Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Тарау Әлеуметтік.экономикалық жүйенің аймақтық астары
1.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Аймақтардың әлеуметтік.экономикалық артта қалуының ерекшелікері ... .12

II Тарау Қазақстан аймақтарының дамуындағы негізгі үрдістер
2.1 Әлеуметтік және экономикалық аймақтық ассиметрия ауқымы ... ... ... ...17
2.2 Аймақтық әлеуметтік.экономикалық дамудағы диспропорцияның күшеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді.
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қаратырылуда. Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету – мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлесіп, олардың ұштастырылуын көздейді [1],
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Г.С.Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», Алматы, Экономика., 2005
2. «Ақиқат» журналы., №11-1998
3. Қоғам және дәуір - №4 (4) 2004
4. Мәуленова. С.С, Бекмолдин С.Қ, Құдайбергенов Е.Қ Экономилық теория, Оқу құралы, - Алматы, 2003
5. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов, «Әлеуметтану», Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы; 2003.
6. Тажин М., Аяғанов Б. «Социология негіздер» Алматы, 1993
7. Тұрғынбаев Ә.Х. «Социология» Алматы, 2001
8. Әбсаттаров Р.Әлеуметтану – Алматы, 2002
9. Әлемді әлеуметтану антология Аламыт 2006
10. Тажин М., Аяғанов Б. «Социология негіздер» Алматы, 1993
11. Жалпы әлеуметтану лекциялар курсы Шымкент, 2004
12. Оданова Р.К «Социология тарихы және теориясы», Шымкент, 2005
13. Ә.И Икенов, А.Д. Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы, 2004
14. Рахметов Қ.Ж, Болатова А.Н, Исмағамбетова З.Н, «Социология» Алматы 2005
15. Социология. Ж. Сарсенова. Алматы. 1998.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------------3
I Тарау Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
1.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы---------------------------- -----------
----------4
1.2 Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық артта қалуының ерекшелікері-----12
II Тарау Қазақстан аймақтарының дамуындағы негізгі үрдістер
2.1 Әлеуметтік және экономикалық аймақтық ассиметрия ауқымы---------------
17
2.2 Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамудағы диспропорцияның күшеюі--------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------20
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------23
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
-------------25
Сілтемелер------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------26

Кіріспе
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі
соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-
экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған
орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу
мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі
бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық
бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды
орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік
шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып,
жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару
мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару
тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер
қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет
тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай
келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және
шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу
міндеттерін жүктейді.
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге
асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып
табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері
арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу
мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін
негізгі шарттар ретінде қаратырылуда. Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің
негізгі мақсаты – аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер
жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып
табылады. Көздеген мақсатқа жету – мемлекеттік және аймақтық мүдделердің
бірлесіп, олардың ұштастырылуын көздейді [1],
I Тарау Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
1.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы.
Республикамызда соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды
дамытуға, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік
жағдайын, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге,
отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға,
өнеркәсіпті, ауыл шаруашлығын, айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар
кешені жүзеге асырылуда. Соның нәтижесі ретінде 2003 жылы 2002 жылмен
салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі Қазақстанның барлық
аймақтарында байқалады. Ең көп өсуге Қызылорда облысында (18.7 %) қол
жеткізілсе, ең аз өсу Атырау облысында ( 0.3 ) орын алды. Өнеркәсіп
өндірісінің орташа республикалық деңгейі еліміздің 11 аймағында асып түсті.
Ауыл шаруашылығы саласына келер болсақ, 2003 жылғы бағалау бойынша тұтастай
республикада ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен
606,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылғы тиісті кезеңдегіден 1,4 % артық.
2003 жылы жалпы аймақтық өнім халықтың жан басына шаққанда 266,9 мың
теңгені құрады, оның ең жоғары көлемі Атырау (1099,4 мың теңге), Маңғыстау
(566,5 мың теңге) облыстарында және Алматы (625,7 мың теңге) мен Астана
(510,6 мың теңге) қалаларында байқалады. Негізгі капиталға салынған
ининвестициялар 2002 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға артқан. Инвестицияның
өсуі республиканың 13 аймағында байқалып отыр. Осы келтірілген деректер
аймақтар экономикасын дамытуға қатысты іске асырылған шаралардың бірқатар
оң нәтижеге жеткізгендігіне дәлел бола алады. Республикамыздың кең байтақ
аумағы мен оның әрбір аймағының өзіндік ерекшеліктері, олардың экономикалық
әлеуеті, республикалық еңбек бөлінісіндегі орны, әлеуметтік-экономикалық
даму деңгейі нарықтық қатынастарға өткелі бері жүргізіліп жатқан
реформалардың нәтижесінің әркелкі болуын тудырды. Қазіргі кезеңдегі
Қазақстан аймақтарының әкімшілік-аумақтық құрылымы мен негізгі
сипаттамаларын келесі кесте (3-кесте) деректерімен бейнелеуге болады.
Осы кесте мәліметтерінен байқалып отырғанындай, республика аймақтары
негізгі көрсеткіштері (аумағы, халқы, олардың орналасу тығыздығы, барлық
халық санындағы облыс халқының үлесі және т.б.) бойынша да бір-бірінен
айтарлықтай ерекшеленеді. Сондай-ақ әрбір аймақтың өзінің маманданған
саласы бар.
Жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымына талдау жасау аймақтар
бойынша мамандану деңгейін сипаттауға мүмкіндік берді.
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, аграрлық сектор Солтүстік Қазақстан
(36,2 %), Ақмола (31,3 %), Алматы (24,6% ), Қостанай (22,5 %), Жамбыл (20,8
%) және Оңтүстік Қазақстан (17,1 %) облыстарының экономикасында елеулі рөл
атқарады. Өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған аймақтар қатарына Маңғыстау (64,5
%), Қарағанды (53,3 %), Қызылорда (48,1 %), Павлодар (47,4 %), Атырау (41,9
%) және Шығыс Қазақстан (40,5 %) облыстарын кіргізуге болады. Құрылыс
жұмыстарының көлемі Астана қаласында (16,7 %), Батыс Қазақстан (16,3 %),
Атырау (14,2 %), Қызылорда (12,7 %), Жамбыл (8,9 %) және Ақтөбе (8,2 %)
облыстарында республикалық деңгейден асып түскенін кесте деректері көрсетіп
отыр. Сауда, көлік, байланыс, білім, денсаулық сақтау және халыққа
қызмет көрсететін экономиканың басқа салалары кіретін қызметтредің жиынтық
үлесі республика бойынша тұтастай 52%-ды құрайды. Қызмет көрсету салалары
Астана және Алматы қалаларында басымдылыққа ие.
2003 жылдың алынған құрылымына сәйкес аймақтарды үш топқа бөлуге
болады. Жалпы аймақтық өнімнің үштен бір бөлігі (30,8 %) ЖАӨ-нің 10%-ынан
астамын өндіруші аймақтарды біріктіретін бірінші топқа келеді – бұл Алматы
қаласы (18,2 %) және Атырау (12,6 %) облысы. Екінші топқа алты аймақ
кіреді, олардың ЖАӨ-дегі үлесі 5%-дан асады. Үшінші топқа сегіз аймақ
жатады, олардың жалпы аймақтық өнімнің тұтас көлеміндегі үлесі 5%-дан
аспайды.
Аймақтар дамуының қазіргі жағдайын саралау олардың дамуының
экономикалық қауіпсіздігін бағалауды талап етеді.
Аймақтың экономикалық қауіпсіздігі – аймақ экономикасының оның
дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын
қамтамасыз етуге қабілеттілігі, халықтың өмір сүру сапасын жоғары
әлеуметтік стандарттар деңгейіне жеткізу, табиғат ресурстарын ұтымды
пайдалана отырып, ішкі және сыртқы қауіптердің ықпалына қарсы тұру. Демек,
аймақ экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұтас ел экономикасы
өркендеуінің негізгі шарттарының бірі деп тұжырымдауға болады. Осыған
байлавнысты экономикалық қауіпсіздіктің қатерлерін аймақтық деңгейде
анықтаудың маңызы да арта түспек.
Аймақтардың саралануының күшеюі жалпы аймақтық өнім сияқты
көрсеткіштер динамикасынан көрінеді. Аймақтық дамудың саралануына
байланысты, экономикалық қауіпсіздік факторлары әрбір аймақ деңгейінде
өзінің аймақтық қауіпсіздік факторларын анықтау нәтижесінде ғылыми
негізделген шешімді талап ететін экономикалық қауіпсіздіктің ерекше
мәселелері туындайды.
