Математикалық сауаттылық есептері тақырыбындағы 5 сыныптарға арналған элективті курс


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Математика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
«Математикалық сауаттылық есептері» тақырыбындағы 5 сыныптарға арналған элективті курсАвторы: Симбекова Мадина Ермековна
МиИ-421 тобының студенті
Қарағанды 2021
Бағдарламаның түсіндірме жазбасыКурстың міндеттері:Математика пәні бойынша 5 сыныпқа арналған элективті курс білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және шешім қабылдауды, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Курсты оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған.
Элективті курс оқушылардың білім- біліктілігін ғана дамытпай, оларға логикалық, эвристикалық ойлау қабілетін дамытуға жағдай туғызады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты тапсырмаларды және практикалық жұмыстар пайдалану, ол тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі - олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі келесі кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Элективті курс жоспарына оқушылардың функционалдық сауаттылығын нығайтып, математикада алған білімдерін практикада қолданып, математикалық сауаттылық бойынша оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын арттыруға арналған есептер мен тақырыптардың мол қоры жинақталған және қосымша сабақ жоспарларының жиынтығы ұсынылады.
Курстың мақсаты: Математиканың күнделікті өмірдегі маңызы мен қолданысын толық қамту үшін натурал сандар тізбегі, натурал сандар теориясындағы бӛлінгіштік, жай бөлшектер тізбегі, мәтінді есептер, пайыз, фигуралар тақырыптарына сай есептер шығару арқылы білімді практикада қолдану дағдысын дамыту.
- оқушының математикаға қызығушылығын өзінің ізденісі арқылы қанағаттандыруы және күнделікті өмірде математиканы қолдану дағдысының қалыптасуы;
- практикалық мазмұнды есептерді шығару арқылы мамандыққа бағдарлау;
- математикадан теориялық білімін практикамен байланыстыру;
- есеп шығару дағдысын дамыту.
Курс аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағатқа жоспарланған.Курстың оқыту жоспары 5-ші сыныпта 6 бөлімнен тұрады.
5-сыныпқа арналған курстың мазмұндық бөлімі келесі тараулардан тұрады: 1. Натурал сандар тізбегі
Натурал сандар қатары, Гаусс әдісі, санды және әріпті өрнектерді ықшамдау, мәнін табу, оригами жасау.
- Натурал сандар теориясындағы бөлінгіштік
Бөлінгіштік белгілері, 2-ге, 3-ке, 5-ке, 6-ға, 9-ға, 10-ға бөлінгіштік белгілері, бидондағы сұйықтар, адамдардың жасына байланысты есептер, кестелік логикалық есептер, іріктеу арқылы шығатын есептер
- Жай бөлшектер тізбегі
Бөлшектерден тұратын тізбектер, жай бӛлшектердің негізгі қасиеті, жай бӛлшектерді салыстыру, жай бӛлшектерге амалдар қолдану, жай бӛлшектердің қолданылуы, заңдылыққа байланысты есептер, арифметикалық ортаға байланысты есептер, сандар теориясына қатысты есептер.
- Мәтінді есептер
Санның бөлігі, бөлігі бойынша санды табу, бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер, логикалық есептер, ондық бӛлшектер тізбегі және құрастыру, қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға берілген есептер, сюжетті логикалық есептер, Эйлер-Венн дӛңгелегі арқылы шығатын есептер.
- Пайыз
Санның пайызы, пайызы бойынша санды табу.
- Фигуралар
Бағдарламаның өзектілігіРебустар, шырпы таяқшаларын қозғау, кеңістіктегі фигуралар, текшеге байланысты есептер, параллелепипед және оның жазбасы, фигураларды қиюға және құрастыруға берілген есептер.
Курс барысында көмекші құрал ретінде видеосабақтар топтамасы жасалған.
Ұсынылып отырған сабақтар мектеп оқушыларына қолжетімді және жеке әзірленуге мүмкіндік берілген.
Бағдарламаның жаңалығыХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні - заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Сондықтан да қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда терең білім мен іскерліктің болуын, олардың ӛзіндік ізденісін, жеке шығармашылығын, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын
көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін кӛрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
Сонымен қатар проблемаларды өнертапқыштықпен шешу теориясы ерекшеліктерін дамыту және проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясын пайдалану, оқу курсы мазмұны арқылы өз білімін толықтыру мен бағдарламаның құрамдас бӛліктерін өздігінен қолдана білу қабілетін, білім алушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек.
Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген. Бөлімдер бөлімшелерге бӛлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер: дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктер түрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген.
- оқу бағдарламасына сай математикалық сауаттылық есептерінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай берілуі;
- шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған қалыптастырушы тапсырмалар мен дескрипторлардың берілуі;
- тақырып бойынша практикалық жұмыстардың берілуі;
- мысалдар мен зерттеулер жасай отырып, қорытынды шығаруға дағдылануы;
- өз жұмыстарын интернет желісі арқылы ұсына алуы;
- күнделікті тұрмыста өмірлік қажеттіліктерге, сұраныстарға байланысты есептердің берілуі;
- заманауи оқытуға, яғни оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырып, дамытуға негізделген.
- әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;
- есептерді шешу мақсатында білім алушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;
- өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-
әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
- практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну;
- логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру;
- өмірмен байланыстыру;
- шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
Бағдарламаның ерешелігі факультатив тақырыптары 5 сынып математикасының негізгі курсымен тығыз байланысты, қиындығы жоғары, фукнционалдық сауаттылық есептерін шығаруды меңгертуге негізделген. Өз бетімен орындау үшін шығармашылық тапсырмалар оқушыны ізденіске бағыттайды.
Бағдарлама құрылымы концентрлі, яғни 5-сыныптағы тақырып 6- сыныпта да оқытылады. Оның маңыздылығы-оқушы білім алудың әр басқышында бірдей материалды игергенімен, берілетін білімнің қиындық деңгейіне байланысты. Сонымен қоса математикалық сауаттылық тақырыптарын жүйелі оқыту және жас ерекшеліктеріне тӛменгі сыныптан бастап ҰБТ-ге дайындау, оқытылатын теориялық білімдердің күнделікті тұрмыста да пайдаланылатынына көз жеткізу - курс бағдарламасының басты идеясы.
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР 5-СЫНЫП
№
Тақырып
Саға т саны
Сабақ түрі
Натурал сандар тізбегі
Натурал сандар қатары
1
лекция
Гаусс әдісі
1
лекция
практикум
Санды және әріпті өрнектерді ықшамдау, мәнін табу
2
лекция
практикум
Оригами
1
практикум
Қорытынды сабақ №1
1
қорытындылау
Натурал сандар теориясындағы бөлінгіштік
Бөлінгіштік белгілері
2
лекция
практикум
Бидондағы сұйықтар
1
лекция
практикум
Адамдардың жасына байланысты есептер
1
лекция
практикум
9.
Кестелік логикалық есептер
1
лекция
практикум
10.
Іріктеу арқылы шығатын есептер
1
лекция
практикум
11.
Қорытынды сабақ №2
1
қорытындылау
Жай бөлшектер тізбегі
12.
Бөлшектерден тұратын тізбектер
1
лекция
практикум
13.
Жай бөлшектердің негізгі қасиеті
2
лекция
практикум
14.
Жай бөлшектерді салыстыру.
2
практикум
15.
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
2
практикум
16.
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
2
практикум
17.
Жай бөлшектердің қолданылуы
2
практикум
18.
Заңдылыққа байланысты есептер
2
практикум
19.
Арифметикалық ортаға байланысты есептер
1
практикум
20.
Сандар теориясына қатысты есептер
2
практикум
21.
Қорытынды сабақ №3
1
қорытындылау
Мәтінді есептер
22.
Санның бөлігі
2
лекция
практикум
23.
Санның бөлігі
1
практикум
24.
Бөлігі бойынша санды табу
2
лекция
практикум
25.
Бөлігі бойынша санды табу
1
лекция
практикум
26.
Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына
берілген есептер
2
лекция
практикум
27.
Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына
берілген есептер
1
практикум
28.
Логикалық есептер
2
практикум
29.
Логикалық есептер
1
практикум
30.
Ондық бөлшектер тізбегі және құрастыру
2
лекция
практикум
31.
Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға берілген
есептер
2
лекция
практикум
32.
Сюжетті логикалық есептер
1
лекция
практикум
33.
Эйлер-Венн дөңгелегі арқылы шығатын есептер
2
лекция
практикум
34
Қорытынды сабақ №4
1
қорытындылау
Пайыз
35
Санның пайызы
2
лекция
практикум
36
Санның пайызы
1
практикум
37
Пайызы бойынша санды табу
2
практикум
38
Қорытынды сабақ №5
1
қорытындылау
Фигуралар
39
Геометриялық фигураларды салу және кескіндеу
1
практикум
40
Шырпы таяқшаларын қозғау, ребустар
2
практикум
Кеңістіктегі фигуралар
2
практикум
Текшеге байланысты есептер
2
практикум
Параллелепипед және оның жазбасы
2
практикум
Фигураларды қиюға және құрастыруға берілген
есептер
2
практикум
Қорытынды сабақ №6
1
қорытындылау
Барлығы
68 сағат
білу керек:Факультативтік курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:
- математикалық сауаттылық есептерінің күнделікті тұрмыстық мәселелерде қолданылуын;
- өлшеуге, қозғалысқа, құюға берілген есептерді, ребустар мен сөзтізбе құрастыру және шығару;
- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын;
- сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін білу.
- практикалық есептерді шешуде математикалық білімін қолдану;
- жасап көру арқылы қорытынды шығаруға дағдылану;
- мүмкін варианттарды графтар, схемалар және кестелер арқылы таңдау;
- логикалық есептерді шешуде тәсілдерді, берілгендерді салыстыру, схемалар және кестелер арқылы, яғни мүмкін варианттарды таңдау;
- геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралардың қасиеттерін қолдану.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz