ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
"ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР"

II Жаңа сабақты түсіндіру
Дәрістің жоспары:
1 Қабырғалардың түрлері
2 Кірпіш қабырғалар
3 Бетон блоктардан жасалған қабырғалар
4 Ірі панелді қабырғалар
5 Ағаш қабырғалар

Қабырғалар үйлер мен ғимараттарда тік орналасатын және қоршаған ортаның әсерлерінен (қар, жауын, аяз, суық, ыстық т.б.) сақтайтын негізгі көтергіш конструкциялық бөлшек.

Ғимараттардың қабырғасы - олар сыртқы қоршаған ортадан оқшаландыру және ішінде қажетті температуралық және ылғалдылық режимдерді қаматамасыз ету қызметтерін атқарады. Сонымен қатар, қабырғалар ғимараттың саулеттік және көркемдік келбетін қалыптастырады
Әрбір ғимараттардың бейне әсімдіктері қабырғаларда орналасатын терезелердің пішіндері мен өлшемдері және сәулеттік құрамалары арқылы суреттеледі.

Іргелік (цоколь)- қабырғалардың жер деңгейімен үйлесетін, астыңғы жақтары.

Ойық - терезе немесе есік орналасатын қабырғаларда қалдыратын тесіктер.

Аралық қабырға - ойық орталарында немесе бұрыштардағы қабырғалардың қаланыс ауданы.

Ойық маңдайшасы - ойықтарды үстінен жабатын, темірбетоннан, кірпіштен, ағаштан жасалған конструктивтік бөлшек.

Ернеу (карниз) - ғимараттарды әсемдеуге арналған қабырға жазықтығынан көлденең шығып тұратын әдемілеп жасалған томпақтар.

Жақтама - төрт бұрышты шатырдан жоғары орналасқан әсемделіп жасалған қабырға жалғасы.
Қабырғалар берік, орнықты, ұзақ уақыт пайдаланытын, отқа төзімді, бөлмелердегі қажетті температуралық - ылғалдық рәсімін сақтайтын, дыбыс өткізбегіш қасиеті жоғары, технологиялы, индустриалды, үнемді болуға тиіс.
Қабырғалардың жұпталуы:

Қолданатын материалдар түріне қарай:-тас;-кірпіш;-ағаш;-бетон;-же ргілікті жасанды материалдардан құралады.

Жұмыс істеу сипатына қарай:-салмақ көтеретін;-тек өз салмағын көтеретін;-аспалы болады;

Орналасуына байланысты:-ішкі;-сыртқы.
Аспалы қабырғалар қорғағыш міндетін атқарып, қаңқалы ғимараттарда қолданылады.Қабырғалардың қалыңдығы жылутехникасы есептерін шығару арқылы, қоршаған ортаның қасиеттеріне байланысты қабылданады. Кірпіш негізгі қабырға материалы ретіде құрылыста 60% қолданылады. Кірпіш қабырғалар жергілікті саздарды қалыптарға салып отқа күйдіріп жасалады.

Кірпіш өлшемдері 120х65х250мм, 120x88x250 мм, 120x138x250 мм болады. Кірпіштің 120х65мм, 120х88мм беті көлденең беті деп аталады.
Кірпіштерден қаланған қабырғада көлденең және биікке бойлайтын қатарларының жіктері байланысуы үшін, қалау ережелерін сақтаған жөн.
Құрылыс тәжірибесінде тараған қалау ережелері 2 - қатарлы және 6- қатарлы болады. 6- қатарлы қабырға қалауы өнімділігі жоғары болады.Жеті қабаттан жоғары ғимараттарда қабырғаның жаппа деңгейінде болат байламдар салып қалайды.
Бұл байламдар сыртқы қабырға бұрыштарына және ішкі қабырғамен қиылысқан жеріне салынады. Егер қабырғаның сыртқы беті сыланбайтын болса жіктерін сылақтарға толтырып, жікті тіледі.

Кірпіштің түрлері және өлшемдері
а- сазды кірпіш; б-қуысты кірпіш; в- қаптағыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір қабатты ғимарат
Ғимараттар және оларға қойылатын талаптар
«Екі секциялы, екі қабатты, он екі пәтерлі кірпіштен салынған тұрғын үй»
Құрылыс және жоспар
“ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ИМАРАТТАРДЫ ТЕКСЕРІП, СЫНАУ” ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Құрылыс - монтаж жұмыстары
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Төмен жиілікті дауыс зорайтқыштар
Болашақ құрлысшы мамандықта оқыйтын оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлауды әдіснамалық-теориялық тұрғыда негіздеу және оны жүзеге асыруды әдістемелік жүйемен қамтамасыздандыру
Бір қабатты тұрғын үй
Пәндер