Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық тоқыраулар және экологиялық дағдарыстар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ө. А Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
Реферат
Тақырыбы:
«Қазақстандағы рухани,
шаруашылықтық тоқыраулар және экологиялық дағдарыстар»
Орындаған:Сейтқасым Мадияр
Оқу тобы:ГД -21-1
Қабылдаған:Алланиязов. Т
Жезқазған-2021ж.
Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық тоқыраулар және экологиялық дағдарыстар
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
-Тоқырау жылдарындағы Республиканың өнеркәсіп жағдайы
-Экологиялық дағдарыстар тарихы
- Қорытынды
»Кіріспе
Жоғарғы партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі ойластырылмаған біржақты өзгерістер. Л. Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі. 1965 - 1966 жж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Экономиканың экстенсивтік үлгісінің орнығуы. Кеңестік экономиканы басқару тәсілдерін орталықтандыру тұрғысынан өзгерту және өнеркәсіптік, аграрлық реформалардың қайшылықтары. Мемлекеттік меншіктің басымдылығы жағдайындағы кеңестік менеджмент жүйесінің және тұтастай модернизациялық моделінің тиімсіздігі. Идеологиялық тоқырау: ресми марксизмнің дағдарысы, зиялылардың астыртын әрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі. 60-70- ші жж. қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі ( «Жас тұлпар», т. б. ) .
КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі. Өнідірстегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі.
Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Кеңестік өкіметтің ауыл мен деревняны іс жүзінде кедейшілік пен тоқырауға ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Аграрлық саланың басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі. Қазақ ауылының келеңсіз әлеуметтік-гуманитарлық қырлары «күнделікті тарих» деректерінде.
Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Орталықтың этно-демографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т. б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық құқықтарына қысым жасау. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика» (қара нарық), криминалдық топтардың таралуы. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Оның табиғи экологиялық және техногендік себептері. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991) . Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т. б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.
Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты.
»Негізгі бөлім
Тоқырау жылдарындағы Республиканың өнеркәсіп жағдайы
"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан
экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен
алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40, 8 млрд. сом немесе халық
шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі
өндірістік қорлар 3, 1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында
6, 5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3, 8 есе өсті. 15 жыл
ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия
өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр
қуатын өндіру одан ары шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы
республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен
жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген, дүние
жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару
тоғызыншы бесжылдықта 1, 8 есе, сары фосфор өндіру 2, 5 есе көбейді. Машина
жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға
жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ.
1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды,
өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен, осы жылдарда КСРО бірыңғай
халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы
қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына
жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар
республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ,
олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржыны жұмсамады деп
айтуға болады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом
жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом
немесе 1 пайыздан аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа
себептермен байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі
жекешелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар
орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік
қуаттар кешігіп іске қосылды. Жоспарлық, технологиялық және еңбек тәртібін
бұзушыларға жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске
жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс
орындары мемлекетке 1981 жылы 760 млн. сом, 1982 жылы - 1, 0 млрд., 1983
жылы - 1, 3 млрд, 1984 жылы -1, 65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ.
Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-
техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде
еліміздің капиталистік мемлекеттерден кейін қалуы күшейе түсті.
Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін қуалай өсіру ауыр өнеркәсіпте
негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да солай болды, мұнда жұмысты
атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі
істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық
керсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін объектілер салынды. Бірақ, осыған
қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде елдегі ірі
өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың,
зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп
отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған қызметкер немесе
кәсіпорынның көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан
айырыла бастады, шаруашылықтың және мәдениеттің барлық саласында іркіліс
көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген
проблемалар көбейді.
IX бесжылдықта жоспарды күрт төмендетіп отырса да, өнеркәсіп көлемі
12, 6 пайызға орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25 пайызға, он бірінші - 3, 6
пайызға орындалған жоқ. Соның салдарынан IX, X, XI бесжылдықтардың ішінде
ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде
экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін құлдырады. Мысалы,
республика ұлттық табысын 60-70 пайызға өсіру міндеті қойылса да, ол іс
жүзінде 36 пайызға ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылық
қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір
салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ
бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің "жалпы саны" болды,
бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің
бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да ресурстарды едәуір көп жұмсады.
Экологиялық дағдарыстар тарихы
Адамзаттың тарихы - адамдардың табиғатпен өзара қарым-қатынастарының
тарихы болып табылады. Әр түрді дәуірлер бір-бірінен табиғатқа адамның
қатынасымен, оны меңгеру ерекшеліктерімен сипатталады.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында бірқатар ерекше
кезеңдерді бөліп көрсетуге болады .
Бірінші кезеңді палеолит дәуірі деп атайды. Бұл кезде қарапайым алғашқы
қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Аталған кезеңді көбінесе биогенді
кезең ретінде сипаттайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бірге еді,
оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2
млн. жылдан астам уақытты алып жатыр және ол адам мен табиғаттың өзара
әсерлерінде ең көп уақытты алып жатқан кезең.
Адамның табиғатқа, биосфераға әсері осы кезеңнің өзінен көріне бастады.
Ол негізінен өсімдіктен жабынының өзгеруімен және жануарлардың жекеленген
түрлерінің жойылуымен сипатталады. Палеолит дәуірінде адамдардың жекелеген
ірі шөпқоректі жануарларды (мамонт, алып бұғылар, түктікеріктер және т. б. )
толық жойып жібергені дәлелденген. Аңшыдық өнімдері адамдар үшін негізгі
азық және шаруашылық қызметінде негізгі шикізат көзі болған.
IV Ақпараттық-экологиялық кезең
III Индустриялдық кезең
II Аграрлық кезең
І Биогенді кезең
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының төрт кезеңі
(Н. М. Мамедов. И. Т. Суравегина бойынша)
Екінші аграрлық кезеңге адамның мәдени өңдеуге көшуінен басталған
неолит дәуірі жатады (б. э. д. VIII-VII ғасырлар) . Бұл дәуір өнеркәсіптік
өндірістің қалыптасуына дейінгі кезеңді, яғни б. з. ХVІІ ғасырына дейінгі
уақытты алып жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағынан алғанда бұл кезең
құл иеленушілік және феодалдық қоғамдар кезеңі болып табылады.
Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына
байланысты қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады. Ормандарды кесу,
шалғындық далаларды жырту, үй жануарларын жою нәтижесінде ғаламшардың
орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға
айнала бастады. Археологиялық және палеобо-тникалық зерттеулер қазіргі
кездегі шөлдер Гоби, Қарақұм, Қызылқұм, Сахара шөлдерінің территориясын әр
кездерде гүлденген өркениетті елдер алып жатқанын көрсетеді.
Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы техногенді дәуір басталады, яғни
адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын
өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады. Сондықтан егіншілік
технологиясы, мал шаруашылығының технологиясы туралы осы кезеңнен бастап
айтуға болады. Аграрлық кезеднің соңы кеме қатынасымен, Жаңа дүниенің,
Тынық мұхитының аралдарының ашылуымен, еурпалықтардың Үндістан мен
Қытайға, Африка мен Орталық Азияға, Шығыс Сібірге енуімен сипатталады.
Аталғандар Жердің табиғаты туралы, оның орман, топырақ, су ресурстары,
минералдық байлыстары туралы түсініктерді өзгертті және оларды
пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін туғызды.
Кеме қатынасының дамуы теңіз кәсіпшілігінің кеңеюіне, ең алдымен
киттер мен басқа да теңіз жануарларын аулауға алып келді. Нәтижеде теңіз
қоректілерінің саны айтарлықтай кеми бастады.
Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғат-өзара қатынасындағы
техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Ол XVII ғасырдан бастап XX
ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.
Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи әсері жаңа сипатқа ие
болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады.
Отын ресурстарын жағу арқылы қуат өндіру бірнеше есе артты. Жаңа
заттарды жасау, ластаушы заттардың үлкен территорияларда таралуына және
ауыл шаруашылығының химияландырылуына байланысты адамның биосфераға
химиялық әсерінің сапасы өзгерді.
Алғашқы кезде табиғаттағы өздігінен реттелу процестері биосфераның
экожүйелерінің бұл әсерлерге төтеп беруіне мүмкіндік берді. Бірақ,
өндірістік іс-әрекеттің қарқыны мен көлемінің артуы экожүйелердің өздігінен
қалпына келу қабілетін біртіндеп жойды. Биосфераның биологиялық, химиялық,
физикалық көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер байқала бастады.
ХХ ғасырдың ортасына қарай өндірістің қоршаған табиғатқа әсері кеңейіп,
ғалмдық сипатқа ие болды. Нәтижеде табиғи ортаның сарқылауына байланысты
өндірістің одан әрі дамуы мүмкін болмайтын жағдай қалыптасты, яғни
экологиялық дағдарыс байқалып отыр.
Бірақ, бұл дағдарыс биосфера тарихындағы бірінші дағдарыс емес.
Н. Ф. Реймерс (1994) бірқатар экологиялық дағдарыстар мен экологиялық
революцияларды бөліп көрсетеді.
»Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz