Психикалық даму тежелеуі бар балаларға түзету-дамыту бағдарламасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

imgpreview (1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Павлодар обласының білі мен тәрбиені дамыту инновациялық орталығы

А. Есімжанова

Құрастырған: Есімжанова. А . -«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің педагог-психологі.

Рецензент: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің "Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Кударова Н. А.

Бағдарлама мектеп психологтарына, әлеуметтік педагогтарға арналған. Ұсынылып отырған бағдарлама психикалық даму тежелеуі бар балаларға жұмыс жасауға арналған.

Мазмұны

  1. «Психикалық даму тежелеуі бар балаларға түзету-дамыту бағдарламасы»

Кіріспе . . . 6

  1. Балаларға арналған түзету-дамыту сабақтары . . . 8
  2. Әдебиеттер тізімі . . . 38

Психикалық даму тежелеуі бар балаларға

түзету-дамыту бағдарламасы

Кіріспе

Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-эканомикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын ұйымдастыру керек. . Психикалық даму тежелеуі бар балалардың құрамына қарай көптеген түрлері болады. Олардың бір бөлігінде орталық жүйке жүйесі аса қатты бұзылмаса, кейбірінде функционалдық жетілмеушілік байқалады. Сондай-ақ, ағзаның әлсіреуі, созылмалы аурулардың әсері психикалық-жүйке жүйесіне әсер ететіні сөзсіз, қолайсыз әлеуметтік шарттар мен психикалық соққыға әкелетін жағдайлар баланың психикалық дамуын тежейтін жағдайлардың тағы бір себебі.

Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интелектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді Қазіргі таңда адамзат ғылым мен білімді игеруде психология ғылымынсыз өркениеттің өріне еркін қол жеткізе алмайды. Өйткені психология барлық салаларда қамтылады. Осыған орай әр психологтың алдында тұрған мәселе қазіргі кездегі балалардың дамуындағы бұзылыс түрлерінің жиі кездесетін барлығымызға мәлім.

Соңғы уақытта балаларды ерте жастан сараптау-түзету жұмыстарына байланысты мәселелер ғалымдар тарапынан да, іс-тәжірибелермен де көп қозғалуда. Шын мәнісінде, мектеп жасындағы балаларда кездесетін білім алу мәселесі немесе мінез-құлыққа байланысты туындайтын қиыншылықтардың түп-тамыры сәбидің ана жатырындағы дамуы кезеңінен немесе мектепке дейінгі дамып жетілуі аралығынан бастау алатыны сөзсіз. Осы қиындықтарды ерте сараптама жасап, анықтау оны түзетуге көп көмегін тигізеді. Толық қамтамасыз етілген жағдайда өмір сүріп жатқан әр жас кезеңіндегі баланы келесі жас аралық кезеңге дайындау-ол психологиялық жаңа білім алуға қажетті мүмкіндікті қалыптастырады.

Бағдарламаның теориялық негізі ретінде психологияның мамандары Л. С. Вы­готский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. В. За­порожец, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, В. И. Лубовской К. С. Лебединская, А. Кушербаев Г. Кальпебаева және басқада ғалымдардың психикалық дамудың негізгі заңдылықтары мен жалпы ережелері туралы, жас ерекшеліктеріне байланысты түзету-дамыту жұмыстары, оқыту мен дамытудың қатынастары және мектеп жасына дейінгі балалық шақтың маңыздылығы туралы еңбектері негізге алынды.

Бағдарламаның маңыздылығы:

Өкінішке орай қазіргі уақытта психикалық даму тежелуі бар балалар жыл

сайын артып келеді. Бастауыш мектептерде стандартты мектеп

бағдарламасының талаптарын меңгере алмаған оқушылар саны соңғы 20

жылда 2-2, 5 есе өскен. Медициналық мәліметтер бойынша мектептегі 9

жылдық білім алу мерзімінде (1сыныптан 9 сыныпқа дейін) дені сау

балалар 4-5 есе қысқарады, ал бұл барлық оқушы санының 10 - 15% -ғана

құрайды. Бүгінгі таңда мектептегі үлгерімнің төмендігінің 80%-ы

интеллектуалдың төмендігі мен психикалық дамудың тежелісі

салдарынан туындап отырған мәселе. Әрбір 10-ыншы баланың танымдық

қызығушылығы дамымаған, ал мүмкіндігі шектеулі балалардың

бейімделуі мен қалыптасуы-бұл теориялық және практикалық тұрғыдан

маңызды әрі күрделі мәселе болып отыр. Осыған орай аталған топтағы

балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстарының маңызы зор.

Психикалық даму тежелуі бар балаларды дамыту мәселелерін жүзеге

асыру үшін білім беру жүйесінің өзара тығыз байланыста, белсенді

қарым-қатынаста болуы: педагог - психолог, мұғалім - дефектолог,

мұғалім - логопед, сынып жетекшісі, және баланы оқыту мен тәрбиелеуде

ата-аналар маңызды рөл атқарады.

Бағдарламаның мақсаты : психикалық даму тежелуі бар балалармен (6-8

жас) дамыту-түзету жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру және келешекте

баланың толық дамыған тұлға болып қалыптасуы мен әлеуметтік ортаға

бейімделуін қамтамасыз ету.

Міндеттері :

  • Баланың психикалық іс-әрекеттерін дамыту;
  • Түзету-дамыту жұмыстарын жүзеге асыру;
  • Әр баланың жекелей қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту;
  • Баланың даму кезеңіндегі ағарту жұмыстарын жүргізу.

Бағдарламаның жүзеге асырылу шарттары :

Психикалық даму тежелуі бар балалардың мінез-құлықтарының

ерекшеліктері жайында білімділік-біліктілік қабілеті бар, осы топтағы

балалармен жұмыстың қазіргі заман талабына сай әдіс-тәсілдерін жетік

меңгерген мамандарының өзара бірлесіп жұмыс жасауы бағдарламаның

іс-жүзінде жүзеге асырылуының негізгі шарты болып табылады.

Бағдарлама психикалық даму тежелуі бар балалардың жас ерекшеліктері

мен спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып құрылды.

Бағдарламаның көлемі: бағдарлама оқу жылы бойынша 25 сабаққа

есептелген.

Жұмыс түрі: аптасына 1 рет - топтық жұмыс.

Топтық жұмыстың жүргізілу уақыты : Топтағы балалардың жас

ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтың ұзақтығы 25 - 35 минут

мөлшерінде белгіленуі керек.

Қатысушылардың ең көп саны : 6-8 адам. Жас мөлшері : 6 - 8 жас.

Бағдарлама құрылымының негіздері:

  1. Ағарту, түзету және дамыту тапсырмаларының жүйелі түрде болуы.
  2. Түзету мен сараптаманың біржақты болуы.
  3. Баланың жас ерекшеліктерін, психологиялық және тұлғалық
  4. ерекшеліктерін есепке алу.
  5. Психологиялық әдіс-тәсілдердің жинақты болуы.
  6. Тапсырмаларды қиындықтарына байланысты арттырып отыру.
  7. Материалдардың көлемі мен түрлі деңгейлерін ескеру.

Жұмыс барысы:

  1. Ұйымдастырушылық-әдістемелік кезең. Бұл кезеңде ПМПК
  2. ұсынысы және арнайы мамандарының ұсынысы (жекелей кеңестер
  3. жүргізу
  4. арқылы) бойынша топқа балаларды жинау.
  5. Диагностикалық кезең. Балаларды жекелей және топпен
  6. сараптамадан өткізу, анықтамалық мәліметтер жинау. Балаға сараптама
  7. жүргізу психологтың қатысуымен жүргізіледі.
  8. Түзету-дамыту кезеңі. Психологтың балалармен жекелей және топтық
  9. сабақтар жүргізуі.
  1. Қорытынды кезең. Қорытынды сараптама жүргізу және
  2. қорытындысын шығару.

Балаларды диагностикалық сараптамадан өткізу жылына 2-рет, оқу

жылының басында және оқу жылының соңында өткізіледі. Сонымен

қатар, жұмыс нәтижесі бағдарлама бойынша қаралады.

Әр сабақ сайын психикалық ортаға әсер етуші негізгі мәліметтер

жинақталып, өзара қарым-қатынас және жаңа

психологиялық, функциональдық

білім жүйесі кеңейтіліп отырылады.

Балалармен сабақ жүргізуді ұйымдастыру барысында төмендегі

функциялар жүзеге асырылады:

• Баланың эмпатикалық қабылдауы.

• Психологиялық атмосфераны және психологиялық қауіпсіздікті құру.

• Баланың көңіл-күйін көтеру.

• Жан-жақты қамтылған тапсырмалар қою және оны баланың

қабылдауын қамтамасыз ету.

• Тапсырмалар құрылымының тақырыпқа сай болуы.

• Тақырып түрін таңдауда көмек көрсету.

• Сурет салу барысында баланың орындаған жұмысы арқылы оның көңіл-

күйін сезіну.

Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту

Психологиялық сабақтың құрылымы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Кіріспе:

Мақсаты - топты бірлесіп жұмыс жасауға шақыру, әр қатысушының бір-бірімен тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету.

Жұмыстың негізгі құрылымы:

  • Сәлемдесу
  • Өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға арналған ойындар
Негізгі бөлім:

Бұл бөлімде

танымдық, эмоциональды-еркін ортаны дамытуға, сөйлеудің лексикалық-граматикалық мәнерін қалыптастыруға арналған тапсырмалар, ойындар қарастырылады

Негізгі құрылымы:

  • Ойындар
  • Тапсырмалар
  • Жаттығулар
  • Бірлескен іс-әрекеттер.
Қорытынды бөлім:

Бұл бөлімнің негізгі мақсаты баланың тұлғалық мінез-құлқын, сезімін қалыптастыру, топтың біртұтастығы мен сабақ барысындағы жұмыстардан жағымды көңіл-күй, жақсы әсер алуды ұйымдастыру.

Негізгі құрылымы:

  • Қандайда-бір ортақ ойынның өткізілуі
  • Релаксация
  • Рефлексия

Күтілетін нәтиже:

  • Үлкендермен, өзінің құрбы-құрдастарымен өзара адекватты қарым-қатынас жасау;
  • Ақпараттың танымдық түрлерін қолдану;
  • Өзінің іс-тәжірибесінің нәтижесін көре білу;
  • Өзінің ой-пікірі мен талап-тілектерін белсенді әрі ашық жеткізу;
  • Үлкендермен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін көрсету және үлкендердің көмегін қабылдай білу;
  • Құрбы-құрдастарының жанынан табыла білу, бір-біріне зиян келтірмеу, оларға үнемі көмек көрсету;
  • Әдеттегі жағдайларда өзін адекватты ұстау;
  • Сөздік құрылым бойынша 3-4 жеңіл іс-әрекеттерді орындау;
  • Үлкендермен және өзінің құрбы-құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасағанда сөздік қорды пайдалану, өзінің негізгі талап-тілектерін жеткізе білу.

Психикалық даму тежелеуі бар балаларға

түзету-дамыту сабақтарының жоспары

р/с
Тақырыбы
сағаты
жауапты
р/с: 1
Тақырыбы: Хайуанаттар бағы
сағаты: 1
жауапты: психолог
р/с: 2
Тақырыбы: Батпақтағы аңдар
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 3
Тақырыбы: Біздің көңіл-күйіміз
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 4
Тақырыбы: Біздің эмоциялар
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 5
Тақырыбы: Табиғатқа саяхат
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 6
Тақырыбы: Табиғат кереметі
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 7
Тақырыбы: Мұхитқа саяхат
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 8
Тақырыбы: Табиғат құбылыстары
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 9
Тақырыбы: Қоршаған орта және біз
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 10
Тақырыбы: Мен қаңдаймын?
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 11
Тақырыбы: Қарым-қатынас жасайық
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 12
Тақырыбы: Бауырсақ
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 13
Тақырыбы: Шағала
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 14
Тақырыбы: Сәлемдесу
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 15
Тақырыбы: Жақсылық жасайық
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 16
Тақырыбы: Ит адам досы
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 17
Тақырыбы: Елестету
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 18
Тақырыбы: Неден кейін не?
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 19
Тақырыбы: Үлкендер әлемі
сағаты: 2
жауапты: Психолог
р/с: 20
Тақырыбы: Мен спортшымын
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 21
Тақырыбы: Менің бос уақытым
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 22
Тақырыбы: Емхана
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 23
Тақырыбы: Дос болайық бәріміз
сағаты: 1
жауапты: Психолог
р/с: 24
Тақырыбы: Қорытынды сабақ
сағаты: 1
жауапты: Психолог

1 - cабақ

«Хайуанаттар бағы»

Мақсаты : Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту. Хайуанаттардың балаларының атауларын есте сақтау арқылы тілдік қорды байыту.

Көрнекіліктер: Контурлық мысал суреттер (түлкі, қасқыр, кірпі, ит, аю, тиін, мысық, қоян) ; осы хайуанаттардың бейнесі бейнеленген геометриялық үлгілері; қағаз; түрлі - түрлі қарындаштар.

Сабақ барысы

I. «Әнші» тыныс алу жаттығуы

а) Терең тыныс алу. Қолымызды баяу жоғары көтереміз.

Б) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз.

В) А-А-А дыбысын дауыстау арқылы демімізді шығарамыз және қолымызды баяу түсіреміз.

г) Демімізді ішке тартамыз. Қолдарымызды жанға қарай иық деңгейіне дейін

көтереміз.

д) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз.

е) О-О-О дыбысын қатты дауыстау арқылы демімізді баяу шығара отырып, қолдарымызбен екі иығымызды қапсыра құшақтап басымызды төмен түсіреміз.

ж) Баяу терең тыныс ала отырып қолдарымызды кеудеміздің деңгейіне дейін көтереміз.

з) Демімізді ұстап түрамыз.

и) У-У-У дыбысын қатты дауыстау арқылы қолдарымызды ақырын төмен түсіреміз.

II. «Хайуанаттар бағы» ойыны.

Үй және жабайы хайуанаттарды ажырату. Хайуанаттар балаларының аттарын есте сақтау.

Тапсырма: Суреттерге қарап жануарларды және олардың балаларын атаңдар. Осылардың арасынан хайуанаттар бағында қайсысы артық екенін анықтаңдар. Неге?(Артық суреттер алынып тасталады. ) Қалған жабайы хайуанаттарды есте сақтаңдар.

III. «Жұбын таңда» ойыны.

Алдыңғы ойында хайуанаттар бағында қалған

6 сурет және осы

суреттерге сәйкес келетін геометриялық формадағы суреттер көрсетіледі.

Ойын барысы:

1. Балалар хайуанаттарды еске түсіріп, олардың аттарын атайды және соған сәйкес контурлық суреттерге ие болады.

2. Содан кейін жануарлардың бейнесі геометриялық формада беріледі.

3. Балалар өздерінің қолдарындағы суреттерге сәйкес келетін жануарлардың геометриялық «бейнесін», яғни жұптарын таңдап алады.

IV. Ешқандай көмексіз, балалар геометриялық формалар арқылы хайуанаттардың суреттерін салады. Балалар өз қалаулары бойынша салады.

  1. «Ым -ишара» жаттығуы. Балалар кез келген хайуанатты ым-ишара арқылы бейнелеп көрсетеді, ал қалған балалар табуы керек.
  2. «Оралма» жаттығуы.
  1. Қолдарымызды жоғары көтеріп, керілеміз.
  2. Қолымызды созып тұрып оңға, солға бұраламыз.
  3. Қолымызды түсіреміз

Жаттығуды 3-5 рет қайталаймыз.

  1. Электрондық дидактикалық ойын «Жануарлардың көлеңкесін тап?»

VIII. «Серіппе» жаттығуы

Көздерімізбен жоғарыдан төмен серіппені саламыз, содан кейін төменнен жоғары қарай саламыз. 3-5 рет қайталау. /басымызды қозғалтпаймыз/

IX. Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.

2 - сабақ

«Батпақтағы аңдар»

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: жануарлардың суреті бейнеленген контурлы суреттер, қағаз, қарындаштар, бор.

Сабақ барысы:

  1. «Әнші» тыныс алу жаттығуы.

а ) Терең тыныс алу. Қолымызды баяу жоғары көтереміз.

Б) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз.

В) А-А-А дыбысын дауыстау арқылы демімізді шығарамыз және қолымызды баяу түсіреміз.

г) Демімізді ішке тартамыз. Қолдарымызды жанға қарай иық деңгейіне дейін көтереміз.

д) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз.

е) О-О-О дыбысын қатты дауыстау арқылы демімізді баяу шығара отырып, қолдарымызбен екі иығымызды қапсыра құшақтап басымызды төмен түсіреміз.

ж) Баяу терең тыныс ала отырып қолдарымызды кеудеміздің деңгейіне дейін көтереміз.

з) Демімізді ұстап түрамыз.

и) У-У-У дыбысын қатты дауыстау арқылы қолдарымызды ақырын төмен түсіреміз.

II. Ойын: «Ненің, ненікі »

Ойын барысы:

  1. Жабайы хайуанатты еске түсіріп, атын атаған бала соған сәйкес суретті алады.
  2. Одан кейін өз хайуанатының атынан басқа балаларға сұрақтар қояды.

Үлгі:

«Түлкі» /бала/ сұрайды: Балалар жауап береді:

Ненің құйрығы? Түлкінің құйрығы

Құлақтар ненікі? Түлкінікі

«Батпақтағы аңдар» ойыны. Қиын- қыстау кезеңде көмекке келуге тәрбиелеу.

Ойын барысы:

Топтағы барлық балалар ойнайды. Олар батпаққа түсіп қалған «аңдар» рөлін ойнайды. Балалардың әрқайсысында үш тақтайша ( парақ қағаздар) бар. Батпақтан тақтайшаның көмегінсіз және жалғыз өзі шығуға болмайды. Аңдардың бірінің тақтайшаларының екеуі сынып батып кетті. Енді ол аңның өзі батып кетпеуі үшін оған көмекке серіктесі келеді. Осы серіктесі оны құтқару үшін тез әрі жылдам ойланып іске кірісуі керек. Құтқарушы және жәбірленуші рөлінде әр бала ойнауы шарт. Көмек көтсету әрекеті құтқару жолдарына байланысты бағаланады.

ΙV. Сурет салу

1. Аңдардың барлығы батпақтан шығып, жылы әрі ыңғайлы үйге орналасады. Үйшіктің терезесіне күн сәулесі жарқырап түсіп тұр.

2. Әр бала өзі тұратын үйшікті және онда «аңды» салуы қажет.

3. Одан кейін көздерін жұмып тұрып күннің суретін салады.

V. «Шөп» жаттығуы .

1. Қолдарымызды екі жанымыздан жоғары қарай баяу көтереміз.

2. Күнге ұмтылған шөп сияқты жоғарыға керілеміз, яғни мейлінше созыламыз.

3. Желмен тербелген шөп тәрізді алдымен оңға, солға содан кейін алдыға-артқа тербелеміз.

4. Қолымызды баяу түсіреміз.

VI. Электрондық дидактикалық ойын «Ненің іздері?»

«Күнді бейнелейміз» жаттығуы .

Басымызды қозғалтпастан иегімізді қолымызбен ұстап тұрып, көзімізбен күннің суретін саламыз. Бұл жаттығуды екі жаққа кезекпен жасаймыз.

IX. Рефлексия. Өзінің көңіл-күймен бөлісу.

3 - сабақ

«Біздің көңіл-күйіміз»

Мақсаты: Адамның эмоциональді қалыптағы жағдайларын тани білуге, оларды жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер : «Бауырсақтың» эмоционалді қалыптағы схемелық бейнелері бейнеленген конверттер, айна, қағаз, қарындаштар.

Сабақ барысы

I. «Шаршылар салайық» тыныс алу жаттығуы.

1. Мұрын арқылы баяу әрі терең тыныс ала отырып, қолымызды алдыға қарай тік баяу иық деңгейіне дейін көтереміз.

2. Демімізді шығармай, ұстап тұрамыз.

3. Одан кейін алақанымызбенм көз алдымызда шаршы бейнесін сала отырып, демімізді баяу шығарамыз.

II. Психологиялық ойын «Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар

ΙIΙ. «Айна» ойыны.

Ойын барысы:

  1. Балалар, сендер - «айна» боласыңдар. Ар мен

«айнаға» карап, сендерден менің бет - әлпетімдегі қалыпты сұраймын:

а) Балалар еш көмексіз өз беттерімен табады.

б) төмендегі сөйлемдерге сүйенеді.

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Далада жаман ауа - райы болғанда мен көңілсіз боламын.

Маған күлкілі оқиға айттым.

Мен найзағайдан қатты қорқамын.

Мен қатты ашуландым.

«Айна» тек қана бет - әлпеттің қалпын айтып қана қоймай оны дәлме - дәл көрсетіп жеткізуі тиіс.

ΙΙΙ . Ым - ишара түрінде берілген эмоциональді қалыптардың сызбамен сәйкестігі.

1. Әр бала «бауырсақтан» эмоциональді қалып бейнеленген сызба сурет бар конверт алады.

2. Суретке мұқият қарап бауырсақтың қандай жағдайда бейнеленгенін атап, анықтаулары керек.

IV . Эмоционалды қалыптың сызбасын еске түсіріп салу керек. /әр бала өз конвертіндегі қалыпты/

  1. Бауырсақ суретте қандай болғанын еске түсіру.
  2. Бала осы эмоцияны көрсетуі керек.
  3. Қағаздағы сызбаны атауы керек.

V. «Винтик» жаттығуы/1 сабақ/

VI. Электрондық дидактикалық ойын «Дәл өзін тап!»

VII. Көзге арналған «Шаршыларды көзімізбен саламыз» жаттығуы.

Көздеріңмен бір жаққа қарай үш шаршы, содан соң келесі жаққа үш шаршы салыңдар. /иық, бас қозғаламуы шарт/

IX. Рефлексия. «Күн шуақ» балалар сабақтан алған әсерімен бөлісу.

4- сабақ

«Біздің эмоциямыз»

Мақсаты: Елестетуді дамыту. Эмоционалды қалыпты ұзақ есте сақтауды дамыту.

Көрнекіліктер : сызбалар-эмоциялар, айна.

Сабақ барысы:

Тыныс алу жаттығуы «Шаршылар салайық»

1. Мұрын арқылы баяу әрі терең тыныс ала отырып, қолымызды алдыға қарай тік баяу иық деңгейіне дейін көтереміз.

2. Демімізді шығармай, ұстап тұрамыз.

3. Одан кейін алақанымызбенм көз алдымызда шаршы бейнесін сала отырып, демімізді баяу шығарамызАлдыңғы сабақта кім қандай эмоциональды қалыпты бейнелегенін еске түсіру.

Төмендегі үлгі бойынша эмоцияға байланысты сөйлем құрау.

Үлгі: Сауле көңілсіз

Арман ашулы

Қанат көңілді. т. б.

  1. «Неге» ойыны.

Неге деген сұраққа байланысты құрылған сөйлемге эмоциялық сараптама жасау жаттығуы.

  1. Үлгі бойынша сөйлемдермен келісім.

Қанат көңілді, себебі оған күшік сыйлады.

Арман ашулы, себебі оны біреу лай суға итеріп жіберді.

Сауле көңілді, өйткені оның қуыршағы сынып қалды.

  1. Осы үлгі бойынша әрбір балаға сөйлемдер ойлап табу.
  2. Неге деген сұраққа жауап ретінде эмоционалды қалыптардың сызбалары бойынша жауп беру.
  1. «Шөп» жаттығуы/2 сабақ, 5 жаттығуды қара/
  2. Электрондық дидактикалық ойын «Төртінші артық»

IV . Ойын: «Тастарды сыйға тарту ет»

Психолог:Балалар, қане мына қораптың ішінен барлығың бір-бір тастан алып, оны кімге сыйлағыларың келеді сол адамға мынадай сөздерді міндетті түрде :«Мен бұл тасты саған сыйлаймын, себебі сен ең . . . » деп айтып сыйлауларың керек. Ешқандай сыйлық тас алмаған балаларға жүргізуші сол баланың жақсы қасиеттерін айта отырып тасты өзі сыйлайды.

  1. «Көзімізбен сурет салайық»
  2. Электрондық дидактикалық ойын «Алдымен қайсысы, содан кейін не ?»Жетілдіру-дамыту ойыны.
  3. Рефлексия. Гүлді беру арқылы сабақтан алған әсерін айту.

5- сабақ

«Табиғатқа саяхат»

Мақсаты: тыңдау зейінің, эмоциональды есте сақтау жадын, әр түрлі әдістер бойынша эмоционалды қалыпты табиғат дыбыстарымен салыстыра білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Ормандағы жауынның, күннің күркіреуінің, құстардың сайрағынын жазылған үн-таспалар, түрлі- түсті қарындаштар, қағаз, айна, сызба-эмоциялар.

Сабақ барысы:

I. «Ракета» жаттығуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПДТ баланың жазудағы кеңістіктің бағдарлаудың рөлі
Тірек – қимыл аппараты бұзылған балалар
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері
Арнайы психология
Эксперименталды-тәжірбиелік бөлімінің мағынасы мен әдістері
Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Инклюзивті білім беру
Білім беруді ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz