Қылмысты жасау сатылары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

СОӨЖ № 3 «Қылмысты жасау сатылары»

Жоспар:

№1. Келесі ұғымдардың ара-қатынасын түсіндіріңіз:

а) қылмысты істеу сатылары және аяқталмаған қылмыс;

б) қылмыстың заңи және нақты аяқталуы;

в) қылмысқа дайындалу және оқталу.

№2. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптары негізінде қылмыстың аяқталу кезеңінің қылмыстың объективтік жағының құрылысына тәуелділігін сипаттаңыз.

№3. ҚР ҚК 115 бабының диспозициясымен танысыңыз. Қасақаналық ойды табуды қорқыту ретінде бағалау мүмкіндігін талдаңыз.

№4. Қылмысты істеуден өз еркімен бас тарту, шын жүректен өкінуді сипаттайтын мән-жайларды баяндаңыз.

  • а) Қылмысты істеу сатылары және аяқталмаған қылмыс.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында жауапкершілік тек аяқталған қылмыс үшін ғана емес, оны жасауға бағытталған әрекеттер үшін де жауапкершілік белгіленген. Субъект кей жағдайларда өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жүзеге асыра алмайды. Мысалы, ұры ақша бар сейфті ашпақшы болды бірақ ұсталып қалды. Алайда, аяқталмаған қылмыстық әрекетте де қылмысқа тән зиянды қасиеттер болады.

Қылмыстық құқықта қасақана жасалған қылмыстың бір-бірінен қылмыстық ниеттің жүзеге асу дәрежесімен және тоқтау сәтімен ерекшеленетін үш дербес кезеңі, яғни сатылары бар. Қылмыстық кодекс мына мәселелерді қарастырады: 24-бап Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу және 25-бап Аяқталған қылмыс.

Қылмыстық кодекстің 25-бабына сәйкес, егер адам жасаған әрекетте Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері болса, қылмыс аяқталған деп танылады. Аяқталмаған қылмыс - бұл қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу болып табылады. Қолданып жүрген қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекеттері болып табылады (3-бап) . Бұл қағида аяқталған немесе аяқталмаған қылмысқа бірдей қолданылады. Сонымен, аяқталмаған қылмысты іс-әреекттер үшін (қылмысқа дайындалу мен оған оқталу) қылмыстық жауаптылықтың негізі болып, аяқталмаған қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекеттер жатады. Мұндай ретте нақты қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттері орын алған жағдайда қылмыстық жауапкершілік кодекстің 24-бабына сілтеме жасап, істелген әрекеттер ерекше бөлімнің тиісті баптары бойынша сараланады. Мысалы, ұрлық істеуге оқталғанда кінәлінің әрекеттерін Қылмыстық кодекстің 24-баптың 3-бөлімі қылмыстың аяқталмағанын және оның оқталу түрінде істелгенін көрсетсе, ал 175-баптың 1-бөлімі қылмыс істеген адамның ұрлық істеуге оқталғанын білдіреді. Қылмысқа дайындалу мен оқталу үшін жауапкершіліктер өзара ұқсас және олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы екеуі де аяқталмаған қылмыс сатысына жатады және қылмыстық жауапкершілікке тартылғанда Қылмыстық кодекстің 24-бабына сілтеме жасалады. Ал айырмашылығы сол, қылмысқа дайындалуда жауаптылық ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға дайындалған кезден бастап іске асырылады, ал оқталуда жауаптылық орташа, ауыр, аса ауыр қылмыстарды істеуге тікелей кіріскен уақыттан бастап есепке алынады. Аяқталмаған қылмыстар үшін жаза тағайындалғанда сот қылмыстық заңның 52-бабында көрсетілген жазаларды басшылыққа алады. Сонымен қатар, жаңа Қылмыстық кодексте аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындаудың арнайы ерекшеліктері көрсетілген. Олар мынадай:

  • Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде соның себебінен қылмыс ақырына дейін жетпеген мән-жай ескеріледі;
  • Қылмысқа дайындалғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы кодекстің Ерекше бөлімінде аяқталған қылмыс үшін тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауы керек;
  • Қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлешірінің төрттен үшінен аспауы керек;
  • Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды (56-бап) . Яғни осы баптың мазмұнына сәйкес аяқталмаған қылмыстың аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілігі аз екендігі ескеріліп, жаза тағайындалғанда есепке алынуы әбден заңды болып табылады. Сондай-ақ қылмысқа дайындалуға қарағанда оқталу үшін жаза қатаңырақ болуы шарт. Аяқталған оқталу үшін жаза аяқталмаған оқталудан көбірек болуы тиіс.

Сонымен, қылмыстық заң қасақаналық қылмыс жасаудың үш сатысын анықтайды:

  1. қылмысқа дайындалу;
  2. қылмыс жасауға оқталу;
  3. аяқталған қылмыс.

Қылмыстық заң ниеттің қалыптасу және анықтау кезеңін қылмыс жасау сатыларының қатарына жатқызбайды. Адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялқ ой-ниетін қалыптастырады. Бірақ, қылмыстық құқық үшін ниетті ашу қызығушылық туғызбайды, өйткені адамның ой-ниеті қандай да бір нақты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасамайтындықтан, мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң ойлар мен қиялға қатысты қылмыстық жауаптылық жоқ.

  • б) Қылмыстың заңи және нақты аяқталуы.

Бірыңғай күрделі қылмыстар шеңберінде жалғасатын қылмыстардың аяқталуының заңды және нақты сәттерін белгілеудің маңызы зор. Құқықтық аяқталу деп адамның әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының (яғни, аяқталған қылмыс 25- бап) барлық белгілері бар кезді қарастыруға болады, алайда, іс жүзінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне теріс әсер ету ол аяқталғанға дейін жалғасады. Қылмыстық-құқықтық қорғау объектiсiне зиян келтiрудiң тоқтатылуы - жалғасып келе жатқан қылмыстың аяқталуының нақты сәтi, одан, атап айтқанда, ескiру мерзiмi есептеле бастайды. Жасалған және жалғасып жатқан қылмыстар бойынша ескіру мерзімін анықтау кезінде теория мен практика қылмыстың заңды емес, нақты аяқталу сәтінен басталады, яғни жалғасып жатқан қылмыстар бойынша ескіру мерзімі олардың (субьектінің) өз еркімен немесе қарсылықпен тоқтатылған кезден бастап есептеледі.

Жалғасатын қылмыстың аяқталуының заңды және фактілік сәттерін ажырату қылмыскердің объективті белгілерін - субъективтікпен тұрақты жағымсыз белгілерді біріктіруге мүмкіндік беретін заңның күші тоқтатылғаннан кейін қоғамдық қатынастарға үздіксіз әсер етуді есепке алуға негізделген. Мұны заң шығарушы, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ықпалды түзету (ескіру мерзімінің бастапқы нүктесін ауыстыру) арқылы ескеруі қажет. Басқаша айтқанда, заңмен сәйкес келмейтін қылмыстың нақты уақыты туралы айтуға болады. Қылмыстың нақты уақыты ескіру мерзімінің басталуын дұрыс анықтау және жазаны даралау үшін қажет. ?

  • в) Қылмысқа дайындалу және оқталу.

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24- бабының 1 бөлігінде қылмысқа дайындалу - қылмыс істеу үшін құралдар немесе қарулар іздестіру, жасау немесе бейімдеу, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, олардың арасында келісімге қол жеткізу, немесе қылмыс жасау үшін қасақана жағдайлар туғызу, және осы мән-жайлар ақырына дейін жеткізілмеуі қылмысты істеуге дайындалу деп аталады.

Осы анықтамадан қылмысқа дайындалудың келесі объективтік белгілерін көруге болады:

  1. қылмыс жасауға қару және құрал іздестіру;
  2. табылған қару немесе құралды қылмыс жасауға бейімдеу;
  3. қылмысқа қатысушыларды іздестіру және олармен сөз байласу;
  4. қылмыс жасау үшін қолайлы жағдай туындату.

1) Құрал-қаруларды іздестіру - әртүрлі жағдайлармен қылмыс жасау үшін құрал жабдықтарды, қару-жарақтарды іздестіру, табу, айырбастау, заңсыз алу және басқа әрекеттер арқылы ие болуды айтамыз.

2) Құрал және қаруларды бейімдеу дегеніміз - адамның алдын-ала ойлап қойған қылмыстарды жүзеге асыру үшін заттарды соған жарамды етіп бейімдеуін айтамыз.

3) Құрал және қаруларды жасау - қылмыс жасау үшін құрал жабдықтарды, қаруды кез келген жағдаймен жасауды айтамыз.

4) Басқа да жағдайлар жасау дегеніміз - қылмысқа жағдай жасау түрлері әртүрлі ол тек жоғарыда айтылғандармен шектелмейді, сондықтан заңның мәтінінде нақты көрсетілген. Қасақана басқа бір жағдай туғызу қылмысты істеуге даярланғандық болып табылады. Бұл жағдайларға қылмыс жасау үшін ұйымдасқан топ құру, қылмыс жасау үшін кедергілерді жою жатады. Сонымен қатар, дайындық әрекеттеріне қылмысқа қатысушыларды іздестіру және олармен қылмыс жасау туралы сөз байласу жатады (23 бап) .

Қылмыс жасау үшін келісу деп қылмыс жасау үшін екі және одан да көп дамдардың келісімге келуін айтамыз. Қылмыс жасау заттарын әртүрлі заттарды айтуға болады, құжаттардың, қарулардың көмегімен қылмыстық қол сұғушылықты жасау жеңілдейді. Қылмыс жасау құралдарына, объективтік пайдалануға жарайтын кез келген заттарды жатқызуға болады.

Дайындық әрекеттері қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға тікелей қауіп төндірмейді. Дайындық әрекеті кінәлінің алдына қойған мақсатына жету үшін соған жағдай жасап, мүмкіндік туғызады.

Белгілі бір әрекетті қылмысқа дайындық деп саралау барысында Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің бабына сілтеме жасаумен қатар, әр уақытта 24 баптың 1 бөлігіне де сілтеме жасау керек. Қылмысқа дайындық сөз жоқ әрекеттермен бейнеленеді, бірақ кейде әрекетсіздік арқылы жасалуы да мүмкін. Кейбір жағдайларда сыртқы көрінісі дайындыққа ұқсас әрекеттерді заң жеке аяқталған қылмыс есебінде қарастырады. Бұл жағдайларда заң аяқталған қылмыс болып табылатын әрекетті, басқа қылмыстарда оқталу немесе оқталуға дайындық ретінде қарастырады. Мысалы, ұйымдасқан қарулы топ құру бір қылмыс үшін дайындық әрекеті болса, екінші жағдайда мәселен, ҚК 237 бапта тұрақты қарулы топ құрудың өзі аяқталған қылмыс болып табылады. Осыған байланысты, бұл жерде қылмысқа оқталу жоқ, ал дайындық сатысын аяқталған қылмыспен ұштасып кеткені мәлім болып отыр.

Қылмысқа дайындықтың объективтік жағы тек әрекет арқылы жүзеге асырылады. Бұл Қылмыстық кодекстің 24 бабының 1 бөлігінің анықтамасынан шығады, себебі қылмыстық заң бұл сатының тек белсенді нысанының кезеңін көрсетеді. Соған орай, көрсетілген нысанның қай-қайсысы болса да әрекетсіздік жолымен жүзеге асырылмайды. Бұл жерде объективтік жағының ерекшелігі қылмыстың адам еркінен тыс жағдайларға байланысты аяғына дейін жетпей қалуы. Сондықтан, біз екі жағдайды естен шығармауымыз керек. Біріншіден, қылмысқа дайындық, аяқталған қылмыс құрамын құрамауы керек. Екіншіден, адамның ойлап қойған қылмысы, сол адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты қылмыстық әрекет аяғына дейін жетпей қалуы керек, яғни кінәліге байланысты емес жағдайлармен аяқталмай, қылмысқа дайындық ретінде қалуы керек. Субъективтік жағынан, қылмысқа дайындық тек қасақана кінәмен сипатталып тікелей қасақаналық түрінде болады. Адам қылмысқа дайындық жасағанда, өз әрекетінің қоғамға қауіпті екенін біледі, қылмыс жасалуына жағдай жасап, сол әрекеттің болуын саналы түрде тілейді және соны қалайды.

Қолданыстағы қылмыстық заң қандай да бір қылмыс шеңберінде дайындық үшін жауапкершілікті шектемейді. Алайда, тәжірибеден мәлім қылмысқа дайындық әрекеттері үшін жауаптылыққа тарту жиі кездеспейді. Ол келесі себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, дайындық жасырын түрде жүреді, ол туралы нақты мәлімет болмағандықтан, ашылмай қалады. Көптеген жағдайда жасалынған әрекеттердің қылмыстық бейнесін дәлелдеу қиын. Екіншіден, көп жағдайда адам дайындық әрекеттерімен ғана шектелмейді одан әрі оқталу сатысына не қылмыстың аяқталуына өтіп кетеді де дайындықты жеке қараудың қажеттілігі болмай қалады. Қолданыстағы заң бойынша тек ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Қылмысқа дайындықты, арам ниетті табу мен оқталудан айыра білу қажет. Қылмысқа дайындықтың арам ниет ойлаудан айырмашылығы, арам ниетте адам тек қылмыс жасауға ниет білдіреді, ал дайындықта сол қылмысқа нақты әрекеттермен жағдай туғызады. Арам ниетті байқағанда қоғамға қауіпті әрекеттер болмайды, ал дайындықта, нақты қылмыс үшін алғы шарттар болатын қоғамға қауіпті әрекет жасалынады.

Қылмысқа дайындық үшін жаза тағайындағанда сот жаза тағайындаудың жалпы ережелерін және аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау ерекшеліктерін ескереді. Сонымен қатар, қылмыстың аяқталмай қалуына себепші жағдайлар есепке алынады. Жоғарыда айтылғандай, қылмысқа дайындық үшін жазаның мөлшері аяқталған қылмыс үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген тиісті бап үшін белгіленген ең қатаң жазаның жартысынан аспауы қажет. Қылмысқа дайындық үшін өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды.

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабына сәйкес адамның тікелей қылмыс жасауға бағытталған қасақана әрекеті (әрекетсіздігі), егер қылмыс осы адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша аяқталмаса, қылмысқа оқталу деп танылады.

Оқталу - қылмыстық әрекеттің екінші сатысы, оның дайындықтан айырмашылығы, ол қылмыс жасауға жағдай жасамайды, бірақ қазірдің өзінде қылмыстың объективті жағы ішінара орындалатын, қылмыс жасаудың тікелей басталуы болып табылады. Қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге нақты қол сұғушылық орын алып, нақты зиян келтіру қаупін тудырады. Әрекет бірқатар объективті және субъективті белгілермен анықталады.

Оқталудың объективті белгілері: а) әрекет (әрекетсіздік) тікелей қылмыс жасауға бағытталған; б) қылмыс аяқталмаған; в) қылмыстың аяқталмаған жағдайлары қылмыс жасауға оқталған адамның еркіне байланысты болмаса.

Бірінші белгі - қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау. Көп жағдайда қылмысқа оқталу әр түрлі және белгілі бір қылмыстың объективтік жағына тәуелді әрекеттермен жасалады. Демек, атыс қаруымен адам өлтіруге оқталу фактісін анықтау үшін оқ ату керек. Оқталудың келесі объективті белгісі қылмыстың аяқталмауы болып табылады. Оны аяқталған қылмыстан ерекшелендіретін де осы қасиеті. Аяқталған қылмыстан айырмашылығы, мұнда объективтік жағының кейбір белгілері жетіспейді, олар оқталу кезінде толық емес, ішінара ғана орын алады, өйткені адам өзіне байланысты емес мән-жайларға байланысты барлық әрекеттерді толығымен немесе бір бөлігін орындай алмайды. Мысалы түнгі сағат бір жарымда С. жәбірленушінің үйінің жанында, соңғысы қақпаны ашып жатқанда, оған жолдың арғы бетінен шамамен 30 метр қашықтықтан аңшы мылтығынан үлкен оқ атылған. Содан кейін белгісіз қылмыскер жәбірленушіні өлді деп ойлап, тапаншаны лақтырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда оқ жәбірленушінің қарнына тиіп, бауырына тигендіктен, ол тірі қалды. Қылмыскердің әрекеті кісі өлтіруге оқталу ретінде танылады.

Оқталудың екінші объективті белгісі - адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты қылмыстың аяқталмауы. Жағдайлар өте әртүрлі болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде адамның еркіне байланысты емес. Дәл осы белгі оларды біріктіреді және дәл осы белгі оқталуды қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартудан ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, аяқталмаған қастандық ақша ұрлау мақсатында мекеменің кеңсесіне кіріп, бірақ сол жерде ұсталған ұрының әрекетінен қалыптасады.

Қастандық әрекеттің субъективті жағы тек тікелей ниетте көрінеді. Қылмыстық құқық теориясында қастандықтың екі түрін ажыратады: аяқталған және аяқталмаған қастандық . Сонымен қатар, қастандықтың тағы бір ерекше, үшінші түрі бар - жарамсыз қастандық.

Аяқталған қастандық - адамның аяқталған қылмысты жасау үшін барлық қажетті әрекеттерді жасағанына, қылмыстық нәтиженің басталуы ешқандай қосымша әрекеттерсіз болмай қоймайтынына, бірақ қылмыстық нәтиже осыған байланысты болмайтынына сенімді болған қылмысқа оқталу. оның бақылауынан тыс жағдайлар. Мысалы, адам өлтіру мақсатында қылмыскер жәбірленушіге өлімге әкелетін барлық қажетті әрекеттерді жасадым деп есептеп, у берді, бірақ дер кезінде медициналық көмек көрсетудің арқасында жәбірленушінің өлімі орын алмаған.

Аяқталмаған қастандық - бұл адам өзіне байланысты емес мән-жайларға байланысты нәтижеге жету үшін қажет деп санаған барлық қажетті әрекеттерді орындамаған және сол арқылы аяқталған қылмысты жасаған әрекет. Мұндай әрекет түрімен кінәлі адамның іс-әрекеті ғана аяқталмай қалады, сонымен бірге кінәлі адамның өзі ойлаған және жоспарлағанның бәрін орындай алмайтынын түсінеді, оны жасауға кедергі болғанын түсінеді. Мысалы, ұры ғимаратқа кіріп, алып кетуге қажетті құндылықтарды дайындап қойған, бірақ тәртіп сақшылары сол жерде ұсталып, ұрлай алмаған.

Жарамсыз әрекет мыналарға бөлінеді: 1) жарамсыз затқа әрекет жасау; 2) жарамсыз құралдармен әрекет жасау.

Жарамсыз объектіге қол сұғу - бұл адамның белгілі бір объектіге қол сұғу әрекеті, бірақ іс жүзіндегі қателік салдарынан оның әрекеті нақты зиян келтірмейді. Адам қылмыс жасағысы келеді, барлық қажетті әрекеттерді жасайды, бірақ ол алғысы келетін нәтижеге жете алмайды, өйткені ол субъектіде немесе жәбірленушіде қателеседі. Мысалы, қылмыскер ақша ұрлау үшін сейфті ашады, бірақ ол жерде болмады.

Жарамсыз құралдармен қастандық жасауда адам өзінің адасуының салдарынан өзінің қасиеттері бойынша аяқталған қылмысқа әкелмейтін және әкелмейтіндей құралдарды пайдаланады. Мысалы, кісі өлтіру ниетімен қылмыскер жәбірленушінің үстіне у себеді, бірақ ол у емес, жай ғана дәрі-дәрмек болғаны, соның салдарынан өлім болмағаны белгілі болды.

Қылмысқа оқталу үшін жаза осы бапта бекітілгендерді ескере отырып тағайындалады. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы принциптері, сондай-ақ аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындауға қатысты қылмыстық заңның қосымша талаптары (ҚК 56-бап) . Қылмысқа оқталу үшін жаза тағайындау кезінде қылмыс аяқталмаған мән-жайлар тіркелуге жатады. Қылмыстық кодекстің 56-бабына сәйкес, қылмысқа оқталу үшін жазаның мерзімі мен мөлшері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның ең ауыр мерзімінің немесе ең ауыр түрінің мөлшерінің төрттен үш бөлігінен аспауы керек. Қылмысқа оқталу үшін өлім жазасы және өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалмайды (ҚК 56-бабының 4-бөлігі) .

  • №2. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптары негізінде қылмыстың аяқталу кезеңінің қылмыстың объективтік жағының құрылысына тәуелділігін сипаттаңыз.

ҚР ҚК Ерекше бөлімі.

99-бап. Адам өлтiру

  1. Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату -сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамның өмірін айырудан тұрады. Адам өлтіру әрекет немесе әрекетсіздік арқылы да жасалады. Ең алдымен адам өлтіру басқа адамның өмірлік маңызды органдарының функциясын немесе анатомиялық біртұтастығын бұзуға бағытталған әрекет жолымен жасалады. Адам өлтірудің объективтік жағының белгісі ретіндегі іс-әрекетінің тәсілін анықтау оны саралау үшін елеулі маңызы бар. Бірқатар адам өлтіруді жасау барысында адам өлтіру тәсілі сараланған мән-жай болып танылады. Адам өлтірудің объективтік жағын талдау барысында әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың тек сыртқы белгісі болып танылатындығын ескеру қажет. Бұл ең алдымен оның қоғмға қауіптілігі ең соңында жәбірленушінің өлуіне байланысты келтірілген зияннан көрінеді. Оның туындауы қылмыстық іс-әрекеттің зардабы ретінде адам өлтірудің объективті жағының міндетті белгісі болып танылады. Кінәлінің әрекет (әрекетсіздігі) нәтижесінде мұндай зардаптың туындамауы қылмысты аяқталған деп мойындауын және адам өлтіруге дайындалу немесе оқталудың болуы Қазаақстан Республикасы кодексінің 24 бабын қолданып саралауға әкеледі. Объективтік жақтың сипаттамасына адам өлтіруді жасаудың нақты жағдайы да жатады. Ол себепті байланыстың болуы немесе болмауы мәселесін шешу үшін маңызға ғана ие емес, осы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін немесе осы қылмысты саралау үшін белгілі бір жағдайларда маңызды.

  • №3. ҚР ҚК 115 бабының диспозициясымен танысыңыз. Қасақаналық ойды табуды қорқыту ретінде бағалау мүмкіндігін талдаңыз.

115-бап. Қорқыту

Өлтiрумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, сол сияқты қорқытудың іске асатынына қауiптенудің жеткiлiктi негiздері болған кезде адамның жеке басына өзгедей ауыр күш қолданумен не мүлiктi өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту -бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЯҚТАЛҒАН ҚЫЛМЫС
Қылмысты істеу сатылары туралы ұғым
Қылмысты істеу сатылары
Қасақана қылмыс істеу сатыларының қылмыстық құқықтық мәселелері
Қылмыс сатыларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы
Қылмыс жасау сатыларының түсiнiгi мен маңызы
ҚЫЛМЫС ІСТЕУГЕ ОҚТАЛУ
ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыс сатылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz