Түркісіб - Қазақстандағы индустрияландырудың жарқын беттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

« ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Комерциялық емес ашық акционерлік қоғам

«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы

№2 Семестірлік жұмыс

Пәні: Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Тақырып: «Түркісіб»-Қазақстандағы индустрияландырудың жарқын беттері

Мамандығы: Электроэнергетикалық жүйелер

Орындаған: Абдраимов Самат

Тобы: ЭЭСк 20-01

Тексерген: Төленова Зирабубы

«» 2020ж

(бағасы) (қолы)

Қазақстан өнеркәсібін дамытуда индустрияландыру жылдары батыл қадамдар жасалды. Индустрияландыруды жүзеге асырудың негізгі принциптері мен әдістері бүкіл елімізде бірдей болғанымен, Қазақстанда өте қиын жағдайда жүрді. Ұлттық кадрлар мәселесі баяу шешілді. Сауатсыздар қатарынан кәсіби деңгейі жоғары жұмысшыларды тәрбиелеп шығару өте қиын болды. Мамандыққа оқып-үйрету ресейлік кәсіпорындарда және орыс тілінде жүргізілді. Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.

Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. Осы жылдары халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдығы болды. Соғысқа дейін Қазақстанда Ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана ірі кәсіпорындар салынды. Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті. Жалпы, өнімнің 84, 4 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды.

КСРО-ның индустрияландыру жоспарына Қазақстан да енгізілді. Қазақстанды индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті өлкенің табиғат байлықтарын зерттеуден басталды. КСРО Ғылым Академиясы 1920 жылдардың соңы - 1930 жылдардың басында көрнекті ғалымдардың қатысуымен зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде жүргізді. Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды. Академик Н. С. Курнаков бастаған геологтар Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Ол «Қазақ АКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Ал, академик И. М. Губкин Орал-Ембі ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. «Бұл кен орны - мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп қорытындылады. Сондай-ақ, инженер-геолог Қ. И. Сәтбаев Жезқазған мыс кен орнының мол байлығын анықтап. Өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді.

Қазақстанда мұнайдың жаңа кен орындары ашылды. Пайдалы қазбалардың мол қоры Қазақстанда ауыр индустрияны дамытуға негіз болды. Әсіресе көмір, мұнай, қара және түсті металдар өндірілді. Бұл салалар ұзақ уақыт бойына республиканың өндірістік қуатын айқындады. Қазақстанның индустриалдық дамуының ерекшелігі өнеркәсіптің жаңадан құрылуында. Ақша қаражатын бөлуде күрделі қаржының басым бөлігі 83, 2% ауыр өнеркәсіпке салынды, оның ішінде түсті металға барлық күрделі қаржының 44, 5%, мұнайға - 20%, көмірге - 15, 3%, химия өндірісіне - 4, 8%, электр энергетикасына -8, 5 % жұмсалды.

Ең алдымен байланыс пен транспорт мәселесін шешу керек болды, себебі алғашқы салынған өнеркәсіп кәсіпорындары шикізат көзі табылған жерлерден жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан еді. Сондықтан жаңа теміржол тарту өте қажетті іс болатын. Ұзындығы 1500 шақырымға созылған Түркістан-Сібір теміржолы құрылысының тарихи маңызы зор. Оның құрылысына 200 млн. сом қаржы жұмсалды. Бұл ірі магистраль белгіленген мерзімнен 17 ай бұрын іске қосылды. Түркістан-Сібір теміржол магистралының құрылысы 1927 жылы салынды. Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. 1930 жылдан бастап Түркісіб бір жағынан Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аудандары мен Сібірді, екінші жағынан елдің еуропалық бөлігі мен Орта Азияны жалғастырды. Түркісібке байланысты алғашқы салынған ірі өнеркәсіп кәсіпорны - Қосқұдық орман өнеркәсіп шаруашылығының кәсіпорны.

Қазақстанда индустрияландыру жылдарында көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен, дайын өнім шығармады. Шикізатты негізінен Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды. Индустрияландырудың ерекшеліктеріне тоқталсақ, өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өңдейтін орталық Орскіде салынды. Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей мен Украинадан, Әзірбайжаннан әкелінді. Қалаландыру үрдісі күшейіп, қалалар мен қала үлгісіндегі мекендер, қала халқы көбейді. Дегенмен жергілікті қала тұрғындарының өсуі, баяу дамыды.

1930 жылдың аяғында қала халқының үлесі 29, 8% құраған. Республикадағы жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1928 жылы 19, 8%; 1935 жылы 43%-ға өсті. 1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін жетті.

Индустрияландыру жылдарында жеңіл өнеркәсіпті дамытуда елеулі қадамдар жасалды. Ескі кәсіпорындарды қайта құрумен қатар жаңалары да салынды. Олар Оралда, Ақтөбеде, Семейде, Петропавлда тұрғызылды. Оңтүстік Қазақстан өңірінде Алматыда, Шымкентте, Жамбылда, Қызылордада жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысы басталды. Алматыда аяқ киім және тігін фабрикасы, Шымкент пен Түркістанда мақта зауыты іске қосылды. Петропавлда, Оралда, Алматыда, Қостанайда, Шымкентте, Ақтөбеде, Павлодарда жаңа техникамен жабдықталған азық-түлік өнеркәсібінің кәсіпорындары қайта салынды. Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары өз шикізаттарын пайдаланатын болды.

Түрксіб темір жолының салынуы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ең ірі құрылыстардың бірі болды. ХХ ғасырдың 30 жылдары Қазақстан ғылымының және экономикасының өте қарқынды дамыған уақыты деп айтсақ болады. Сондықтан орасан зор аумақты алып жатқан және қатынас жолдар торабы нашар дамыған Қазақстан үшін көлік қатынастарын дамыту мәселесі айрықша маңызды еді. Республиканың түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі салаларын құру мәселесі (Қарағанды көмір алабының, Балқаштағы мыс қорыту зауытының, Шымкенттегі қорғасын зауытының, Риддердегі мырыш зауытының және басқа да ірі кәсіпорындар құрылысы мен оларды дамыту, мұнайлы Батыс аудандарды игеру) көлік қатынастарына айтарлықтай тәуелді болды. Егер көлік қатынасы Кеңес Одағында шешуші мәнге ие болып отырған болса, онда негізінен алғанда аралық көлік жолы ретіндегі Ташкент теміржолынан өзге, Түрксібке дейін ештеңе болмаған Қазақстан жағдайында, теміржол құрылысының маңызы айрықша зор болмақ, өйткені ол Одақтың орталық аудандарын Қазақстанның жаңа, мүлде аяқ баспаған, тұмса, бірақ сонымен бірге бай аудандарымен байланыстырды. Түркістан-Сібір теміржолы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңестер Одағы аумағындағы аса ірі құрылыс санатына енді. БК(б) П OK 1926 жылы 25 қарашада қабылданған қаулысында «Сібір мен Орта Азияны және Днепрдегі электр стансасын жалғастыратын Жетісу теміржолының құрылысы бүкілодақтық мәні бар барлық жұмыстардың ішіндегі кезек күттірмейтініне жатқызылды. Түрксіб Орта Азияның мақта өсіретін аудандарын Сібір мен Жетісудың арзан астығымен, Сібірдің ағашымен, сондай-ақ ірі қарамен жабдықтауды қамтамасыз етуі тиіс болды, ал бұл өз кезегінде мақта егілетін жер аумағын шұғыл кеңейтуге, мақта өнімінің өзіндік құнын арзандатуға, шет елдерден әкелінетін мақта мөлшерін қысқартуға, сол арқылы Кеңес Одағының сыртқы саудасының баланс белсенділігін күшейтуге мүмкіндік туғызды. Жаңа жол бұған дейін Орта Азияға РКФСР-дін еуропалық бөлігінен тасып әкелінген астық пен ағаш материалдарды экспортқа және басқа қажеттіктерге пайдалануға мүмкіндік берді; Түрксіб Сібірдін ауыл шаруашылық өнімдерін (астық, ағаш және басқалар) Орта Азия базарына шығаруға, сондай-ақ Қазақстаннан Сібірге азық-түлік тасымалдауға, сол арқылы Сібірдің экономикалық дамуын жақсартуға жол ашты. Теміржол Қазақстан мен Қырғызстанның негізгі экономикалық аудандары арқылы өте отырып, мұндағы ауыл шаруашылығы дамуынын қуатты факторына айналды, әсіресе өнеркәсіпке қажетті шикізат бере алатын мал шаруашылығын және тау-кен ісін ілгері бастырды. Теміржол Іле, Ертіс және басқа өзендер арқылы кемемен жүзуді жақсартты. Түрксіб, Батыс Қытай мен Батыс Моңғолияның шекарасына өте жақын жерден өтетіндіктен, КСРО мен бұл елдердің тауар алмасуын айтарлықтай жақсарта алатын еді [1] . Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы арнаулы басқармаға жүктеліп, оның бастығы болып B. C. Шатов тағайындалды. Жолды екі жақтан: солтүстікте Семей жағынан, ал оңтүстікте Луговой стансасы жағынан бастап салуға шешім қабылданды. РКФСР Халком Кеңесі жанынан Жетісу теміржолына Жәрдем комитеті ұйымдастырылып, оған құрылыс жұмыстарын табысты жүргізуге жалпылай ықпал ету міндеті жүктелді. Комитет төрағасы болып РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасынын орынбасары Т. Р. Рысқұлов бекітілді. Жолдың солтүстік бөлігіндегі жер қазу жұмыстары 1927 жылы сәуір айында, ал жол төсеу - 15 маусымда басталды. 1927 жылы 21 қарашада, ұзақ уақыттық дайындықтан кейін жол төсеу құрылыстын оңтүстік бөлігінде де басталды. Түрксіб құрылысына Жәрдем комитетінің төрағасы болып Тұрар Рысқұловтың тағайындалуы жайдан-жай емес еді. Ол, 1926 жылдың маусымынан РКФСР ХКК (Халық Комиссарлары Кеңесі) төрағасының орынбасары бола жүріп, Қазақстан мен Орта Азияны Сібірмен жалғастыратын теміржол құрылысы жөніндегі пікірталас басталған кезден-ақ оны тезірек салу идеясының белсенді жақтаушысы әрі көшбасшысы болды. Алғашында РКФСР ХКК жағындағы Жәрдем комитетінің құрамына 18 адам енді, бірақ көп ұзамай оның мүшелерінің саны 50-ден асты. Комитет жұмысына, оның пленарлық отырыстарының аралығында Т. Рысқұлов бастаған Төралқа (алғашында 9, одан сон 11 адам) жетекшілік етті. Оған Қазақстаннан КазАКСР Халком Кеңесінің төрағасы Н. Н. Нұрмақов кірді. Комитет құрамына республикалар және аймақтар халкоматтары өкілдерінен өзге, ғалымдар (8 профессор) және мамандар (инженерлер, экономистер, агрономдар және басқалар) енді. Т. Рысқұлов комитет құрамын жасактауда оған кәсіби шеберлерді тартуға ерекше көңіл бөлді. Бұл ретте Жетісу теміржолын 1917 жылға дейін де салуға қатысқан Петербург жол қатынасы инженерлері институтының түлегі, Уақытша үкіметтің Жетісу облысы бойынша бұрынғы комиссары және Қоқан автономиясы үкіметінің басшысы болған Мұхамеджан Тынышбаев туралы мәселе ерекше мәнге ие еді. Бұл кезде М. Тынышбаев есімі кеңінен белгілі, әрі шойын жол құрылысын жүргізу мен пайдалануға беру жөнінен білгір маман ретінде кеңінен танылған болатын [2] . 1906-1914 жылдары ол Ортаазия теміржолы тармағында алғашында инженер, одан соң салынып жатқан Урсатьевск-Әндіжан теміржол желісінің бастығы, бас инженері, ал 1914 жылы Арыс-Әулиеата теміржол құрылысының бас инженері қызметін атқарды. Бұл жолдың 1926 жылы Луговой стансасына жетіп, құрылысы аяқталуына және Түрксіб теміржолы құрылысының басталуына байланысты, Березин, Шатов, Перельман секілді, жол қатынасының басқа да көрнекті инженерлерімен бірге, М. Тынышбаев осы ірі жол магистралін салуға шақырылады. М. Тынышбаев тек осы экспедицияларға ғана емес, болашақ Түркістан-Сібір жолын зерттеу жөнінде Қазан төңкерісіне дейін жүргізілген басқа да экспедициялаға белсене атсалысты, атап айтқанда: 1906 жылы - Голембиевскийдің, 1913 жылы Панфиловичтің, 1914 жылы - Лениониустың, ал 1926 жылы Сахаровтың және 1927 жылы соңғы рет, Түрксіб экспедицияларына қатысты. Осы экспедициялардың барлық ұсыныстары Кеңес өкіметі тарапынан ескерілді және Қазақстан бойынша бірінші бесжылдық жоспарына енгізілді. Т. Рысқұлов пен М. Тынышбаев магистраль құрылысын жұмыс күшімен жергілікті еңбек қорлары есебінен қамтамасыз етуге, қазақтарды құрылыс және теміржол жұмысшылары қатарына тартуға, оларды оқыту арқылы теміржол мамандарын дайындауға ерекше көңіл бөлді. Олардың ұсынысы бойынша жұмысшы күшін Қазақстан нан тысқары жерлерден әкелуге шектеулер қойылды. Маман жұмысшыларды алдын ала белгіленген мөлшерде ғана әкелу қарастырылды. Жергілікті тұрғындарды магистральдегі құрылыс жүмыстарына барынша кеңінен тарту «ендігі жерде жергілікті теміржол пролетариатын жасақтау мәселесінің принципті түрде қойылуы ретінде, - деп көрсетті Т. Рысқұлов, - құрылыс жұмыстарының шығынын кемітуге нақты көмек көрсете алады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы индустрияландыру: қазақ зиялыларының көзқарасы
Петроградтағы Қазан төңкерісі
Индустрияландыруға бағыт алу
Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Индустрияландыру: жүргізілуі, қарқыны, аумағы
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша көзқарастар
Қазақстан темір жолы – ел тарихының бөлінбес бөлігі
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz