Халықаралық экономикалық интеграция: мәні, алғышарттары және даму кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СРС(9 апта)

Халықаралық экономикалық Интеграция

1. Шаруашылық өмірді интернационалдандыру қазіргі дүниежүзілік шаруашылық дамуының жетекші мақсаты болып отыр. Бұл тенденцияны қайсыбір державаның немесе барынша жоғары дамыған елдер тобының ықпалындағы кең байтақ аймақтардың құрылуынан көреміз. Экономикасы қуатты мемлекеттер интеграциялық орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлекеттер топтасып, интеграциядағы елдер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы өзінше бір жүйе болып отыр.

Экономикалық интеграция бұл процеске қатысушы елдердің өндірісі мен капиталын жеделдетуге жағдай жасайды.

Шартты түрде экономикалық интеграцияға жетелейтін процесті мынадай тізбек арқылы көрсетуге болады: өндіргіш күштердің дамуы - халықаралық еңбек бөлінісі - өндіріс пен капиталды интернационалдандыру - экономикалық интеграция экономикалық интеграцияға елеулі түрде екі фактор әсер етеді: оларға ғылыми-техникалық революция және трансұлттық корпорациялардың қызметі жатады.

Дүниежүзілік шаруашылықтағы интеграциялық процестер дамуының жинақталған тәжірибесі экономикалық интеграцияның қалыптасу мерзімінің төрт кезеңнен өтетінін дәлелдейді:

1. Тарифтерді, тағы басқа шектеулерді жоя отырып, еркін сауда аймақтарын құру;

2. Саудада және еңбек пен капитал қозғалысында бірыңғай тарифтерді орнықтырып, кедендік одақ құру;

3. Қатысушы елдердің экомикалық саясатын үйлестіру арқылы ерікті экономикалық одақ құру;

4. Бірыңғай экономикалық саясат жүргізіп ортақ валюта жасау және ұлттық экономикалардың үстінен (наднациональный) қарап, реттейтін ұйым құру арқылы толық интеграцияға қол жеткізу.

Аймақтық интеграция екі деңгейде жүреді. Олар, өздерінің шаруашылық қызметінің барысында интеграциялық процестерге қатысатын жекелеген компаниялар деңгейі және бір топ елдердің еңбек пен капиталды үйлестіруге мақсатты түрде бағытталған қызметі барысында пайда болатын интеграцияның мемлекеттік деңгейі.

Экономикалық интеграция - бұл елдер арасындағы экономикалық іс-қимыл әрекет үдерісі, шаруашылық механизмін жақындатуды қарастыратын, елдер арасындағы органдармен келісіліп реттеу және мемлекет арасындағы келісімге келу түрі.

Экономикалық интеграция - кейбір өзіне тән белгілерімен сипатталады, ол өзара елдердің экономикалық байланыстарының басқа түрімен ерекшеленеді: ұлттық өндірістік процесстердің (үдерістердің) өзара дендей ену және шиеленісуі;

өндірісте халықаралық мамандандыру және кооперациялау, ғылымда және техникада негізінен прогрессивтік түрлерін кең ауқымда дамыту;

Экономикада қатысушы -елдердің құрылымының тереңірек өзгеруімен;

Интеграциялық процессті тікелей бағытта реттеу, координациялық экономикалық стратегияны және саясатты әзірлеу;

Интеграцияның кеңістік ауқымының аймақтықтығы, алғаш керек ететін алғышарт ел арасында пайда болады, яғни ол жерде тығыз шаруашылық байланыс орнатылған.

Мазмұны бойынша интеграция - шиеленіскен, өзара дендей ену және елдер аймағында ұдайы өндірісті нығайту процессі. 1947 ж. әлемде 60-тан астам интеграциялық топтар құрылған, бұның барлығы біртұтас алғышарттармен анықталған. 2. Интеграцияның алғышарттары: интеграциялық елдердің нарықтық дәрежесінің жетілуі және экономикалық даму деңгейінің жақындастығы. Интеграция дамыған елдердің өнеркәсіптер арасында, немесе дамыған елдер арасында дамиды және ұласады;

интеграциялық елдердің географиялық жақындығы - ол ортақ шекара және тарихта қалыптасқан экономикалық байланыс;

экономикалық және басқада ортақ проблемалар- мемлекет алдында тұрған даму, қаржыландыру, экономиканы реттеу, саясаттық ынтымақтастық және т. б. Экономикалық интеграция - интеграциялық елдердің алдында тұрған шын, нақты проблемаларды шешуге бейім; демонстрациялық әсер. Интеграциялық бірлестік құрылған елдерде оң ілгерілеулер болады, (ол экономикалық өсу қарқынының жеделдеуі, инфляцияның төмендеуі, жұмыспен қамтушылықтың өсуі және т. б. ) мұның барлығы басқа елдерге айрықша психологиялық ықпалын келтіреді. Демонстрациялық әсер бұрынғы СССР елдерде пайда болған, макроэкономикалық алғышарттары жоқ болсада, тезірек Еуропалық одақтың мүшесі болу үшін;

домино әсері. Көптеген сол немесе басқа да аймақтағы елдер интеграциялық бірлестіктің мүшесі болады, басқа елдер, шекте қалған елдер кейбір қиыншылықты сынап, қайта бағдарлаумен байланысты елдердің экономикалық байланысын, бір-біріне топтастыру. Бұл интеграциялық шекте қалған елдерде сауданың азаюына алып келеді. Сонымен ол елдерде, интеграциялық бірлестікке кіруге мәжбүр болады.

3. Интеграцияның негізгі мақсаттары: экономикалық көлемнің артықшылығын қолдану, нарықтың мөлшерін ұлғайту, трансакционндық шығындарды қысқарту, тікелей шетелдік инвестицияның ағымын ұлғайту. Бұл интеграциялық топтар Орталық-Америка және Африкада тұлғаланған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық интеграция: негіздері, даму кезеңдері және Қазақстанның рөлі
НАФТА және халықаралық экономикалық интеграция: құрылымы, даму кезеңдері мен экономикалық әсері
Экономикалық интеграция: мәні, түрлері және даму сатылары
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму алғышарттары
Дүниежүзілік шаруашылықтың мәні мен даму тенденциялары: халықаралық еңбек бөлінісі, экономикалық интеграция және Қазақстанның орны
Әлемдік экономикалық интеграция: мәні, даму тенденциялары және Қазақстанның орны
Халықаралық экономикалық интеграция: тұжырымдама, сауда-экономикалық одақтар және посткеңестік пен әлемдік даму деңгейлері
Қазақстанның инновациялық экономикалық даму және халықаралық интеграция стратегиясы
Халықаралық экономикалық интеграция және Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі
Қазақстанда қосылған құн салығының енгізілуінің алғышарттары, даму кезеңдері және халықаралық тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz