Информатика пәнінде ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту әдістері мен технологиялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

8. 1-ресурс

Ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тәсілдері

«Информатика» оқу пәнін оқытудағы маңызды міндеттер:

  • информатика, алгоритмдеу, программалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық модельдеу салаларында теориялық білімді және практикалық білік пен дағдыны қалыптастыру;
  • алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларды сақтауда жауапкершілікпен қарауға, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
  • өзіндік ізденіс пен түрлі ақпарат түрлерін терең талдау машығын игеру болып табылады.

Сондай-ақ оқушылардың өз бетімен оқуға және болашақ мамандығына байланысты білімін жалғастыруға қажетті физикада, химияда, биологияда және басқа да теориялық салалар мен тәжірибелік іс-әрекеттегі зерттеу мен мәселелерді шешу үшін ақпараттармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Мектеп бітірген түлек ақпаратты іздеп, алумен ғана шектелмей оны мұқият талдап, ең қажеттісін саралап, таңдай алуды үйренуі керек.

Информатика білім беру саласының маңызды бөлігі болып табылады және оқу барысында келесі үдерістер қамтылады:

  • «Ақпарат», «жүйе», «алгоритм», «бағдарламалау» т. б. маңызды ұғымдар туралы түсініктер үдемелі түрде қалыптасады;
  • Мәтіндік мәселелерді шешуде алгоритмдік ойлаудың (тәсілдің) қалыптасады (мұның жоғары сынып оқушылары үшін қиындығы айтарлықтай жоғары) ;
  • Информаматиканың басқа оқу пәндер бойынша оқу мазмұнымен тығыз байланысы орнатылады;
  • Оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерінің (ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және жіберудің әртүрлі тәсілдері мен ақпаратты талдау, синтездеу) шынайы өмірде қолдануға бағытталғандығы; т. б.

Демек, оқушыны белсенді өмірге дайындауда ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытудың маңызы зор.

Қазіргі ақпараттық қоғамда оқушыға орасан көп ақпараттар легін өңдеп, қолдануда қиындықтар кездеседі.

Мұны шешу жолдарының бірі ретінде сабақта келесі технологияларды қолдану орынды:

  • Диалог арқылы әрекеттесу;
  • Сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту;
  • Кейс-технологиялар қолдану;
  • Зерттеу жұмыстарын жасау;
  • Дамыта оқыту әдістерін қолдану, т. б.

Информатика сабағында ақпаратпен жұмыс істеуді қолдайтын келесі тәсілдері қарастыруға болады:

Болжау және аналитикалық қабілеттерді дамыту тәсілдері:

«Сіз қаншалықты сенесіз?» тәсілі.

Мұнда дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар, түйінді сөздер беріледі.

Әдісті кезкелген мәтіндік ақпаратпен жұмыс істегенде қолдануға болады.

Денотатты граф әдісі.

  1. Ақпараттағы негізгі ұғым түйінді сөз арқылы белгіленеді.
  2. Түйінді сөзді және оның қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін сипаттайтын етістіктер анықталады.
  3. Бастапқы түйінді сөз тармақтарға жіктеледі.
  4. Тармақтар мен түйінді сөз сәйкестендіріледі.

«Борт журналы».

Тақырып бойынша оқушылар келесі мазмұнды кестені толтырады: «Берілген тақырып бойынша бұрыннан білетінім», «Мәтінді оқып жаңадан білгенім», «Болжамдар», «Тың ақпараттар»

РАФТ тәсілі

Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін кеңінен қолданатын құралдардың бірі - РАФТ тәсілі (RAFT стратегиясы ) . . Ол қарастыратын тақырыпты (мәселені) оқушыларға әр түрлі қырынан жан-жақты талдап қарастыруға және жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

РАФТ кестесі (Рөл, Аудитория, Форма, Тақырып)

Рөл

Мәтіннің кімнің атынан жазылатыны

Аудитория

Мәтіннің кімге арнап жазылатыны

Форма

Мәтін қандай түрде жазылатыны, жанры (хат, арыз, өтініш, алғыс, түсініктеме хат, өлең, т. б. )

Тақырып

Мәтін не туралы болады?

Мәтінге арқау болатын тақырып

РөлМәтіннің кімнің атынан жазылатыны:
АудиторияМәтіннің кімге арнап жазылатыны:
ФормаМәтін қандай түрде жазылатыны, жанры (хат, арыз, өтініш, алғыс, түсініктеме хат, өлең, т. б. ):
ТақырыпМәтін не туралы болады?Мәтінге арқау болатын тақырып:

РАФТ тәсілін қолдану қадамдары:

  1. Өзекті тақырыпты белгілеу
  2. РАФТ кестесін қабырғаға ілу (немесе тақтаға жазу)
  3. Осы тақырыпқа қатысы бар рөлдерді анықтау (миға шабуыларқылы ) және оларды кестенің 1-ші бағанына жазу
  4. Мәтін кімге немесе қандай да бір ұйымдарға арналып жазылуына мысал болатын аудиторияны анықтап (миға шабуыларқылы), кестенің екінші бағанына жазу
  5. Анықталған рөлдер мен аудиторияға қолдануға болатын жанрларды анықтап, кестенің 3-ші бағанына жазу
  6. Мәтінге арқау болатын тақырыптарды анықтап, кестенің 4-ші бағанына жазу
  7. Оқушыларға ұсыныс жасау: кестеден қандай да бір рөлді таңдап, соның атынан кестедегі бір тақырып бойынша (4-ші баған) нақты бір аудиторияға арнап ыңғайлы жанрда мәтін дайындау.
  8. Дайын жұмыстарды тыңдау.

Егер тапсырма шағын топтарда орындалса, әрбір топ үздік бір жұмысты таңдап, топтың атынан ұсынуы мүмкін.

IDEAL тәсілі.

Проблемалық жағдаяттар берілген ақпаратпен жұмыс істеуге қолайлы тәсіл.

I - мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау

D - проблеманы сипаттау

E - проблеманы шешу жолданын анықтау

A - проблеманы шешу үшін әрекет жасау (мәселені шешу жолын көрсету)

L - қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау

БББ кестесі

Ақпаратпен жұмыс істегенде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін « Білемін, білгім келеді, білдім » тәсілін (БББ кестесі) қолдануға болады.

Тәсілдің мақсаты - танымдық үдерісте оқушының рефлексия жасау дағдыларын жетілдіру. Оқушылар өзіне белгілі мағлұматтар мен жаңа деректерді салыстыруға, бұрыннан білетіндерінің негізінде өздерінің танымдық талаптарын анықтауға үйренеді. Сондай-ақ сабақта БББ тәсілін қолдану оқушылардың оқу жетістіктерін сыни бағалауға, өзінің танымдық ойы туралы ойлауын дамытуға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. БББ кестесі сынып болып кең ауқымды талдау жұмыстарын жасауға, сонымен қатар, жеке тұлғалық нәтижелерді пәндік және метапәндік нәтижелермен байланыстыруға мүмкіндік береді. 1984 американдық ғалым Донна Огл ұсынған БББ тәсілінің кестесі келесі үлгіде жазылады:

БББ кестесі

Білемін
Білгім келеді
Білдім
Білемін:
Білгім келеді:
Білдім:
Білемін:

Қолданатын ұғымдар мен тірек сөздер:

А

Б

Білгім келеді:

Дереккөздер

1. Білімді өз бетінше өзектендіру: Бірнеше минут бойында әрбір оқушы тірек сөздер немесе қысқаша сөз тіркестері арқылы берілген тақырыпқа байланысты бар білгендерін кестенің Білемін бағанына толтырып жазады ( жеке жұмыс) . Сосын жұпта , кейін шағын топта бірігіп талқылап, тақырыпқа қатысты деректер мен құбылыстырдың тізімін толықтырады.

2. Қолданатын ұғымдар мен тірек сөздер бағанын толтырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика сабақтарында үлкен деректермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және белсенді оқыту әдістері
Дербес компьютердің бейне жүйесі және графикалық ақпаратпен жұмыс істеу құрылғылары
Шағын кешенді мектептерде физика мен информатика пәндерінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және білім сапасын мониторингі (2011-2014)
Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Математика сабағында оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мен ұйымдастыру әдістемесі
Информатика пәнінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемесі мен ұйымдастырылуы
Көркем еңбек пәнінде оқулықтар мен әдістемелік құралдармен жұмыс істеу әдістемесі
Мектеп информатика пәнінде графиктік редакторларды оқыту әдістемесін жетілдіру
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде комикс жанры арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz