ASSURE педагогикалық дизайн моделі


ASSURE педагогикалық дизайн моделі
ASSURE - бұл мақсаты тиімді оқыту мен оқу болып табылатын педагогикалық дизайн моделі. ASSURE - бұл модель кезеңдерінің ретін білдіретін аббревиатура. Төменде әр қадамының құрылымы келтірілген.
А (Analyze Learners) - Оқушыларды талдаңыз.
Бұл үдерістегі бірінші қадам өз оқушыларыңның жеке ерекшеліктеріне талдау жасау болып табылады. Оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне ықпалын тигізетін сипаттамаларына назар аударған жөн. Жиналған ақпарат сізге үдерістің өзге кезеңдеріне қатысты шешім қабылдауға көмектеседі. Оқушылардың жеке сипаттамаларын анықтап алсаңыз, ол сізге оқу үдерісінде көмектесетін нақты стратегиялар мен ресурстарды анықтап алуға көмегін тигізеді.
Оқушыларды талдау неден тұрады?
- Оқушылардың жас ерекшелігі, академиялық қабілеттері, жынысы, қызығушылықтары және т. б.
- Бастапқы құзыреттері, дайындық деңгейі.
- Оқытудың жетекші оқу стилін анықтау (аудиал, визуал және кинестетиктер) .
S (State Standards and Objectives) - Стандарттар мен мақсаттарды белгілеңіз.
Оқушылардың сипаттамаларына талдау жасап алғаннан кейін мұғалім оқу модулінің (сабақтың) талаптары мен мақсаттарын тұжырымдап алуы тиіс. Бұл тұжырым оқушылардың оқу нәтижесінде не жасай алатынын анықтаудан тұрады. Нақтырақ айтқанда, оқушының оқу нәтижесінде нені меңгеретінін немесе не жасай алатынына назар аударылады. Мысал ретінде медицина студенттерін қарастыруға болады. Оқушылар нақты жағдайларда медициналық дәлелдерді іздестіру үшін өздері пайдаланатын кемінде екі дерекқор мен екі іздестіру техникасын атай алады.
Мақсаттар оқушылардың жетістіктерін бағалау үшін, сонымен қатар бағалау процесінде де пайдаланылуы мүмкін. Сондай ақ сіз оларды оқушыларға сыныпта неге қол жеткізетінін білдіру үшін пайдалана аласыз.
Жақсы оқу мақсаттарының айқын сипаты АТШД түріндегі жақсы тұжырымдалған оқу мақсаттарына сәйкестігі болып табылады:
А удитория - бұл оқу мақсаты кімге арналған?
Т әлім - Қандай тәлім беру керек? Оқушылар нені меңгереді?
Ш арттар - Тәлім немесе үлгерім байқалатын шарттар қандай? Оқушылардың нені меңгергенін қалай білеміз?
Д еңгей - білім немесе дағдылар қандай деңгейде игеріледі?
Оқу мақсаттары оқу нәтижелерін тұжырымдайтын етістіктермен көрсетілуі тиіс. Ол үшін Блум таксономиясын пайдалануға болады.
S ( Select Strategies, Technology, Media, and Materials) - Стратегияларды, технологияларды, медиа және материалдарды таңдаңыз.
Аббревиатурадағы екінші "S" әрпі таңдап алынған стратегияларды, технологияларды, медиа және материалдарды білдіреді. Оқу мақсаттарын ескере отырып, қалаған нәтижелерге жеткізетін оқу стратегияларын, технологиялар мен ресурстарды таңдап алу қажет.
Алдымен, сіз қандай оқыту әдісін пайдаланған тиімді болатынын анықтап алуыңыз керек. Мысалы, сабақтың қай бөлігі - мұғалімге, ал қай бөлігі оқушыларға бағдарланатын болады? Олардың біріншісі - мұғалім тарапынан дәріс оқу, демонстрация немесе бейнематериал көрсету болса, екіншісі - топтық пікірталас немесе оқушылардың топтағы бірлескен жұмыс сияқты оқу үдерісін ұйымдастыру әдістері болуы мүмкін.
Сабақ барысында оқушыға бағдарланған әдістерді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Оқу процесі бүкіл сынып қатысып отырған кезде барынша қызықты бола түседі. Бұл барлық оқушылардың оқу материалын меңгеруіне көмектеседі. Сабақта мұғалім айтып түсіндіруі және көрсетуі тиіс маңызды ақпарат пен техниканың белгілі бір көлемі болады. Сонымен қатар мұғалім дайын білімді ұсынудың орнына, сыныпқа сұрақ қойып, оған дұрыс жауапты оқушылардың өздері табуына бағыттаушы болған кезде ғана оқу процесі тиімді болады. Табысты мұғалім - ол оқу үдерісінде бағыт беруші (фасилитатор) рөлінде болады.
Оқыту стратегиясын таңдап алғаннан кейін сіз пайдаланатын оқыту әдісі қандай технологиялар, медиа және материалдарды қолдану арқылы жүзеге асатынын анықтау керек болады. Бұл бор мен тақта сияқты қарапайым құралдардан бастап күрделі түрлері болуы мүмкін (мысалы, Power Point пайдалана отырып таныстырылым жасау, тренажерлар және т. б. ) .
U (Utilize Technology, Media, and Materials) - Технологияларды, медиа және материалдарды қолданыңыз.
ASSURE үдерісіндегі бұл қадам сіз таңдап алған технологиялар, медиа және материалдарды пайдалану жоспарымен байланысты. Оқу үдерісіндегі барлық қадамдардарына тән болатын, сіз өз жоспарларыңыздың алға қойылған мақсаттарға сәйкес келетініне көз жеткізіп алуыңыз қажет.
Бұған қол жеткізу үшін келесі қадамдарды басшылыққа алуға болады:
- Технологиялар, медиа және материалдарды алдын ала қарау.
Бұл оларды қалай пайдаланатыныңызды алдын ала жоспарлап алу маңызды екенін білдіреді. Сабақ берер алдында оны ой елегінен өткізіп, орындап шыққан жақсы болады. Сабақтың толығымен жатық әрі проблемасыз өтетініне көз жеткізіңіз.
- Технологиялар, медиа және материалдарды дайындаңыз.
Сізге сабақты өткізуге қажеттінің барлығын жинақтап алу қажет. Олар оқу мақсатына жету үшін дұрыс жұмыс жасауы тиіс.
- Оқу ортасын дайындаңыз.
Оқу ортасын қалыптастыру үшін қажетті материалдар мен жайлы оқу жағдайларының болуын қамтамасыз етіңіз.
- Оқушыларды дайындаңыз.
Біріншіден, оқушыларға оқу мақсаттары туралы ақпарат беру керек. Бұл оқушыларға өздері игеруі тиіс материалды құрылымдауға көмектеседі. Содан кейін бағалау қалай жүретіні туралы айтып түсіндіру керек. Сіз оларға қандай тапсырмалар болатынын, олардың қалай бағаланатынын, тест сұрақтары және т. б. туралы айтыуыңыз қажет. Сонымен қатар оқушыларға материалды игерудің оларға қаншалықты маңызды, пайдалы болатыны туралы айтып түсіндірген жөн
5) Оқу экспериментін жүргізіңіз.
Осынаң нәтижесінде Сіз шын мәнінде сабақ өткізген кезде барлық жоспарыңызды іске асырасыз. Сіз үдерістің әрбір алдыңғы қадамын ескере отырып сабақ өткізуге дайын болуыңыз қажет. Бұл сіздің мұғалім ретіндегі тәжірибеңізді байытып, мерейіңізді жоғарылатады.
R ( Require Learner Participation) - Оқушыны қатыстыру талап етіледі.
Бұл қадамның шын мәнінде бұған дейінгі қадамдарға қатысы бар. Сіз өз оқушыларыңызды оқу материалын белсенді игеруге қалай жұмылдыратыныңызды жоспарлауыңыз қажет. Мұны бүкіл сынып деңгейінде де, жеке оқушылар деңгейінде де анықтап алу қажет.
Мұның ең қарапайым жолы - оқушыларды сыныптағы талқылауларға қатыстыру. Бұдан күрделірек тәсілі ретінде оқушылардың тақырып бойынша үйден сұрақтар дайындап, өз ойларын жазып келуін ұйымдастыруға болады. Сондай ақ жекелеген оқушыларға сабақ жүргізуге немесе семинар форматында пікірталас өткізуге мүмкіндік беріп көруіңізге болады.
Сонымен қатар, оқушылардың жалпы оқу процесіне қалай қатысатынын нақты жоспарлау қажет. Олар сабақтың оқу материалын қалай зерделейді? Оқу әдістерін қалай қолданады? Бұл жоспар сабақтағы оқу қызметінің барлық формаларын нақты сипаттауы тиіс.
E ( Evaluate and Revise) - Бағалаңыз және қайта қарап шығыңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz