Оқу бағдарламасын жаңартудың алғышарттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Оқу бағдарламасын жаңартудың алғышарттары

Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды.

ХХІ ғасырдың әрбір дағдысын меңгеру үшін бүкіл оқушыларда пән бойынша академиялық білімнің болуы талап етіледі. Пән бойынша терең академиялық білімнің арқасында адамдар сын тұрғысынан ойланып, басқалармен тиімді қарым-қатынас жасай алады.

Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс.

Сондықтан жоғарыда аталған мәселелер тиісті мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму және оқу ортасымен қабысып жатса, оқушылар оқу үдерісіне барынша тартылып, мектеп бітірген кезде қазіргі жаһандық экономика жағдайында еңбек етуге мейлінше дайын болмақ.

XXI ғасыр дағдылары

Оқу және жаңашылдық дағдылары
Оқу және жаңашылдық дағдылары: Шығармашылық және жаңашылдық

Шығармашылықпен ойлау

  • Идея тудыру әдістерін кеңінен пайдалану
  • Жаңа және құнды идея ұсыну
  • Оның құнын арттыру мақсатында өз идеяларын ұсыну, нақтылау, талдау және бағамдау

Басқа адамдармен шығармашылықпен жұмыс істеу

  • Жаңа идея тудыру, іске асыру және басқаларға тиімді хабарлай білу
  • Әртүрлі жаңа мүмкіндіктерге ашық болу, жұмыс барысында топтың үлесі мен пікірін ескеру
  • Жұмыста бірегейлігін және бірнәрсені ойлап шығара алатынын көрсету және жаңа идеяларды қабылдауда шынайы өмірдің мүмкіндігі шектеулі екенін түсіну
  • Қателіктен сабақ алу; шығармашылық пен жаңашылдық табыс пен әттегенайы кезектесіп келетін ұзақ мерзімді циклді үдеріс екенін түсіну

Инновацияларды қолдану

  • Жаңа идеялар қолданылатын салаға қомақты және пайдалы үлес қосу мақсатында шығармашылық идеялармен жұмыс істеу
Оқу және жаңашылдық дағдылары: Сын тұрғысынан ойлау және проблема шешу

Дұрыс пайым жасау

  • Жағдайға байланысты түрлі ой тұжырымдау (пайым жасау) (индуктивті, дедуктивті т. б. )

Жүйелі ойлау

  • Күнделі жүйенің жалпы нәтижесін шығару үшін бүтіннің қандай бөлшектеріне бір-бірімен ықпалдасқанын талдау

Қорытынды жасау және шешім қабылдау

  • Негіздемелерді, дәлелдемелерді, пайым-пікірлерді тиімді талдау және бағамдау
  • Негізгі баламалы көзқарастарды талдау және бағамдау
  • Ақпарат пен дәлелдер арасында байланыс орнатып, оларды жинақтау
  • Жақсы сараптама негізінде ақпаратқа түсініктеме беру және қорытынды шығару
  • Оқу тәжірибесі мен үдерісі жөнінде сын тұрғысынан ойлану.

Проблемаларды шешу

  • Әртүрлі таныс емес проблемаларды дәстүрлі жолмен де, инновациялық жолмен де шешу
  • Алуан түрлі көзқарастарға сәуле құйып, анағұрлым тиімді шешім қабылдауға жол ашатын маңызды сұрақтарды анықтау және қою
Оқу және жаңашылдық дағдылары: Қарым-қатынас және ынтымақтастық

Түсінікті қарым-қатынас жасау

  • Әртүрлі формада және жағдайда ойлары мен пікірлерін ауызша, жазбаша және вербалды емес тәсілмен тиімді түрде білдіру
  • Білім, құндылықтар, көзқарас пен ниетті қоса алғанда мағынаны ұғыну үшін тиімді түрде тыңдау
  • Алуан түрлі мақсатта (мысалы, хабарлау, нұсқау беру, уәждеу және сендіру үшін) қарым-қатынас жасау
  • Мультимедиа мен технологиялардың тиімділігін болжау, сондай-ақ ықпалын бағамдау үшін оларды пайдалану
  • Әртүрлі ортада (соның ішінде көп тілді ортада) тиімді түрде қарым-қатынас жасау

Басқалармен ынтымақтастық жасау

  • Әртүрлі топпен тиімді және байыппен жұмыс істей алатынын көрсету
  • Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті ымыраға келуде ізетті болуға икемділік пен ынтызарлық таныту
  • Бірлескен жұмыс үшін ортақ жауапкершілік қабылдау және топтың әр мүшесі қосқан жеке үлесті бағалау (құнды деп санау)
Оқу және жаңашылдық дағдылары: Ақпарат және технологияны қолдану дағдылары
Оқу және жаңашылдық дағдылары: Ақпараттық сауаттылық

Ақпаратқа қол жеткізу және оны бағамдау

  • Ақпаратқа нәтижелі түрде (уақыт тұрғысынан) және тиімді түрде (дереккөз тұрғысынан) қол жеткізу
  • Ақпаратты сын тұрғысынан және білікті түрде бағамдау

Ақпаратты қолдану және басқару

  • Қазіргі мәселе немесе проблема тұрғысынан ақпаратты орынды және шығармашылықпен қолдану
  • Алуан түрлі дереккөзден келетін ақпарат ағынын басқару
  • Ақпаратқа қол жеткізу және оны қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану
Оқу және жаңашылдық дағдылары: Медиа сауаттылығы

Ақпарат құралдарын талдау

  • Ақпарат құралдарындағы хабардың қалай және неге, сондай-ақ не мақсатпен құрылғанын түсіну
  • Адамдардың хабарды қалай әртүрлі қабылдайтынын, құндылықтар мен көзқарастарды қалай ескеріп немесе назарсыз қалдыратынын, сондай-ақ ақпарат құралдарының адамдардың пікірі мен мінез-құлқына қалай ықпал ететінін зерделеу
  • Ақпарат құралдарына қол жеткізу және оны қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану

Мультимедиа өнімдерін өндіру

  • Медиа құралдарын, олардың сипаттамалары мен ережелерін түсіну және пайдалану
  • Алуан түрлі, көп мәдениетті орталардағы қолайлы тұжырымдамалар мен түсініктерді түсіну және тиімді пайдалану
Оқу және жаңашылдық дағдылары: АКТ сауаттылығы

Технологияны тиімді пайдалану

  • Технологияны ақпаратты зерттеу, ұйымдастыру, бағамдау және жеткізу құралы ретінде пайдалану
  • Білім қоғамында табысты қызмет ету мақсатында сандық технологияларды (компьютер, планшет, медиа-плейер, навигация жүйелерін және т. б. ), байланыс/желілік құралдарды және әлеуметтік желілерді ақпаратқа қол жеткізу, оны басқару, кіріктіру, бағамдау және құру үшін тиісті түрде пайдалану
  • Ақпараттық технологияларға қол жеткізу және оларды қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану
Оқу және жаңашылдық дағдылары: Өмір сүруге арналған және кәсіби дағдылар
Оқу және жаңашылдық дағдылары: Икемділік және бейімделушілік

Өзгерістерге бейімделу

  • Алуан түрлі рөлдерге, жұмыс жауапкершілігіне, кестелер мен жағдайларға бейімделе білу
  • Түсініксіздік орын алып, басымдықтар өзгеріп жатқан ортада тиімді жұмыс істеу

Икемді болу

  • Кері байланысты тиімді түрде ұсыну
  • Мақтау, сәтсіздік пен сынға сабырмен қарау
  • Оңтайлы шешімге (әсіресе көп мәдениетті ортада) қол жеткізу үшін әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді түсіну, ескеру және теңгеру
Оқу және жаңашылдық дағдылары: Бастама және өзін-өзі бағыттау (өзін-өзі реттеу)

Мақсаттар мен уақытты басқару

  • Материалдық және материалдық емес табыс критерийлері бар мақсат қою
  • Тактикалық (қысқа мерзімді) және стратегиялық (ұзақ мерзімді) мақсаттардың арасында теңгерім сақтау
  • Уақытты тиімді қолдану және жұмыс көлемін тиімді басқару

Өз бетінше жұмыс істеу

  • Сырттан тікелей бақылаусыз тапсырмаларды қадағалау, анықтау, басымдық белгілеу және орындау

Өзін-өзі бағыттайтын оқушы болу

  • Адам өзінің білімін тереңдетіп, тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерін кеңейте алуы үшін дағдыларды және/немесе оқу бағдарламасын меңгерумен шектелмеу
  • Дағдыларын кәсіби деңгейге дейін жетілдіруге ұмтылатынын көрсету
  • Оқуды өмір бойы жүретін үздіксіз үдеріс ретінде қабылдайтынын көрсету
  • Келешектегі алға ілгерілеуді түсіндіру үшін өткен тәжірибе жөнінде сын тұрғысынан ойлану
Оқу және жаңашылдық дағдылары: Әлеуметтік және мәдениетаралық дағдылар

Адамдармен тиімді түрде өзара әрекет ету

  • Қай жерде тыңдап, қай жерде сөйлеу керектігін
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
Революция және Жастүріктердің билік басына келуі
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы
Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының алғышарттары
Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратег
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz