Отаршылдық саясаттың Түркі өркениетіне тигізген кері әсері



Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады. Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы . қазақ халқының тарихи даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл көзқарастардың негізі . қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен мемлекеттердің қалыптасуына ортақ сипаттарымен байланысты екендігінде.
Қандай да болмасын мемлекет сыртқы басқыншылыққа қарсы күрес пен ұлттық тәуелсіздік және әлеуметтік теңдік үшін күрес үстінде қалыптасып, жетіледі. Кеңес дәуірінде қалыптасқан сыңаржақ ұғымдар бізге осы түркі әлемінің тарихи шындығын мойындатпайтын еді. Себебі, халықтың ұлттық тәуелсіздік үшін күресін, отарлау басқыншылығына қарсы наразылықтарын, ұлтшылдықтың тар шеңберіне тығып, тарихи фактілер жайында теріс қорытындылар жасауға тырыстық. Соның арқасында, өз еркімізбен отар болуға құлшынған ел болып көріндік. В.Лениннің сөзімен айтқанда жабайы, жартылай жабайы, қазақ халқы ұлы орыс халқының көмегімен ғана ел болып, көшпелі тұрмыстан отыршылыққа ауысты, орыс мұжығынан жер өңдеп, егін салуды үйрендік, бұрын екі пайызы ғана хат танитын халық Ұлы Қазан төңкерісінен соң ғана жазу мәдениетіне ие болды. Осындай жалған тұжырымдар бүкіл түрік әлеміне қалай ықпал еткенін бүгін әркім. ақ көріп отыр. Яғни отаршылдықтың негізгі мәселелеріне қатысты сыңаржақ тұжырымдар жасауға әкеліп соқтырады. Осы проблеманың өзекті мәселелерін шынайы зерттеуге тырысқан ғалымдар қуғын . сүргінге ұшырады, тарихи зерттеулердегі жаттанды біржақтылық тарихшыларға өз көзқарастарын ашып айтуға мүмкіндік бермеді.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘОК (УДК) 940. 2 (574)

ОТАРШЫЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНЕ
ТИГІЗГЕН КЕРІ ӘСЕРІ
(Профессор Ә.Б Тұрсынбаевтың зерттеулері негізінде)

Б.Қ . Таңатаров
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

“Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму
тарихы болады. Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы – қазақ халқының
тарихи даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл
көзқарастардың негізі – қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен
мемлекеттердің қалыптасуына ортақ сипаттарымен байланысты екендігінде.

Қандай да болмасын мемлекет сыртқы басқыншылыққа қарсы
күрес пен ұлттық тәуелсіздік және әлеуметтік теңдік үшін күрес
үстінде қалыптасып, жетіледі. Кеңес дәуірінде қалыптасқан сыңаржақ
ұғымдар бізге осы түркі әлемінің тарихи шындығын мойындатпайтын
еді. Себебі, халықтың ұлттық тәуелсіздік үшін күресін, отарлау
басқыншылығына қарсы наразылықтарын, ұлтшылдықтың тар шеңберіне
тығып, тарихи фактілер жайында теріс қорытындылар жасауға тырыстық.
Соның арқасында, өз еркімізбен отар болуға құлшынған ел болып
көріндік. В.Лениннің сөзімен айтқанда жабайы, жартылай жабайы, қазақ
халқы ұлы орыс халқының көмегімен ғана ел болып, көшпелі тұрмыстан
отыршылыққа ауысты, орыс мұжығынан жер өңдеп, егін салуды үйрендік,
бұрын екі пайызы ғана хат танитын халық Ұлы Қазан төңкерісінен
соң ғана жазу мәдениетіне ие болды. Осындай жалған тұжырымдар
бүкіл түрік әлеміне қалай ықпал еткенін бүгін әркім- ақ көріп
отыр. Яғни отаршылдықтың негізгі мәселелеріне қатысты сыңаржақ
тұжырымдар жасауға әкеліп соқтырады. Осы проблеманың өзекті
мәселелерін шынайы зерттеуге тырысқан ғалымдар қуғын - сүргінге
ұшырады, тарихи зерттеулердегі жаттанды біржақтылық тарихшыларға өз
көзқарастарын ашып айтуға мүмкіндік бермеді.
Қазір егеменді ел болған кезімізде, сол бұрмаланып келген
оқиғалардың ақиқатын анықтап, тарихи шындықты қалпына келтіретін
мезгіл жетті . ХХ ғасырдың басында саяси, экономикалық зор мәні бар
жер және қоныстандыру мәселерін ұлттық интелегенция өкілдері: М.
Дулатов, С. Асфендияров, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М.
Тынышбаев т.б. толғандырған ең өзекті мәселелердің бірі болды.
Олар шаруалар отарлауына ұлттық мүлде тұрғысынан қарап, орыс
мұжықтарының қазақ жеріне қоныстануы жергілікті халықты қайғылы
зардаптарға ұшыратқанын батыл айыптады.
Түркі өркениетінің дамуына өлшеусіз зор үлес қосқан
Қазақстан, қазақ халқы, қазақ жері дейтін болсақ, сол қазақ халқы
патшалық отарлау саясаты мен коммунистік үстемдік кезіндегі қоғамдық және
ғылыми өмірден шектен тыс идеологияландырылуы қазақ халқының түркі
өркениетіне қосар үлесіне кері әсерін тигізді.
Ол әсіресе қазақ жерін орыс шаруаларының отарлауы және оның қазақ
қоғамына тигізген ауыр зардаптарынан көрінді . Кең байтақ туған жері
дәстүрлі шаруашылығының негізі және тіршілігінің көзі болып табылған
қазақтың жер дауы жесір дауы деген қанатты сөздеріне жер дауының бірінші
аталуы тегін емес еді. Өйткені кіндік қаным тамған деп ата жұртын аса
қастерлеген халқымыз үшін жер мәселесі көкеикесті мәселе болып табылды.
Патша өкіметінің отарлау саясатының нәтижесінде қазақ халқы жарамсыз
аймақтарға ығыстырылды, соның салдарынан кедеиленді аштыққа ұшырады, тіпті
қырылып жатты. Ол турасында алаш қайраткерлерінің бірі М. Дулатовтың
өзінің жер мәселесіне арнаған мақаласындағы қазақ жері патша мүлкі
саналып, сол себепті милиондаған жерсіз мұжықты өкіметтің қазақ жеріне
қондыруы, бұл тілеусіз қонақтап келе бастағаннан бері жер тарылып, ата
мекеннен ірге қозғалып қазақтың шаруасының күйзелуі, он бес, жиырма жылдан
бері бүл көшпелі мұжықтардың келіп бітіуінің ұшы көрінбей бұлай болғанда да
енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып ақырында пақырлыққа
жетуі ықтимал 1деген сөздері расталған болатын .
Шаруаларды қазақ даласына орналастыру Ресей империясының тек
экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси мүлдесімен де астасып жатты.
Патшалық әкімшілік қоныстанушы мұжықтарды өзінің өлкедегі отарлық саясатын
жүзеге асырудағы саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыру мақсатын қойды. Яғни,
шаруалар отарлауы арқылы патша үкіметі жаулап алынған аймақтарға берік
табан тіреуді көздеді.
Осы мәселені зерттеушілердің бірі ғалым тарихшы Ә.Б.
Тұрсынбаев өз еңбектерінде қоныстандыру саясатының себептерін, мақсатымен
барысын және нәтижелерін талдап отандық тарих ғылымына салмақты үлес қосты
ол патша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Жаһандану батыстандыру феномені, қазіргі заман модернизациясының тірегі ретінде ұлттық моделге әсері
Шәді Жәңгірұлының әдеби мұрасы
Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы және дінмен бірге келген тарихи білім
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Пәндер