Темперамент және мінез туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Темперамент және мінез

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет - қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылмына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген - конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, және т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
Лептосоматик - бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол - аяғы ұзын, сидыйған.
Пикник - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
Атлетик - бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойылы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
Диспластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар-әрқилы мүшелік зақым - сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ - қолы кемістер).
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған (астенический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын.Иксотомик - денесі мығым (атлетический), мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым - ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған - Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40 - жылдарында АҚШ - та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі - адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы - эмбриологиялық белгілер.
Конституциондық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі - тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі. У. Шелдон теориясын сынға алған Я. Стреляу былай жазады: "Адамның тамаққа әуес болу, ұжымшыл болу не қайырымды болу сияқты темпераменттік қасиеттері оның дене құрылымындай нәсілдік белгі емес, мұндай қасиеттер анатомиялық - физиологиялық негізге ие болғанымен тәрбие және әлеуметтік ортада ғана қалыптасады".
Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден - ақ белгілі болған. Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелегіне тәуелді келуі И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген.
И.П. Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешіліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозулары мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлділігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер - қозу және тежелуге байланысты екендігі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И.П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе - теңдігін және қозғалмалығын атап көрсетті.
Қозу күші мен тежелу күші - бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімжі әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.
Жүйке жүйесі процестерінің тепе - теңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейілік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы, не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті - жүйке процесінің қозғалмалылығы - бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығында көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалылығы адам қылық-әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетін де танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әрекеттен екіншісіне, енжарлықтан белсенділікке немесе кері өту шапшыңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс - жүйке жүйесінің селқостығы (инертность). Бұл процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типідеп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе - теңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П. Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:
күшті, қозу мен тежелуі, қозғалмалы - сангвиник;
күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт - флегматик;
күшті, қозуы басым - холерик;
әлсіз тип - меланхолик.
Сонымен, И.П. Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері - жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті - жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі[2].
И.П. Павлов негіздеген типология темперамент психология саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50 - жылдары жүргізілген осындай ізденістер нәтижесінде И.П. Павловтың шәкірттері В.М. Теплов, кейін В.Д. Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесін эксперименталды талдауға ала отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиеті: лабильдік және динамикалық - ашты. Жүйке жүйесінің лабильдігі - жүйке процесінің туындау және сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалылығы - қоздырғыш, ұнамды және кері әсерлі, тежегіш шартты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен байқалады.
Көп зерттеулердің нәтижесінде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие. Нақты жүйкелік типке сай темперамент қасиеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент пен мінездің өзара байланысы
Темперамент сипаттамасы
Әрекет темпераменттері
Темпераменттің төрт типінің сипаттамасы
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Темперамент пен мінез туралы анықтама
Холерик темпераменті
Темперамент типтеріне жалпы сипаттама
Темперамент туралы ұғым
Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті
Пәндер