Қашықтан оқуға қойылатын негізгі талаптар мен ұсыныстар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
3.3 -ресурс.
Қашықтан оқуға қойылатын негізгі талаптар мен ұсыныстар

Оқушыны оқуға ынталы болу керек, ол үшін оқу мақсаты мен міндеттері нақты тұжырымдалуы маңызды. Бұл ретте білім алушыға қойылатын талап оның білім деңгейіне сәйкес болуы тиіс. Оқушыларды қашықтан оқуға дайындау көмекші материалдар арқылы, мысалы арнайы нұсқаулықтар арқылы жүзеге асырылады.
Оқу материалы қабылдауға оңай болуы тиіс. Ол үшін ыңғайлы оқу әдістерін пайдалану қажет. Оқу барысында қалыптастырушы бағалаудың жүргізілуі маңызды, өйткені оқушы өз жұмысының қандай деңгейде орындалғанын түсінуі керек. Кері байланыс алуға, оның ішінде жеке кері байланыс алу мүмкіндігі болуы қажет.
Қашықтан оқуды іске асыру процесін мынадай қадамдарға бөлуге болады:
oo Мектепте қашықтан оқу мәселелерімен айналысатын педагогтердің шығармашылық тобын құру.
oo Бұл топты әртүрлі тәсілдермен оқыту (оның ішінде өздігінен білім алу).
oo Оқушылар үшін оқу процесінде пайдаланылатын және өткен материалды өз бетінше бекітуге арналған оқу материалдарының базасын дайындау.
oo Қашықтан оқыту жүйесін жан-жақты зерделеу (ZOOM, MS TEAMS және т.б.).
oo Қашықтан оқу бойынша сабақтардыкурстарды әзірлеу.
Сабақты жоспарлау бойынша ұсыныстар
oo Сабақтарды жоспарлау және өткізу алдында оқу материалының мазмұнымен танысыңыз.
oo Оқу материалын күрделілігіне қарай іріктеңіз: тек мұғалімге немесе тек білім алушыға қажет материал болуы мүмкін.
oo Мазмұнды анықтаңыз. Іріктелген материалдың сіздің білім алушылар үшін қаншалықты тиімді екені туралы ойланыңыз (дайын бейнематериал және т. б. пайдалану мүмкін).
oo Білім алушылармен талқылауға арналған сұрақтар дайындаңыз (түсіну деңгейін бағалау).
oo Білім алушылар үшін қолжетімді оқу құралдарының мүмкіндіктерін пайдаланыңыз және т. б.
Online -сабақ келесі оқу материалдарын қамтуы тиіс:
1. Сабақтың барлық тақырыптары мен бөлімдерін ашық жоспарлау жүйесі;
2. Оқу материалын таныстырылымдарды көрсету арқылы жүйелі баяндау;
(мультимедиялық объектілер: бейне және аудиофайлдар, графикалық нысандар және т.б.);
3. Интербелсенді тесттер, тренажерлер;
4. Қашықтан қолжетімді зертханалық практикум;
5. Кешенді үй тапсырмалары және шығармашылық жұмыстар;
6. Оқу материалдарын меңгеру бойынша оқушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар.
Оқу материалын түсіндіру
Интербелсенді online-сабақ барысында оқу материалын жеткізу экрандық көрнекілікке, мәтінді, иллюстарцияларды, бейне және аудио-фрагменттерді, анимацияларды ұсыну динамикасына бірқатар талаптар қояды.
Сабаққа түсініктеме-иллюстрациялық материалды дайындау кезінде төрт негізгі қағидатты есте сақтау қажет:
1. Көрнекілік
2. Оқытудағы тиімділігі
3. Қарқыны
4. Кері байланыс.
Бейнеақпаратты пайдалану кезінде сабақ қарқынын сақтауды ұмытпау керек. Бейнефрагмент барынша қысқа болғаны дұрыс (1,5-2 минут), сонымен қатар мұғалім оқушылармен кері байланысты қамтамасыз етуі тиіс. Яғни, бейнеақпаратта балаларды диалогқа шақыратын дамыту сипатындағы бірқатар мәселелер, болып жатқан жағдайларға түсініктеме берілгені дұрыс.
Сабақтың негізгі сұрағына ерекше назар аудару керек. Бұл сұраққа жауап білім алушы үшін міндетті болып табылады.
Көрінуі
Көрнекілік ауызша ақпаратқа сәйкес болуы тиіс
Динамикасы
Демонстрация уақыты оңтайлы болуы керек. Оқыту әсері барынша үлкен болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтан технологияларды қолдану арқылы бағалау жүргізу бойынша ұсыныстар
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Қашықтық оқыту технологиялары
Қашықтан окыту жайлы
Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Электрондық оқулықтың түсінігі
Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Пәндер