Аймақтар дамуының тікелей қатерлеріне келесілерді жатқызуға болады:
- орталық және жергілікті билік органдарының арасындағы өкілеттіліктер
мен жауапкершіліктердің айқын бөлінбеуі;
- аймақтардағы реформалардың жүргізілу қарқынындағы айырмашылықтар;
- халықтың өмір сүру деңгейі мен сапсы бойынша аймақтардың саралануы;
- әлемдік нарық сұранысына сәйкес Қазақстан экономикасының салалық
және аймақтық құрылымының өзгеруі, нәтижесінде өнеркәсіптік және аграрлық
аймақтардан басым шикізат пен отын өндіретін аймақтар иерархиясы
қалыптасты;
- аймақтар дамуындағы аумақтық және салалық үйлестіру қағидасының
бұзылуы;
Барлық аймақтар үшін жалпы қатерлер:
- жұмыссыздық;
- ірі өңдеуші кәсіпорындардың тоқтап қалуы немесе толық қуатында жұмыс
істемеуі;
- экологиялық проблемалардың көбеюі;
- шағын қалалардың дағдарысты жағдайы;
Аймақ дамуының әлеуметтік қатерлері:
- жан басына шаққандағы табыстың төмен деңгейі және табыстары күнкөріс
минимумынан төмен халық үлесінің артуы. Кедейшілік шикізат әлеуеті төмен
және жұмыссыздық жоғары (Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл) аймақтар
үшін ғана тән болып отырған жоқ. Кедейшліктің күшейе түсуі мұнай өңдеу және
металлургия салаларының жоғары және орта өсу қарқындары бар және осындай
аймақтардың ауылдық жерлерінде шоғырланғаны байқалып отыр;
- халықтың жалақысының төмен деңгейі. Бес облыста – Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан – орташа айлық
жалақы республикадағы орташа деңгейге жетпейді;
- жан басына шаққандағы табыс пен орташа айлық жалақы деңгейі бойынша
аймақтардың өте саралануы (резкая дифференциация). Мысалы, Атырау
облысындағы жалақының жоғары деңгейі мен Ақмола облысындағы төмен деңгей
арасындағы айырмашылық үш еседен артық;
- аймақтар ішіндегі айтарлықтай саралану – қала және ауыл
тұрғындарының, өңдеуші және металлургия салаларында жұмыс істейтіндер мен
қалған халық табыстарының арасындағы;
- барлық аймақтарда әлеуметтік аясы (сфера) салаларының дамуындағы
жағымсыз тенденциялардың сақталуы.
Бірінші топтағы аймақтар (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Паволдар) үшін
тән қатерлер:
Аймақтардағы өнеркәсіп өндірісі құрылымының өндіруші сала жағына қарай
өзгеруі, өңдеуші сала үлесінің төмендеуі. Қара және түсті металлургия
салалары басымдыққа ие болып келеді.
Шығыс Қазақстан облысында түсті металл рудалары кен орындарының азаюы.
Қарағанды көмір өнеркәсібінің прооблемалары: жер асты көмірін
өндірудің жоғары шығындары, өнімге сұраныстың азаюы және т.б. Павлодар
көмір өнеркәсібінің проблемалары: қоңыр көмірді (лигнитті) өткізудің
тұрақты нарықтарының жоқтығы, меншік проблемаларының әлі де шешімін
таппауы.
Аймақтағы ірі кәсіпорындардың көпшілігі шетелдік компанияларға
басқаруға берілгендіктен, жалдамалы еңбекке қатысты әлеуметтік
проблемалардың туындауы.
Аймақтардың (Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан) екінші
тобына тән қатерлер:
Оңтүстік Қазақстан облысы энергия тапшы аймақтар қатарына жатқызылады.
Бұл облыста энергия ресурстары жеткіліксіз болғандықтан, тасылыпәкелінетін
көмір мен газға сүйенеді. Қажеттіліктің біршама бөлігі Орта Азия
республикаларынан импорттау есебінен қанағаттандырылады. Оңтүстік аймақ
облыстары Қырғызстан мен Өзбекстанға шығатын жалпы электр желісіне
біріктірілген. Ақтөбе облысы да Ресейден тасымалданатын электр энергиясына
тәуелді.
Жамбыл облысында өндірілетін фосфор минерал тыңайтқыштарына сұраныстың
жоқтығы.
Орташа республикалық деңгейдің 60-80 %-ын құрайтын халық табысының
төмендігі.
Аймақтардың (Атырау, Маңғыстау) үшінші тобына тән қатерлер:
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында мұнай өндіру өнеркәсібінің басымдығы;
Сыртқы факторларға, мұнайдың әлемдік нарығындағы коньюнктураның
өзгеруіне тәуелділік салдарынан аймақтың дамуындағы тұрақтылықтың
төмендеуі;
Өңдеуші өнеркәсіп жұмысшыларының табыстарымен салыстырғанда өте қарама-
қарсылығы;
Көлік коммуникацияларының дамымауы, автомобиль және темір жолдардың
тығыздығының төмендігі;
Аймақтардың (Ақмола, Алматы, Қызылорда) бесінші тобы үшін тән
қатерлер:
Қызылорда обылысының өнеркәсіп өндірісінің құрылымында мұнай өндіру
өнеркәсібінің басымдығы;
Алматы облысын электрмен, газбен жабдықтаудың тұрақсыздығы;
Алматы лблысында туризмнің төмен даму деңгейі.
Аймақтардың (Астана, Алматы) алтыншы тобы үшін тән қатерлер:
Қалалық коммуналдық шаруашылықтың материалдық-техникалық базасының
әлсіздігі;
Алматы қаласы үшін сейсмикалық және сел қаупінің болуы.
Тұрақты даму деген терминнің мәніне келер болсақ, ол экономикалық,
саяси әлеуметтік және психологиялық факторлардың кешені, осы факторлардың
үйлесуі қоғамның, аймақтың, мемлекеттің дамуын қаматамасыз ету үшін
алғышарттар жасайды.
Тұрақты дамудың негізі, оның басты көрсеткіші болып экономикалық
өсудің қарқыны, оның шамасы және тұрақтылығы саналады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда тұрақты даму мен қауіпсіздік екі түрлі,
бірақ кез келген аядағы бір-бірімен өзара байланысты жағдайлармен
сипатталады. Мұнда тұрақты даму анықтаушы болады да, ал қауіпсіздік осы
дамуды қамтамасыз етеді. Сонымен, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуді экономиканың қалыпты жұмыс істеуі мен тұрақты дамуының қажетті шарты
ретінде қарастыру керек.
Жоғарыда көрсетілгендей, қатерлер әрбір аймақ үшін ерекше және әр
түрлі әлеуетке ие. Сондықтан бұл обьективті түрде көрсетілген нақты
қатерлер факторын анықтау негізінде экономикалық қауіпсіздік қатерін терең
зерттеу, талдау және нақты аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін
бағалаудың қажеттілігін негіздейді [2].
Аймақтық шаруашылықтың жекелеген элементтерінің дамуындағы қажетті
қатынастарының бұзылуы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі артта қалушылық,
экологиялық жағдайдың нашарлауы және аймақтық ресурстарды тиімсіз қолдану
макродеңгейдегі экономикалық қауіпсіздік қатерлерін күшейтеді.
Аймақтың мамандану тұрпаты көбінесе экономикалық қауіпсіздік
факторларын анықтайды.
Аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін бағалау үрдісінде қолданылатын
көрсеткіштер мен индикаторлардың жүйесіне қойылатын талаптарды
қарастырайық:
1. Экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі бір-бірімен
байланысты болу керек;
2. Экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі экономикалық
қаупсіздіктің негізгі қатерлер тізіміне сай болуы тиіс;
3. Экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі қажетті және
жеткілікті болуы тиіс;
4. Алынған талдау нәтижелері нақтылыққа сай тексеру мүмкіндігіне ие
болуы керек;
5. Олар уақытқа сай болып, әлеуметтік-экономикалық өмірдің белгілі бір
кезеңін сипаттауы қажет;
Сандық сипаты бар мұндай көрсеткіштер төнген қауіпті алдын ала
көрсетуі тиіс. Мұндай көрсеткіштер жүйесі экономикалық ресурстардың,
өндіріс факторларының айналысы жүзеге асырылатын аймақтық жүйенің ұдайы
өндіріс сипатын бейнелейді.
Экономикалық қауіпсіздіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі аймақта бір
жыл ішінде өндірілген өнім, яғни ЖАӨ болып табылады. ЖАӨ - аймақтарда
орналасқан салалардың қосымша құндарының сомасы ретінде анықталынады.
ЖАӨ динамикасын анықтайтын экономикалық қауіпсіздіктің факторлы
көрсетікіштері еңбек, капитал және табиғи ресурстарды қолдану болып
табылады.
Аймақтардың экономикалық қауіпсіздік деңгейіне әр түрлі факторлардың
әсерін бағалау үшін талдаудың корреляциялық-регрессиондық әдісін қолдануға
негізделген экономикалық-математикалық модель құрылады. Кез келген модель
обьектінің, біздің жағдайда ЖАӨ динамикасымен анықталынатын аймақтық жүйе
үшін жасалынады.
Модельді құру негізінде аймақтарды экономикалық әлеуеті, даму деңгейі
мен мамандануы бойынша бөліп, оларды топтастырады. Қазақстанның
аймақтарының әрбір тобында аймақтық ерекшеліктеріне негізделген
экономикалық қауіпсіздігінің ерекше қатерлер кешені бар.
Республика аймақтарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында макроэкономикалық үйлесімділік (пропорциялар) пен тұрақтылықты
сақтай отырып, ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету
қажет.

1.2 Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық артта қалуының ерекшелікері
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында аймақтардың әлеуметтік-
экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі шапшаңдай түседі: жалпы қосылған
құн, жұмыспен қамтамасыз етілу, табыс, өндірістің даму серпіні және
инвестиция сияқты негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлар бойынша
аймақтар арасындағы айырмашылықтар күшейе түседі; аймақтардың аумақтық және
халықаралық мамандануында жаңа белгілер көрініс береді; көші-қон процесінде
құрамдық және жағрафиялық өзгерістер, халықтың тұрмыс деңгейі әртүрлі
болады. Басқадай айтқандай, Қазақстан экономикасының аумақтық құрамы нарық
талабына бейімделуде. Экономикалық дағдарыстан шығуы, реформаның қазіргі
кезеңіндегі республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуының тұрақталуы
көп жағдайда әр аймақтың нарыққа бейімделе білуіне байланысты.
Республиканың төрт аймағында (Қарағанды, Павлодар, Шығыс
Қазақстан және Қостанай облыстарында) 1993 жылы Республикадағы барлық ЖҚҚ
47,9% өндірілді. Ал жан басына шаққанда ЖҚҚ деңгейі төмен болып келетін үш
облыстың (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының) үлесіне ЖҚҚ
Республикалық көлемінің 14 % ғана келді. 1996 жылы аумақтық қрамында мұнай
өндіретін аймақтардың (Атырау, Маңғыстау) рөлінің күрт өсуіне қарамастан
аталған көрсеткіш бойынша республика экономикасында жетекші күйде Алматы
қаласымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстары болды [3].
1996 жылы ЖҚҚ жан басына келетін орташа республикалық көрсеткішінен
жоғары деңгейде төмендегі алты облыс – Атырау, Маңғыстау, Павлодар,
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы қаласы озып тұрды. Ал қалған
барлық аймақтарда бұл көрсеткішорта республикалық деңгейдің 85 %-нен төмен
күйде болды. Жан басына келетін ЖҚҚ көлемі жөнінен 1993 және 1996 жылдары
ең төменгі көрсеткішке Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары ие
болды.
Көптеген кәсіпорындардың аса ауыр қаражат жағдайына байланысты
аймақтар бюджетіне түсімнің азаюына оларда әлеуметтік мәселелерді шешу,
зейнеткерлік реформаны қолдау, халықтың табысын арттыру, жұмыспен
қамтамасыз ету, шағын және орташа қалалардың, шалғай аудандардың
мәселелерін шешу қиынға соғып отыр.
Даму жөнінен өте артта қалған ауылдық аудандардағы әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың нашарлағаны соншалық, тіпті оларда тұратын халықтың
былайғы жерде тірі қалуы қалай болады деген сұрақ тудырады. Ал ондай
аудандар республика территориясының жартысына жуығын (46,7%) алып жатыр, ол
Қазақстан халқының 15% тұрады. Ол аудандардың тағы бір айрықша белгісі
олардың бір ұлттың өкілдері, яғни негізінен қазақтар (87%) болып келеді.
Арал теңізі маңындағы, Семей және Капустин Яр полигондарына таяу орналасқан
экологиялық апат аймақтары болып саналатын аудандарда барлық қазақтардың
40% тұратыны белгілі.
Әлемдік тәжірибеде, соның ішінде Еуропалық қауымдастықта артта қалған
аймақтарды бөліп анықтау үшін қолданылып жүрген өлшем белгінің бірі ол
жұмыссыздық көлемі болып саналады, оның Қазақстандағы мүмкін болатын
деңгейі 4,8-5,1% деп есептеледі. Жұмыссыздықтың 5,1%-тен төмен ресми
тіркелген деңгейі Ақмола және Қостанай облыстарында байқалған. Сонымен
бірге Қостанай облысында жағдайы дұрыс орталық аудандары мен Лисаков
экономикалық еркін кеңістігін, оңтүстіктегі шаруашылығынан шырқы кеткен
аудандар, немесе Арқалық қаласымен салыстырсақ, олардағы жұмыссыздық
деңгейінен, есеп көрсеткендей, республиканың 10 аймағындағы көрсеткіш
жоғары болып отыр.Бұл көрсеткіштің шын мәніндегі нәтижелері 1999 жылғы
халық санағы кезінде анықталады.
Жұмыссыздардың әлеуметтік қорғау деңгейі төменгі күйде қалып отыр.
Республика статоргандарының дерегі бойынша 1998 жылдың шілде айының соңында
ресми тіркелген жұмыссыздар саны 268,8 мың адам болды. Ресми тіркелген
жұмыссыздардың тек 61 % ғана жәрдемақы алған, оның 37% ауыл тұрғындары.
Қазақстан азаматтарының жұмыс табу мүмкіндігі олардың тұратын жеріне
байланысты. Еңбек рыногіндегі жағдай Жамбыл облысында өте күрделі болып
отыр, онда жұмыс сұрап келгендердің 5,7% ғана жұмысқа орналастырылған,
Батыс Қазақстан -10,5%, Қызылорда – 13,0%, Алматы -19,9%, Оңтүстік
Қазақстан облысында – 20,0% адам жұмысқа орналасқан көрінеді [4].
Халықтың жан басына келетін табысы республиканың барлық аймақтарындағы
төмен деңгейде қалып отыр, оның аймақтық және әлеуметтік жіктелуі күшейе
түсуде. Экономикалық даму жөнінен алда келе жатқан аймақтарда олардың
жұмыскерлерінің (Батыс Қазақстанның мұнайшылары мен Шығыс Қазақстанның
металлургтерінің) табысы республика бойынша орта деңгейден 1,9 есе жоғары,
ал азырақ дамыған оңтүстік аймақтардың жұмыскерлерінің табысы бұл деңгейден
1,5 есе төмен.
Республиканың Қарағанды және Маңғыстау облыстары мен Астана мен Алматы
қалаларынан басқа облыстарының бәрінде де жан басына келетін орташа ақшалай
табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болып отыр. Ао оның деңгейі
ауылды жерлерде, шағын және орташа қалаларда одан да төмен.
Республика аймақтарында халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуінің
салдары ретінде демографиялық ахуалдың нашарлау және көші-қон мәселелсі
бағытының өзгеру тенденциялары байқалуда. Халықтың саны, әсіресе,
өнеркәсібі дамыған облыстарда қатты азайып отыр. 1990-1996 жылдары
Қарағанды облысында халық саны 9,9 %-ке қысқарды, Ақмола облысында-10%-ке,
Солтүстік Қазақстан облысында 7,7%-ке, Шығыс Қазақстан облысында 6,4%-ке
азайды. Соңғы 10 жыл 1996 жылы алғаш рет Шығыс Қазақстан облысында адам
өлімі туған бала санынан 302 адамға, Алматы қаласында 1045 адамға асып
түсті.
Халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуінің себептері елеулі дәрежеде
аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың ішкі факторларын жеткіліксіз
пайдаланумен байланысты. Экономиканы ырықтандырудың аймақтардың дамуына
тигізетін әсері, ең алдымен, экономиканы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Шет мемлекеттерде муниципалды қызметті жүргізу ерекшеліктері
Саяси жүйе ұғымы
Саяси жүйе туралы ұғым
Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері
Жергілікті басқару құрылымының негіздері және қалыптасу заңдылықтарын анықтау
Саяси билік пен мемлекеттік билік
МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер