Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері

Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінің мақсат-міндеттері.
Әдебиеттік оқу пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде Тіл мен әдебиет білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнініңнегізгі нысаны - балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс жасауда алатын орны ерекше.
Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы Әдебиетті оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің көркем бейне екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне баулуға көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау - әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі.
Әдебиеттік оқу пәні - бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық, яғни тілдік дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі.Пән арқылы берілетін білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын артыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.
Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады.
Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды.
Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т.б.) қалыптасады.
Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Әдебиеттік оқу пәнінің міндеттері:
1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту;
2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру;
3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
4) оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу) жетілдіру;
5) оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
6) сыни ойлауын жетілдіру;
7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;
8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу, өзіндік ой қорытындысын жазу, т.б.)орындауға дағдыландыру.
Әдебиеттік оқу пәнін меңгеру оқушының:
1) қазақ балалар әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін талдай отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне;
2) көркем шығармадағы тілдік қолданыс ерекшеліктеріне бақылау және талдау жасай отырып, тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және өмірлік тәжірибесінде қолдануына;
3) алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және басқа адамдармен қарым-қатынас барысында пайдалануына көмектеседі.
3. Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде білім алу жолын білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.

Әдебиеттік оқу пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде Тіл мен әдебиет білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі нысаны - балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиетік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы Әдебиетті оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің көркем бейне екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне баулуға көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі.
Бастауыш білім беру деңгейі оқушысының бойында оқырмандық және тілдік дағдыларды қалыптастыру, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.
Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады.
Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды.
Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т.б.) қалыптасады.
Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты - оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Әдебиеттік оқу пәнінің міндеттері. Әдебиеттік оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттердіжүзеге асыру көзделеді:
· оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;
· ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;
· ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;
· талданып отырған мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;
· әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;
· адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;
· оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу, өзіндік ой қорытындысын жазу, т.б.) жүргізе алуға машықтандыру;
· кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
2 Пәнді оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Әдебиеттік оқу - 2 сыныптан басталатын пән. Оқушылардың дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіруге, әдеби сауатын ашуға басты көңіл бөлінеді. Сауаттылықтың түпкі негізгі бастауыш сыныптарда қаланатын болғандықтан, оқушылар сөйлеу әрекетінің түрлеріне (оқылым мен жазылым, айтылым мен тыңдалым) де осы сыныптарда үйрене бастайды.
2-сыныпқа келген оқушыларда Әдебиеттік оқуды ұғынуға тірек болатындай бір жыл бойы жүйелі оқу барысында бойларында қалыптасқан білім, білік, дағдылары ғана емес, таным мүдделері мен таным әрекеттері болады. Сондықтан олар мәтіндердегі оқиғалардың өрбуін, оған қатысты адамдардың істерінің барысын бақылап, нәтижесін іздестіре алады.
Бұл сыныптың оқу материалдары ретінде халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған үлгілері кеңінен пайдаланылады.
3-сыныпқа келген оқушыларда Әдебиеттік оқуды ұғынуға тірек болатындай бір жыл бойы жүйелі оқу барысында бойларында қалыптасқан білім, білік, дағдылары ғана емес, таным мүдделері мен таным әрекеттері болады. Сондықтан олар мәтіндердегі оқиғалардың өрбуін, оған қатысты адамдардың істерінің барысын бақылап, нәтижесін іздестіре алады. Бұл сыныптың оқу материалдары ретінде халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған үлгілері кеңінен пайдаланылады.
Әдебиеттік оқу пәні оқушыны жоғарғы сыныптардағы Әдебиеттің жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді.
4-сынып - бастауыш сатыдағы Әдебиеттік оқу мен жоғарғы сыныптардағы Қазақ әдебиеті курсы арасындағы жетекші буын, жалғастырушы көпір. 4-сыныптың Әдебиеттік оқу мазмұнын құрудажанрлық-хронологиялық ұстаным алынып, қазақ балалар әдебиетінің тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.
3 Әдеби шығармаларды оқытудың педагогикалық негіздері
Қазіргі таңда мектептерде оқу-тәрбие жұмысын түбегейлі қайта құру мен жаңалап, жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Ана тілінен сабақ беретін мұғалімдердің міндеті - әр оқушының психикалық-физиологиялық даму және қалыптасу ерекшелігін білумен бірге, мұғалімнің педагогикалық тұрғыда оқушылармен қарым-қатынас орнату негіздерін білу қажеттігі туып отыр. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасында (1992ж.): Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру - мұғалімнің мамандық шеберлігінің басты белгісі - оның сихологиялық-педагогикалық жоғары әзірлігі болып табылады, - делінген.
Психология, педагогика ғылымдары мен пәнді оқыту әдістемесін жетік білетін білімдар әрі білікті мұғалімдер оқытуда көп қателік жібермейді. Сондықтан ана тілінен сабақ беретін мұғалім - ең алдымен, психолог болуы керек. К.Д. Ушинский өзінің Ана тілі оқулығын жасау барысында баланың психикасын жете білуге ерекше мән бергені соншалық, ол өзінің дидактикалық пікірлерін сол кезде жаңа дамып келе жатқан психология ғылымының жетістіктеріне негіздей отырып жасаған.
Д. Ушинскийдің осындай пікірлеріне сүйенген қазақтың тұңғыш педагогы Ы. Алтынсарин өзінің Қазақ хрестоматиясында баланың жас және өзіндік ерекшелігімен санаса отырып, былай деген екен: Мұғалімнің жұмысы - балалар. Егер балалар бірдеме түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кіналауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесу, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек, - деген болатын. Бұл жерде ол оқытушының терең білімі оқытушының әдістер жөнінде де оның өте тапшы, үстірт қана түсінігі бар екенін айтып, білім беруде оқытушының әдіс-тәсілді жете меңгеруін қалайды.
Адамның немесе баланың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ой елегінен өткізген Абай: ... соның бірі - ес. Ес-сана болмаса, адам балаға ғылым, білім, мәдениет салаларын меңгерте алмас еді, - дей келіп, адам психологиясының барлық жағына терең үңіліп, тиісінше талдаулар жасайды. Абай: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек ...- деп олардың бірлігін көрсетеді. Сондықтан, оқушы психологиясын терең зерттеп, білу үшін психология ғылымын меңгеру қажет. Оқыту үрдісін психологиялық тұрғыдан басқару жайында құнды пікір айтқан ғалымдарымыз: П.Я. Гальперин, А.В. Запорожец, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.С. Выготский, т.б. еңбектерді басшылыққа алып отыру қажет.
Белгілі ақын, педагог, ана тілі жайында бірнеше еңбек жазған М.Жұмабаев: ... ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады... Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Оның табансыздығын сезсе, бала онымен сөйлесуден, тілін алудан қалады,- деп тәлімгер шәкірттерінің жан жүйесін (зейін, ес, қиял, сөйлеу, ойлау, т.б) ерекшеліктерін ескермесе, педагогикалық шеберлікті ұштастыра алмайтыны айқын екенін ескеретеді.
Мағжан Жұмабаевтың Педагогика еңбегі - бала психологиясын зерттеген еңбек. Ана тілін оқытуда мұғалім баланың жан дүниесін ескере отырып, оқытуды естен шығармауы тиіс. Мұғалім жаңа материалды ұғындыру кезінде зейін тұрақтылығын да ескеруі қажет. Психологиялық еңбектерде төменгі сынып оқушысының зейін тұрақтылығы 7-10 минутке жететінін дәлелдеді. Олай болса, оқушыны жалықтырмау үшін әдіс-тәсілдің технологиясын білудің қажеттігі туады.
1979-1986 жылдары одақ көлемінде жұртшылыққа танымал болған ұстаздардың: Ш.А. Амонашвили, С.Н. Лысенкова, И.П. Волков, В.Ф. Шаталов, Е.И. Ильин, И.П. Иванов, т.б. озат ұстаздардың тәжербиелері жинақталып, барлығы 35 кітап жарық көргені белгілі. Олардың тәжірибиесінің барлығы қабылдап, жұмыс істеу мүмкін емес. Кейбір игі істерін жинақтай отырып, үлгілі жақтарын өзіміздің тәжірибемізде пайдалануға болады. Мысалы: В.Ф. Шаталовтың тірек сигналы (оқушылардың қабілетін жетілдіруде шығармашылық ойлануына әсер ету), яғни конспект бойынша оқушылардың алған біліміне қосымша материалды қанша жазғысы келсе, сонша өз бетінше жұмыс істеуіне (әр түрлі вариантты ойлану) мүмкіндік беру және оқушылармен бірге үнемі тынымсыз еңбек ету жөніндегі; Е.И. Ильиннен - импровизатор, актерлік шеберлік, жаңа сабақты түсіндіруде әуелі сыныпқа өмір туралы сұрақтар қойып, сол ізбен салыстыра отырып әдебиет кейіпкерін өмірмен білгізуге тырысуы, С.Н. Лысенковадан - тірек көрнекілігі әрі мәтін бойынша сурет көрнекілігі, әр оқушымен (жақсы, өте жақсы бағаға ие болғанша) жасайтын тынымсыз еңбек жөніндегі ұсыныстарын басшылыққа алуға болады.
4 Әдеби шығармаларды оқытудағы дидактикалық принциптер
Әдеби шығармаларды оқытудың мазмұнын әдіс-тәсілдерін құралдарын және оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру, сабақ барысында мұғалім мен оқушының іс әрекетін, жүйесін анықтауда дидактикалық принциптердің негізгі қағидалары мен әдістемелік ережелерді ескеру қажет болады.
Бастауыш мектепте әдебиетті оқытуда ескерілетін дидактикалық принциптер - ғылымилық, жүйелілік, көрнекілік, саналық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескерту принциптері.
Әдеби шығармаларды оқытуда белгіліден белгісіз, жеңілден қиын сияқты әдістемелік ережелер ескеріледі.
Ғылымилық принцип.
Оқытудың ғылымилық принципі оқушыларға әдебиеттен берілетін білімнің мазмұнының ғылыми анық, дәлелді болуын талап етеді.
Педагогика ғылымдары әр пәнді оқыту әдістері мен сол пәнді зерттеудің ғылыми әдістері өзара сабақтас, ұқсас болады деп есептеледі.
Олай болса, әдебиеттегі оқыту әдісі әдебиеттану ғылымын зерттеу әдісімен сабақтас.
Әдебиетті оқытудағы ғылымилық принципі әдебиеттану ғылымының әдеби шығармалардың тууы, тақырыбы, идеясы, жоспарлары, образдары, композициясы мен сюжеті, тілі суреттеу тәсілдері жөніндегі тұжырымдамаларына сүйенеді.
Бұл тұста Ә.Қоңыратпаевтың әдебиет ... бір жағынан рухани мәдениет тарихы болса, екінші жағынан образдап ойлауға құрылған, сол үшін өз ерекшелігі бар құбылыс. Көркем шығарманың ішкі ерекшеліктеріне оның нақтылы тақырыбы мен идеясы, жанрлар мен образдары, типтендіру, қиялдау, композиция мен сюжеті, тілі, суреттеу тәсілдері сияқты белгілер жатады. Біздің мектептерімізде көркем шығарманың осы ішкі заңдары мен жұмыс істеу жеткіліксіз болып жүр деген пікірмен келіспеуге болмайды.
Бастауыш мектептерде қазір әдебиет пэн ретінде оқылмайтыны белгілі. Оның үстіне ана тілі сабақтарсында шығармаларды оқытуда "Өлең немесе әңгімеде не туралы айтылыпты? Олар жөнінде не депті? деген жалпы сөзуарлыққа жетелейтін тәсілден, шығарманы талдау орнына мазмұнын айтудан " "аса алмай," әдебиеттің сыр сипатын, болмыс бітімін анықтап, талдап түсіндіре алмай жүрген жайымыз бар З.Қабдолов
Мұндай олқылықты болдырмаудың жолдарының бірі, біздің пікірімізше, оқушыларға бастауыш мектептен бастап,әдебиет теориясынан элементарлық қарапайым түсінік беріп, шығармаларға талдау жасау және көркем сөз өнерін ауызша, жазбаша тілде қолдану дағдысына үйретуге мән берген жөн.
Әрине, "Әдебиеттің теориясын оның практикасымен байланыстыру-қиынның қиыны". Әйтседе "Әдебиеттің теориялық мәселелері"... қатаң заң ретінде ұсынбай, теориялық талғамдарымызды жазушылық шеберлік мәселесімен, қажет жағдайда қаламгерлік өнердің қиын иірімдерімен ұштастыра, көркем творчестваның психологиясымен байланыстыра жүйелеп отыруымыз керек".
Қазіргі кезде әр салалы ғылыми хабарламалардың молығуы, электрлі есептеу және компьютерлік жүйенің тұрмысқа ендірілуі жастардың өздігінен қажетті информациялық хабарларды іріктеп, меңгеруін, білімдерін өздігінен, үздіксіз жетілдіре беруін талап етіп отыр.
Осыған орай соңғы кезде мектептерде ғылыми білім берумен бірге, оқушыларға сол пән саласы бойынша өздігінен іздену; байқау, өзінің болжамын, ой пікір қорытындысын дәлелдеу сияқты зерттеу тәсілдерін үйрету керек екендігі айтылып жүр.
Әдебиет пәнін оқытуда оқушыларға тарихи әлеуметтік жағдайлар мен әдеби шығармалардың мазмүндастығын байқату, шығармадағы идеялық мазмұндастық пен жалғастықты байқату, шығармалардағы кейіпкерлердің жан дүниесі мен психологиялық ерекшеліктерін көре білу, оларды сипаттау шығармалардағы көркемдік сөздер мен сөз тіркестерін тапқызу сияқты ізденістерге баулу, ғылыми зерттеу жұмысының тәсілдерін үйретудің алғашқы қадамдары болар еді.
Әдебиет пәнін оқытуда оқушыларға ғылыми ізденіс тәсілдерін үйрену үшін, мұғалім бұл пәннің логикасын білуге, сол пән бойынша берілетін білімнің алғашқы қадамынан ғылыми ұғымға жетелейтін жүйесін алдын-ала айқындап алуға тиіс. Бұл әдебиет пәні бойынша берілетін білімнің болашақ даму мүмкіндігі жөнінде оқушыларға бағыт-бағдар беру үшін де қажет.
Осылардың ішінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмалық шығармалар
Балаларға әңгіме айтып беру
Драмалық шығармаларды оқыту
Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқыту әдістерін диагностикалау критерийлерін тұжырымдау
Эпикалық шығармаларды оқыту
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Ертегілерді оқыту
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мысал жанрын оқыту
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер