Оқушылардың бірін-бірі оқытуы


2. 3-ресурс. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы
Оқушылардың бірін-бірі оқытуы деген не?
Оқушылардың бірін-бірі оқытуы дегеніміз оқушылар бірлесіп білім алатын, әдетте, жұптасып оқитын құрылымданған тәсіл. Оқушылардың бірін-бірі үйретуінің әртүрлі типтері бар: жұптар қабілеттері бойынша іріктелуі мүмкін немесе пайдаланылатын тәсілге байланысты жастары, қабілеттері әртүрлі болуы мүмкін. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы оқу бағдарламасының әртүрлі мақсаттары бойынша қолданылады; ең көп тараған түрі жұптасып оқу болып табылады. Сондай-ақ орфография және жұптасып жазу (жазылым), ойлау, есеп шығару, АКТ мен жаратылыстану сабақтарында да кеңінен қолданылады.
Оқушылардың бірін-бір оқытуы бойынша барлық тәсілдердің сипаттамалары келесідей:
• Үйретуші мен білім алушы ретіндегі нақты рөлі белгілегенді.
• Бір-бірімен жұмыс істейтін балалар нақты бір мақсатқа сәйкес іріктеледі:
Жастары бірдей немесе әртүрлі
Бүкіл сынып немесе мақсатты топ
Қабілеттер деңгейі бірдей немесе әртүрлі
• Үйретуші мен үйренуші арасындағы өзара әрекеттің/қызметтің нақты белгіленуі.
• Жұптарды әдіске үйрету.
• Екі оқушы да когнитивті мәселелерді шешеді.
• Оқытуға нақты уақыт бөлінеді.
Оқушылар бірін-бірі үйретуі неліктен маңызды?
Бірін-бірі оқытудың құрылымданған бағдарламасын қолдану тиімді деп бағаланады және мұны қолдану тәжірибесі пайдаланылатын бағдарламаның түріне байланысты әртүрлі басымдықтары бар екенін көрсетеді. Оларға оқушылардың танымдық, әлеуметтік, эмоционалды және мінез-құлық жетістіктері жатады. Мысалы, қабілеттері әртүрлі оқушылар бірін-бірі оқытқан кезде тіпті қабілет деңгейі жоғары оқушылардың өзі танымдық дағдыларын едәуір дамытады. Жұптасып оқу (оқылым) барысында үйренуші де, үйретуші де оқылым қабілеті бойыша жетістіктерге қол жеткізеді.
Оқушылардың бірі-бірі оқытуы жақсы тәжірибе болып табылады, себебі ол:
- Дағдыларды тәжірибемен дамытуды жүзеге асырады;
- Үлгерім бойынша дереу кері байланысты қамтамасыз етеді;
- Қателерді дереу түзету мүмкіндігіне ие;
- Оқытудың тиімді әдісін үйретуші модельдейді;
- «Бір-бірімен көзбе-көз» қарым-қатынасын қамтамасыз етеді;
- Оқуды жан-жақты түсінуді қамтамасыз етеді: білім беруші ақпаратты өңдеп, оны басқа оқушыға қалай беру керек екендігін ойлайды, жоспарлайды.
Басқа да артықшылықтары:
- Әлеуметтік қарым-қатынас: оқу үдерісіне барлығы қатысады және әркім өзіне пайдалы тәжірибе алады;
- Белсенді, интербелсенді, жеке оқыту;
- Экономикалық тиімділік;
- Бәсекелестік емес, ынтымақтастық - мектеп саясатының көрінісі
- Коммуникативтік (қатысым) дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Оқушылардың бірін-бірі оқытуы оқушылардың күшті жақтарына сүйенеді және оларды оқу үрдісінің белсенді қатысушылары ретінде жұмылдырады. Олар сондай-ақ бір-біріне көмектесу, ынтымақтастық, бірін-бірі тыңдау және қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгереді. Оқушылардың бірін-бірі үйретуі олардың жеке тұлғалық және әлеуметтік тұрғыда дамуына да ықпал етеді. Осының барлығы жанашырлық пен қамқорлықтың мәдени нормаларын дамыта отырып, мектеп рухына әсер етеді. Topping (2005)
Оқушылардың бірін-бірі табысты оқытуының сипаттамалары қандай?
Кез келген бағдарлама оған қатысатын оқушыларды қоса алғанда мұқият жоспарланып өткізілуі және бақылануы тиіс.
Оқушылардың бірін-бірі оқыту стратегиялары
Оқушылардың бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру:
- Оқушылардың бірін-бірі оқыту түрін анықтау;
- Мұның пайдасы туралы ата-аналарға хабарлау;
- Қажетті материалдарды жинау;
- Жұптарды таңдау (қандай да бір белгі/мақсат бойынша) ;
- Кесте жасау;
- Алғашқы оқыту;
- Ынталандыру;
- Мониторинг жүргізу, сапаны қамтамасыз ету;
- Бағалау.
Оқыту
алғашқы:
- Балалар таңдалған, олар жұптасып жұмыс істейді
- Көрсету, рөлдік ойын
- Жұптағы әдіс тәжірибесі
тұрақты:
- Жақсы мысалдардың бейнетаспасы
- Әртүрлі уақытта әдістің нақты аспектілеріне назар аудару
- Тексеруде қолданатын жағымды сөздер - мақтау сөздігін жасаңыз
Жұптасып оқу (оқылым)
Жұптасып оқу әдетте қабілет деңгейлері әртүрлі оқушылар арасында өткізіледі. Олар бір жаста немесе әртүрлі жастағы балалар болуы мүмкін.
Не оқу керек?
Үйренуші оны қызықтыратын, бірақ оның деңгейінен күрделірек кітапты таңдайды (сөздер өте оңай немесе өте күрделі екендігін анықтау үшін «бес саусақты қолодану тесті») .
Бірге оқу
Үйретуші мен үйренуші бір уақытта мәтінді оқиды; үйретуші үйренушінің оқу жылдамдығына икемделеді және оны ынталандыру үшін қажетті сөздерді пайдаланады. Үзіліс кезінде көркем сурет туындылары мен тарих жаулы сөйлесіңіздер.
Түзету
Үйренушіге өзін-өзі түзету үшін 5 секунд уақыт беріңіз. 5 секундтан кейін үйретуші сөзді айтады, ал үйренуші қайталайды.
Жалғыз оқу
Бірге оқу барысында үйренуші өзін сенімді сезінген кезде, үйретушіні белгі беріп тоқтатыңыз. Одан әрі қарай қателік жібергенге дейін үйренуші жалғыз өзі оқиды. Егер ол қатесін түзете алмаса, бірлескен оқуға қайта көшу керек.
Дұрысында, жұптасып оқуды аптасына 3 рет 15-20 минут өткізу керек.
Оқушылардың бірін-бірі оқыту стратегиялары
Жұптасып оқу және ойлау
Жұптасып оқуға (оқылым) негізделеді және оған оқуға дейінгі, оқу кезіндегі және оқудан кейінгі сұрақтар кіреді. Сұрақтар болжауға, қорытындылауға, бағалау мен өзін-өзі бағалауға қатысты болады. Мақсаты жоғары деңгейде ойлау дағдыларын дамыту болып табылады.
Жұптасып жазу (жазылым)
Шығармашылық, сипаттау, техникалық жазылым немесе шет тілінде жазу кезінде пайдаланылады. Жазушы мен көмекші рөлдері беріледі.
Үрдіс :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz