Президенттің Интеллектуалды ұлт-2020 бағдарламасы және оның маңызы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

Қарағанды техникалық университеті.

Реферат

Тақырыбы: Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы.

Орындаған:Балтабай З.

Тексерген: аға оқытушы: Нугман Б. Г.

2021

Елімізде 2008 жылдан бастап, Елбасының идеясымен "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаның басым бағыттары: білім беру жүйесінің инновациялық дамуы, ақпараттық революция, жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу болып отыр. Жобаның мәні туралы Елбасы Н. Назарбаев: "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясының негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру", - деген еді. Бүгін де осы мақсатқа жету үшін еліміздің ғылыми элитасы қоғамды зерттеп, оның интеллектуалды әлеуетін арттыру жолында еңбек етіп келеді. Сондағы ғалымдардың бірі әрі бірегейі əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз жəне электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаеваның пікірін білген едік. Профессордың айтуынша, Қазақстан халқының интеллектуалды деңгейін арттырудың маңызы зор. Себебі, қазіргі жаһанданған заман жас мемлекеттің азаматтарына жаңа талаптар қойып, бәсекелестіктің бәйгесінен қалмау үшін де интеллектуалдық қажеттілігі жоғары. «Біз өмір сүріп отырған қоғам жаңа талаптар мен міндеттерді ұсынуда. Оның басты себебі неде? Ақпарат немесе білім қоғамы ғылым мен технологияны, сондай-ақ олардың қоғаммен байланысын мүлдем жаңа арнаға бұрды. Ғылыми-техникалық жетістіктердің жылдам қарқын алуы азаматтардың қоғамдық болмысы мен қоғамдық санасын өзгертті, жаңа құндылықтар пайда болды. Қазіргі заманғы ғылым жаңа технологияларды өндірумен қатар, қоғамның рухани құндылықтарына бағытталған жаңа саланы - гуманитарлық технология саласын дүниеге əкелді. Соңғы жылдары Қазақстан қоғамының интеллектуалдық əлеуетінің дамуы жəне өзекті проблемалары зерттеліп, талдау жүргізіле бастады. Қазақстандағы гуманитарлық құндылықтардың заманауи қағидаларын талдау, қажетін қабылдау, құндылығын сақтау, дəстүрін жалғастыру - жаңа заманның, өрлеуге бет бұрған қазақ елінің басты мақсаты, айқын мұраты. Ақпараттық қоғам немесе индустриалдық қоғамның дамуын тереңірек зерделеуде өзге елдердің тəжірибесіне сүйенеріміз анық. Дегенмен өзіміздің ұлттық ерекшелігіміз бен болмысымыз, ұлттық интеллектіміз бен əлеуетімізді тек өзіміз құраймыз, өзіміз жасаймыз жəне ол тек бізге керек», - дейді Гүлмира Серікбайқызы. Алайда, интеллектуалдылық бірден қалыптаса қоймайтын қасиет. Әрбір адамның интеллектуалдылығын арттыру үшін соған сай орта қалыптастыру керек екендігін алға тартады. «Адамның интеллектуалды əлеуетін инвестиция ретінде қарастыру үшін де бізге сол адамды интеллектуалды азамат ретінде қалыптастыру керек жəне оның интеллектуал болып өсуі үшін де салым салу керек. Салым дегеніміз, сол азаматтың зерделі де сергек, зерек те зиялы болып өсіп, қалыптасуына қажет қаржылық-материалдық, рухани-мəдени, өнегелі-тəрбиелік ортаны жасай білу дегеніміз. Сонда ғана қоғамға интеллектуалды азамат өз тарапынан қарымын қайтара еңбек етеді. Бұл тұрғыда біздің əлеуетіміз қаншалықты деп сұрамастан бізді басқалар атап көрсетіп, нысана етерліктей қашан жоғары деңгейде дамимыз деген сұрақтың жауабына жетуіміз керек. Мұның өзін таяуда Елбасы бағдарламалық мақаласында нақтылап берді: «Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың əл-ауқатқа жəне жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады». Қазақстан ғылымында адам капиталының дамуы мен интеллектуалды қоғам əлеуетін арттыруға арналған гуманитарлық технология саласы бойынша зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай зерттеулердің бастауында профессор Сұлтанбаеваның да тұрғанын атап өту керек. Бұл мəселеге жаңа дем беріп отырғаны рас. Жəне де елімізде ұлттың интеллектуалдық капиталы қалыптасуына бағытталған мемлекеттік реформалардың тиімді жүзеге асуына қатысты гуманитарлық базис əзірленуіне, сараптамалар жүргізілуіне ықпал етерлік ғылыми орта қалыптастыратыны тағы бар. Елбасы қолдауымен іске асқан зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінің құрылуы осы саладағы зерттеулерді жүргізудің балама құрылымдары болып табылады. Дегенмен де, әлі күнге дейін елімізде гуманитарлық зерттеулер жүргізудің өзіндік проблемалары бар. Бұл туралы профессор: «Қазақстандық қоғамдық-саяси ғылым саласында гуманитарлық технологиялар саласын зерттеудің əлсіз жағы басымырақ. Өйткені, бізде бұл ғылым саласы жайлы əлі жалпы түсінік қалыптасып үлгермеген. Зерттеу жағынан кенже ғылым болып табылады. Оның үстіне бізде гуманитарлық технология саласында интеллектуалдық ұлт қалыптастыруға бағытталған гуманитарлық құралдарды басқаруда кешенді зерттеу орталықтары, зертханалары жоқ», дейді. Бірақ соған қарамастан, қазіргі таңда профессор Г. Сұлтанбаеваның жетекшілігімен бір топ ғалымдар мен студенттер «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында зерттеулер жүргізіп келеді. Елбасы «Интеллектуалдық ұлт - 2020» жобасын жариялағаннан бері Білім және ғылым министрлігі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыра бастаған еді. Ғылыми жоба аясында Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық Бюросы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кластерлік бюросы қолдауымен алғаш рет журналистика факультеті студенттерінің «Қазақ елі» ғылыми экспедициясы еліміздің шет аймақтарында екі жыл қатарынан зерттеулер жүргізді. Бұл ғылыми жорық нәтижесінде «Қазақ халқының тарихи-семиотикалық құндылықтары» атласы әзірленді. Бұл

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Президенттің Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламасы және оның маңызы Қазіргі білім беру моделі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Интеллектуалдық капитал
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі
МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ ЖАЙЛЫ
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Еліміздегі жоғары оқу орындарының жаңа типтері
Присяжныйлар қазақтан алыну
Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz