Мәдениет тілі туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ инновациялық
гуманитарлық-заң университеті.

РЕФЕРАТ
№2 семинар

Тақырыбы: Мәдениет тілі

Орындаған:Вафин Ф.Ф.

Оқу жылы 2020-2021 жж.
Семей 2020 жыл.

Тіл мәдениеті
Тіл мәдениеті - әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы - оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз - коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
этика - сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма - сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма - сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.

Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.

Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті сөйлеудің тиімділік теориясы деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру - ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы - сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы - дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, әсем жеткізу ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.
Тіл мәдениеті - рухани мәдениет саласы
Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әртүрлі анықтама береді. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді оқуағарту, ғылым өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, дейді тілші-ғалым М. Балақаев. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. М. Балақаевтың жоғарыда мәдениет туралы айтқан анықтамасын ары қарай тіл мәдениетімен сабақтасақ - тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы.

Н. Уәлиұлы тіл мәдениеті дегеніміз сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық, деп анықтама береді [1].

Жоғарыдағы анықтамалардан шығатын қорытынды, тіл мәдениеті дегеніміз - сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айту, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі немесе сөзді дұрыс айту, дұрыс жазу, мағынасына сай дұрыс қолдану, сөйлемді дұрыс құрастыру, тілді әсерлі етіп жұмсау.

Тіл мәдениеті зерттеу нысанына қарай екіге бөлінеді. Ауызша сөйлеу мәдениеті және сөз қолдану мәдениеті. Тілдің бейнелеуіш элементі болып саналатын тұрақты тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестер, қанатты сөздер тілдің әрі ұтымды, әрі сымбатты байлықтарының бірі.

Мақал-мәтелдер халық данышпандығының айнасы, оларды тудырған халықтың тіл байлығының алтын қазынасы. Фразеологиялық тіркес - кісінің ойын мәнерлі түрде айту үшін жұмсалатын сөздер тобы. Ондай тіркестер әдетте тұрақты болады. Олар идиомалық тіркес және фразалық тіркес деп екіге бөлінеді. Фразалық тұрақты сөз тіркестері де ауыспалы мағынада жұмсалады. Олардың идиомалық тіркестерден айырмашылығы құрамындағы сөздердің әдепкі мағынасы айтылған ойға қатысты болады. Мысалы, тіл алмау; көз қырын салу; жаны ашу; түйе дейді түймедей ету; басына әңгір таяқ ойнату; үрейін ұшыру; тасы өрге домалау, жар құлағы жастыққа тимеу; тырнақ астынан кір іздеу. Идиома, фразалық тіркестердің бір тілде қалыптасқан құрамын жөн - жорығы жоқ, өзгертіп айтуға, өзгертіп жазуға болмайды

Қанатты сөздерді айтылатын сөзбен орайластырып дұрыс қолдана білсек, сөзіміз мірдің оғындай өткір, көңілге бірден ұялай қалатын дәл, әрі ықшамды болады. Қанатты сөздер бұрын-соңды шешендер мен көрнекті ақын жазушылардың ауызынан шығып, қаламынан шығып, халыққа тарайды да, олар халықтық қасиетке ие болып кетеді. Мысалы, Кімнің тарысы піссе, соның тауығы, Соқыр тауыққа бәрі бидай, Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды,

Ит үреді керуен көшеді, Сырдың суы сирағымнан келмейді сияқтыларды о баста кім айтты, қашан айтты? дегенге жауап беру қиын.Қанатты сөздер ұшқыр ойдың қанаты. Оны көп біліп, сөйлеуде, жазуда жұмсай алу да үлкен өнер.

Сөз қолдану мәдениеті сөзді мағынасына сай орынды, әсерлі, сыпайы қолданумен байланысты. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын шарттар: сөз дәлдігі, тіл тазалығы, сөз талғамы, сөз байлығы, сөз әсерлігі, сөз әдебі.

Сөз көркемдігінің бір нысанасы - айқындылық. Жазушы айтпақ ойын дәл, анық бере алмаса, не сөздерін оқушылардың ұғымына, тез түсінуіне лайық құрамай, өзінше сірестіріп қойса, шығармасы көп өмір сүре алмайды. Айқындылықтың белгісі әр сөзді өз орнында қолдануында. Сөздер мақсатты ойға лайық дөп түспесе, өз орнын тауып дұрыс тіркеспесе, ой түсініксіз болады, сөйлем қолбырап көріксіз болып тұрады. Шеберліктің бір амалы - аз сөзбен көп мағына білдіру. Мұндағы принцип сөзге орын тар болсын да, ойың кең болсын. Бұл қағиданы сақтау үшін сөйлемде бірде - бір шашау шыққан сөз, дұрыс тіркеспей, оғаштау құралған сөйлем болмау керек. Көркем сөз шебері өзі суреттеп отырған оқиғаға керекті сөздерді бірден дәл тауып, оларды бірден дұрыс орналастыра білуге тиіс.

Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға түрлі зат керек. Ол керек зат - топырақ болса, сөзден құрастырып пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалады. Кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөздер бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы болашақтан, кірпіштен, әсіресе қалауынан болатын сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің түзілуінен.

Бірақ кірпіш жақсы болса да, қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты, тілдің дыбысы жаман болса, дыбысының қосылуы жақсы болмас, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды. Дыбыстың, сөздің, сөйлемнің сыр - сый патын тану, заңдарын білу - бұл үйге керек заттардың сыр-сипатын білу сияқты нәрсе, керек заттарын сайлап алып, үй салуға кірісу дыбыстың, сөздің, сөйлемнің жайын біліп алып, солардың әрқайсысын дұрыстап орнына жұмсап, пікірлі әңгіме шығаруға кіріскен сияқты болады.

Тіл тазалығы әдеби тілдегі бей нормалық элементтерден арылу ғана емес, сонымен қатар орынсыз басқа тілдерден енген сөздерді қолдануға әуестіктен де арылуды талап етеді. Тіл тазалығына нұқсан келтіретін диалектизмдерді, қарапайым сөздерді белгілі мақсатта, кейіпкер тілінде ғана қолдану қажет.

Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.

Ана тілін жақсы білу, сол тілде таза сөйлеу де мәдениеттілік. Таза сөйлеу дегеніміз - сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, бөгде сөздерді араластырмай сөйлеу. Егер өзге тілден ауысқан сөздер сол тілге сіңіп, сол халықтың тіл байлығына айналса, олар бөгде сөздер деп есептелмейді. [2]. Қазіргі қазақ тіліндегі кітап, нан, өмір, отан, жан, баға, сағат сияқты сөздер - о бастағы араб сөздері. Орыс тіліндегі, мысалы, вагон, рельс, чабан, радио, интенсификация, штурм - басқа тілдерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениеті
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі
Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің тілі
Қазақ тілінің дәстүрлі мәдениет лексикасы
Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудағы газеттердің рөлі
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау
Ұлт тілі тарихының деректері
Пәндер