Қабырғалардың сұрыптамалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

5. ҚАБЫРҒАЛАР ЖӘНЕ БӨЛЕК ТІРЕУЛЕР

5. 1 Қабырғалардың сұрыптамалары. Қабырғаларға қойылатын талаптар

Ғимараттың қабырғалары келесі талаптарға сай болуы керек:

  • табандылық, мықтылық;
  • жылу оқшаулау;
  • дыбыс оқшаулау;
  • ұзақтық;
  • өртке қарсы нормаға, яғни өрте төзімділігі деңгейіне байланысты, ғимаратта тез өртенетін тобы және мөлшерден төмен емес отқа төзімділік шегі болуы керек;
  • индустриялды, яғни еңбектің аз шығынында тұрғызылуы керек;
  • көркем - сәулетті;
  • үнемді, яғни, қабырғаның 1 шаршы метрінда ең аз салмаққа және еңбек сыйымдылықпен ең аз баға көрсеткіштеріне ие болуы керек.

Ғимараттардың қабырғалары келесі белгілер бойынша сұрыпталады:

  • Тұрған орны бойынша(сыртқы және ішкі) ;
  • Статистикалық жұмыстық мінездемесі бойынша(алып жүретін, өздігінен алып жүретін, алып жүрмейтін) ;
  • Құрылымы бойынша(ұсақ элементтікірпіштен, табиғи тастан жасалған және т. б. ; ірі элементтіірі блок және панельден, монолитті темірбетоннан жасалған) ;

Құрылымы бойынша ( біркелкі және біркелкі емес ) .

5. 2 Ұсақ элементті, монолитті және ірі панельді қабырғалар туралы жалпы мағлұмат

Қабырғаларды қалауды кірпіштен, табиғи тастан немесе ұсақ күйіктастан және басқа да блоктардан жасайды.

Қалау деп ертіндіде жасалған табиғи жасанды тастардың құрылымын айтады.

Тастар, кірпіштер, ұсақ блоктар және т. б. (сурет 5. 1) қалауды бөлу ережесіне сай құрылымға салынады, олар келесіде бекітіледі:

  • тастарды істеліп жатқан күшке перпендикулярлы көлденең қатарлармен салынады;
  • салынған тастарды бір бірімен кесе көлденең және бойлай тігістермен ажыратады;
  • шектескен көлденең қатардағы тігінен орналасқан тігістерді байлап тастайды (біріктіреді) .

Тастың мөлшері мен оны тұрғызу амалына қарай қалау былай бөлінеді:

  • Ұсақ блокты, кірпіштен, табиғи ұсақ тастан, ұсақ блоктардан, қолмен жасалғандар;
  • Ірі блокты(сурет 5. 2 а) тастардан (блоктардан) кран арқылы жасалатындар болады.

Монолитті қабырғаларды (сурет 5. 2 б) жылыту қабаты бар жылжымалы немесе алып қойылатын қалыптармен, ауыр немесе жеңіл бетондардан тұрғызады. Ондай құрылымды қабырғалар 10 қабаттан астам ғимараттарға арналған.

Ірі панельді қабырғаларды (сурет 5. 2 в) кран арқылы котереді. Ондай құрылымды қабырғалар аса индустриялды, сондықтан өте кең тараған.

1 - сыртқы көздеуқатарды құрайтын қатарлар; 2 - тік бойлау тігістер; 3 - кесе көлденең тік тігіс; 4 - көлденең тігіс; 5 - ішкі көздеуқатарды құрайтын қатарлар; 6 - забутканы құрайтын ортаңғы бөлік.

Сурет 5. 1 - Қалау бөліктері

қалыңдығы және түрі бойынша қабырғалардың сұрыптамасы.

Сыртқы қабырғалардың сұрыптамасы.

а - кірпішті блоктардан; б - жылы қабықшасы бар монолитті бетоннан; в - ірі панельдерден; 1 -ауыр бетон; 2 - жылыту қабықшасы; 3 - сырғитын қалып элементі.

Сурет 5. 2 - Индустриалды қабырғалар құрылымдары

а - бір қатарлы; б - көп қатарлы; 1 - тік қалаулы қатар кірпіші; 2 - бүк қалаулы қатар кірпіші.

Кірпіш қалауының байламасы

а -білікшемен; б - науашамен; в -қимаасты; г - бостігіске.

Сурет 5. 3 - Кірпішті қалауда тігістерді өңдеу

5. 3 Кірпіштен және қыш тастардан жасалған қабырғалар

Кірпішті қабырғалар құрылымына байланысты болады:

  • біркелкі. Полнотелді, қуыстық, кеуектік кірпіштен, қыш тастан салынған.
  • біркелкі емес, қож, жеңіл бетон және басқа маиериалдардан жасалған жылуұстағыш қабаттарын қосатын.

Кірпішті қабырғаның қалыңдығы жарты кірпішке тең және де жапсардың қалыңдығын скере отырып (10 мм) 120, 250, 380, 510, 640, 770 мм тең, яғни 0, 5; 1; 1, 5; 2; 2, 5; 3 кірпіштерге. Кірпіштер екі қатарға кезектеліп салынады (сурет 5. 1) . Бүкқалаулар қатары - қабырғаның бойына, т ік қалаулар - қабырғаға кесе көлденең орналастырылады.

Кірпіштерді орналастырудың белгілі бір байлама жүйесі болады:

- бір қатарлы , бүкқалаулар және тік қалаулар қатарын кезектеп салу;

- көп қатарлы әр бір бес бүкқалау арқылы байланған тік қалаулар.

Кірпіш қалауындағы жік жуандығы былай номерленеді: 12 мм көлденеңге арналған және 10 мм тігінендерге арналған. Қабырғаның үстінгі сырты жіктерді өндеу нәтижесінде жақсарады, оларға білікше және науаша пішініне келтіреді (сурет 5. 3) . Қабырғаның үстінгі ішкі жіктерін күзеуге немесе қуысына қарай толтырады (яғни, 15 мм тереңдікке дейін толтырылмай қалады) .

Қабырғалардың аса таралған құрылымдарын қарастырайық:

  • Кәдімгі балшықты кірпіштен жасалған қабырғалармықты, атмосферлі әсерлерге жақсы қарсы тұра алады. Мықтылық шарты бойынша жылутехникалық есеппен бекітілген, сыртқы қабырға қалыңдығы артық болуы мүмкін;
  • Силикатты кірпіштен жасалған қабырғаларқұрылымы жағынан балшықты кірпіштен жасалған қабырғалармен ұқсас келеді. Алайда олар отқа қауіпсіздігі аздығымен, жылуөткізгіштігі және сусіңгіштігі жоғарылылығымен ерекшеленеді. Силикатты кірпіш ақ түсті және фактурасы жағымды келеді. Ғимарат қабырғаларын салған кезде жіктерді әшекейлеу үшін қолданады (сылақсыз) ;

- Модуьді силикатты кірпіштен жасалған қабырғалар (биіктігі 88 мм) 3 - 4 бүкқалаулар қатары арқылы тік қалаулармен байланады;

- Тиімді (қуыстық) кірпіштен жасалған қабырғалар жоғары жылусақтағыштық қабілеті бар. Алайда, ылғалсыйымдылығы жоғары болғандықтан оны сыртынан қаптайды және сылайды. Тиімді кірпіштің мықтылығының аздығы, аз қабатты ғимараттар қабырғалары және көп қабатты ғимараттар жоғарғы қабаты үшін қолануды шектейді;

- Қыш тастан жасалған қабырғалар байламаның үздік жүйесі бойынша салынады. Саңылаулы қуыстықтардың көпшілігі қабырғаға паралель орнатылады, ол арқылы қоршаудың жылусақтағыш қабілеттілігі жақсарады. Қабырғаның сыртқы бөлігін тастың бет жағымен салады және толық толтырылғаннан кейін жіктерді әшекейлейді.

5. 4 Жеңілдетіліп қаланған қабырғалардың негізгі түрі

Қалаудың бір бөлігі жылыту материалдармен немесе ауалы жікпен ауыстырылған қабырғаларды жеңілдетілген (жікті) деп атайды. Көп жағдайда олар орынды және үнемді болады. Мұндай қабырғаларда қажетті жылу техникалық қасиетпен, талап етілетін алып жүретін қабілеттілікке сәйкес қалыңдыққа жету оңай.

Құрылыста жеңілдетілген қалаулардың келесі түрлері кеңінен таралған (сурет 5. 4) :

Үш қатар қатты қысып ұсталған диафрагмасы бар қабырғалар (сурет 5. 4 а) араларына шлактан, жеңіл бетоннан жылу оқшаулау салынған екі кірпіштен қабырғалардан тұрады. Ондай қалаудың биіктігі үш қабатқа дейін.

Құдықты қаланған қабырғалар (сурет 5. 4 б) бір бірімен тік қабырғалармен байланысқан екі ұзын қабырғадан тұрады. Құралған «құдықтарды» шлакпен, жеңіл бетонмен толтырады. Құдықтарды толтырған кезде әр бір 5 - 6 қатар сайын биіктігі бойымен ерітінді диафрагмалар орнатады. Қалаудың биіктігі екі қабатқа дейін.

Анкерлі кірпіш бетонды қаланған қабырғалар (сурет 5. 4 в) екі параллельді қабырғалардан тұрады, олардың арасына жеңіл бетон салынған. Шығыңқы тік қалаулар кірпіш қабырғаларын бетонмен байланыстырады. Ондай қабырғалардың биіктігі төрт қабатқа дейін.

Әуе жіктері бар қабырғалар (сурет 5. 4 г) көп қатарлы байлау жүйесі бойынша қаланады. Әуе жігі сыртқы бетінің қолында орналасады және 5 қатар сайын тычкалармен байланады. Ондай қабырғаларды сыртынан сылақтау керек.

Терможапсырмалары бар қабырғалар (сурет 5. 5 д) араларына жеңіл бетонды блоктар салынған қалыңдығы ½ кірпішті екі ұзын қабырғалардан тұрады. Қабырға қалыңдығына байланысты тік қалаулардан желдетпе және шахматты байлама орналастырады. Ондай қабырғалардың қалауы төрт қабаттан астам болмау керек.

Іштен жылытылған қабырғалар біркелкі қалаудан және жылытудан (гипсобетонды, көбіктісиликатты, фибролитті плиталар) тұрады. Жылытқыш тақталары қабырғаға тығыз жанасады.

5. 5 Табиғи материалдан құралған ұсақ блокты қабырғалар

Қабырғалардың құрылымы үшін 390*190*188 мм көлемді, тұтас және қуыстық блоктарды жиі қолданады.

Ауыр бетонды тұтас блоктарды ылғалды бөлмелерде қабырғаларды тұрғызған кезде қолданады.

Ұяшық тәрізді бетонды қуыстық блоктарды биіктігі бес қабатты қабырғаларды тұрғызған кезде қолданады.

Тұтас блоктан тұрғызу (сурет 5. 5) үштөрттіктерді және жарты бөліктерді екі бүкқалаулар қатары арқылы тік қалауларға байлау арқылы қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағам өнімдерін модельдеудің математикалық әдістерін қолдану
Сүт нарығы
Қазақстанның ғылымы және ғылыми мекемелері
Маркетинг тұжырымдамалары
ТУРИСТІК САЛА КӘСІПОРЫНДАРЫНДА САТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ
Кірпіш қабырғалы тұрғын ғимаратының терезе аралығыны тасқалақ беріктігін анықтау
Қабырғалар және оның пішіндері
Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері
Кеуде қуысының зақымдануы
Ғимараттардың құрылымдық схемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz