ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ Мұғалім мамандығы ертеден келе жатқан көне мамандықтардың бірі. Адамзат баласы өзінің жинақтаған тәжірибесін келер ұрпаққа жеткізіп отырмаса, даму процесі болмас еді. Сондықтан да қоғам алдында тәрбиеші мамандығына деген қажеттіліктер туындады. Ерте замандарда алғашқы ашылған мектептерде мұғалім қызметін абыздар атқарды. Олар балаларға жазуды, сызуды музыкаға үйретті. Ежелгі Греция елінде мектептегі сабақ беретін мұғалімді « дидаскалар» деп атаған. / грек «дидаска» - оқытамын/, ол мектепке баратын баланы жетектеген құлды «Педагог» яғни / грек - бала жетектеуші/ деп атаған. Ежелгі Рим мемлекетінде мәдениет, ғылым және өнер қоғамдық өмірде үлкен орын алды. Бұл саладағы білімді таратушы мұғалімдер болады, сол себепті мұғалімдердің жан - жақты білімді адамдар болуы тиіс еді. Рим мемлекетінде мұғалімдерге ерекше көңіл бөлініп, олар қоғамда ерекше статусқа ие болды. Кейін мұғалімдердің көбі мемлекет қызметкерлері болып қызмет атқарды. Алғашқы мектептер ежелгі Шығыс елдерінде - Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т. б. елдерде пайда болды. Алғашқы мектептер туралы жазбаша деректер б. з. б. 2500 жылы Египет жазбаларында кездеседі. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдеріндегі мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды. Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған. Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т. б. ) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады. Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді. Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б. э. дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды. Орта ғасырларда мектептер шіркеу жанында орналасты. Бұл мектептерде сабақты педагогикалық мамандыққа икемі бар дін басылар берді. Бұл мұғалімдер класта әрбір оқушымен жеке дара жұмыс істеді. Капитализм дәуірінде мұғалімдік мамандықтың қоғамдағы жағдайы біршама ілгері басты. Мұғалімдерге арналған семинарлар, училищелер ашылды. Бұл мемлекет тарапынан талаптардың қойылуына байланысты еді. Қазақстанда мұғалімдер кадрларын дайындаудың тарихи жайында сөз қозғасақ, алғашқы жоғары білімді маман даярлайтын оқу орындары ашылғанға дейін педагогикалық жоғары оқу орнын ашудың қажеттілігі күннен - күнге арта түсті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру жолдары
Мамандық таңдауға дайындығы және кәсіби ниеті
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы
Мамандарды таңдау, тіркеу, дайындау мен тәрбиелеу
Кәсіби бағыттаудың ғылыми негіздері туралы түсінік
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Мамандық таңдау жолдары
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары
Иерархиясы кәсіби маңызды және маңызды қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz