Саралап оқыту туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

3. 1-ресурс. Саралап оқыту

Мазмұн бойынша, процесс бойынша, нәтиже және оқу ортасы бойынша саралау

Саралау тақырыбымен айналысатын американдық педагог Кэрол Анн Томлинсонның (Carol Ann Tomlinson) зерттеуі бойынша мұғалімдер саралап оқытуды төрт тәсілмен жүргізе алады.

1. Мазмұн бойынша

2. Үдеріс бойынша

3. Нәтиже бойынша

4. Оқу ортасы бойынша

Мазмұн бойынша саралап оқыту

Автордың айтуы бойынша, базалық білім мазмұны мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес болуы керек. Сыныптағы кейбір оқушылар сабақта оқу материалымен мүлде таныс болмай шығуы мүмкін, кейбірінің аз тәжірибесі, ал енді біреулері сабаққа дейін бұл материалмен таныс болуы мүмкін дейді.

Мазмұн бойынша саралап оқыту мысалдары:

• Сөздерді анықтамасын сәйкестендіру;

• Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беру;

• Мәтіннің кейіпкерінің бір оқиғасын ойланып, басқа нәтижемен аяқтау;

• Мәтіндегі айғақ пен пікірді табу;

• Автордың идеясын анықтап, оның көзқарасын білдіретін дәлелдерді табу;

• Сабақты қорытындылайтын PowerPoint таныстырылымын дайындау;

Мұғалім оқу мазмұнын Блум таксономиясы (төменгі ойлау деңгейінен жоғары ойлау деңгейіне дейін зияткерлік деңгейлер жіктемесі) бойынша әртүрлі деңгейді қамтитын оқушылар тобына әртүрлі оқу әдістерін ұйымдастыруы керек (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) . Оқу материалымен мүлде таныс емес оқушыларға білу, түсіну секілді төменгі ойлауды қажет ететін тапсырмалар ұсынылуы мүмкін. Үлгерімі орташа оқушылар қолдану, талдау тапсырмаларын орындаса, жоғары деңгейлі оқушыларға жинақтау, бағалауға бағытталған жоғары деңгейлі тапсырмаларды ұсынуға болады.

Many styles, one goal: Using learning style theory to achieve academic success in the middle grades - Federal Reserve Bank of Atlanta Процесс бойынша саралап оқыту

Егер мұғалім оқушының өзіндік оқу стиліне байланысты әдістеме қолданса, ол оқушының тиімді оқуына оң ықпалын тигізе ме? Оның оқушының ынтасы мен ішкі уәжінің өсуіне әсері болады ма? Осы сұрақтарға жауап беру үшін 1987 жылы Нил Флеминг құрастырған оқу стильдерінің классификациясының танымал VARK моделін қарастыруға болады. Бұл модель әр білім алушының танымдық тұрғыда қалай қабылдай алатынын айқындай отырып, оның жаңа білімді игеруіне көмек көрсету болып табылады. Флеминг моделінде адамдар ақпаратты қабылдау каналдарына байланысты аудиалдар , визуалдар және кинестетиктер болып бөлінеді. Әр адамның алынған ақпаратты қабылдауы әр түрлі болуы мүмкін. Аудиалдар деп тыңдалым арқылы көптеген мағлұматты жинақтай алатын адамдарды атаса, визуалдардың қабылдау каналы - көру, ал кинестетиктер қоршаған ортаны сезім органдары арқылы қабылдайды. Әрбір оқушының өзіне тән оқу стилі бар және тиімді саралау сол әрбір оқу стиліне сәйкес оқу материалын сұрыптауды қамтиды.

Процесс арқылы саралап оқыту мысалдары:

  • Визуалдарды оқулықпен қамтамасыз ету;
  • Аудиалдарға аудио жазбаларды тыңдату;
  • Кинестетиктерге тапсырмаларды өздеріне жасап көруге мүмкіндік беру;

Барлық оқушылар мұғалімнен бірдей қолдауды күтпейді, кейбір оқушылар жұпта, топта жұмыс істеуді қажет етсе, кейбір оқушылар жеке жұмыс істегенді қалайды. Кейбір оқушылар тобы мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы қарым-қатынасында тиімді білім алса, басқа оқушылар жетістікке өз бетімен жете алады. Сол себепті де мұғалімдер оқушылардың қажеттіліктеріне сай қолдау беруді де тиімді ұйымдастыра алуы керек.

Нәтиже бойынша саралап оқыту

Нәтиже дегеніміз - сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін көрсету әрекеті. Ол тест, жоба, баяндама немесе басқа да жұмыс түрінде ұсынылуы мүмкін. Оқушының оқу стилі мен қалауына сәйкес мұғалім әрбір оқушының нәтижені қандай формада ұсынатынын тиімді ұйымдастыруы қажет.

Оқу нәтижесі бойынша саралап оқыту мысалдары:

  • Кітаптың мазмұны бойынша оқу және жазу тапсырмалары;
  • Визуалдарға мәтін бойынша графикалық органайзер жасату;
  • Аудиалдарға мәтін бойынша ауызша баяндама жасату;
  • Кинестетиктерге мәтін желісі бойынша сахналық көріністер дайындату, т. б. ;

Германияның атақты психологы, профессор Никола Боумен (1997) өзінің еңбегінде нәтиже бойынша саралау мәселесін кеңінен қарастырған. Оның зерттеуі бойынша, сыныптағы оқушылардың барлығына бірдей тапсырма немесе ресурс таратылады. Оқушылардың әрқайсысы тапсырманы өзінің мүмкіндігінше орындап, соңында нәтижелер талданады. Бұл әдісті көбінесе өнер бағытындағы пәндерде қолданған тиімдірек болады, ал әлдеқайда құрылымдастырылған оқытуға негізделген пәндерде оның тиімділігі төмендеу болады. Төмендегі 1-кестеде Н. Боуменнің зерттеуіне сәйкес нәтиже бойынша саралаудың артықшылықтары мен кемшіліктері берілген.

1-кесте.

АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
КЕМШІЛІГІ
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ: Жоспарлауға жеңіл.
КЕМШІЛІГІ: Өз оқуларында қолдауды қажет етпейтін оқушылар мүмкіндіктерінің шектелгенін байқайды.
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ: Тиімді жоспарланған жиынтық бағалау сыныптағы оқушылардың түрлі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
КЕМШІЛІГІ: Диагностикалық бағалауға уақыт аз бөлінеді.
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ: Оқушылар ынтымақтастықта жұмыс жасауға мүмкіндік алады.
КЕМШІЛІГІ: Оқушылар өз жұмысын сыныптағы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырмалы түрде қойғандықтан, сәтісзідіктен қашу мүмкін емес.
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ: Мұғалім барлық оқушылардың жетістігін тіркеп отырады
КЕМШІЛІГІ: Кейбір нәтижелер мінез-құлыққа да әсер етеді

C:\Users\Камалова С\Desktop\ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ+++\dibujosdeninosparaimprimir2.JPG

ОҚУ ОРТАСЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы саралап оқыту
Ішкі саралап оқыту
Орта мектепте химияны оқыту үдерісіндегі саралап оқыту технологиясы
Саралап оқыту технологиясының мәні
ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz