Оқушылардың бірін-бірі бағалауы
4.4-ресурс.
Батыс Лотиан Кеңесінің оқу-психологиялық қызметі
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы деген не?
Оқушылардың бірін-бірі оқытуы мен бірін-бірі бағалауы оқушылардың өзінің шығармашылық жұмысын сындарлы кері байланыс алу үшін басқа оқушыларымен бөлісе алуын және өзінің орындаған жұмысын қайтадан қарап жақсарту үшін осы кері байланысты пайдалануын білдіреді.
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы неге маңызды?
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы дағдыларын дамытудың бір артықшылығы ол мұғалімдерге өз оқушыларының оқуын басқаруға және өзінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы мұғалімдерге оқушылардың қалай оқитындығын бақылауға және оқытуды кеңейтіп, толық түсінбеген тақырыптарды түсіндіруге немесе қосымша көмек қажет ететін жекелеген топтарды оқытуға назар аударуға көбірек уақыт береді. Оқушылар үшін бірін-бірі бағалаудың негізгі артықшылығы - бір-біріне тиімді кері байланыс беру, сындарлы кері байланысты қабылдап, материалды қайта өңдеу арқылы сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі болып табылады.
Оқушылардың тиімді бірін-бірі бағалауының сипаттамалары қандай?
Оқушылардың тиімді бірін-бірі бағалауы ақылға салып ойластырылған, сындарлы, орынды және нақты болу керек.
Сыныпта бірін-бірі түзету жасауды ұйымдастырғанда мұғалімнің балаларды қабілеттеріне сәйкес жұптарға біріктіргені дұрыс. Сыныпты үлгерімі бойынша әлсіздеу және күштірек оқушыларға бөліп, оларға бірін-бірі бағалау үрдісін екі рет өткізуді жоспарлауға болады:
oo Бірінші рет А тобының оқушысын В тобының оқушысымен бір жұпқа біріктіру керек. Бұл үлгерімі төмен оқушыға қабілетті оқушының көмегіне жүгінуіне мүмкіндік береді.
oo Екінші рет. Екі әлсіздеу оқушыны, екі қабілетті оқушыны жұпқа біріктіріп, бір-бірімен бірдей деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Күштірек оқушыларға бір-біріне кері байланыс пен кеңес ұсыну мүмкіндігін беру керек, әйтпесе күшті оқушылар өзінің дұрыс жазу қабілетін жақсартпай, өзінің алдындағы қойылған мәселені байқамауы мүмкін.
Бірін-бірі бағалау процедурасы:
1) 1-оқушы өзінің тапсырмасын дауыстап оқиды (тексеруге көмектеседі).
2) 2-оқушы өзінің тапсырмасын дауыстап оқиды.
3) Оқушылар тапсырмаларымен алмасып, оқу барысында қателерін түзейді.
4) Оқушылар бірін-бірі бағалау парағын толтырады.
5) Оқушылар өз түсіндірмелері мен ұсыныстарын талқылайды.
Мұғалімдер оқушыларға бірін-бірі бағалау парағын таратып, жоғарыда сипатталған процедураға қатысты түсініктеме беруі тиіс. Олар сондай-ақ, оқушылар оқыту бойынша келісілген талаптарды орындауын қадағалап, жақсарту бойынша нақты сындарлы түсініктемелер мен ұсыныстар (кері байланыс) беру керек.
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы қалай болады?
Сыныпта оқушылардың бірін-бірі бағалау үлгілері:
oo Бағдаршам әдісі: оқушылар бір-бірінің жазбаша тапсырмаларын оқып, түстерді қолданады (жасыл - түсіндіру бағалаушынікінен жақсырақ екенін, ал сары - түсіндіру сапасы бірдей екенін, ал қызыл - бағалаушының пікірі бойынша, олардың өздерінің жауаптары жақсырақ екенін білдіреді), содан кейін бағалау нәтижелерін талқылайды.
Тексеру тізімін қолданып, жұптың бағалауы.
oo Топтық бағалау немесе презентациялар арқылы бүкіл сынып болып бағалау.
oo Екі жұлдыз, бір тілек әдісі: оқушыларға басқа оқушылардың жұмысына түсініктеме беру (кері байланыс) ұсынылады. Екі жағымды тұсын көрсету (Маған ұнағаны...) арқылы бір ұсыныс (Мен ... туралы көбірек білгім келген еді) берілетін құрылымданған кері байланыс бағаны ақылға салып, ойланып ұсынуды қамтамасыз етеді. Мұғалімнің өзі де бағалаушы оқушыларға жақсы және пайдалы бағалау түсініктемесі қандай болатынын көрсетуіне болады.
Оқушылардың бірін-бірі бағалауда қолданатын жауап мысалдары: Төменде салыстыру мен сәйкестендіруге берілген эссені бағалауға арналған тізім берілген.
1) Кіріспе сөйлем негізгі тақырыпты көрсете ме? Оны қалай жақсартуға болады?
2) Кіріспе сөйлем оқырман назарын өзіне аудара ала ма?
3) Эсседе айқын салыстыру мен сәйкестендіру бар ма? ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz