Мұса Жәлел
АСАУ ЖҮРЕК
Өгей ұлың болдым ғой мен өз елім.
Өлім күтіп шетте өртенді.ау өзегім.
Өлсем қызыл гүлдер өссін қаныма,
Көз жасымды қабылдасынөзенің.
(Мұса Жәлел)
Берлинде
Осыдан он жылдай бұрын Алматыда, Ғалымдар үйінде, атақты ақын Мұса Жәлелдің туғанына тоқсан жыл толуына арналған кеш болып өтті. Соғыс ардагері Хамза Абдуллин осы алқалы жиынға: «Мен зор қуанышпен бардым. Қуанышым босқа кеткен жоқ. Бұл кештен мен жақсы әсер алдым. Кешті ұйымдастырушы татар туыстарға өте риза болдым», . деп жазды.

Өлім күтіп шетте өртенді-ау өзегім.
Өлсем қызыл гүлдер өссін қаныма,
Көз жасымды қабылдасынөзенің.
(Мұса Жәлел)
Берлинде
Осыдан он жылдай бұрын Алматыда, Ғалымдар үйінде, атақты ақын Мұса
Жәлелдің туғанына тоқсан жыл толуына арналған кеш болып өтті. Соғыс
ардагері Хамза Абдуллин осы алқалы жиынға: Мен зор қуанышпен бардым.
Қуанышым босқа кеткен жоқ. Бұл кештен мен жақсы әсер алдым. Кешті
ұйымдастырушы татар туыстарға өте риза болдым, – деп жазды.
Осылай болар жөні де бар еді. Өйткені неміс тұтқынында жүріп:
– Ашшы мынау қараңғылық сарайын,
Бой жазайын, бостандыққа барайын!
Қайда сонда еркін өскен кең далам?
Көз жіберіп биік шыңнан қарайын! — деп армандаған Хамзекең жалын атқан
жастық шағында, жат жерде өткізген тар заманда бір үзім нанды бөліп жеген
жора-жолдастарын, соның ішінде өзін көріп жүздескен, танысып-біліскен Мұса
Жәлелдің жарқын бейнесін, сол бір қиын-қыстау күндерді еске алған болар.
Өткен соғыста тұтқынға түскен боздақтар жөнінде, өкінішке қарай,
олардың бәрі сатқындар, елінен, жерінен қашқандар, ұлтынан безгендер деген
сияқты біржақты пікір қалыптасқан. Алайда, тағдыр тәлкегімен жау торына
түскен абзал жандардың ішінде елім, жерім, ұлтым деп көз жасы көлдей
ағып, жүрегі қан жылаған сөз зергерлері болды. Мәселен, сол уақытта
Берлиндегі қазақтар арасындағы Қобызшы Қорқыт (Мәжит Айтбаев), Асан
қайғы (Мәулікеш Қайболдин), Асқар Әли (Әли Асқар), Сайран (Хамза
Абдуллин) және Мәжит Дара (Мәжит Аяпбеков) сияқты ақын-жазушылар осындай
асыл жандар еді. Мұндай зиялы қауым, өнерлі адамдар вермахт қарамағындағы
басқа мұсылман легиондарында да қызмет атқарды. Айталық, Еділ татарлары
легионындағы Мұса Жәлел тұтқындарды отаншылдық, патриоттық тұрғыдағы
жалынды жырларымен рухтандырып қана қоймай, сонымен бірге неміс фашизміне
қарсы астыртын жұмыс жүргізіп, жаппай көтеріліске шақыра білді. Міне, осы
тарихи тұлға туралы Хамза Абдуллин өзінің Мұстафа мен Мағжан – Тұран
елінің даналары (Алматы, 1993) деген кітабында былай деп жазады:
– 1943 жылдың май айында бізге Берлиннен Расулов дейтін өзбек келді.
Ол кісі маған: Берлинде газет шығаратын болдық. Бірақ тұтқынға
түскендердің ішінде біздің түркістандықтардан бір де журналист жоқ екен.
Берлиндегі татар комитетінде Мұса Гумеров (Мұса Жәлел) дейтін бір
журналист бар. Олар қазір Идел-Орал деген газет шығарып жатыр. Сол
Мұсаның жолдасы Ғайнан Құрмашев сені жақсы біледі екен, сол арқылы мен сені
тауып отырмын. Мен сені Берлинге алып кетемін деді. Расул менімен қоса
Абдулқақ Оразов (түркімен) және Жұмабай Мәмедов (қырғыз) дейтін жігіттерді
бірге әкетті.
Түркістан комитеті Ноенбургштрассенің он төртінші үйінде, екінші
қабатта, ал татар комитеті үшінші қабатында екен.
Одан әрі Хамзекең вермахт қарамағындағы Түркістан және Еділ татарлары
ұйымдарында жұмыс істеп жүрген азаматтар жөнінде ақпар береді.
– Бұдан кейін мен комитетте істейтіндермен түгелдей таныстым.
Қазақтан Хакім Тыныбеков, Қарыс Қанатбаев сияқты жігіттермен жолықтым.
Үшінші этаждағы татар жігіттерімен де жолдас болдық. Әсіресе, Мұса Жәлел
Қорқыттың бөлмесіне жиі келетін. Екеуі сондағы бастықтарды мазақтап,
анекдоттар айтып, бізді күлдіретін.
Мені бұлар туған інісіндей жақсы көрді. Мұса Жәлел қазақша жақсы
сөйлейді, қазақтың әдемі әндерін шырқағанда, біз оған қайран қалатынбыз. Ал
енді Мәулікеш пен Қарыс бізге: Елге енді бара алмайсыңдар. Жол ел жаққа
жабық. Бұл жақта тұрып, елің үшін қанша жақсылық істесең де, оны Сталин
кешірмейді. Барысымен ұстап алады да атады, болмаса он жыл беріп, барса
келмеске жібереді – деп айтатын.
Жазушы Хамза Абдуллиннің осы хабарда тілге тиек еткен кейбір қазақ
азаматтарын оқушы қауымның есінде қалсын десек, оған арнайы түсінік бере
кеткен жөн болар.
Хакім Тыныбеков – 1914 жылы Ақмола облысының Қорғалжын ауданында
туған. Соғысқа дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының ғылыми
қызметкері. Түркістан ұлттық комитетінде (ТҰК) Милли Түркістан журналының
редакторы, кейін барлық мұсылман комитеттерінің орталық органы — Түрік
бірлігі газетін ұйымдастырушылардың бірі.
Қарыс Қанатбаев – 1911 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Тау-кен
инженері. ТҰК-нің бас хатшысы. Вали Каюмнен бөлініп шыққан соң — Түркістан
ұлттық кеңесінің президенті.
Қобызшы Қорқыт – ақын Мәжит Айтбаев, 1913 жылы Қызылорда облысында
туған, Милли әдебиет журналының редакторы. Абылай поэмасының авторы,
бірнеше кітабы жарық көрген.
Мәулікеш Қайболдин (Асан қайғы) Ленинград университетінің философия
факультетін бітірген. Өлеңдері мен әңгімелері Қазақстан мен Мәскеудегі
газет-журналдарда шыққан. Оның Жұмақтан келген жәрдем деген романы бар.
Немісше жазған өлеңдері Берлиндегі неміс тіліндегі журналдарда жарық
көрген.
Берлиндегі Еділ татарлары комитетінде қызмет істей жүріп, Мұса Жәлел
осылайша Түркістан ұлттық комитетіндегі қазақ зиялыларымен тығыз қарым-
қатынас жасап, аралас-құралас жүрген.
Тамұқта
Қызыләскерлер қанша қарсылық көрсеткенімен Гитлердің қарулы күштерінің
мысы әлі басып тұрды. Неміс фашистері шабуылды үдете берді.
1942 жыл. 9 ақпан. Қызыл әскер Демянск түбінде қоршауда қалды. 8
мамыр. Фашистер Қырымдағы Керчьке екінші рет шабуыл жасады. 17 мамыр.
Харьковтың оңтүстік жағына орналасқан жау қарсы шабуылды күшейтіп жіберді.
20 мамыр. Қырым майданы күйреді: 44, 47, 51-армияның тас-талқаны шықты. 25
мамыр. Харьков үшін күрес аяқталды: 9, 57, 6-армия тұтқынға түсті...
Солтүстік батыс өңірдегі жағдай да оңып тұрмады. Волхов майданының
құрамындағы 2-екпінді армия неміс құрсауына түскен Ленинград қаласының
қоршауын бұзып шығуы тиіс еді. Алайда, тапсырма орындалмақ түгілі, әскери
құрама жау қақпанына қалай түсіп қалғанын да білмей қалды. Сөйтіп, 2-армия
бүкіл маусым айы ішінде құрсаудағы қалаға қол ұшын бере алмады, бас
сауғалап, қоршаудан өздері қалай да құтылу үшін жанталасты.
Фашист құрсауынан босану мақсатындағы қызу әрекет кезінде майдандық
Отвага газетінің тілшісі Мұса Жәлелдің иығына жау оғының жарқыншағы тиді.
Теңіздің керемет бір асау толқыны соққандай оны редакция машинасынан жұлып
алып, біраз жерге лақтырып тастады. Сол жақ бұғанасы едәуір зақымданған
оның сол қолы салбырап бос қалды, ал кеудесінде оқ ізі – кішкене ісіктің
томпиған тыртығы – пайда болды. Осылай ауыр жарақаттанған Мұса қол созым
жерде жарылған снарядтың жойқын күшінен құлағы тұнып, басы айналып, көзі
қарауытып, есеңгіреген күйде жау қолына түсті. Бұл 1942 жылдың шілде айы
болатын.
Мұса Жәлел тағдыр тәлкегімен әуелі Двинск түбіндегі, содан соң Рига,
Каунас маңайындағы, кейін Хельм, Орш, Седльц, Вустрау елді мекендеріндегі
лагерьлерді кезеді. Бірнеше ай осылай біраз жерді шарлатып, сандалтқан соң
немістер оны Польша жеріндегі Демблин қорғанына әкеледі.
Легионда
Ұзақ уақыт өлім фабрикасы атанған Демблин лагерінің жағдайы аса қиын
еді. Күтімі жоқ, дұрыстап тамақтанбаған мұндағы 120-150 мыңнан астам әскери
тұтқындар әбден қалжыраған, жүдеген, құр сүлдері қалған аш-жалаңаш бейшара
жандар болатын. Темір жол вокзалы мен лагерь арасындағы үш шақырым жердегі
иесіз мәйіттерден аяқ алып жүре алмайтынсыз. Қажет емес деген тұтқындарды
жендеттер күндіз-түні үздіксіз атып жатты. Еділ аймағынан шыққан ұлттарды,
негізінен татарлар мен башқұрттарды, фашистер осы жерге жинай бастады.
Мұның өзі түсінікті де. Өйткені 1942 жылдың көктемінде Гитлер әртүрлі
ұлттық бөлімдерді, ал тамыз айында Еділ-Орал халықтарының легионын құру
жөніндегі бұйрыққа қол қояды.
Фюрердің жоспарын жүзеге асыру мақсатымен екі арнаулы құрылым
ұйымдастырылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz