Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е. Б. Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша әділетсіз айыпталуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша әділетсіз айыпталуы
Жоспар
1. Қоғамдық кеңестік жүйе
2. Е. Бекмахановтың өмір жолы
3. Е. Бекмахановтың әділетсіз айыпталуы
Қоғамдық саясы жүйе
Қоғамдық-саяси жүйеде 20 - жылдардың ортасында
орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40 - 50 жылдары шарықтай түсті.
Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс
тапты.
Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу,
мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты
олқылықтардың шегі болмады.
Кітаптың тағдыры
Бекмахановтың еңбегіне байланысты кереғар пікірлерден кейін 1948 жылғы ақпанның 28-і СССР ҒА тарих институты бұл кітапты мәскеулік мүйізі қарағайдай ғалымдардың талқылауына қайта салды. Ең әуелі қазақстандық тарихшылар Т.Шойынбаев пен М.Ақынжановтың арнайы жіберген айыптау пікірлері оқылды.
Содан соң Қазақстаннан барған тарихшы ғалым Х.Айдароваға сөз берілді. Бекмаханов алдына қойған міндетті орындай алмады, әдіснамалық тұрғыдан елеулі қателіктерге ұрынды, сөйтіп көтеріліске де, Кенесары Қасымовтың өзіне де мүлде дұрыс баға бермеді. Оның себебі автордың буржуазиялық және буржуазиялық-ұлтшылдық тұжырымдаманың шылауында кеткенінде, ал марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерінен берілген үзінділерді көз алдау үшін ғана қолданды. Материал жетіспеді немесе автор бұл кезеңді жете зерттемеді деуге негіз жоқ деген ауыр айыптаудан бастаған Айдарова Бекмаханов барлығын әдейі, қасақана жазып отыр деп көсілді.
Талқылаудың соңы
Талқылау соңында сөз алған Бекмаханов еңбегінде таптық күрес те, феодалдық қанау да айтылғанын, маркстік-лениндік әдіснамадан ауытқымағанын дәлелдеп шыққан.
Е.Б.Бекмаханов

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (15.02.1915, Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы -- 06.05.1966, Алматы) -- тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл).
К. Қасымұлы көтерілісі

Оның бұл зерттеуі 1947 жылы "ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" деген атпен жарық көреді. Алайда Бекмаханов Кенесары Қасымұлының көтерілісіне феодалдық-монархиялық қозғалыс емес, ұлт-азаттық көтеріліс деп баға бергені үшін саяси қуғын-сүргінге душар болады. Жазғандарынан бас тартпаған Бекмаханов алдымен партиядан шығарылды. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі жұмысынан босатылды, тіпті ғылыми атақ дәрежелері жарамсыз етілді. Енді оған ешбір жерде жұмыс берілмейтін болды. Көп ізденістер мен өтініштердің нәтижесінде Алматы тысында бір ауылда мұгалімдік қызмет қана тапты. Сөйтіп кешегі ҚазГудың белгілі профессоры бастауыш мектептерге тарих пәнінен сабақ бере бастаған еді.
Бірақ көп ұзамай, атап айтқанда 1952 жылы 5 қыркүйек күні Бекмаханов тұтқындалып, 25 жылға бас бостандығынан айырылып, жер аударылды.
Еңбек жолы
1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.
1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық саясы жүйе
Қоғамдық кеңестік жүйе
Бекмаханов өмір баяны
Кітаппен тұлға тарихы
Бекмаханов ісі
Адам құқықтарын шектеуге бағытталған қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Бекмаханов ісінің ұйымдастырылуы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Ермұхан Бекмаханов
Пәндер