Публицистикалық мәтінді талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Тапсырманың аты:
Публицистикалық мәтінді талдау

Орындаған: Алмас Ләйла
Тексерген: Смағұлова Г.Н. филология. Ғ.д. профессор.

Алматы-2021

Публицистикалық стиль (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) - функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің алуан саласында саяси, мәдени экономикалық қарым қатынастарды көрсетуге қызмет етеді. Публицистикалық сстильдің екінші бір ерекшелігі бар: ол ұлттық әдети тілдің толығуына зор ықпал етеді әрі әдеби тілдің лексикалық грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін көрсете алады.
Пубицистикалық стильге газет, журнал, радио, теледидар, деректі фильмдер тілі жатады.
Публицистикалық стильдің тақырыптық диапазоны өте кең: саясат, идеология, философия, экономика проблемалары, қазіргі уақыттың кезектегі міндеттері, ағымдағы саясат мәселелері, әлемдегі, қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістер т.б.
Публицистикалық стильдің негізгі мақсаты өмірдегі оқиғалар мен фактілерді бағалау, философиялық дүниетанымдық көзқарас тұрғысынан пайымдау мен түйін жасау болып табылады.
Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады, бірі - хабар беру, екіншісі ықпал ету. Тілдің екі қызметі ортақ прагматикалық әрекеті публицистикалық стиль тілінің құрылымдық жүйесінің ерекшелігін анықтайды.

Facebook және metaкеңістік
3 млрд-тан астам қолданушысы бар, 110-нан астам тілде ақпарат тарататын әйгілі Facebook әлеуметтік желісі Meta деген атаумен ребрендинг жасағаны өткен аптада белгілі болған еді. Компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг жаңа жобаларын таныстыра келе: Кезінде әлеуметтік желілер әлеміне трансформация жасасам, енді күнделікті қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, оған да трансформация жасайтын уақыт келді деп мәлімдеді.
Жұртшылыққа бәрінен бұрын әбден көз үйреніп қалған Facebook атауының Meta деп өзгеруі таңсық болды. Ал ребрендингтің астарында не жатыр? Әлемнің миллиардтаған ада­мын бір өзіне байлап қойған қауқарлы ком­панияның аяқастынан үйреншікті атауын өзгертуі тегін емес. Виртуалды ғаламның бүге-шігесін жетік меңгерген Цукербергтің бұл шешімі бір күнде туған жоқ. Ол күнделікті тіршілігімізге metaғаламды (metaverse) енгізбекші, яғни AR мен VR технологиялары бізге үйреншікті дағды болып қалыптаспақ.
AR мен VR технологиялары не екенін жұрт­шылық жақсы білсе керек. Бұл - виртуальды әлем. Бір сөзбен айтқанда, көзілдірік, шлем, құлаққап секілді құрылғылар арқылы берілетін 3-5D технологияларының көмегімен сіз басқа әлемнің шындығына енесіз, ондағы тіршілікті нақты өмірдегідей сезіне аласыз. Мысалы, сіз 3D көзілдірігін киіп алып, кенет көріп отырған фильмнің немесе ойнап отырған бейнеойын­ның ішіне еніп, ондағы оқиғаларды нақты өмірдегі­дей сезінсеңіз, онда бұл - VR технологиясы. Ал көшеде келе жатып, алдыңыздан компьютер әлемінен ғана көретін Дрэгонайт покемоны шыға келсе, бұл - AR.
Міне, осындай сенсорлы кеңістікті Цукер­бург күнделікті өмірімізге кіріктірмек. Дәл қа­зір менің айтып жатқаным сіздерге қиял-ғажа­йып­тай көрінуі мүмкін. Бірақ жақын болашақ­та трансформация жасалған мұндай қарым-қаты­нас сіздерге үйреншікті болып қалады, дейді М.Цукерберг.
Оның түсіндіруінше, енді Metaны қолдану­шылар тек смартфондарға үңіліп қана қоймай, 3D технологиялардың көмегімен әлемнің екінші шетіндегі адамдардың жанында отырғандай сезінеді. Олардың жанында отырып, бірге фильм көреді, шахмат ойнайды, конференция, жиындарда да бірге жүргендей сезімде болады.
Цукерберг көтеріп отырған тұжырымда­ма­ның өн бойында интернет әлемін және күнде­лікті қоғам қарым-қатынасын визуалды дең­гей­ге көтеру идеясы жатыр. Осы технология­лық жаңару арқылы біз адамдарды бір-бірі­мен жақындастыра түсеміз. Алайда компанияның атауы өзгергенімен біздің басты миссиямыз сол қалпында қала береді. Негізгі бағытқа мета­әлемді дамыту мақсаты ғана қосылды, дейді М.Цукерберг көк лента түрінде мебиус бейнеленген жаңа логотипті таныстырып жатып.
Не десек те бұл Facebook қолданушылары үшін елеулі жаңалық болды және бұл ерекше шешім компания акцияларының күрт өсуіне алып келді. Мәселен, оның атауы өзгереді деген хабарландырудан кейін-ақ Facebook акциялары бірден 4 пайызға артқан. Өткен аптадағы қор нарығының қорытындысы бойынша оның әр акциясының құны 323 долларға бағаланды.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https:egemen.kzarticle295413-fa cebook-dgane-metakenhistik(C) egemen.kz

Сөз таптары үлесі; термин сөздер; калька мен балама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
Ауызша мәтін артикуляциясы
Мәтінді өңдеу кезеңі және түзету негіздері (редакциялау)
Бұқаралық дискурс ерешеліктері
Бір тілдегі мәтінді екінші тілдегі мәтінмен ауыстыратын тілдік операция
Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі
Аудармада экспрессивті құралдарды қолдануды талдау
Қазақ әдеби тілі функционалдық стильдер жүйесі
Аударуманың теориялық мәселелері
Публицистика жайында
Пәндер