Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына көмек



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
№9 семинар тақырыбы: Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына көмек. 7-9 жастағы балалардың ақыл-ой дамуы және оны бағалау мүмкіндігі.

Ата-аналарды ортаға шеңбер жасап тұрғызу. Қолдарына күннің суретін алып, денелеріне жақындатып жылуын сезіну.
Мұғалім: Тіршілік үшін күн қандай қажет болса, бала үшін де ата-ананың жылуы күн шуағындай қажет.

2.Темперамент.
Мұғалім: Ата-аналарға алдағы уақытта балалармен жұмыс жасау барысында мінез-құлқын айқындап алу мақсатында ата-аналарды темперамент түрлерімен таныстырып, балаларының мінез-құлқын дұрыс анықтау тапсырмасы беріледі.

3.Ата-аналарға сауалнама.
Саулнамадағы сұрақтар (баланың) ата-ананың мұғалімнен қандай көмек керек екендігі ретінде берілді.
Бейнефильм жүріп тұрады.

4.Сергіту сәті.
Ата-аналар бір қадам аттай отырып, балаларына жүректен шыққан жылы сөздерін айту.
Мысалы: ботақаным (бір қадам аттау), ...

5.Жағдаяттар.
1-жағдаят.
Мұғалім үйге төрт жол өлең жаттауға берді. Сіз өлеңді қалай жаттатып жібересіз?
Сөздерді айта алады, бірақ өлеңді ұмытып қала береді. Сіз осы кезде қандай әдістерді қолданасыз.

2-жағдаят.
Сіздің балаңыз бүгінгі сабақта Рр дыбысы мен әрпін өтті. Сіздің балаңыз оқулықтағы аралар сөзіне тілі келмейді. Қанша рет оқыса да сөзді айтуға тілі келмейді. Сіз осы кезде қандай әдісті қолданасыз?
3-жағдаят.
Сіздер үйде түскі асты ішіп жатырсыздар. Сіздің балаңыз үйге келгеннен кейін, тамақ ішпестен үйге берілген тапсырманы орындап тастағысы келеді. Сіз оған айтып түсіндірдіңіз, бірақ ол тыңдамай қырсығып отырып алды сіз үйдегілерге тамақ бересіз бе, әлде балаңыздың сабағын оқытасыз ба? Себебі, сіз балаңыздың сабағын қадағалап отырасыз.

Жағдаяттар ата-ананың көбінесе қиын жағдайдан қалай шығу керек осы мақсатта берілді.
6.Білім сапасын көтерудегі ата-ана рөлі.
Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады?
-Өлсем орнымды бассын, - дейді.
-Артымнан құран оқысын, - дейді.
-Қартайғанда асырап, -дейді.
Мұғалім:
-Осыдан басқа бар ма?
-Сіздер қалай ойлайсыздар?
Ата-аналар пікірі.
-Білімді, жан-жақты, тәрбиелі болсын.
-Қандай білім алғанын қалайсыздар?
Ата-аналар пікірі.
-Сапалы білім алғанын қалайсыз.
-Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?
Ата-ана пікірі.
Ата-ана

Мұғалім Оқушы

-Ата-аналар пікірі тыңдалады.
Әр ата мұғалім, оқушы, ата-ана туралы өз ойларын ортаға салады.

7.Баяндама.
Бүгінгі конференцияны қорыта отырып, ата-аналарға психологиялық көмектің ауадай қажет екенін түсіндіру.
Ата-аналарға психологиялық көмек.
Адам баласы-өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе оның балалық шағында және мектеп жасында да тіпті ауадай қажет деп айтса да болады. Бала бойындағы психологиялық ауыр өзгерістердің негізгі себебі бала тәрбиесінен хабары шамалы, бала психологиясын естіп көрмеген ата-аналарда кездеседі. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да, қызықты сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітуді қолданады. Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары-ауруға шалдыға бастаған балалардың психикасын сауықтыру болып табылады. Екінші бағыт-тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық бағыт. Ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездігінен тыйылуын талап ету. Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек бірінші баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру, мысалы, сен оқи білмейсің, сен дұрыс сөйлей алмайсың деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман. Осыдан кейін баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Баланы үнемі көтермелей жетелеп, тәрбиелеудің психологиялық мәні зор. Екінші сәт баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қатар, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мүндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды.Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы қателік. Мұндай әрекеттер арқылы баланың бойына қызығушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға

әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе. Ата-ананың қайырымды да, төзімді тәрбиелерінің арқасында, баланың көңіл-күйі мен түйсік сезімдерінің қанағаттануы ғана емес, интеллектісінің де еркін дамуына мүмкіндік алады. Түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді де жігерлі психика қалыптасатыны белгілі. Шындап келгенде, адам тәрбиесінің қыр-сырынан қиын өнердің болуы мүмкін емес. Оның қажеттігін қабілеттеріне қарай емес, тыныстауына қажет ауадай міндетті түрде игеруің қажет.
1.Баланы міндетті түрде тәрбиелеу керек. Ал қайыра жаңа көзқараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы өздерін тексеруі қажет.
2.Егер үлкендер жағы өзін-өзі баланың ыңғайына қарай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеудің өзінен бас тартқандары жөн.
3.Ешқандай күш көрсету тәлімін көрсетуге болмайды.Баланың келешегін сындырумен тең-деген сөз.
4.Үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндеймін деу, барып тұрған надандық.
5.Тек қана мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да, адамдық сипатқа жеткізетінін ұққан жөн.
6.Психологиялқ түзету жүргізетін кезеңдерін бәрін де, басынан бастап тек қанатөзімділік керек.
7.Баланың жеткен жетістіктерін әділетті бағалағанмен, тым асыра мақтаудың да орыналмауын қадағалап отыру керек. Артық айтқан мақтау сөз, ешқашан да жақсылық әкелмейді. Осылайша психикалық зардап шеккен балаға психологиялық түзетулер жасаудың жолдары көп. Баланын жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлнр үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте түрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқынқалыптастырады.Бұдан кейін ол ешқандай психологиялық хабарларды қабылдайтын күйге ауысады.Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар да ашуланса өкпелесе де, өрекпіп қызынса да өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Қолындағысын лақтырып, айналасындағыны сындырып, шамасы жеткенді талқандап жіберуге ұмтылады.Осы тұста жанындағы адамдардың бәріне де тіл тигізуден тайынбайды. Міне, ашулы адамдардың күйлері осындай болмақ. Ал, адамның көңілі жайсыз жағдайда, мысалы, қызғану мен көре алмаушылыққа ауысқанда, жанындағылардың бәріне көңілсіздікпен, өзіне-өзі секемденіп сергелдеңі мол күйге соғылады.Бүл жайсыз жағдайлар, адамды физиологиялық эффектілік күйге түсіреді. Ол мұндай күйде не істеп, не қойғанын, байқамай қалады. Сондықтан адамдар өзара қатынаста әсіресе балалармен арада ұстамды, мейірімді болуға ұмтылуы керек. Баланы ашуландырып көңіл-күйін бүзу қаншалықты оңай болса, ал оны жадыратып қайыра жақсы жағдайға түсіру, соншалықты қиын екенін естен шығармаған жөн.

7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгіге қарағанда жақсы қалыптасады (көзі көргіш, естігіш, байқағыш). Бірақ әлі де болса, қабылдаудың кей жеткіліксіз жақтары да кездеседі М.Орыс тілінен алынған ұқсас дыбыстарды ф-п, б-в фонемаларын дұрыс ажырата алмайтын болады. Бұл сияқты ажырата алмаушылықтардың бір себебі 7-9 жастағылардың талдау қызметінің әлі жете қалыптаспағанынан. Жалпы алғанда кіші оқушыағ не қызықты немесе не қажетті, соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді. Оқу барысында мұғалім оқушыға нендей нәрсеге назар аударып, қандай нәрсеге назар керек еместігін айтып отырса жақсы болады. Осныың нәтижесінде бала оқуға керекті объектілерге ғана назар аударуды үйренеді. Кіші оқушының зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамымаған. Зейін, әдетте, ерікті, еріксіз болады. Оның еріксіз зейіні ерікті зейіннен басым келеді. Оның еріксіз зейіні әсем бояулар, заттар, қызықты дыбыстарға аударады. 2-3 сыныпта ерікті зейін пайда бола бастайды. Ол қызық емес, бірақ қажет деген сабақтың бөлшектеріне зейінін бөле бастайды. Баланың ерікті зейінін дамыту үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп тапсырманы орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет.
Әдетте, ес пен жадқа байланысты өзінше міндеттер шешу керек. Мұны мнемоникалық міндет дейді. М.бір жағдайда берілген тапсырманы сол түпнұсқасынан айнытпай жадта қалдыру қажет. 2-ші жағдайда тапсырманы өз сөзімен мән-мағынасын ғана айтып беруге болады. Осныың өзі әр түрлі мнемоникалық міндет және әр түрлі психикалық әрекетті қажет етеді. Егер түпнұсқасынан айнытпай есте қалдыру жадқа жатса, өз сөзімен айту еске жатады.
1-ші сыныпта балада арнаусыз есте қалдыру негізгі роль атқаратын болса, 2-3 сыныптарда бірте-бірте арнаулы есте қалдыру негізгі роль атқаратын болады. Кіші оқушының қиялына келсек, оқу талабына сай қиял мазмұны өзгерістерге ұшырайды. Оқушы қиялы шығармашылық және өткенді жаңғырту қиялы болып бөлінеді. Көбісі шындықтан алыстап кететіндіктен мектепке дейінгілерде шығармашылық қиял басым болып, мектептегілерде қайта жаңғырту кең өріс алған (тарих, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ата ананың отбасында балаға үлгі болу дағдыларын дамыту
Топ жетекшісінің ата - аналармен жүргізетін жұмысы
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ қысқаша лекция курсы
«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі»
Психологиялық кеңес беру маңыздылығы
Бастауыш мектептің отбасы тәрбисімен сабақтастығы
Бастауыш сыныпта оқушылардың отбасымен жұмыстың педагогикалық шарттары
Сынып оқушылары ұйымшыл
Пәндер