Ықшамсабақ (microteaching) мұғалімдерді белсенді психологиялық дайындау әдісі
9.2-ресурс.
Ықшамсабақ (microteaching) мұғалімдерді белсенді психологиялық дайындау әдісі ретінде
Педагогикалық психологияға сынап қарайтын мұғалімдердің өздері де психологиялық дайындық тәсілдерінің құндылығын сөзсіз мойындайды. Ықшамсабақ осындай тәсілдердің бірі болып табылады.
Ықшамсабақ мұғалімдер үшін бихевиоризм қағидаттарына негізделген іскерлік психологиялық тренинг болып табылады. Мұғалімдерді психологиялық дайындау әдісі ретінде ықшамсабақ АҚШ-та алпысыншы жылдардың басында қалыптаса бастаған. Оның авторы Дуайт Аллен және Кевин Райан бастаған Стэнфорд университетінің зерттеушілер тобы болды (Alien&Ryan, 1969). Жалпы есеппен жаңа әдісті енгізуге он жылдан аз уақыт жұмсалды, 1968 жылы ықшамсабақ үдерісі мұғалімдерді дайындау бағдарламаларының 53%-ында қолданыс тапты.
Ықшамсабақ мұғалімдерді дайындауға арналған дәстүрлі тәсілдердің кемшіліктеріне жауап ретінде пайда болды. Дәстүрлі дайындық педагогикалық психология бойынша курстарды өту, тәжірибелі әріптестерінің жұмысын бақылау және игерген білім мен дағдыларды сыныпта қолдануды қамтыды. Дайындықтың бұл түрлерінің әрқайсысына елеулі кемшіліктер тән:
Теориялық курстар көп жағдайда тәжірибеден алшақ болады, оның негізінде білім пассивті түрде меңгеріледі.
Бақылаушы өзінің назарын неге аударған жөн екенін түсіну үшін, ол айтарлықтай тәжірибелі болған жағдайда ғана басқа мұғалімнің оқытуын бақылау тиімді болмақ. Оның үстіне, бақылаушы мұғалімнің емес, оқушының рөлінде болады.
Мұғалім меңгерген білімін пайдалана отырып, әуелі қателіктер мен сынамалар жолымен жүруіне тура келеді, бұл оқушылармен эксперимент жасау деген сөз, ал оның зияны оқушыларға тиюі мүмкін.
Ықшамсабақ мұғалімнің теориялық білімі мен практикалық жұмысын байланыстырушы, өзіндік зертхана (тәжірибе алаңы) болуы тиіс. Ұшқыштар, жүргізушілер және басқа да кәсіп өкілдері дайындық кезінде жаттығу құрылғыларында тәжірибе жасап үйренетіні сияқты, мұғалімдердің де өз жаттығу құрылғысы болуы қажет (Broudy, 1964; Davis&Gregory, 1970).
Жоғарыда атап өткендей, ықшамсабақтың әдістемелік негізі оперантты оқыту (Skinner, 1968) және мінез-құлықты түрлендіру (Bandura, 1969) сияқты бихевиористік және необихевиористік қағидаттар болып табылады. 5-10 минутқа созылатын әрбір ықшамсабақ оқытудың жеке бір дағдысын меңгеруге бағытталады. Мұндай дағдылар ынталандыру тәсілдерін түрлендіру (қозғалыс, ым-шара, үнсіздікті сақтау, әртүрлі сенсорлық арналарды, әртүрлі қарым-қатынас стильдерін пайдалану және т.б.), сабақтың басында өзіне мақсат қою, сабақты аяқтау, тыныштықты және вербалды емес құралдарды пайдалану, оқушыларды ынталандыру, сұрақтар қою, мысалдар келтіру және т.б. болуы мүмкін. Ықшамсабақта басты назар нені оқытуға емес, қалай оқытылатынына бағытталады деуге болады. Ықшамсабақ барысы бейнежазбаға түсіріледі және сабақты жетекші (бақылаушы) бақылайды. Сабаққа арнайы дайындалған оқушылар (әдетте 4-8 оқушы) қатысады, олар ықшамсабақтан кейін мұғалімге ауызша немесе жазбаша кері байланыс береді - өздерінің ойынша нақты бір дағдыны мұғалімнің қалай іске асырғанын бағалайды. Одан кейін мұғалім жетекшімен бірге ықшамсабақтың бейнежазбасын қарап, оқушылардың бағалауын талдайды және сынама жасап жаттыққан дағдыны жетілдіру мүмкіндіктерін талқылайды. Орта есеппен жарты сағаттай уақытқа созылатын талқылаудан кейін, мұғалім ықшам сабақты қайталайды, бірақ бұл жолы сабақты басқа оқушылармен өткізеді. Бұдан соң, бірінші және екінші ықшамсабақтың бейнежазбалары мен оқушылардың берген бағаларын салыстырып, қол жеткен жетістіктер туралы қорытынды жасайды. Әдетте ықшамсабақ өткізуге дейін сынама жасайтын дағды бойынша мұғалімдерді алдын-ала үйретіп, дайындайды. Мұндай оқыту осы дағдыны модельдеу көмегімен жүргізіледі - мысалы, оны анағұрлым тәжірибелі мұғалім көрсетеді немесе қажетті бейнежазба ұсынылады. Шебер жұмысты осылай бақылау нақты дағдыны қалыптастыруды айтарлықтай жақсартады (Bandura&Walters, 1963), мұғалім жіберген қателерін өзінің тәжірибесін жетілдірудің құралы ретінде қабылдай бастайды. Жекелеген дағдыларды меңгеру межесіне қарай, ықшамсабақ тапсырмасы қиындай түседі, сабақтың ұзақтығы да артуы мүмкін (20 минутқа дейін). Осылайша, ықшамсабақтың көмегімен жекелеген дағдыларды меңгеру оқыту стратегияларын меңгеруге ауысады.
Д.Аллен мен К.Райан ықшамсабақтағы оқушылардың рөліне ерікті мектеп оқушыларын шақырған (көбінесе сағатына бірнеше доллар сыйақы беру арқылы). Оқушылар шынайы сыныпқа сәйкес іріктеледі (үлгерім деңгейі, мінез-құлықы әртүрлі, т.б.). Олардың жасы ықшамсабақ өткізетін мұғалімдердің сыныбына сәйкес таңдалды. Авторлардың пікірінше, ақшалай сыйақы мен бәсеке (тиісті талаптарды орындамағандарды басқа оқушылармен алмастырды) сабаққа белсенді қатысу және қажетті тәртіпті орнату үшін жеткілікті ынталандырушы құралдардың бірі болды. Ықшамсабаққа қатысар алдында оқушыларға толық нұсқау беріледі, оларды негізінен ауызша немесе жазбаша түрде кері байланыс беруге үйретті (мысалы, арнайы бағалау үлгі-парағы қалай толтыру керектігі). Басқа мамандар (Gregory, 1972) оқушылардың рөлін мұғалімдер де орындай алады деп есептейді. Сабақта нағыз оқушылардың немесе олардың рөлінде болатын басқа адамдардың болуы алға қойылған міндеттерге және ықшамсабақ жүргізілетін жағдайларға тәуелді.
Ықшамсабақ арнайы маманның (Т.Грегори нұсқасы) немесе жетекші, анағұрлым тәжірибелі мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі (Д.Аллен мен К.Райан нұқасы). Екі жағдайда да олар қажетті аудио- және бейнежазба жасайды.
Ықшамсабақтың мысалы ретінде Томас Грегори ұсынған нұсқаны қарастырайық (Gregory, 1972). Бағдарлама тоғыз тапсырманы орындауды көздейді, олардың әрқайсысына бір немесе бірнеше сабақ арналуы мүмкін.
Т.Грегоридің ықшамсабақ бағдарламасы
1-тапсырма. Кіріспе сабақ. Мақсаты: өзін мұғалім қызметіне дайындау.
Мұғалім ешқандай алдын ала белгіленген нұсқаулықсыз 6-8 минут бойы өз пәнін оқытады. Бұл оның мұғалім рөлінде болуын іс жүзінде сынау, тексеру болып табылады. Сабақтан кейінгі талдауда мұғалімнің қорқыныш сезіміне, оның себептерін және осы үрейді жеңу жолдарын ұғынуға басты назар аударылады. Ықшамсабақтан кейін мұғалім кешіктірмей өзін-өзі бағалауға арналған арнайы үлгіні толтырады. Онда сабақ беру кезіндегі көңіл-күйін, өзінің алаңдаушылығын (мұғалім оқушыларға алаңдады ма, әлде негізгі ойы мен сабақты қалай беремін деген өзі туралы болды ма), сабақтың нәтижесін (күтілетін нәтиже қандай, не жақсыжаман болды, неге) сипаттауы қажет. Кері байланыс парағын оқушылар да толтырады (Т.Грегоридің бағдарламасында, бұл көбінесе басқа мұғалімдер екенін ескертеміз). Оқушылардың рөлінде кері байланыс беру арқылы мұғалімдер сабақты бағалауды үйренеді (тапсырманы бағалау үшін айқын бағалау критерийлері болуы керек, бағалау теңгерімді болып, әлсіз және күшті тұстары анық көрсетілуі тиіс). Нәтижесінде мұғалім өз алаңдаушылығының басты себептерін ұғынады (өз әрекеттеріне - қимыл-қозғалысына, сөйлеу ерекшеліктеріне шектен тыс мән беру; өзінің Мен бейнесінің өзгеруінен, сырт көздің бағалауынан қорқу) және оларды жеңуге үйренеді. Сондай-ақ көп жағдайда мұғалімдер өзінің оқыту стилі мектепте оқытқан мұғалімдеріне еліктеу екенін түсінеді.
2-тапсырма. Мақсаты: проблемалық жағдаят тудыру.
Бірінші тапсырма мұғалімнің қалай оқытатынын анықтау болса, екінші тапсырма сыныпты белгілі бір тәсілмен оқытуды талап етеді. Бұл оқушыларды ойлануға және өз бетінше проблемаларды шешуге ынталандыратын дағдыларды игеруге бағытталады. Автор айтқандай, біз өз балаларымызды гүл өсіруге үйреткеннен гөрі, көбінесе оларға дайын гүлді қиып береміз. Қарастырылатын оқыту стратегиясы сыныпта ойын сипатына ие проблемалық жағдайларды тудыруды қажет етеді. Ойын түріндегі жағдаяттар туралы Дональд Химанның Оқыту тәсілдері атты кітабынан оқуға болады (Hyman, 1970). Сабақта проблемалық жағдаят тудыру үшін Леон Фестингердің танымдық диссонанс (қарама қайшылық) тұжырымдамасы пайдаланылады (Festinger, 1957). Бір нәрсе туралы екі қарама-қайшы білім беру арқылы мұғалім оқушыларда психологиялық жайсыздық сезімін тудырады; бұл оқушыларды осы жағдаяттан шығуға, қарама-қайшылықты шешу жолын іздеуге ынталандыратын қозғаушы күш болып табылады. Ықшамсабақ өткізгеннен кейін мұғалім өзін-өзі бағалау парағын (өзіне есеп беру), оқушылар кері байланыс парағын толтырады. Бұл үдеріс осыдан кейінгі барлық тапсырмаларда да жүзеге асырылады. Бағалау парақтары қатаң құрылымдалған және оларда нақты бақыланатын жағдайды (мінез-құлық) бағалайтын айқын критерийлер берілетінін атап өту қажет (олар бихевиоризм әдістемелік қағидаттарына сәйкес құрылады).
3-тапсырма. Мақсаты: проблемалық жағдаяттарды шешу тәсілдерін игеру.
Мұғалімнің мұндай ықшамсабақтағы міндеті - оқушыларды әрекет жасап, болжамдарды тексеруге үйрету. Миға шабуыл әдісі (brainstorming) пайдаланылады. Мүлдем жаңа, әдеттегіден өзгеше проблемалық жағдаятты шешу үшін проблеманың шешіміне аздап болса да сәйкес келетін жауаптарды ұсынуға негізделген миға шабуылдың нұсқасы қолданылады (неғұрлым тез болса, соғұрлым жақсы болмақ). Аз уақыт ішінде тиімділігін алдын ала бағалаусыз, мүмкіндігінше көп ұсыныстар жинау қажет. Басқа проблемалық жағдаяттарда барынша ойластырылған, дәлелді жауап табу қажет болуы мүмкін, мұнда оқушылар ұсынатын жауаптарының сапасы маңыздырақ.
Ықшамсабақты осылайша ұйымдастыру арқылы, мұғалім оқушыларды ғалым, математик, тарихшы, суретші және т.б. маман сияқты ойлауға үйретуге ұмтылады.
4-тапсырма. Мақсаты: проблемаларды шешу кезінде ойлау үдерісінің рефлексиясы.
Бұл ықшамсабақта оқушылардың проблемаларды шешу тәсілдерін қаншалықты меңгергені, олардың осы тәсілдерді шынайы өмірлік жағдайларға қаншалықты қолдана алатыны анықталады. Білімін өмірлік жағдайға ауыстырудың екі түрі бар: проблеманы шешу қағидатын (алгоритмін) қолдану және пайымдау тәсілін қолдану - проблеманы шешудің жаңаша алгоритмін ойлап табу.
Алғашқы тапсырмалар негізінен оқушылардың ойлауын дамытуға бағытталса, келесі тапсырмаларда басты назар мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты дамытуға, оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағдарланған. Бұл міндеттердің маңыздылығы, әсіресе, алпысыншы жылдардың соңындағы АҚШ-тағы әлеуметтік күйзелістен, жастардың бүлігінен кейін қатты ұғыныла бастады. Соңғы жылдардағы педагогикалық әдебиеттегі ең маңызды туындылардың бірі Чарлз Силберманның Сыныптағы дағдарыс атты кітабы болды (Silberman, 1970).
Автор дәстүрлі оқыту тәсілін оқушылық деп атап, оны қатал сынға алған. Онда оқыту - ақпарат қарапайым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz