Әкімшілік құқық ұғымы жайында


Жоспар
Кіріспе
1. Әкімшілік құқық ұғымы
2. Әкімшілік құқық бұзушылық
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылык мәселелерін "Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы" Кодексі және басқа құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.
Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылык көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыздықта жасалған) іс-әрекеті неәрекетсіздігі немесе заңды тұлғанын құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Тәртіпсіздікке бару әкімшілік жауапкершілікті туындатады. Әкімшілік жауатпылықта болуға тиісті тұлғаларға мыналар жатады:
- ақыл-есі дұрыс он алты жасқа толған жеке адам;
- заңды тұлға.
Бұлардан басқа лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
Тәртіпсіздікке барғандарға әкімшілік жаза қолданылады және ол жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шаралары болып табылады.
Әкімшілік құқық -Қазақстан құқығының саласы, мемлекеттік -басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқық саласының төмендегідей белгілері бар. Олар:
1. Қазақстан құқығының негізгі жариялы салаларының бірі.
2. Өзінің реттейтін -пәні атқарушы билікті іске асыру жөнінде пайда болатын басқару қатынастары.
3. Өзінің құқықтық реттейтін әдісі.
4. Ішкі ұйымдастырылуы.
5. Нормативті базаның болуы.
... жалғасы1. Әкімшілік - «Админстрация» термині латынның «administratio» әкімшілік әрекет, басқару дегенді білдіреді. «Әкімшілік» сөзі бірнеше мағанада қолданылады. Мысалы, мекеме және кәсіпорын сяиқты. Әкімшілік құқық пәні басқару сипатындағы қоғамдық қатынастарды түсіндіреді. Демек «админстрация» яғни, әкімшілік басқару жөніндегі әрекет болса, онда «Әкімшілік құқық» осы әкімшілік әрекетті жүргізу процессінде жинақталатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Демек, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қалыптастыру шеңберіндегі қоғамдық қатынастардың осы саласын зерттейді.
Басқару дегеніміз - адамдар ұжымының біріккен қызметіне жекетекшілік ету, оны бағыттап, ұйымдастыру. Сондықтан да әкімшілік құқықтың басқаша атауы басқару немесе басқару құқығы.
Әкімшілік құқық мемлекеттің әлеуметтік-мәдени және әкімшілік құрылысын басқару бойынша атқару - орындаушылық қызметі аясындағы қоғамдық қатынастардың кең шеңберін реттейді. Осы қоғамдық қатынастарға, ең алдымен ұйымдастырудың маңызы зор. Осы қоғамдық қатынастардың маңызды ерекшелігі мынада: оның қатысушыларының біреуі билік функцияларына ие болса, ал екіншілері оларға бағынып, олардың заңды талаптарын орындауға міндетті. Сондықтан бұл қатынастардың қатысушысы заңдылық тұрғыдан тең емес жағдайда, әкімшілік құқығының нормаларын реттелетін қоғамдық қатынастар билік пен бағыныштылардың қарым қатынасы болып табылады.
Әкімшілік құқықтың пәні - әкімшілік құқық нормаларымен реттелінетін мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Басқару қатынастарын былай жіктейміз: субъектівтілік белгісі бойынша, аумақтық-мемлекеттік құрылысты ескере отырып, ықпал ету мақсаттарына қарай.
Субъектілік белгісі бойынша-атқарушы биліктің бірінің біріне бағынысты субъектілерінің арасындағы (тік қатынастар), біріне бірі бағынысты емес атқарушы билік субъектілерінің арасындағы (көлбеу қатынастар), атқарушы билік субъектілері мен жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органдарының арасындағы, атқарушы билік субъектілері мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы, атқарушы билік субъектілері мен азаматтар арасындағы қатынастарды реттейді.
Аумақтық- мемлекеттік құрылысты ескере отырып республикалық атқарушы биліктің орталық органдары мен жергілікті атқарушы билік органдарының арасындағы, жергілікті атқарушы билік органдарының (екі облыс әкімияттарының) арасындағы, әр түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы билік органдарының (ауылдық, аудандық, облыстық әкімдер мен әкімияттар арасындағы қатынастарды реттейді.
Ықпал ету мақсаттарына қарай ішкі, ішкі ұйымдастыру, ішкі жүйелік, сыртқы (ықпал жүйеден тысқары жүзеге асырылады) қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқықтың әдісі - жолдардың, тәсілдердің жиынтығы, солар арқылы басқару қатынастары реттелінеді. Әкімшілік құқықтық әдістердің түрлері:
Диспозитивтік - ықпал ету субъектілеріне өзара қатынастарын заңмен белгіленген шеңберде реттеуге мүмкіндік беретін ықпал ету тәсілі.
Императивтік - құқықтық нұсқамалардан бұлтаруды болғызбайтын ықпал ету тәсілі.2. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың праволары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық деп танылады.
Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмай болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz