Сындарлы кері байланыс


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

4. 5-ресурс.

Батыс Лотиан Кеңесінің оқу-психологиялық қызметі

Сындарлы кері байланыс

Сындарлы кері байланыс деген не?

Сындарлы кері байланыс дегеніміз оқушылардың алға қойған мақсаттарына жетістігін қалай жақсартуға болатындығына байланысты оған кеңес беру болып табылады. Бұл мұғалімдер үшін, ең аз күш салумен ең жоғары тиімділікті қамтамасыз ету арқылы оқушылар жетістігінің деңгейін көтеретін ең тиімді тәсіл (Sutton Trust, 2011) .

Сындарлы кері байланыс неліктен маңызды?

Сындарлы кері байланыс оқушыға дамыту салаларын анықтап, қолдау көрсетеді, оқыту әрекеттіне дер кезінде түзету енгізуге мүмкіндік береді. Жай ғана 10 балл немесе баға қою оқушыларға үлгерімін көтеру үшін не істеу керек екендігін көрсетпейді. Ұпайлар мен бағалар түсіндірмемен берілген кезде оқушылар әдетте түсіндірмелерге назар аудармайды (Black and William, 1998) . Ұпайлар мен бағалар сондай-ақ оқушылардың жетістік деңгейіне кері әсер етуі де мүмкін, өйткені олар оқушының эгосына бағытталған; олар іс жүзінде назарды оқу үрдісінен топтағы оқушылардың: « Сен неше алдың ?» сұрағына қарай ауыстырады. Нашар баға алатын оқушылар (өздерінің құрбыластарымен салыстырғанда) тәуекелге бейімсіз, уәжсіз болып қалады да, болашақ тапсырмаларға бұрынғыдай емес, аз күш салатын болады.

Оқушы білуі керек нәрсе - ол, оқу бағыты бойынша табысты ілгерілеу үшін оның қолынан келетіні, ол қандай білім мен дағдыларды дамыту керектігі және ол келесі қандай қадам жасау керек екендігі. Ақпараттық кері байланысты пайдалана отырып, мұғалімдер оқушыға осындай ақпаратты пайдалы, мөлшерлеп бере алады (Clarke, 1998) .

«Кері байланыс мақтауды немесе жазғыруды, мақұлдауды немесе мақұлдамауды көздемейді: ол үшін бағалау бар - баға қою. Кері байланыс бағаға байланысты емес, ол сіздің не істегеніңізді және нені істемегеніңізді сипаттайды» (Wiggins, 1997)

Сындарлы кері байланыстың сипаттамасы

  • Кері байланыс мазмұны нақты мақсатқа бағытталғанжәне ол үлгерімді жақсарту мақсатында беріледі.
  • Нақты, айқынкері байланыс нені жақсарту немесе дамыту керек екендігін көрсетеді.
  • Жағымдылық- неге қол жеткізілді немесе дамытылғаны туралы нақты анықтама.
  • Дер кезінде берілуі- уақытылы және мағыналы болуы керек.
  • Жасы мен даму кезеңдеріне сәйкестік- ол кері байланысты алушыға түсінікті болуы тиіс.

Мысалы « Жарайсың! » сөзі тиімді емес; оның орнына « Сен ғимаратты сипаттау үшін жақсы сөздерді пайдаланғансың. Мәтінде нүкте мен бас әріптерді дұрыс пайдаланғаныңа көз жеткіз » деп айтып көріңіз .

Мұнымен қатар оқушыларға кері байланысты қолдану мүмкіндігін беру керек. Мұғалім жетістіктерді жаза білу керек және оқушы дағдыларын дамытуды қадағалай алуы үшін оның шеберлік деңгейін де білуі керек:

  • Оқушы дағдысын тек белгілі бір жағдаларда ғана, мысалы, жазбаша жаттығуларда ғана көрсете ала ма?
  • Ол өз дағдысын бірнеше рет көрсете ала ма (жарамды деңгейде) ?
  • Ол дағдысын әртүрлі жағдайларда көрсете ала ма (жинақтау арқылы) ?
  • Дағдысын автоматты түрде көрсете ала ма (ол толық меңгерілген дағды болып табыла ма) ?

Сындарлы кері байланыс стратегиялары

Сапалы кері байланысты қамтамасыз етудің өзі дағды болып табылады, ол дайындауды талап етеді. Ол сондай-ақ балл немесе баға қойғанға қарағанда көбірек уақыт алады (әсіресе бастапқы кезеңдерде), сондықтан мұғалімдер бағалау көлемін азайтатын тәсілдерді іздеуі керек. Мүмкін стратегиялар төмендегідей болуы мүмкін:

  • Бағалар жазбасының санын қысқартыңыз(апта бойындағы), мұғалім түсіндіруге уақыт қалдыру үшін сыныптың үштен біріне қысқартыңыз.
  • Кері байланыс беру сабақтағы қалыпты жағдай болатындай етіп, топ оқушыларының дағдыларын дамытыңыз: мысалы, екі жұлдыз бір тілек стратегиясын қолдану.
  • Оқушылар тапсырманы түсініп, оқу кезеңінің соңында өз жұмысын бағалай алатындай, бағалау критерийлерін белгілеугеуақыт бөліңіз. Дұрыс жауабы бар парақтарды қолжетімді етіп, талдау мен түсіндірудегі қарама-қайшылықты жою үшін уақыт беруге болады - осының барлығы оқу үрдісін жақсартуға мүмкіндік береді.
  • Ынталандыру және көмектесу үшінтүсіндірмелердің әмбебап банкінқұру пайдалы болуы мүмкін.
  • Оқуды бағалау арқылы алынған ақпарат негізінде сынып немесе топ үшінжұмыстың ең аз көлемді деңгейін белгілеуоқушыларды жақсы ынталандыруы мүмкін, өйткені оқушылар содан кейін олардан талап еткеннен көбірек нәрсеге қол жеткізе алатындығын түсіне алады, осылайша олардың ішкі ынтасы артады.
  • Оқушыларды мәселенітабысты шешужолын қалай . Жұмыс үлгілерін беру (мысалы, шабыттандыратын сын есімдерді пайдаланатын сөйлемдер, жетпейтін белгілерді көрсететін үлгілер) оқушыларды талдауға, не талап ететінін бағалауға немесе «табыс критерийлеріне» жетелейді. Содан кейін олар осы критерийлерді өз жұмыстарына жақсырақ қоса алады.
  • «Кемшіліктерді толықтыруға арналған көмекшілерді» пайдалану, мысалы, оқушылардың қазіргі білетіні мен әлі де білуі керек мәселердің арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін еске салу, ұсыныстар мен сұрақтарды пайдалану.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде 7 сыныпта физика пәнін оқытудың мүмкiндіктерін айқындап, әдістeмесін әзірлеу
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІ
Сыни тұрғыдан ойлану
Қалыптастырушы бағалауды өткізудің тәртібі
Критериалды бағалау туралы
Қазақ тілін оқыту методикасы
Бастауыш мектепте жаңартылған мазмұнында білім беруді жоспарлау әдістемесі
Бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz