Мәдениет семиотикасы және анатомиясы туралы деректер


Мәдениет семиотикасы.
Мәдениет анатомиясы.
1) Мәдениеттің негзгі рәміздері.
Мәдениет- ақыл-ой, көркем мәдениетпен шұғылдану, өзін-өзі ұстау формаларымен тікелей байланысты іс-әрекеттің ерекше формасы және сферасы. Мәдени рәміздер- ең көне және әмбебап қарым-қатынас құралы. Мәдени рәміздер өткен халықтардың тарихы жайлы сыр шертіп, өткен мен бүгінді байланыстыруға көмектеседі
2) Ежелгі көшпенділердің қоғамдағы салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдері сондай-ақ ділі, тілі ежежі антикалық авторлардың қолжазбасында үзік-үзік берілген. Сақтар (скиф) өз территориясында ерекше көшпенді тұрмыс-салтын қалыптастырғанын табылған көне ескерткіштерден көреміз.
3) Миф - 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет Миф философиясын Дж. Вико (1668 - 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды
4) [13:51, 17. 09. 2021] Нурдаулет: Өнер - көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады.
5. Саяси символ (гр. Symbolon - белгі) - саяси қатынастар субъектілері арасындағы байланыс қызметін атқаратын белгі. Бұл саяси мәдениеттің элементі.
Саяси рәміздердің негізгі түрлеріне мемлекеттік (ту, елтаңба, әнұран), процедуралық (таққа отыру, ұлықтау, ант), насихат (плакаттар, парақшалар), графикалық (түрлі -түсті белгілер, эмблемалар, ордендер, медальдар, сертификаттар), мүсіндік және архитектуралық (ескерткіштер, мүсіндер) және т. б.
6. . Мәдениет-әрбір халықтың ғасырлар бойы қордалап, сұрыптап, електеп өткізіп жинақталған материалдық және рухани қазынасы, игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, діні, тілі, танымдық айшықтары, көзқарастар жүйесі, халықтың өзіндік ұлттық қабілеті, басқа халықтардан айырмашылығы және өзін әрі қарай өркендететін қайнар бұлағы. Ол адамдардың рухани өмірінің барлық саласын қамтиды және көркемдік, эстетикалық, тағылымдық, танымдық өрнектері арқылы өзін әлемге паш етіп отырады.
Мәдениеттің түрлері:дін, құқық, өнер, саясат, ғылым, мораль.
Адамның мәдени қызметтерінің барлық түрлерінің ішінде діннің маңызы орасан зор.
Құқық - мораль, саясат, экономика, өнер сияқты мәдениеттің ажырамас бөлігі.
Өнер - мәдениеттің ерекше жеткілікті дербес және төтенше маңызды саласы. Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі.
Ғылым - адам қызметінің және мәдениеттің саласы. Оның міндеті ақиқат туралы объективті білімдерді әзірлеу және теориялық жүйелеу болып табылады.
Мораль - қоғамдық сананың көне формасы. Ол дін, өнер пайда болғанға дейін сонау алғашқы қауымдық қоғамда пайда болды.
Этикет(әдеп) - адамның өзін - өзі ұстауының маңызды құрамдас бөлігі. Ол талапқа негізделеді, қатаң белгіленген рәсімдік сипатқа ие болады. Оны сақтауда өзін - өзі ұстаудың белгіленген түрі маңызға ие болады.
7. Дін - қоғам өмірінің ерекше рухани саласы. Дін - адамдардың Жаратушыға сенім-нанымдарын білдіретін және сол Жаратушыны тануға арналған ілімдер жүйесі. Дін - жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы- мейлінше аумақты, көп нәрселерді қамтитын кең ұғым.
Діннің жалпы ғылыми анықтамаларын былай беруге болады.
Дін - жоғарғы жаратушы және өмір сүруші күшке табынуға негізделген мистикалық көзқарастардың бірлігі ретіндегі қоғамдық сананың формасы.
Діни наным-сенімнің алғашқы формалары: анимизм, фетишизм, тотемизм, пантеизм және т. б.
Анимизм - заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.
Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi.
Тотемизм - ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz