Саралап оқыту стратегиялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

3. 2-тапсырма. Саралап оқыту стратегиялары

http://i076.radikal.ru/1311/4f/a3887f473bd9.gif Хормен жауап беру . Хормен жауап беру әдісі өте қарапайым әдістердің бірі, онда мұғалім бүкіл сыныпқа сұрақтар қояды, жауаптар тек жекелеген оқушылардан алынады. Бұл оқушыларды оқшауламай, бүкіл сыныптың түсінгенін бағалаудың тиімді жолы.

http://cod68.ru/wp-content/uploads/2015/11/policejskie-zaderzhali-v-tambove-vorishku-35-let-kotoryj-ukral-dzhinsy-i-krossovki.jpg Кір жаю . Мұғалім сыныптың ішінде ұзынынан жіп керіп қояды. Жіптің бір басында «көп біледі» деген жазу, екінші басында «ештеңе білмейді» деген жазу ілінеді. Оқушылар тақырып төңірегінде өздерінің білімдерін саралай отырып, жіптің қай басына тұру керектігін анықтайды.

http://olesya--emelyanova.narod.ru/novosti/novosti-25.jpg

Бес саусақты жұдырық . Оқушылар өздерінің тақырыпты түсінген деңгейлерін көрсету үшін қолындағы саусақтың бірін көрсетеді.

http://news.softpedia.com/images/news2/Download-Microsoft-Malicious-Software-Removal-Tool-4-12-2.png Төрт бұрыш . Мұғалім сыныптың ішіндегі бұрыштарға жауаптар жазылған парақшалар іліп қояды. Мысалға, мұғалім бір сұрақты дауыстап оқиды, ал оқушылар өздері сұрақтың қай жауабы дұрыс болса, сол бұрышқа барып тұрады.

http://www.playcast.ru/uploads/2015/03/24/12806570.jpg

Жеке жауаптар тақтасы. Оқушылардың алдына шағын ақ тақталар беріледі. Мұғалім сыныпқа сұрақ қояды, оқушылар жауабын өз тақтасына түсіреді

http://cs33.babysfera.ru/d/3/6/7/164413220.377798527.jpeg Сигнал карталары. Ақ парақ төрт бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлік 1-4 немесе А-Д символдарымен белгіленеді. Мұғалімнің қойылған сұрақтарына сәйкес әрбір бөлікке Дұрыс/Бұрыс, Жауабын білмеймін/Жартылай білемін деген секілді жазбалар жазып қоюға болады. Оқушының көрсеткен бөлігі арқылы сыныптағы оқушылардың білімін бағалауға да болады.

https://gigaom2.files.wordpress.com/2012/05/shutterstock_79500595.jpg Спидометр. Оқушылар берілген тақырып бойынша өздерінің түсінгенін екі қолдарын екі жаққа созу арқылы көрсете алады. Бұл оқушылардың өзін-өзі бағалауы үшін өте тиімді әдіс.

http://el-ab.ru/foto13.png?i=7887&k=lobovoe-steklo-foto

Машина әйнегі . Мұғалім оқушылардан олардың машиналарының әйнегі «таза», «шаң», «кір» екендігін сұрайды. Көрсетілген әрекет арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтауға болады.

http://kirov-v-mire.ru/wp-content/uploads/2016/10/sayt-voprosov-i-otvetov.jpg Шығу сауалнамасы . Бұл әдісті қалай қолдансаңыз да өте тиімді. Оқушылар сыныптан шықпас бұрын, мұғалім оларға сұрақ қояды да, олардан жауап беріп кетулерін сұрайды. Оқушылардың сол күнгі сабақ бойынша өз білімдеріне рефлексия жасауына да ықпалы зор. Ол жерге оқушылар өзінің үйренген әрі түсінген бір ақпаратын және өзі түсінбеген бір сұрақты жазуы мүмкін.

https://www.colourbox.com/preview/1915346-question-marks-and-word-answer-under-magnifier-glass.jpg Кіру сауалнамасы/Сергіту . Сабақ басталмас бұрын оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына немесе сұрақтар топтамасына жауап береді.

http://www.mystorys.de/user_images/6093_images/Ordnung201100278858.jpg

Индекс карталары/Қорытындылар . Әдістің атауынан көрініп тұрғандай, сабақ соңында оқушыларға индекс карталары беріліп, өздерінің не үйренгендеріне қорытынды жасау сұралады.

http://www.lagardere-tr.pl/uploads/kc/images/LOGOTYPY/LOGO-1Minute.jpg Бір минуттық эссе. Мұғалім жаңа тақырыпты сыныпқа түсіндіріп болған соң, өздерінің не үйренгендері туралы шағын эссе жазу сұралады. Егер сіз бұл әдісті жүйелі түрде үздіксіз жүргізіп отырсаңыз және оны жазбаша түрде жазуын талап етсеңіз, оқушылар өтілген материалдан неғұрлым көбірек ақпаратты есінде сақтап қалуға тырысады.

http://mindfulnessatwork.ie/wp-content/uploads/2017/03/3-minutes.jpeg Үш минуттық пауза . Мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, барлық оқушылардан өздерінің үйренгендері туралы үш минут үнсіздікте ойлануын сұрайды. Оқушылар өздерінің үйренгендерін еске түсіре отырып, қысқа жазбалар мен түсініктемелер жаза бастайды.

http://www.rumedia24.com/wp-content/uploads/2017/03/3289298-Children-in-Circle-with-Clipping-Path-Stock-Vector-en.jpg Ішкі/сыртқы шеңбер . Топты екі шағын топқа бөліп, жартысын ішкі шеңберге, қалғанын сыртқы шеңберге бір-біріне қарама тұрғызады. Оқушылар кезекпен бір-біріне өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойып, оның жауабын алады. Бұл емтиханға дайындық кезінде өте тиімді әдіс.

https://s-media-cache-ak0.pinimg.com/736x/9f/0e/5f/9f0e5fee28378215a04056924aca8336.jpg Ойлан-Жұптас-Бөліс . Оқушыларға тапсырманы орындау үшін алдымен мәтінді жеке оқу немесе мәселе төңірегінде ойлану тапсырылады. Оларға ойланып, рефлексия жасауға мүмкіндік беріледі. Сосын әрбір оқушыны жұптастырып, ойланған мәселе бойынша өз ойын бөлісуі сұралады. Жұптар өзара талқылап болған соң, өздерінің ойын басқа жұптармен бөлісіп, үйренгенін ортаға салады.

https://previews.123rf.com/images/lenm/lenm0710/lenm071000029/1780209-Illustration-of-Kids-in-Circle-Stock-Photo.jpg

Шеңбер карталары. Бұл мазмұндағы қажетті деректерді анықтау үшін тиімді әдіс. Сонымен қатар миға шабуыл жасаудың жақсы құралы болып табылады .

http://images.tomas.by/i/firms/49/23/23796/oborudovanie-dlya-detskoy-ploshchadki-mostik-3_f29bccb5531365b_800x600.jpg Көпірше карталар . Кейбір заттарға анықтама беру үшін бұл әдіс өте тиімді әдіс болып саналады. .

http://www.everydayok.com/wp-content/uploads/2009/06/hello-kitty-spot-3-differences.jpg Қосарланған көпірше карталары . Бұл да көпірше карталарына ұқсас келеді, тек бұл жерде екі негізгі көпіршік болады. Оны екі заттың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауда қолданған тиімді.

http://polina.esy.es/img/23.jpg

Ағаш карталары. Ағаш карталары индуктивті және дедуктивті классификациялауға өте тиімді әдіс.

http://images.clipartpanda.com/map-clipart-paper-city-map-with-magnifying-glass-Download-Royalty-free-Vector-File-EPS-57386.jpg

Ағын карталары . Бұл карталар байланыстарды, реттілікті, уақыт кеңістігін және айналымға қатысты мәліметтерді көрсету үшін тиімді құрал.

Саралап оқытудың әртүрлі тәсілдері мен стратегиялары бар, алайда оны таңдау және тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Ой түйін: саралап оқыту - оқушылардың білім алудағы қажеттілігін ескеру негізінде үдерісті жоспарлау арқылы олардың жоғарғы нәтиже мен жетістіктерге жетуінің бірден бір жолы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саралап оқыту
Бастауыш сыныпта педагогикалық технологияларды ендіру жолдары
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңызы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын биологияда қолданудың маңызы
Озат және педагогикалық тәжірибе туралы түсінік
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Педагогикалық үрдісте жаңа техпологияларды тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру
Сын тұрғысынан ойлауды оқытудың мұғалімге берері
Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz