Протозоологияға кіріспе. Протозоологияның даму сатылары. Паразит қарапайымдылардың морфологиялық және биологиялық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс № 6
Тақырыбы: Протозоологияға кіріспе. Протозоологияның даму сатылары. Паразит қарапайымдылардың морфологиялық және биологиялық негіздері.
Кілтті сөздер: Протозоа, протозоология, протозооздар, ядро, цитоплазма т.б.

Дәріс жоспары:
1. Ветеринариялық протозоологияның анықтамасы.
2. Протозоологияның негізгі даму сатылары.
3. Паразит қарапайымдылардың морфологиясы мен биологиясы.
Протозоология - бұл қарапайым, бір торшалы тоғышарларды, олар туғызатын ауруларды (протозооздарды) және емдеу, сақтандыру шараларын зерттейтін паразитология пәнінің бір саласы.
Protos (грек сөзі) оны аударғанда „простой", „қарапайым" деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі уақытта қарапайымдылардың 70000 жуық түрлері белгілі, олардың 10000 түрлері ауыл шаруашылық, жабайы жануарларда, балықтарда, араларда және адамдарда тоғышарлық етіп протозоидтық ауруларды немесе протозооздарды тудырады.
Мал дәрігерлік протозоологияның дамуындағы
негізгі сатылар:
„Протозоология" деген ғылым ХХ ғасырдың басында қалыптасқан, сол кезде көптеген жаңалықтар ашылып, мәліметтер пайда болды. Біраз аурулардың қоздырушылары анықталып, олардың дамуы, тасымалдаушылары зерттелді.
Трипаносомоздар, безгек, пироплазмидоздар, эймериоздар және т.б. аурулардың қоздырғыштары анықталды.
Мысалы, 1880 ж. Эванс Үндістанда кең тараған „сурра" деп аталатын аурудың қоздырушысын ашты. Ал, 1888 ж. Румын ғалымы Бабеш ірі қараның пироплазмасын тапты. 1885 ж. Брус Африка континентінде үй хайуанаттарының трипаносомасын суреттеді.
1893 ж. Смит және Кильборн пироплазмаларды ауру малдан сау малға жайылым кенелері тасымалдайтынын анықтады.
И.И.Мечников пен Д.Л.Романовскийдің адамның безгек ауруын қарапайымдылар қоздыратынын дәлелдеуі, протозоология ғылымының даумуына орасан зор әсер етті. Адам мен малдың протозоидтық ауруларын емдеу тарапында П.Эрлих пен Д.Л.Романовскийдің дәрі-дәрмектің ауру қоздырғыштарына әсер ету механизмі туралы еңбектерінің айтарлықтай маңызы болды. И.И.Мечниковтың иммунитет туралы еңбектері де осыған икемдеді.
Ресейде протозоология ғылымының дамуына белгілі зерттеушілер В.Я.Данилевский, Е.П.Джунковский, И.М.Лус, Е.И.Марциновский, В.Л.Якимов, А.В.Белицер, А.А.Марков, И.В.Абрамов және т.б. айтарлықтай үлес қосты. Ресейде 1898 ж. А.И.Качинский ірі қара малдың пироплазмозының қоздырғышын алғаш суреттеді. Е.П.Джунковский мен И.М.Лус Закавказьеде 1903 ж. ірі қара малдың тейлериоз ауруын анықтады. А.В.Белицер мен Е.И.Марициновский 1906 ж. Рязаньда жылқы пироплазмозын тапты.
Протозоология ғылымы Қазақстанда 1926-1930 жылдардан бастап дами бастады. Сол жылдары А.А.Целищевтің басқаруымен жылқының, ірі және ұсақ тұяқтылардың пироплазмидоз қоздырғыштарының түр құрамы зерттелінді. Пиролазмидоздардың таралу жағдайы анықталды. Осы ауруларды емдеуге, сақтандыруға арналған дәрілер сынаудан өткізіліп, олардың тиімділігі анықталды. Кейінірек 1950 жылдары профессор Н.П.Орловтың басшылығымен пироплазмоздарды емдеудің теориялық негіздемелері берілді.
Академик И.Г.Галузо өзінің шәкіртерімен бірге Қазақстанда токсаплазмоз ауруын зерттеп көлемді ғылыми жұмыстар жасады.
Профессор М.С.Сабаншиев алғаш рет Қазақстанның әр түрлі табиғи аймақтарында жылқының және түйенің трипаносомоз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы
Инвазиялық аурулар
Дизентерия және ішек амебалары
Бір клеткалылар патшалық тармағы жайлы
Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологияның мақсаттары және міндеттері
Зоология пәні мен оның міндеттері
Жеке аурулар протозоологиясы
Микробиологияның даму кезеңдері
Бір клеткалылар патшалық тармағы
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Пәндер