Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСТЕТІ
Қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
5В020500- филология мамандығы бойынша
Шымкент -2018ж.
Практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауын құрастырған:
Ф.ғ.к.,
доценет м.а. Мамыт А.
Магистр-
оқытушы Қуанбаева Ж.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мәжілісінде талқыланды.
№ хаттама 20 ж.
Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к. Мамыт
А.А.
№ 1 Тақырыбы: Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ халық поэзиясы, Халық прозасы (қара сөз), ауыз әдебиеті,
фольклор, фольклортану деген ұғымдардың бір-біріне жақындығынан
мағұлмат беру.
Сабақтың мазмұны: Халық ауызша шығарған сөз өнері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп,
үздіксіз жалғасуын ең алдымен халық шығармашылығынан танимыз. Сондықтан
халық шығармашылығыұғымы ауызша жасалған әдебиетте халық поэзиясы, халықтың
қара сөз өнері немесе халық прозасы, халық ауыз әдебиеті, фольклор деген
атаулармен байланыста қараладыХалық шығармашылығы поэзия және проза түрінде
көрініп, олар бірнеше жанрларға жіктеледі. Атап айтсақ, халық поэзиясының
басты жанрлары: тұрмыс-салт өлеңдері, мақал-мәтел, жұмбақ, эпостық жырлар,
айтыстар болса, халық прозасы басты жанрлары: ертегілер, мифтер,
әпсанаттар, хикаялар, аңыз әңгімелер болып ерекшеленеді. Осындай халықтың
мол мұрасын жан-жақты таныстыратын асыл сөз өнерін – халық ауыз әдебиеті
деп атасақ, кейде оны халқыаралық термин атауымен Фольклор (ағылшынның
халық даналығы деген сөзі) деп қараймыз. Фольклордың көп қырлылығы тек
қана бір бұл емес, өзіндік орналуы мен айтылуы жағынан да синкретті
екендігі ғылымда дәлелденген. Қазақ фольклорының ерте замандар да
қалыптасып, дамығандығын көне тас жазба ескерткіштер, Қорқыт мұралары,
Махмуд Қашқаридің Түрік сөздігі және т.б. көне дәуір естеліктері анықтай
түседі.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1т., 1 кіт. – Алматы, 1960.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1т., 1 кіт. – Алматы, 1964.
3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті – Алматы, 1974
4. Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті. Хрестоматия.-Алматы,1990.
5. Садырбаев С. Фольклор және эстетика . Алматы,1976
6. Ысмайлов Е. Ақындар. –Алматы,1956
7. Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері.
–Алматы,1976
8. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. -*Алматы,1985.
9. Уәлиханов Ш. Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы, 1991.
10. Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы, 1988.
11. Байтұрсынов А Шығармалар –Алматы,1989.
12. Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы, 1991.
13. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. –Алматы, 1974.
14. Тал бесіктен жер бесікке дейін. –Алматы, 1996.
15. Қазақ бақсы – балгерлері. –Алматы,1993.
16.Сейдеханов К. Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы.
–Алматы,1974.
№2 Тақырыбы: Фольклордың тегіне мен жанрына қарай жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
1. Фольклордың диалектология, этнография, тарих, философия, педагогика,
психология және музыкамен байланысынан мағлұмат беру.
Сабақтың мазмұны: Халық прозасы әлемдік фольклортану ғылымында ертегі,
аңыздар ретінде қаралатындығы белгілі. Бұның өзі халық прозасының кейде
тектері болып сараланатындығы бар. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеген ғалымдар
еңбектерінде ертегі мен аңыз көбірек тексеріліп келді. Бұның қисынды
дәлелін Қазақ әдебиеті тарихы атты көптомдық еңбектің Қазақ ауыз
әдебиетіне арналған алғашқы томы дәлелдеп, аталған екі саланың жан-жақты
қоралғандығына көз жеткізуге болады. (1,216-283) Аталған еңбектер М.Әуезов,
С.Сейфуллин, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин және т.б. тексерулері
арқылы жазылған болатын. Ертегі мен аңыздар арасына шек қойылмастан қаралып
келгендігін көп томдықтар анық көрсетеді. Ертегіден аңыздыбөлек қарауға
тырысқан зерделі ойлар А.Байтұрсынов (2, 232 – 234), Х.Досмұхамедұлы
(3,26), М.Ғибдуллин (4), Ә.Қоңыратбаев (5,73-97), Ә.Марғұлан (6)
еңбектерінде дамытылды.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Уақатов Б. Қазақ халық өлендері.-Алматы, 1974.
2. Қазақ әюебиеті тарихы. 1т., 1кіт. –Алматы,1960.
3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.-Алматы,1974.
4. Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті: (христоматия)Алматы,1990.
5. Затаевич А.В. 1000 песен киргизского. –Оренбург,1925.
6. Ахметов З. Казахского стихосложение.-Алматы,1964.
7. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы.-Алматы,1983.
8. Ерзакович Б.Г. Песенная культура казахского народа.-Алматы, 1966.
9. Абылқасымов Б. Жанр толғау в казахский устной поэзии.-Алматы,1984
10. Сейдімбеков А. Мың бір маржан.-Алматы,1989.
11. Досмұхамедұлы Х. Аламан.-Алматы,1989.
12. Досмұхамедұлы Х. Аламан-Алматы,1991.
№3 Тақырыбы: Қазақ халық өлеңдерінің жиналуы мен зерттелу тарихын білу.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ халық өлеңдерінің жиналуы мен зерттелуі туралы мағұлмат беру.
Сабақтың мазмұны: Бұл мәселеде халық поэзиясының ерте дәуірдегі хатқа
түскен үлгілері М.Қашқари еңбегңнен бастап, ХІХ ғасыр басындағы А.Левшин,
В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев ,
М.Ж.Көпеев, Ә.Диваевтардың жазып алғандарын атап, бұл мәселеде
Ш.Уәлиханов, В.В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуіне назар аударылады.
Сөйтіп қазіргі зерттелу жайы мен клиссификациялаудың мәселелері
А.Байтұрсынв, Х.Досмұхамедов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Уақатов,
Ә.Қоңыратбаев еңбектерін негізге алып, бүгінгі таңда Ш.Ыбыраев,
Б.Абылқасымов, К.І.Матыжановтардың жаңаша жіктеулері баяндалады. Олардың
төмендегідей түрлерге жіктелетіндігіне назар аударылады. Бірақ лирикалық
өлең сандаған тақырыптарды қамтып, адамның ішкі жан дүниесіне үңілумен
дараланады. Тарихи өлеңдер – белгілі бір болып өткен оқиғаға деген ақынның
сол сәттегі көзқарасы. Ашу-ызасы арқылы жедел туатын жанр. (Елім-ай,
Сарыарқамен қоштасу, Еділмен қоштасу, Аманат т.б.). Өлеңдік қорға бай халық
шығармашылығы қара өлең, ән өлеңдер арқылы дараланады. Бұлардың айтушылары
ақындар екендігі, оның он бір буынды болып келетіндігі негізге алынады.
Шумақтар төрт тармақтан тұрып, алғашқы екі тармақ және соңғы тармақтай
ұқсасқа құрылады.. Соңғы тармақтар белгілі бір айтылатын ойды тиянақтайды.
Жалпы халық лирикасынан сол өлең тудырған ұлттық эстетикалық дүниетанымы
көрінеді.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері.
–Алматы,1976
2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. -*Алматы,1985.
3. Уәлиханов Ш. Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы, 1991.
4. Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы, 1988.
5. Байтұрсынов А Шығармалар –Алматы,1989.
6. Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы, 1991.
7. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. –Алматы, 1974.
8. Тал бесіктен жер бесікке дейін. –Алматы, 1996.
9. Қазақ бақсы – балгерлері. –Алматы,1993.
10. 16.Сейдеханов К. Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы.
–Алматы,1974.
№4 Тақырыбы: Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдерінен мағұлмат беру.
Сабақтың мазмұны: Қазақ фольклорын қалыптасу, даму кезеңдері рулық
қоғам, феодалдық қоғамдағы қарым-қатынастардан бастау алады. Басты
жасаушылары бақсы-балгер, жырау-жыршы, ақындар мен сал-серілер болған.
Жаратылыс туралы ұғымдар мен тұрмыс-тіршіліктің тәжірбиелері орнығуы арқылы
отбасылық ғұрып фольклоры қалыптасып, үздіксіз дамуға бет алған. Жалқыдан-
жалпыға өсудің фольклордағы арқауы ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер,
күрделі эпостық жырлар мен тарихи өлең, жырлар арқылы жалғасты. Сөз өнерін
тікелей қалыптастырушы ақын, жырау-жыршылар өз орны мен қызыметін
белгіледі. Ғасырдан-ғасырға ауысқан құңды қазыналардың жүйелі жинақта –лып,
баспасөз беттерінде жариялануы және басқа халықтар тілдеріне аударылуы
қазақ елінің Ресейге жақындасуына тұспа-тұс келді. Бұл мәселеде Европа
оқымысты, саяхатшылары мен ғалымдарының қазақ фольклорына қосқан үлесі
А.Левшин, В.В.Радлов, Г.Н.Потнин, Ә.Диваев т.б. еңбектерінен көрінетіндігін
ескеруге тиіспіз. Ал, жалпы Қазақстан Россияның боданы болуына байланысты
ел басына түскен ауыртпалықтар да фольклорға жаңа тақырыптар қосты. 1916
жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, жұмысшы фольклоры, лирикалық өлеңдер пайда
болды.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы, 1991.
2. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. –Алматы, 1974.
3. Тал бесіктен жер бесікке дейін. –Алматы, 1996.
4. Қазақ бақсы – балгерлері. –Алматы,1993.
5. 16.Сейдеханов К. Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы.
–Алматы,1974.
№5 Тақырыбы: Тұрмыс-салт жырлары.
Сабақтың мақсаты:
1. Тұрмыс- салт жырларының зерттелуі мен түрлері
Сабақтың мазмұны: Тұрмыс–салт жырлары мен отбасылық ғұрып фольклорына
қатысты өлеңдердің түрлеріне тоқталдық. Аталған халық поэзиясының өзінен-ақ
фольклордың көп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігін танығамыз. Отбасылық
ғұрыпқа және тұрмыс-салтқа қатысты өлеңдерде көбіне наным-сенім, үй-іші
тіршілігі мен әдет-салттары айырықша көрінеді екен. Халық өлеңдерінде алуан
түрлі тақырыптарда орындалып, адамның ішкі жан сезіміне қатысты туындаған
лирикалық өлеңдерде бар. Олар көбінесе белгілі бір әуенмен орындалып,
адамның көңіл-күйін, мұң-шері мен қуанышын айырықша ырғақты әуенмен
жеткізеді. Халық лирикасын негізінен төмендегідей жанрларға жіктейміз.
Қазақ халық өлеңдерінің жиналуы мен зерттелу тарихын білу.
Бұл мәселеде халық поэзиясының ерте дәуірдегі хатқа түскен үлгілері
М.Қашқари еңбегңнен бастап, ХІХ ғасыр басындағы А.Левшин, В.В.Радлов,
Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев , М.Ж.Көпеев,
Ә.Диваевтардың жазып алғандарын атап, бұл мәселеде Ш.Уәлиханов,
В.В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуіне назар аударылады. Сөйтіп қазіргі
зерттелу жайы мен клиссификациялаудың мәселелері А.Байтұрсынв,
Х.Досмұхамедов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Уақатов, Ә.Қоңыратбаев
еңбектерін негізге алып, бүгінгі таңда Ш.Ыбыраев, Б.Абылқасымов,
К.І.Матыжановтардың жаңаша жіктеулері баяндалады.

13. Қазақтың қазіргі халық поэзиясы.-Алматы,1973.
14. Қазақ тарихи жырларының мәселері.-Алматы,1979.
№6 Тақырыбы: Мақал – мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
1. Мақал – мәтелдер туралы түсінік
Сабақтың мазмұны: Қазақ мақал-мәтелдеді ерте дәуірден қалыптасып, ауыз екі
сөйлеу тілімізде дамып келе жатқан жанр. Оның басты дәлелі көне дәуір
ескерткіштеріндегі Қорқыт мұраларынан, М.Қашғаридің Дивани лұғата-ат
түрік, Кодекс Куманикусте қазіргі қазақ мақалалары жиі ұшырасады. Қазақ
мақал-мәтелдері ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап, баспа жүзінде жарық көре
бастаған. Бұл істе орыс ғалымдары: В.В.Радлов, М.Терентьев, Ф.Плотников,
Н.И.Гродеков, А.В.Васильев, Н.Н.Пантусов, В.Катаринскмй т.б. елеулі
жұмыстар жүргізеді: Сондай-ақ, даңқты тұлғаларымыз Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар қазақтың даналық ой-қортындыларын мақал-
мәтелдер арқылы пайымдауға тырысқан. 1876 жылы Ақмола облыстық
ведомостілерінде жүз елуге жуық қазақ мақала басылған. Бұлар төмендегі
тақырыптарды қамтыған:
1) Құдайға, дінге көзқарас; 2) Ұят, ар, адамшылық туралы;
2) Үкімет, үкімет тағайындаған ел басшылары, заң туралы;
3) Дүние, қоғам туралы; 5) Үй іші, )туысқандық туралы;
6) Жеке адамдар туралы; 7)Табиғат, әлемге көзқарас туралы.
Бұндай істер сол кезеңдегі шығып тұрған газет-журналдар да жалғасып
жатқан. Ең көп қазақ мақалдарын жинақтаған В.Катаринский болатын. Оның
жинақтаған мақалдары 20 дан астам тақырыпты қамтыған, халықтың өткенін
танып білуге құңды жинақ деп бағалауға болатын еңбек еді.Бұл мәселеде
Ә.Диваев, М.Ж.Көпеевтің істері айтарлықтай. Қазақтың мақал-мәтелдері бұдан
кейін 1935,1951,1957 жылдары бірнеше рет жинақ болып жарық көрді. Бұған ұлы
Абай, Ыбырай және т.б. өлеңдері мақал-мәтелге айналып кеткендігі дәлел
болады. Мақал мен мәтел халықтың еңбек және әлеуметтік өмір тәжірбиесінен
алынған білімнің жиынтығы. Мақалдар аз сөзге көп мағына сіңірген, тәрбиелік
жағынан өсиет, ереже, этикалық, моральдық нормалар іспеттес. Күнделікті
өмір және жазба әдебиетінің өзінде мақал-мәтелдер араласпаса сөздің дәмі
кірмейді.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері.-Алматы,1959.
2. Қазақ әдебиеті тарихы. Іт. кіт.,-Алматы,1960.
3. Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті.-Алматы,1974.
4. Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті.-Алматы,1990.
5. Қазақтың халық жұмбақтары.-Алматы,1959.
6. Қазақтың мақал-мәтелі.-Алматы,1980.
7. Адамбаев Б. Халық даналығы.-Алматы,1976.
8. Әлімбаев М. Жұмбақтар.-Алматы,1978.
9. Әбжанов М. Қазақ халқының жұмбақтары.-Алматы,2000ж.
№7 Тақырыбы: Жұмбақтар
Сабақтың мақсаты:
1. Жұмбақтардың зерттелуі туралы мағұлмат беру.
Сабақтың мазмұны: Қазақ фольклорының бір саласын – жұмбақтар құрайды.
Жұмбақтардың жиналуы көне дәуірлерден басталып, орыс ғалымдары В.В.Радлов,
А.Лю--, П.М.Меморанский, Ә.Диваев т.б. еңбегімен жалғасқан. Алғаш рет
Т.А.Сейдалин мен С.А.Жантөрин 1875 жылы –Қыз Болық пен Елентай атты
жұмбақ айтысты орыс аударып бастырады. Бұл айтыс жұмбақтарын 1885 жылы
Қырғыздың эпикалық поэзия нұсқалары атты жинақта П.Н.Распопов екінші рет
бастырған. Қазақ жұмбақтарын ғылыми түрде зерттеп, көп жинақтаған А.Лют-
Қырғыз хрестоматиясы атты 1883 жылы Ташкентте шыққан кітабында 130 жұмбақ
жарияланған. ХІХ ғасырдың екінші жарытысында П.М.Меморанский, Ә.Диваев,
М.Иванов, А.В.Васильев қазақтың жұмбақтарымен жұмбақ айтыстарын сол кездегі
газет-журналдар бетіне шығарып отырған. Бұлардың ішінде Қожахмет пен
Әубәкір, Сапарғали мен Нұржан және қыз бен жігіттің жұмбақ айтыстары бар.
Қазақ жұмбақтарын мазмұны жағынан қарағанда, өзге де көп халықтардағы
сияқты бірнеше үлкен тақырыптарға бөлуге болады: бірінші-жаратылыс, екінші-
адам, үшінші-жасанды зат, төртінші-еңбек, бесінші-білім жайында т.б. болып
жіктеле береді. Мұның өзі халқымыздың дүние тану, ой-өрісі, тапқырлығын
дәлелдей түседі. Оның нақты дәлелін төмендегі жұмбақтар анықтай түседі:
Жылт-жылт еткен, жырадан өткен (су), Үлпершекке қан құйып, үріп талға
байладым (қарақат), Асты тақта, үсті тақта, ортасы жасыл мақта (пісте),
Зер-зер кілем, зер кілем, көтерейін десем зор кілем (жер), Ай далада ақ
отау (жұмыртқа) т.б. Бұл жұмбақтардың бәрі бір затты бір заттқа ұйқастырып
көркем сурет береді. Жұмбақ мереке, сауық үстінде айтылатып қана қоймай, ол
тер ой шығармасы түрінде де айтылады. Айталық; бір кезде даналықты,
кемеңгерлікті жұмбақпен сынау әр жұрттың салты болған. Оның ішінде шешен,
дана болатын жігітті сынау елдің ескі әдеттерінің бірі. Күйеу таңдаған сұлу
бойжеткендер де жігіттерд жұмбақ арқылы сынаған.
Пайдаланатын әдебиеттер:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz