Теңіз жағалаулық процестері мен рельеф пішіндері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№7-СӨЖ

«Теңіз жағалаулық процестері мен рельеф пішіндері»

Орындаған: ГГ-21 студенті Қахарман Аяулым

Қабылдаған: География ғылымдарының докторы, профессор Сапаров Қуат Табылдинович

Нұр-сұлтан

№7 - өзіндік жұмыс

Тақырыбы: «Теңіз жағалаулық процестері мен рельеф пішіндері»

Теңіздің қиратушы жұмысы . Теңіз жағалары мен түбінің қирауы түрлі фак-

торлардың əрекетіне байланысты. Бұл факторлардың бастыларына жататындар - жағаға соғылатын толқынның соққылау күші, толқындар тасымалдаған таужыныс сынықтарының соққылауы, теңіз суының жағаны құрайтын таужыныстарға химиялық əрекеті. Аталған факторлар əдетте бірге əрекет етеді. Осыған байланысты теңіздің қиратушы əрекеті де біршама артады. Əлем мұхитының суы атқаратын қирату жұмысының жиынтығы абразия деп аталады.

Жағада абразия ұдайы білінеді. Бұл процесс ақырғы нəтижесінде қия жағаның қирауына əкеледі. Қираған сайын жағаның тікейген қабырғасында (бетінде) ойық, яғни соқпатолқындық қуыс жаралады ( 6. 13-сурет ) . Қуыстар тереңдеген сайын оның төбесін құрайтын таужыныстар өздерінің салмақ күші əсерінен опырылып түсетін жағдайға жетеді. Қия жаға біртіндеп құрлық жаққа шегініп, қуыстың орнында соқпатолқындық терраса жаралады. Жағаның қираған бөліктері шайылып кеткен əрі тек қана түбірлік таужыныстардан тұратын соқпатолқын террасаның бөлігі абразиялық

терраса деп аталады.

6. 13-сурет. Теңіз жағалары қирауының сұлбасы. Қираудың таужыныстар еңістігіне байланысы: а - еңістік континентке қарай; ə - еңістік теңізге қарай; б - жағаның біртіндеп қуыс пен терраса жасап қирауы; 1 - əктас; 2 - саз; 3 - құмтас; I - жағаның бастапқы беті; II - соқпатолқын қуысы; III - соқпатолқын террасасы; су деңгейінің IV - жоғары жəне V - төмен орналасуы; VI - шайылма терраса

Соқпатолқын террасасы абразияның əрекетінен ұдайы ұлғайып, теңіз алабы жағына қарай да, құрлық жағына қарай да кеңейеді. Кейде ол едəуір өлшемдерге - ені 86 50-60 км шамасына дейін жетеді. Теңіздің құрлыққа қарай жылжу жылдамдығы біршама жоғары, 1000 жылда 1-2 км-ге жетеді.

Абразияның үш түрі бар - механикалық, химиялық жəне термиялық абразия.

Механикалық абразия соқпа толқын əсерінен теңіз, көл жағаларының бұзылып үгілуі. Оны толқынның шарпып-шегінуі тудырады. Теңіз толқыны жағаға жақындағанда жылдамдығы бəсеңдеп, биіктігі артады да жағаға асып кері шайма ағыс тудырғанда абразия əрекеті пайда болады. Механикалық абразияның жағалауға түсіретін динамикалық қысымы орта есеппен 10 т/м2ге асатын толқынның гидравликалық соққысы жəне толқын ықпалымен кейде ішінде салмағы ондаған тоннадан асатын шомбал кесек тау жыныстары бөлшектерінің соққысынан тұрады. Механикалық абразия теңіз абразиясының негізгі түрі, осыған химиялық жəне термиялық абразиялар қабаттасып қатысады.

Химиялық абразия судың химиялық əсері, яғни су бетіндегі жəне су астындағы жағалық тау жыныстарының еруі нəтижесінде жүзеге асады.

Əсіресе жаға жиегі карбонатты тау жыныстарынан құрылса, онда химиялық

абразия (карст процестері) қарқынды түрде жүреді.

Термиялық абразия - тоң тау жыныстарьнан құрылған жағалардың мұзын

теңіз суының жылындыруы əсерінен еріп бұзылуы.

Тау жыныстарының үгілуіне теңіз хайуанаттары мен өсімдіктері де ықпал

етеді. Ал механикалық абразия туралы айтсақ, қатты дауыл кезінде толқынның күші жағадағы тау жыныстарына орасан зор гидравликалық əсерін тигізеді. Соның нəтижесінде жағалық зонада салынған құрылыстар көп жағдайда қирап, халық шаруашылығына едəуір зиян келтіреді. Толқын соққысы əсіресе жағадағы құламалы жар қабаққа ықпал етіп, алдымен жарықшақты тау жыныстарды бұзады. Толқынмен ілескен тау жыныстары сынықтарының қиратқыш күші бірнеше есе арта түседі. Содан жар қабақтың етек тұсынан баурай шұңқыр (волноприбойная ниша) түзіледі де, жоғарыдағы құз-жары оның үстінен төніп тұрады. Баурай шұңқыр құрлыққа қарай кеңи келе үстіңгі жар қабақ опырылып құлайды да қайтадан тік жар-клиф түзіледі. Осы процесс сан рет қайталана келе жар құрлыққа қарай шегіне береді, оның орнында теңізге қарай сəл еңкіш келген тегіс бетті абразиялық терраса бенч қалыптасады.

Қирау өнiмдерiн тасымалдау . Теңiздердің суы абразия өнiмдерiн ғана емес, теңiзге өзендер əкелетiн сынықты материалдың зор массасын да тасымалдайды. Сынықты материалдың орын ауыстырып, жылжуы Əлем мұхитының жағалары мен түбін қирататын су қозғалысы түрлерінің ықпалынан іске асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рельеф және климат
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Жайық өзені алабындағы өзендер
Зайсан ойпаңының неотектоникасы
Геоморфология оқу - әдістемелік кешен
Оңтүстік Балқаш маңы аумағының шөлдену мәселелері
Антарктида
Эрозия механизмі
Атырау облысының экологиялық жағдайын картографиялаудағы қазіргі технологияны пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz