Мотоатқыш бөлімшесін ұйымдастырылуы және ұрыстық мүмкіндіктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мардан Сапарбаев институтының Парасат колледжі ЖМ

Реферат

Мотоатқыш бөлімшесін ұйымдастырылуы және ұрыстық мүмкіндіктері

Орындаған: Бетуганова О
Тобы:БСО 21-1
Қабылдаған: Камбаров А.А.

Жоспары:
Мотоатқыш бөлімшесі
Ұйымдастырылуы мен ұрыс әрекеті
Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер
Мотоатқыш бөлімшенің қарулары

Мотоатқыш бөлімшесі
Мотоатқыш бөлімшелері тактикалық бөлімше болып табылады. Ол мотоатқыш бөлімінің негізін құрайтын және жалпы әскери бөлімше болып табылатын мотоатқыш взводына кіреді және жалпы әскери бөлімше болып табылады.
Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшенің құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-жүргізуші, пулеметші, гранататқыш, гранататқыштың көмекшісі, аға атқыш және атқыш болады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы қол гранататтары болады.
ЖҰМ - бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және қозғалысқа (жылжуға) арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз жерлерден, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы өтеді. ЖҰМ атомға қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған .
Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшырауға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез-келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе және жоғары қарқынмен шабуылдай алады.
Ұйымдастырылуы мен ұрыс әрекеті
Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.
Жорық реті - бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Ол қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын, ұрысқа кіру мен ұрыс реттеріне тез жазылуды, сондай-ақ жеке құрам күшін, машиналар мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті - лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-нда, (БТР, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық реті лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті бір лек немесе екі лек бойынша, ал взводтың жорық реті - үш лек немесе екі лек бойынша жасалады .
Ұрысқа кіру реті - маңдай шеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас қорғанысы тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез екпінінде қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез өтіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып оның жорық реті - лек саналады; Жаяу ретпен қимылдайтын мотоатқыштар взводы үшін - маңдай шеп пен тереңдікте бір-бірінен 100 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тактикалық дайындық» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Казіргі заманғы ұрыс сипаты
Жарықшақты қол гранаталары
Барлау
Шабуылдың мәні
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жастарды бастапқы әскери даярлау
Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық
Қарулы Күштер тылы
Әскери психология
Пәндер