STEM - білім берудің дамуы
STEM-білім берудің дамуы
STEM-білім беру дегеніміз не?
Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: қарқынды ақпарат ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр.
Егер бұрын қыздар еңбек сабағында алжапқыш тігіп, ал ұл балалар ағашпен немесе металлмен жұмыс істесе, онда қазіргі уақытта бұл жеткіліксіз. Робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау және тағы басқа - бұның бәрі енді дүниежүзінің қазіргі оқушыларын қызықтырады. Бұл қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін анағұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттер керек. Білу мен істеу ғана емес, сонымен қатар зерттеу және ойлап шығару маңызды. Ғылым, математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEM (science, technology, engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады.
STEM - оқытудың кіріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдар шынайы өмір мәнмәтінінде зерделенеді. Мұндай тәсілдің мақсаты - STEM-сауаттылық пен әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің дамуына ықпал ететін мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында тұрақты байланыс құру (Tsupros, 2009).
STEM аббревиатурасын алғаш рет 1990 жылдары америкалық бактериолог Р.Колвэлл ұсынды, бірақ ол 2000 жылдардан бастап белсенді түрде қолданыла бастады. STEM негізінде осы ұғымның жаңа нұсқалары пайда болды. Олардың ішіндегі ең кең таралғандары STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) және STREM (ғылым, технологиялар, роботтехникасы, инженерия және математика).
Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады. Технологиялардың қарқынды дамуының арқасында жаңа мамандықтар пайда болуда және STEM мамандарға деген сұраныс жаппай өсуде. Мысалы, ЕО елдерінде бұл салада жұмысқа орналасқан мамандардың үлесі 2000 жылдан 2013 жылға дейін 12%-ға артты. Сонымен қатар, еуропа елдерінде 2025 жылы басқа мамандықтарға сұраныс 3%-ға өссе, STEM саласындағы мамандарға деген сұраныс 8%-ға өсетіні болжануда. 2011 жылы ЭЫДҰ-ның қарастырылған 16 мемлекеттің ішінде Финляндияда STEM-мамандықтар түлектерінің анағұрлым көп саны байқалды: 20-39 жастағы халықтың 100 мың адамына шаққанда 109. Бұл көрсеткіш Канада мен Швейцария көрсеткіштерінен екі есе артық.
STEM саласында білім беру жоғары технологиялар саласындағы мамандарды дайындаудың негізі болып табылады. Сондықтан, Аустралия, Қытай, Ұлыбритания, Израиль, Корея, Сингапур, АҚШ секілді көптеген елдер STEM-білім беру саласында мемлекеттік бағдарламалар жүргізеді.
STEM білім берудің артықшылықтары:
Пәндер бойынша емес, "тақырыптар" бойынша біріктірілген оқыту
STEM-оқыту пәнаралық және жобалық тәсілдемені қамтиды. Оның негізі - жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерлік шығармашылық және математиканы кіріктіру. Осы аталған пәндерді басқа пәндермен байланыссыз жеке оқытудан бас тарту оқу бағдарламаларының ерекшелігі болып табылады.
Ғылымды, технологияны, инженерлік шығармашылықты және математиканы кіріктіріп оқыту өте маңызды, себебі бұл салалар тәжірибеде өзара тығыз байланысты.
Ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қолдану
STEM-білім беру практикалық сабақтардың көмегімен балаларға ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қалай қолдану керектігін көрсетеді. Әр сабақта олар заманауи индустрия өнімдерін құрастырып дайындайды және дамытады. Олар нақты бір жобаны зерделейді, нәтижесінде шынайы өнімнің түптқрпатын өз қолымен жасап шығарады.
Мысалы, зымыранды құрастыру арқылы жас инженерлер инженерлік дизайн үдерісі, іске қосу бұрышы, қысым, тартылыс күші, үйкеліс күші, траектория және координаталар осьтері сияқты түсініктермен танысады.
Сын тұрғысынан ойлау және проблемалардың шешу дағдыларын дамыту
STEM бағдарламалары балалардың сын тұрғысынан ойлау және өмірде кездесуі мүмкін қиындықтарды жеңуі үшін проблемалардың шешімін табу дағдыларын дамытады. Мысалы, оқушылар жылдам жүретін көліктерді құрастырады, кейін оларды сынақтан өткізеді. Алғашқы сынақтан кейін, олар өз көлігінің неліктен мәреге жетпегені туралы ойланады және оның себебін анықтайды. Мүмкін оған алдыңғы бөлігінің дизайны, дөңгелектердің арақашықтығы, аэродинамика немесе іске қосу күш әсер еткен шығар? Әр сынақтан (тексеру) кейін олар алға қойған мақсатына жету үшін өз дизайнын жетілдіре түседі.
Өз күшіне деген сенімділікті арттыру. Балалар әртүрлі өнімдер жасап, көпірлер мен жолдар салып, аэропландар мен көліктерді іске қосып, роботтар мен электрондық ойындарды сынамалап (тексеріп), өздерінің су асты және әуе конструкцияларын әзірлей отырып мақсатқа жақындай береді. Олар өз өнімін жетілдіру және сынақтан өткізу, тағы да жақсарту және қайтадан сынау арқылы жетілдіреді.
Оқушылар барлық проблемаларды өз күшімен шешу арқылы, ақыры өз мақсатына жетеді. Балалар үшін бұл - қуаныш, шабыт, жеңіс. Әр жеңістен кейін олар өз күшіне одан сайын сенімді бола түседі.
Белсенді коммуникация және командалық жұмыс
STEM бағдарламалары сондай-ақ белсенді коммуникациямен және командалық жұмыспен ерекшеленеді. Талқылау сатысында пікірталастар мен өз пікірлерін айтуға арналған еркін орта құрылады. Олар өздерін соншалықты еркін сезінеді, тіпті өздерінің кез келген пікірін айтудан қорықпай, сөйлеуді және таныстырылым жасауды үйренеді. Уақыттың көп бөлігін балалар партада отырып емес, өз конструкцияларын сынау және дамытумен өткізеді. Олар үнемі нұсқаушылармен және командадағы өз достарымен сөйлеседі. Балалар үдеріске белсенді түрде қатысқанда сабақты есінде жақсы сақтайды.
Техникалық пәндерге деген қызығушылықты дамыту
Бастауыш мектептегі STEM-оқытудың міндеті оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және техникалық пәндерге деген қызығушылығын дамытуға арналған бастапқы жағдай жасау болып табылады. Өзінің істеген жұмысын жақсы көруі оның қызығушылығын дамытудың негізі болып табылады.
STEM-сабақтары өте көңілді және серпінді болып келеді, сондықтан балалар жалықпайды. Олар сабақта уақыттың қалай өтіп жатқанын байқамайды және мүлдем шаршамайды. Зымырандар, көліктер, көпірлер, зәулім үйлер сала отырып, өздерінің электрондық ойындарын, фабрикалар, логистикалық желілер мен сүңгуір қайықтарды құрастыра отырып, олар ғылым мен техникаға көбірек қызығушылық таныта бастайды.
Жоба дайындауда қолданатын креативті және инновациялық тәсілдемелер
STEM-оқыту алты кезеңнен тұрады: мәселе (міндет), талқылау, дизайн, жасауқұрастыру, сынықтан өткізу және жетілдіру. Бұл кезеңдер жүйелі жобалық тәсілдеменің негізі болып табылады. Әртүрлі мүмкіндіктердің барлығын қатар немесе біріктіріп пайдалану өз кезегінде креативтілік пен инновациялардың негізі болып табылады. Осылайша, ғылым мен технологияны бір уақытта зерделеу мен қолдану арқылы көптеген жаңа инновациялық жобаларды құруға болады. Көркемөнер мен архитектура ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz