Ғимараттарға қойылатын талаптар


Ғимараттарға қойылатын талаптар. Ғимараттардың таптастырылуы
Әрбір ғимараттың қанағаттандыратын негізгі талабы - оның мақсатқа лайықтылығы, өзі атқаратын міндетіне мүмкін толық сәйкестігі. Бұл талапқа бүтіннен ғимараттың көлемі, жоспарлау және оның бөлмелерінің мөлшерлері, конструктивті шешімдердің сипаттамасы, санитарлық-техникалық және инженерлік жабдықтау, сонымен қатар сыртқы және ішкі түрі бағынышты болуы тиісті.
Ең ақырында мақсатқа лайықтылық талабына, ғимаратқа қойылатын басқа өзге талаптар бағынышты болуы тиісті. Олардың ішінде өте маңыздылары:
1) беріктік және тұрақтылық,
2) қажетті күрделілік,
3) ішкі сәулеттендіру,
4) үнемділік,
5) сәулеттік айқындық.
Беріктік және ғимарат тұрақтылығы өзара тығыз байланысты және бірін бірі қамтамасыз етеді. Ғимараттың беріктігі оның контрукцияларының беріктігі мен ғимаратқа көлемдік қаттылықты қамтамасыз ететін олардың өзара қатынасынан тәуелді. Ғимараттың және оның элементтерінің тұрақтылығына, яғни олардың аудару жігерлер қарсылығына, ғимарат мөлшерлерінің дұрыс арақатынасымен, оның бөлімдерінің өзара байланысымен, контрукциялардың және негіздің сенімділігімен жетуге болады.
Ғимараттың күрделілігі оның ұзақ өмірлілігі мен отқа төзімділік дәрежесі арқылы сипатталады. Ғимараттың ұзақ өмірлілігі, яғни ұзақ уақытта беріктік пен тұрақтылықты сақтау қабілеті, оның негізгі контрукцияларының ұзақ өмірлілігімен қамтамасыз етіледі. Ол, контрукциялар дайындайтын материалдардың, әртүрлі физикалық және химиялық әсерлерге қарсылығынан тәуелді болады, яғни су және аязға төзімділігі, коррозияға және шіруге қарсы және басқа материалдардың қасиеттерінен тәуелді. Конструкцияның ұзақ өмірлілігі, қызмет барысында қандай жағдайда болатынына тәуелді екені ақиқат.
Ұзақ өмірлік сонымен бірге ғимараттарды құруда құрылыс пен монтаж жұмыстарының сапасынан, яғни конструкцияларды мұқият дайындағанда, өзара құрастырғанда және құрылыс ісінің теориясы мен іс-тәжірибесі өңдеген басқа барлық өндіріс техникалық ережелерінен тәуелді.
Ғимарат қоршаушы контрукцияларына арналған ұзақ өмірліктің келесі дәрежелері анықталған: 1- ші дәреже қызмет мезгілі 100 жылдан кем емес; 2- ші дәреже - 50 жылдан кем емес; 3- ші дәреже - 20 жылдан кем емес. Конструкцияның қызмет мерзімі 20 жылдан кем болса, оларды тек уақытша имараттарға қолданады.
Ғимараттың отқа төзімділік дәрежесі оның негізгі контрукцияларының өртке қарсы сақтық қасиеттерінен тәуелді болады. Бұндай қасиеттерге жанғыштық дәреже және отқа төзімділік шегі жатады.
Жанғыштық дәрежесі бойынша барлық құрылыс контрукциялары дайындалған материалына байланысты, жанғыштығына сәйкес үш топқа бөлінеді.
Жанбайтын деп, жанбайтын материалдардан орындалған (мысалы, кірпіш қабырға) конструкцияларды атайды.
Жануы қыйын деп, жануы қыйын материалдардан (мысалы, фибролит қалқа), сонымен қатар оттан сылақпен қорғалған немесе жанбайтын материалдармен қапталған (мысалы екі жағы сыланған ағаш қабырға) конструкциялар аталады.
Жанатын деп, жанатын материалдардан орындалған және оттан қорғалмаған (мысалы, сыланбаған ағаш қабырға) конструкциялар аталады.
Контрукцияның отқа төзімділігі деп, сынақ басынан келесі белгілердің біреуі (жарып өтетін жырық; опырылыс; жылытылмайтын бетте температураның орташа 140 о С жоғарылауы немесе сынақ басталардан бұрынғы температурамен салыстырғанда кез келген нүктеде 180 о С немесе сынақ басталар алдындағы температурадан тәуелсіз 220 о С) пайда болғанша өткен уақыт (сағат) шегін атайды.
Отқа төзімділік шегі контрукцияның сипаттамасынан, оның материалынан, көлденең қима мөлшерлерінен және басқа факторлардан тәуелді болады.
Құрылыс контрукцияларының жанғыштық топтары және отқа төзімділік шектері сынақ мәліметтері негізінде нормалармен орналастырылады. Бұл нормалар ғимараттардың отқа төзімділік дәрежесін жанғыштық тобына және олардың негізгі конструкцияларының отқа төзімділік шектеріне сәйкес орнатады.
Отқа төзімділіктің бес дәрежесі анықталған :
- I және II отқа төзімділік дәрежесіне отқа төзімділіктің әртүрлі шекті жанбайтын негізгі конструкциялары бар тастан құрылған ғимараттар жатады;
- III дәрежеге - жанбайтын, қыйын жанатан және жанатын конструкциялардан құрылған тас ғимараттар;
- IV дәрежеге - жанудан сылақпен қорғалған ағаш ғимарат;
- V дәрежеге - сыланбаған ағаш ғимараттар.
Материалдар мен конструкцияларды таңдауды тек техникалық емес, сонымен қатар экономикалық жақтан да, яғни таңдаудың мүмкін түрлерін техника-экономикалық салыстырумен негіздеу керек. Әсіресе, құрылыс ауданында шыға-рылатын, көлік шығынын едәуір төмендетуге мүмкіндік беретің жергілікті материалдарды қолдану мағынасын атап өту керек.
Ғимараттың сәулетшілік айқындығына оның бөлімдерінің пропорциональдығымен, әрлеуге арналған материалдардың лайықтысын қолданумен, сонымен қатар жұмыстардың жоғары сапасымен қол жеткізуге болады. Сонымен бірге сәулеттік пішіндер қарапайым, қатал, қымбат бағалы сәндендірусіз болуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz