Сабақтастық. Алаш идеялары және Қазақстан мұраттары
Алаш идеялары және тәуелсіз Қазақстан мұраттары
Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин келгенше Алаш қозғалысы, Алашорда өкіметі және оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер де айтылып отырды. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық.шығармашылық қызметі туралы М.Дулатов очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан Жұмабаевтың ұлы ақындық сырын ашқан Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны, ғылыми және танымдық мәні бүгінде бір мысқал төмендеген жоқ.
Арнайы партиялық тапсырмамен құрастырылған Шафиро, Мартыненко жинақтарында қасақана жасалған бұрмалаулар, жабылған өтірік жалалар жыртылып айырылады. Соған қарамастан, бұл кітаптардағы бірталай тарихи деректер мен құжаттар Алаштануға нақты қызмет ете алады.
Жиырмасыншы жылдардың аяғында басталған репрессия алпыс жылдай Алаш қайраткерлерінің атын атасаң . аузыңды қарыды, жазсаң . қолыңды шапты. Орыс отаршылары, коммунистік идеология қанша қылышынан қан тамғанмен, қазақ санасынан Алаш идеясын сөндіре алған жоқ. Алаш ұранды әдебиетті оқып біліп өскен тұтас буын бар еді. Олар көптеген шығармаларды жатқа айтатын. Жазушы Тахауи Ахтанов Мағжанның “Батыр Баянын” композитор Ахмет Жұбановтан естіген. Сөз саптауға келгенде Жүсіпбек Аймауытовты ұстаз тұтатынын Ғабит Мүсірепов жасырмай айтатын болған. Большевизмнің ұраншысы Сәбит Мұқановтың өзі қызды.қыздымен Мағжанның ғашықтық жырларын қалай жатқа айтып кеткенін байқамай қалатын. Әдеби сарындастық Мағжан . Ілияс . Қасым . Әбділда . Мұқағали болып жалғасты. Дала циклын, өлім туралы жырларды, өмір . өзен мотивін еске түсіріңіз.

САБАҚТАСТЫҚ
Алаш идеялары және тәуелсіз Қазақстан мұраттары
Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин келгенше Алаш қозғалысы,
Алашорда өкіметі және оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер де
айтылып отырды. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-
шығармашылық қызметі туралы М.Дулатов очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан
Жұмабаевтың ұлы ақындық сырын ашқан Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны,
ғылыми және танымдық мәні бүгінде бір мысқал төмендеген жоқ.
Арнайы партиялық тапсырмамен құрастырылған Шафиро, Мартыненко
жинақтарында қасақана жасалған бұрмалаулар, жабылған өтірік жалалар
жыртылып айырылады. Соған қарамастан, бұл кітаптардағы бірталай тарихи
деректер мен құжаттар Алаштануға нақты қызмет ете алады.
Жиырмасыншы жылдардың аяғында басталған репрессия алпыс жылдай Алаш
қайраткерлерінің атын атасаң – аузыңды қарыды, жазсаң – қолыңды шапты. Орыс
отаршылары, коммунистік идеология қанша қылышынан қан тамғанмен, қазақ
санасынан Алаш идеясын сөндіре алған жоқ. Алаш ұранды әдебиетті оқып біліп
өскен тұтас буын бар еді. Олар көптеген шығармаларды жатқа айтатын. Жазушы
Тахауи Ахтанов Мағжанның “Батыр Баянын” композитор Ахмет Жұбановтан
естіген. Сөз саптауға келгенде Жүсіпбек Аймауытовты ұстаз тұтатынын Ғабит
Мүсірепов жасырмай айтатын болған. Большевизмнің ұраншысы Сәбит Мұқановтың
өзі қызды-қыздымен Мағжанның ғашықтық жырларын қалай жатқа айтып кеткенін
байқамай қалатын. Әдеби сарындастық Мағжан – Ілияс – Қасым – Әбділда –
Мұқағали болып жалғасты. Дала циклын, өлім туралы жырларды, өмір – өзен
мотивін еске түсіріңіз.
Қолда бар, кітапханада тұрған Алаш қайраткерлері шығармалары түгелге
жуық жиналып, өртелгенімен, арнаулы қорларда олар бәрібір сақталды.
Жандарын шүберекке түйіп, үкімет қаһарынан қорықпай кейбір адамдар үрейлі
кітаптарды үйлерінде ұстады. Бұл қатарда өзіміз араласқан, білген жазушы
Сапарғали Бегалин – Мағжан, Жүсіпбек, профессор Бейсенбай Кенжебаев –
Ахмет, Міржақып еңбектерін алпысыншы жылдарда аспирант кезімізде оқып
білуімізге мүмкіндік берді. Мұндай байланыс әртүрлі арнада өрбіді. Мысалы
Мекемтас Мырзахметов болса Бауыржан Момышұлы, ал Әди Шәріпов Төкен
Әбдірахманов қоймасында жатқан Алаш жазушылары шығармаларын оқыған.
Университетке бізбен бірге түскен ақын Құрманбай Толыбаев Қытайдан жасырын
алып келген М.Дулатовтың “Оян, қазақ!” жинағын студент кезімізде
таныстырды.
Ерекше қызық тағы бір деректі айта кетейік. Алматыда Жазушылар одағы
ғимараты жанындағы саябақта егде тартса да, сұлу өңі таймаған жұпыны киімді
бір әйел дұрыстап сөйлесе білсеңіз, сұраған нәрсеңізді жан-жағына бір қарап
қойып, қолыңызға ұстатар еді. Ол машинкаға басылып, түптелген Мағжанның бір
томдығы, ол – әйел ақынның жары Зухра шешей болатын.
Қазақ мемлекеттік университетінде 1966 жылы бір жиналыс өтті.
Ұйымдастырған профессор Бейсенбай Кенжебаев пен профессор Хайролла
Махмудов. Сөйлегендер профессор Темірғали Нұртазин, доцент Александр
Жовтис, жазушы Тахауи Ахтанов. Әңгіме Мағжан, оның поэзиясы, кітабын
бастыру туралы болды.
Қауіпсіздік комитеті қызметкерлері жиналысқа келген адамдардың бәрін
тізімдепті. Сөйленген сөздердің бәрі магнитофонға жазылыпты. Кейін білдік,
сол жиын туралы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бюросы арнайы
мәселе қараған. Татар Хайролла Махмудов, еврей Александр Жовтис партияда
жоқ екен, ал коммунист қазақ Бейсенбай Кенжебаевқа партиялық қатаң сөгіс
берілген.
Мағжан өлеңдерін орыс тіліне аударып, енді басқалы жатқан “Простор”
журналының бас редакторы, жазушы Иван Шухов, осы әрекетті қолдаған мәдениет
министрі Ілияс Омаров қызметтерінен босатылды.
“Жастық шақты бойлап” деген естелік кітабында башқұрт жазушысы Сәйфи
Құдаш Мағжан Жұмабаевты ұлы ақын деп мадақтады. Сол кітап КСРО Мемлекеттік
сыйлығына ұсынылғанда біздің ағайындар башқұрт “ұлтшылын” әшкерелеп, арыз
түсірді. Сыйлық берілмей қалды.
Тағы да сол Сәйфи Құдаш Мағжанның өмірі мен шығармашылығы туралы, оны
ақтау керектігін дәлелдеп Қонаевқа 100 беттік хат-зерттеу жіберді. Бірақ
одан ештеңе өнген жоқ.
Алаш қозғалысы, Алашорда өкіметі, Алаш қайраткерлері туралы шетелдерде
қазақ Мұстафа Шоқай, башқұрт Зәки Уәлиди Тоған, өзбек Баймырза Хайт, орыс,
неміс, ағылшын, жапон ғалымдары еңбектері басылды. Анықтама,
энциклопедияларда мәлімет берілді. Ең үлкен ерлікті Қытайдағы Такламакан
шөлінен өтіп, Гималай тауларынан асып, Кашмир арқылы Түркияға жеткен көштің
басшысы Қалибек хәкім Рахымбекұлының перзенті Хасен Оралтай жасады. Ол 1973
жылы Түркияда “Алаш – Орта Азия түркі қазақтарының ұлттық ұраны” атты кітап
шығарды. Автор өз қолы жеткен құжаттар, деректер, суреттер, мәтіндер арқылы
Алашорда, Алаш қайраткерлері туралы қысқаша анықтамалық, миниэнциклопедия
дерлік еңбек тудырған. Кейін бұл саладағы қызметтерін Хасен Оралтай
“Азаттық” радиосында жалғастырды. “Елім-айлап өткен өмір” және “Елім-айлап
өткен өмірден кейін” кітаптарында толық тиянақтады.
Мәскеуде шыққан түркологтар туралы анықтамалық кітапқа Ахмет
Байтұрсыновтың өмірбаяндық деректерін бергені үшін (оның өзі М.Дулатовтың
1923 жылғы мақаласынан көшіріп алынған) академик А.Кононов үстінен қазақтар
арыз айтты. Ол аз болғандай В.Колбин алдында 1987 жылы сөйлеген бір тарихшы
профессор: “Біз өз ұлтшылдықтарымызбен өзіміз-ақ күресе алатын деңгейге
әлдеқашан жеткенбіз”, деп шіренгенін “Торжество ленинской национальной
политики в Казахстане” деген кітапшадан оқи аласыздар. (Алматы, 1987,
“Қазақстан” баспасы.)
Алаш қайраткерлерінің түпқазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-
баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңдаған жылдар бойы ешқайда
көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау,
жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу,
өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы
қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген
демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте
ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес,
ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші
шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер,
университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті
қорғау керек.
Қазақы дәстүрлерді берік ұстану, шариғат шарттарына адалдық, әлемдік
ақсүйектік әдептерді жете меңгеру, достық, қарызға беріктік ең бастысы, ұлт
мүддесі үшін бәрін құрбан ету сияқты асыл қасиеттерді Алаш қайраткерлерінің
баршасының бойынан табуға болады. Қазақ елінің пайдасына қызмет етер деген
үмітпен Әлихан – Кадет партиясына, Ахмет пен Мұхтар коммунистік партияға
мүше болды. Бұл үміт үзілген соң, үшеуі де ол партиялар қатарынан өз
еріктерімен шығып кеткен. Олар мансапқа сатылу, билік алдында құлшылық
ету, дүниеге, байлыққа ұмтылу дегенді мүлде білмеген. Біреудің ала жібін
аттау жоқ. Ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға жиналған жылу малды есепсіз
шашты, ағайындарына берді деген жаламен жауапқа тартылып Қызылордада көп
алдына шыққан Жүсіпбек Аймауытов сүттен ақ, судан таза екенін оп-оңай
дәлелдеп берген.
Халыққа аты мәшһүр, ұлтқа: “Оян!” деп ұран тастаған ұлы Міржақып еліне
қаламымен еңбек етемін деп, Думаның депутаттығынан бас тартқан ғой. Жөн-
жосығын ешкім білмейтін, қарақан басы болмаса әлеуметке жасаған тырнақтай
еңбегі жоқ, сайлау десе атын борбайлап шаба жөнелетін қазіргі далбаңбайлар
осыдан үлгі алса етті.
Тарих қадірін білген ағалар: Әлихан, Ахмет, Міржақып, Халел,
Мұхамеджан – алдымен Абылайды, Шоқанды, Абайды, Махамбетті, Кенесарыны
таныды. Бір-бірінің орнын ерекше ұқты. Әлиханды серке деп мойындады.
Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтар сөзі бір жерден
шықты. Мұндай рухани табысу, бағалау, емірене сүю Ахмет – Міржақып, Ахмет –
Мұхтар, Мағжан – Жүсіпбек, Әлихан – Ахмет араларындағы бауырластық
сыйластық құрметтен көрініп тұр. Олар басқа ұлт өкілдерімен де мұраттастық
негізде құшақ жайыса білген – Щербина – Ә.Бөкейханов, Потанин –
А.Байтұрсынов, Брюсов – М.Жұмабаев.
Алаш қайраткерлерін ақтау үшін құрылған арнаулы комиссия 1988 жылы
орасан зор құжаттарды, деректерді, сот хаттамаларын, айыптау актілерін,
көркем шығармаларды, зерттеу еңбектерін, газет-журнал материалдарын, түрлі
арыз-шағымдарды, әртүрлі қорытындыларды түгел қарап, зердеден өткізіп,
ақырында ұлтымыздың алып тұлғаларын өзіне қайтарды. Бұл іске белгілі
ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты.
Сол шешімнен кейін тез арада газет-журналдар, баспалар алпыс жылдан
астам темір құлыптың аржағында жатқан асыл дүниелерді жариялай бастады.
Зерттеушілерге мүмкіндік туды. Кітаптар шықты. Диссертациялар жазылды. Алаш
арыстарының еңбектері орта мектептерде, жоғары оқу орындарында оқытылатын
болды. Алаш зерттеуші ғалымдардың үлкен шоғыры қалыптасты десек, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz