Ауыл балаларының уақытты тиімді пайдалануы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ауыл балаларының уақытты тиімді пайдалануы
БАЛАЛАР БАСТАУЫ 2021 ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ

2021 жыл

Жоспар:
І. Кіріспе. Тәуелсіз ел жастары.
ІІ. Негізгі бөлім.

1) Ауыл балалары уақытын қалай пайдаланып жүр?
2) Онлайн ойындардың зардабы
3) Көзінде арман, мақсаты жоқ жастар
4) Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек?
ІІІ. Қорытынды. Ұсыныс.
ІV. Қосымша

Кіріспе. Тәуелсіз ел жастары.
Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымды - қтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда. Елімізде жастар саясаты қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндап өтейік.
Жастарды жұмыспен қамту мәселесі, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды жұмыспен қамтудағы жеңілдіктер, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. Президент жыл сайынғы жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша бірнеше іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі. Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа, интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады, - деген болатын. Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде Дипломмен ауылға, Бизнестің жол картасы, Жұмыспен қамту-2020, т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарламалар аясында республика аймақтарында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын назарларыңызға ұсына кетейік, мектеп түлектері, орта-арнайы және жоғары білім ұйымдарының түлектері бағыталады. Әрине, мектепті тәмамдаған жастардың көбісі колледждер мен ЖОО-ларға түсетіні түсінікті. Колледждер мен ЖОО түлектерінің арасында басым бөлігі жұмысқа тұрады. Алайда жыл сайын 70 мыңға жуық жас түлек жұмыссыз қалып, өздеріне лайықты қызмет таба алмайды, - деді Нұрымбетов. Оның айтуынша, дегенмен де бүгінде жалпы алғанда бұл бағыттағы үрдіс оңтайлы көрсеткішті байқатуда. 2012 жылдан бері алғаш рет Қазақстанда жастар жұмыссыздығының деңгейі жалпы жұмыссыздық деңгейінен төмен болып отыр. Осы төрт жылда жастардың жұмыспен қамтылуы 120 мың адамға өсті. Бұл өз кезегінде өте қарқынды өзгеріп отырған көрсеткіш. Елде жұмыспен қамтылған адамдардың 2,3 миллионын жастар құрап отыр. Елімізде жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр, ал бүгінде жастар жұмыссыздығы 4,5 пайыз деңгейінде, - деді вице-министр. Жастарды, әсіресе жұмыссыз, табысы аз, мүгедек, осал топтарға жататын санаттағы жастарды қоғам өміріне тарту мақсатында елімізде бірқатар заңдар қабылданып жатыр. Сондай заңның бірі Қазақстан Республикасы мен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы). Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасын қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін Қазақстанға осы келісімде жазылған немесе айтылған тәртіппен 21,7 млн. доллар мөлшерінде грант бөледі.
Біз ұлттық құндылықтарымызды жеткілікті бағаламайынша толыққанды тәуелсіз ел бола алмаймыз. Ал ұлттық құндылықтар - нағыз тәрбие көздері. Оларды дамытып, көркейтуде және тәрбиеге арқау етуде этнопедагогика, этнопсихология ғылымдарының алар орны ерекше.
Нұр Отан партиясының орталық аппаратында Жастар - Отанға! жобасының басталуына арналған брифингте Жас Отан ЖҚ мәлім етті. Жастар - Отанға! жобасының негізгі мақсаты - жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және біріктіруге күш салу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Ауыл балалары уақытын қалай пайдаланып жүр?

Аталған жобалар, гранттар жемісін беруде. Жастардың өмірге көз қарастары өзгеріп даму үстінде. Бірақ осы жобалардан ауыл балаларының көбіне кеншін қалып жататыны тағы бар. Жастар жұмыссыз өтпеу үшін оқушы кезінен үйірмелерге барып, өз бағытын таппайынша өзін іздеуі қажет. Бұл орайда ауыла үйірменің аздығы, болса бір Өнер мектебінде болуы. Кәсіпкерлеріміз осындай орталықтар ашса бәсекелестік үйірмелер деңгейін жоғарылатып, сұраныста артушы еді. Осы Балалар бастауы 2021 әлеуметтік жобасына арнап жүргізілген статистика балаларымыздың 50%-ы уақытын босқа өткізуде екенін көрсетті. Атап айтсақ, атыс-шабыс ойындарына әуестігі байқалды. Онлайн ойын зардабы мақсаты жоқ оқушылар туралы келесі бөлімде ашып айтамыз. Жұмыссыз жастардың алдын алу үшін Балалар бастауы 2021 әлеуметтік жобасына керемет ұсыныстарымыз бар. Өте жақсы бастама! Ел болашағын ойлайтын, саналы ұрпағымыз болсын дейтін заманда ауыл балаларының уақыттарын компьютерлік ойындарға өткізіп отырғаны өкінішті. Сондай-ақ қалыпты жағдай деп қабылдап отырған ата-аналарға дабыл қағатын уақыт жеткен сияқты.

Онлайн ойындардың зардабы

Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып-ақ келеді. Алайда, бұған мән беріп жатқан ата-ана жоқ. Керісінше күн өткен сайын балалардың аталған ойындарға деген тәуелділігі көбейіп барады. Мәселен, дәрігерлер мен психологтардың пікірінше, теледидар мен компьютерлік ойындардың бала санасына тигізетін зияны шаш-етектен. Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді екен.

Ойын баланың мінезін өзгертеді. Қазір қаланың кез келген үйінде компьютер бар. Балалардың көпшілігі бос уақытын осы көгілдір экрандағы ойынмен өткізеді. Онан қалса теледидардан шетелдің шуы көп мультфильмдері мен киноларын тамашалайды. Яғни, баланың өзге дүниемен айналысуына мүмкіндігі бола бермейді. Кейде үй тірлігіне алаңдаған ата-ана баласының тыныш отырғанын тәуір көріп, компьютер мен теледидарды көруіне ешқандай шек қоймайды. Керісінше ойынның түрін әкеліп баланы қызықтыратындар бар. Бірақ уақыт өте келе олар кішкентайларының компьютерге қалай тәуелді болып қалғанын аңғармайды. Ал компьютерлік ойын кімге бол - са да қызық. Кейде үлкендердің өзі осы ойынның шырмауынан шыға алмай қалады. Психолог мамандардың айтуынша, балалар бұл ойындарға қызықса, оларды жуық арада тоқтату мүмкін емес екен.
Компьютерлік ойындардың негізгі түрі -- атыс-шабыс, төбелес. Бұл алдымен баланың мінез-құлқына әсер етеді. Өйткені ойынның бас кейіпкері болған бала үнемі ұта бермейтіні анық. Кейде жеңеді, кейде жеңіледі. Ал ұтылған сайын оның ойынға деген құмарлығы арта түседі. Өзі сол әлемнің батыры болуға ұмтылады. Сырттағы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс алаңында немесе сатырлаған төбелестің ортасында, әйтеуір, жарыс алаңында жүреді. Бұндай кезде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Ұтылып қалса, көңіл күйі болмайды. Тіпті осындай кезде айналасындағы адамдардың сөзін тыңдамай, ренжісіп қалуы мүмкін. Екіншіден, компьютерлік ойындардардың көпшілігі атыс-шабысқа негізделгендіктен, бұндай ойынға әуес балалардың бойында мейірімділік, ізгілік қасиеттері азаяды.
Олар достарымен жақын араласпағандықтан бар уақытын компьютер алдында өткізеді. Бұндай кезде оны ойыннан алыстату өте қиын. Тіпті ол ата-анасына қарсы келіп, жанжалдасуы мүмкін. Ұзақ уақыт компьютермен жұмыс істегендіктен, оның адамдармен қарым-қатынасы қиындай түседі. Мінез-құлқы өзгеріп, тез ашуланады. Көпшілікпен тіл табыса алмайды. Компьютерді қосқанша байыз таппай, ал оның алдында отырғанда уақыттың қалай өтіп кеткенін білмейді. Ойнау мүмкіндігі болмаған кезде өзін жайсыз сезініп, ашуланып, мазасызданады. Сондықтан ата-ана баланы компьютердің алдына белгілі бір уақытта ғана отырғызғаны жөн. Шектен тыс құмарлық баланы компьютерге тәуелділікке әкеліп соқтырады. Оны өзге әлем қызықтырмайтын халге жеткізеді. Сондықтан бұндай кезде балаға ұрыспай, айқайламай, түсіністікпен қарап, оны виртуалды әлемнен алыстату қажет. Әдеби кітаптарға немесе басқа іске қызықтырып, біртіндеп компьютерден ажыратуға ұмтылған абзал. Сондай-ақ қазір қалада компьютерлік клубтар жұмыс істейді. Үйдегі ойынға ата-анасы тыйым салған оқушылар бар уақытын осындай клубтарда өткізеді. Тіпті, бұл жердегі ойын үйдегі жалғыз отырып ойнаған ойыннан әлдеқайда қызық. Арнайы желі арқылы ойын қызығына түскен олар бірін-бірі жеңіп шыққанша тапжылмайды. Тіпті, ойынға белгілі бір ұтыс тігіп пайдаға кенелетіндер бар. Ал бұндай ойынқұмар баланың сабаққа құлшынысы болмайтыны анық. Бұған қоса соңғы кезде ұялы телефон арқылы әлеуметтік желімен тілдесу оқушылардың сүйікті ісіне айналды.
Қазір оқушылардың барлығында онлайн оқығандықтан ұялы телефон бар. Әрине, телефонның пайдасы көп. Бірақ балалар чаттар арқылы бір-біріне хат жазып, уақыттарын бос өткізеді. Әсіресе, жоғары сынып оқушыларының арасында түнімен осы жүйе арқылы тілдесетіндер көп. Өйткені бұл да компьютерлік ойын тәрізді, бала санасын бірден жаулап алады. Сөйтіп, олардың оқуға деген ынтасын төмендетеді.
Дәрігерлердің айтуынша компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс істеу -- адамның жүйке жүйесін әлсіретіп, қан қысымын көтереді және көз, құлақ, асқазан жарасы секілді аруларға душар етеді екен. Ал баланың компьютер алдында ұзақ отыру оның ақыл-есінің дамуын тежейді. Көз дәрігері былай дейді:
Компьютер алдында ұзақ отыру, біріншіден, баланың көзіне зиян. Өйткені үздіксіз экранға қадалу көз жанарының көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін төмендетеді. Көз экрандағы мәтiн немесе өзге де бейнелердің әлсіз дiрiлдеулерiн тез қабылдайды. Сөйтіп көзге шамадан тыс салмақ түсіп, көру қабілетін жоғалтады. Мәселен, экрандағы түрлі түстер, тіпті әріптер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептен тыс тәрбие жұмыстары
Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәліметтер
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық сипаттамасы
Мектепке дейінгі балалардың кеңістіктік бағдарлауының теориялық әдістемелік негіздері
Спорттың балаларға берері көп
Мектепте технология пәнін оқыту
Алты жасар балалардың дүниетанымын дамытудың психологиялық-педагогикалық проблемалары
Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы
Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Пәндер