Ыбырай Алтынсарин өмірбаяны туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар мен инжиниринг университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Ыбырай Алтынсарин

Тексерген:Абишева Шарапат

Орындаған:Шаңытбаева Аида

2021-2022жж.

1841 жылы Қостанай облысы, Алтынсарин ауданында дүние есігін ашқан-аудрамашы, жазушы, ақын, ағартушы, қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтардың авторы Ыбырай Алтынсарин. Тұңғыш қазақ мектебін ашты. Балалар әдебиеттінің негізін салушы.

3 жасында әкесі қайтыс болып, атасы Балғожаның тәрбиесінде өседі. Ол ауылда молдадан хат таниды. Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі - талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар», - деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық шақ жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап - жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады.

Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал», - деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. «Баланы жастан», - дегендей, оған жас күннен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады. Біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт - дәстүрлерінен хабар беру принципін көздей отырып, тұлғаны өмір сүрген қоғамына қатысты халықаралық қатынасқа бейімдеу. Жеке тұлғаны адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адами мінез-құлықтарын өздері игере алуларын ойластырған. Мектеп оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруімен бала түйсігін жүйелілікпен қалыптастыруға тырысқан.

Өлеңдері:

Оқу-білімге, өнерге шақыру жайлы-Кел балалар, оқылық, Өнер-білім бар жұрттар.

Табиғат лирикасы-Өзен, Жаз

Жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке, ата-ананы, дос-жолдасты құрметтеуге шақыратын өлеңдер-Бұл кім?, Әй, жігіттер, Әй, достарым, Ананың сүюі.

Ел ішіндегі теңсіздік, әлеуметтік келеңсіздіктер жайлы-Залым төреге, Азған елдің хандары, Азған елдің билері т. б

Қорыта айтқанда, Ы. Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы болды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин рухани- адамгершілік білім беруді ту етіп ұстады және қазіргі таңда да жалау етіп желбіреп өз мәні мен мағынасын жоғалтпады . Ыбырай Алтынсариннің шағын әңгімелерін өзімнің кәсіби және жеке өмірімде кеңінен қолданамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әдебиет Порталы

2. Ыбырай Алтынсарин кітабы

3. Қазақ тілі және әдебиет шың кітабы.

Өнер - білім бар жұрттар

Өнер - білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып - жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды;

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай,

Білгендерге осылар

Бәрі - дағы анықтай,

Білмегенде танықтай;

Біз де бекер жатпалық,

Осыларға таныспай;

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай;

Желкілдеп шыққан көк шөптей

Жаңа өспірім достарым,

Қатарың кетті-ау алысқа-ай,

Ұмтылыңыз, қалыспай.

Біз надан боп өсірдік

Иектегі сақалды.

Өнер - жігіт көркі деп

Ескермедік мақалды . . .

Біз болмасақ сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды.

Көркемдік талдау

Аллегория - Адамды құстай ұшырды; Теңізде жүзді балықтай, Ат өнері білінбес

Аллитерация - Білгендерге осылар

Бәрі - дағы анықтай,

Білмегенде танықтай;

Біз де бекер жатпалық

Желкілдеп шыққан көк шөптей

Жаңа өспірім достарым

Ассонанс - От пен суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді

Теңеу- құстай, балықтай, жалықпай, шөптей.

Синтаксистік параллелизм - Өнер - жігіт көркі деп

Литота- Білгендерге осылар

Бәрі - дағы анықтай,

Білмегенде танықтай;

Біз де бекер жатпалық

Бұл кім?

Бала, бала, бала! деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолда талпытқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргетіп,

Қорғасын оқтай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Айдынды көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Көркемдік талдау

Қайталау - Бала, бала, бала! деп,

Аллитерация - Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Ассонанс - Айналасына ас қойып,

Айдынды көлдей шалқытқан.

Градация - талпытқан, қалқытқан, тигізбей, кигізбей

Теңеу -сүттей, оқтай, көлдей

Эпитет -исі жұпар, кірлі көйлек

Литота - Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Әй, жігіттер

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,

Азған елдің ішінен.

Алыс - алыс қашыңыздар,

Зияндасты кісіден.

Жақсыны көзбен салмаңыздар,

Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.

Өзі болған ерлердің,

Аяғынан алмаңыздар.

Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас.

Бас ауырса бақсыларды

Алып келіп бақтырарсың.

Жазықсыз жануарды сойып,

Өкпеменен қақтырырсың.

Жын - бәлекет қашады деп,

Тұмар алып тақтырарсың.

Білмес надан еткен істен.

Ешбір қайыр табылмас.

Алған жарың жаман болса,

Бір Тәңірге көп налырсың.

Жарым сондай болса екен деп,

Көрінгенге көз саларсың.

Әз елде маңдайыңа нені жазса соны аларсың.

Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас.

Катының өлсе қарыс ұрып қаларсың.

Аны - мұны қармалап,

Және біреуді аларсың.

Бір кеткен соң қамқор әке - шешең табылмас.

Көркемдік талдау

Аллитерация- Жақсыны көзбен салмаңыздар,

Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.

Ассонанс - Азған елдің ішінен.

Алыс - алыс қашыңыздар

Градация -салмаңыздар, қалмаңыздар

Эпифора - Жақсыны көзбен салмаңыздар,

Жақсыдан қапыл қалмаңыздар

Бас ауырса бақсыларды

Алып келіп бақтырарсың.

Ирония- Алған жарың жаман болса,

Бір Тәңірге көп налырсың.

Жарым сондай болса екен деп,

Көрінгенге көз саларсың.

Литота- Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,

Азған елдің ішінен.

Алыс - алыс қашыңыздар,

Зияндасты кісіден.

Қаратпа - Әй, жігіттер

Эпитет - қасы қара, қызыл жүзді

Метафора- Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас.

Өсиет өлеңдер

Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым,

Тең етті бәрімізге күн мен айын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таңдамалы шығармалар
Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин
Орыс достары
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Спандияр Көбеев (1878 - 1956)
Ибраһим Алтынсарин жайлы
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Ыбырай Алтынсариннін білім философиясы
Торғайда Ыбырай Алтынсарин салдырған мектеп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz