керек
Piktochart - енгізілген мәліметтер негізінде инфографика мен презентацияларға арналған схемалар жасауға арналған онлайн құрал. Бұл сервистің өзінің схемалар мен түстер редакторы бар. Қаріптер түрі өте көп және сурет жүктеуге мүмкіндік бар.
Жұмысты қалай бастайды?
Жұмысты бастамас бұрын тіркелу қажет болады. Әлеуметтік желілердегі аккаунт арқылы тіркелу ең оңай тәсіл. Тіркелер кезде сізге тарифтік жоспарлардың бірін таңдау керек болады. Ақылы нұсқасында жұмыс жасау ыңғайлы. Себебі, ол жерде шығармашылықты шыңдау жолында көптеген дүниелер қолжетімді болады. Бірақ, кез келген сервис түрін таңдар кезде тегін нұсқасынан бастаған дұрыс. Өйткені, оның қаншалықты жұмыс істеуге қолайлы екендігін тексеріп алу керек.
Одан кейін қолжетімді шаблондардың бірін таңдау керек. Неше түрлі түстер палитрасы ұсынылады. Таңдау нұсқалары көп болған сайын, керектісін таңдау қиындай түседі. Бұл ретте аталған қызмет сізді біраз әуреге салады. Таңдау саны тым көп. Ұнаған шаблонды редакторға жүктеп, өзгерістер енгізіп, мәліметтер салуға болады.
Жұмысты аяқтаған кезде тек редактордың оң жақ жоғарғы бұрышта тұрған Save батырмасын басу ғана қалады. Сол кезде жұмыс Piktochart сервисінің қоймасына сақталады. Сонымен қатар, өз инфографикаңызды компьютеріңіздің қатқыл дискісіне де сақтауға болады.
Visual. ly - 2011 жылы жұмысын бастаған инфографика жасауға арналған платформа. Дайын болған жұмысыңызды әлеуметтік желілерге жариялай аласыз. Аталған сервисті тек энтузиазмы тасып, жасап көрейін дегендер ғана емес, кәсіби дизайнерлер де қолданады. Осы сервистің көмегімен белгілі компаниялар да біраз инфографикаларды дүниеге әкелген.
Жұмысты қалай бастайды?
Веб-сайт иелеріне өз парақшаларына қонақтардың қаншалықтың кіретіндігін инфографиканың көмегімен көрсеткен әлдеқайда оңайырақ болады. Мәселен, қай кезде сайт көтерілді, қай кезде түсіп кетті деген секілді мәліметтерді беруге аталған сервис көмектеседі.
Басында сізге тіркеліп, өз аккаунтыңызды Google Analytics-ке қосы керек болады. Ол үшін Start Now батырмасын басып, Visual. ly сервисіне Google Analytics мәліметтерін қарауға келісім беруіңіз қажет. Бұл кезде сіздің Google Analytics-тегі құпия сөзіңіз сервиске берілмейді. Ол жағынан қорықпаңыз. Одан кейін қажетті сайтты енгізесіз. Егер Google Analytics есеп жазбасына бірнеше сайт қосылған болса, бірін таңдайсыз.
Сайтты таңдаған соң бірнеше секундтың ішінде жүйе Analytics мәліметтері негізінде инфографика дайындап береді. Ол жерде беттің қаралым саны, жаңа қонақтар саны, сайтқа қайта оралғандар қанша т. б мәліметтер көрсетілетін болады. Одан бөлек, әлеуметтік желілер туралы ақпарат та көрсетіліп тұрады.
Соңында Visual. ly оқырманға не керек, ол үшін маңызды деген ресусрты шығарып береді. Соңғы аптада жақсарған көрсеткіштер бөлек түспен көрсетіледі.
Visual. ly осындай есепті апта сайын жүргізіп тұруды ұсынады. Егер қаласаңыз, сізге бар-жоғы Send report weekly батырмасын басу қалады. Яғни, бұл қолданушыларға апта сайын сайттың жағдайын тексеріп тұруға мүмкіндік береді.
Easel. ly - журналистерге таптырмас қызмет түрі. Олай дейтініміз, мұның көмегімен өте қарапайым әрі жеңіл инфографика жасауға болады. Бастапқыда инфографика жасап үйренгіңіз келсе, осыдан бастауды ұсынамыз. Атауының өзі айтып тұрғандай бұл жерде барлығы қарапайым.
Жұмысты қалай бастайды?
Ең алдымен, қалыптасқан дәстүр бойынша, тіркелу керек. Тіркелген соң бұл сервисте сіздің жеке кабинетіңіз пайда болады. Алдағы уақытта тағы инфографика жасар болсаңыз, бұрын жасаған жұмыстарыңыз кабинетіңізде сақтаулы тұрады. Ол жерден қалауыңызша өзгерістер де енгізсеңіз болады.
Ал, енді жұмысты бастайық. Ол үшін Create батырмасын басыңыз. Аздаған уақыт ішінде дайын шаблондар жүктеледі. Сол жерден біреуін таңдаңыз. Бұл сізге жұмыс жасауға ыңғайы болу үшін дайындалған. Егер ақ парақтан бастаймын десеңіз, ол да болады. Clear батырмасы шаблонсыз, таза бет ашады.
Инфографикаға түрлі геометриялық фигуралар, нысандар, мәтіндер енгізуге болады. Таңдаған нысанның өлшемін, түсін де қалауыңызша өзгерте аласыз. Егер бір нәрсені өшіру керек болса, себет белгісін басып, жоюға болады. Нысанды сол орыннан қозғалмайтын еткіңіз келсе, құлыптың белгісін шертіңіз. Менюдің жоғары бұрышында Save батырмасы сақтауға мүмкіндік береді. Дайын жұмысты компьютеріңізге сақтауға, сайт не блогыңызға орналастыруға, бөлісуге болады.
Thinglink- интерактив суреттер жасауға арналған сервис. Яғни, қарапайым суретті интерактив нысанға айналдырады. Бұл үшін сіз видео, аудио не суреттерге түрлі белгілер салып қоясыз. Дайын жұмысты сайтқа, блогқа орналастыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz