Психикалық және психологиялық денсаулықтың арақатынасы. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы»
Семинар
Тақырыбы: Психикалық және психологиялық денсаулықтың арақатынасы. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде
Орындаған:Ибрайм. А. А.
Тексерген:Борбасова. Г. Н.
Алматы 2021ж
Денсаулық сөзі - ағылшын тілінен аударғанда, сау деген мағынаны білдіреді. 1946 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулықты толық физикалық, әлеуметтік және психикалық әлауқаттың күйі ретінде қарастыруды ұсынды. 1978 жылы құрылған американдық психологиялық қауымдастықтың денсаулық сақтау психологиясы бөлімін Дж. Матараццо басқарды. Ол денсаулық психологиясының мәнін былайша түсіндіреді. Денсаулық сақтау психологиясы - бұл психологияның нақты білім беру, ғылыми және кәсіби үлестерінің кешені денсаулықты нығайту және қолдау, аурулардың алдын-алу және емдеу, денсаулықтың этиологиялық және диагностикалық корреляциясын, аурулар мен онымен байланысты бұзылыстарды анықтауға арналған ғылыми пән. Денсаулық психологиясы - денсаулықтың психологиялық себептері, оны сақтау, нығайту және дамыту әдістері мен құралдары туралы ғылым. Денсаулық психологиясы адамның денсаулығын туғаннан бастап оның бүкіл өмір сүру үрдісін қамтиды. Қазіргі практикалық психологияда негізгі анықтайтын мәселе- адам денсаулығы. «Психологиялық денсаулық» терминін И. В. Дубровина енгізген, психологиялық денсаулықты психикалық саулықтың психологиялық аспектісі ретінде, яғни тұлғаның рухани дамуымен көрінуіне байланысты түсіндіреді. Психологиялық денсаулықтың құрылымы: аксиологиялық; инструменталдық; қажеттілік-мотивациялық. Аксиологиялық - адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де қабылдай алуы) . Инструменталдық - рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан дүниесін және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі. (өзінің және өзгелердің эмоционалдық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы) . Қажеттілік-мотивациялық - өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген жауапкершілікті сезіне білу) . Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен аномалиялардың көрсеткіштерін анықтау - аса күрделі мәселелердің бірі. Мәдени-әлеуметтік дәстүрлердің норма көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған. Қазіргі заманда психика саулығын медициналық және психологиялық көрсеткіштер қосындысы ретінде, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы анықтайды. Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгейді көрсетуге болады: 1. Психофизиологиялық саулық деңгейі (орталық жүйке жүйесінің қызметімен, жағдайымен анықталады) ; 2. Жеке психологиялық саулық деңгейі (психикалық іс-әрекетінің жағдайымен, қызметімен анықталады) ; 3. Тұлғалық саулық деңгейі (адам қажеттіліктері мен әлеуметтік орта талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады) . Адам психикасының әрбір деңгейінде норма мен аномалиялар көрсеткіштерінің өзіндік медициналық-психологиялық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі болатыны анық. Жағымсыз өзгерістердің бірінші, екінші және үшінші деңгейлерде де орын алуы мүмкін. Психологиялық денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналарды қамтиды: қажеттілік және еңбекке қабілеттілік, дербестік, әдеп ережелерін түсіну, эмоциялық тұрақтылық, ақыл-ой қабілеті, өзін-өзі бағалау. Психикалық денсаулықты жақсарту ережелері: дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, өзін-өзі түсінуге деген талпыныс, тәуелділікті жеңу, стресске төзімділік, ойлау тәсілін өзгерту. Визуализация. Өзіңізді бақытты сезінуге позитивті ойлау көмектеседі. Позитивті ойлау - бұл бақытты, денсаулықты, кез келген жағдай мен қабылдайтын шешімнің сәтті аяқталуын күту. Позитивті ойлауда үш негізгі бағыт бар: позитивті бағдар, аффирмация, өзіндік позитивті ойлау. Аффирмация - бұл саналанған, нақты құрастырылған позитивті ойлау, адам жаман ойды әдейі жақсымен ауыстырады. Бұл позитивті пікір. Бұл сенім мен күшке толы фразалар. Оны дауыстап айту арқылы сіздің сөзіңізге сенімділік пен күш ұялайды.
Салауатты өмір салты (СӨС) - бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын. Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Валеология ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей- тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып- тастырудың негізгі бағытгары мыналар: жеке және қоғамдық гигиена; дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес; организмді жаратылыс-табиғи факторлармен - су, ауа, күн жарығымен және т. б. шыңдау; күн тәртібін тиімді пайдалану;
дұрыс және уақтылы тамақтану; тән ауруларынан сақтандыру; жарақаттанудан, уланудан, т. б. сақтандыру; зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру; жыныс гигиенасы; психопрофилактика және психогигиена; кикілжің және денсаулық; экология және денсаулық. Денсаулық сақтау шаралары:
Қимыл белсенділігі- бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.
Организмді шынықтыру- әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы, шынығуға бейімделу дәрежесі және т. б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Дұрыс толыққанды тамақтану- денсаулықты
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz