Бұлшық еттің құрылысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Бұлшық ет ұлпасы

Сабақтың мақсаты: Борпылдақ және тығыз дәнекер ұлпалар мен ретикулярлы, шеміршек, сүйек ұлпаларының ерекшелігін, морфологиясын және маңызын студенттерге түсіндіру.
Сабақтың сұрақтары:
1. Бұлшық ет ұлпасы туралы түсінік.
2. Бұлшық ет ұлпасының ерекшеліктері.
3. Қаңқалық бұлшық ет ұлпасы.
4. Миофиламенттердің типтеріне сипаттама.
5. Жүректің бұлшық ет ұлпасы.
6. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы.
7. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасының жіктелуі.
Сабақ беру және оқыту әдісі: тақырып бойынша берілген сұрақтарға ауызша жауап алу, кіші топпен жұмыс істеу, тестік бақылау жүргізу және төменде тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау.

Бұлшық ет ұлпасы (textus mus- cularis, лат. textus -- ұлпа, musculus
бұлшық ет) -- адам мен жануарлар ағзасында жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асырады. Сонымен қатар ішкі мүшелердің жиырылуын (жүректің соғуын, қан мен лимфаның жылжуын, несептің шығуын және тағы басқа ағзадағы қозғалыс-қимылдарды) қамтамасыз ететін жоғары дәрежедегі маманданған ұлпалар. Барлық бұлшық ет ұлпаларына жиырылғыш қасиет тән. Жануарлардың барлық бұлшық еттері механохимиялық актин-миозиннің жиырылғыш жүйесінің дамуы нәтижесінде пайда болған. Бұлшық ет ұлпаларының атқаратын қызметі ұқсас, бірақ құрылысы мен шығу тегі әртүрлі.
Бұлшық ет ұлпаларының морфологиялық ерекшеліктері келесілерге тәуелді: жасушалары - миоциттерге, талшықтары - симпластарға және олардың құрамындағы ұзынша пішінді арнайы органоидтар миофибриллалар мен миофиламенттерге. Сонымен қатар, миоциттер мен симпластар цитоплазмасында жасуша қосындылары - гликоген, миоглобин мен липидтер және митохондрия өте көп болады. Митохондрия - арнайы органоидтар бұлшық еттің жиырылуына қажетті жылуды синтездейді. Гликоген мен липид - энергия қорын құрайды. Миоглобин -- белок -пигмент (гемоглобин сияқты) оттегімен байланысып, оттегі қорын жинайды, бұлшық ет жиырылып, қан тамырлары қысылған кезде, сол оттегі қоры жұмсалады. Миофибриллалар мен миофиламенттердің жиырылуы құрамындағы кальций ионының қатысуымен актин мен миозин белоктарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде іс жүзіне асырылады.
Бұлшық ет ұлпаларының жіктелуіне морфофункциональді және гистогенетикалық (шығу тегі) ерекшеліктері негіз болған.
Морфофункциональді - құрамындағы жиырылғыш органоидтарға тәуелді 2 топқа бөлінеді (1, 2 - суреттер):
1. Көлденең салалы бұлшық ет ұлпалары - құрылымдық бірлігі симпластар;
2. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары - құрылымдық бірлігі миоциттер.
Гистогенетикалық - шығу тегіне тәуелді 5 топқа бөлінеді:
Мезенхимадан дамыған;
Эпидермальді (тері эктодермасынан дамыған);
Нейральді (жүйке түтігінен дамыған);
Целомды (спланхнотомның миоэпикардиальді пластинкасынан дамыған);
Сомиттік (миотомнан дамыған).
Алғашқы үш тобы бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасына жатса, соңғы екеуі көлденең салалы бұлшық ет ұлпасына жатады.
Бұлшық ет талшығы
Бұлшық ет талшығы
Сіңір
Сіңір
Бұлшық ет шоғыры
Бұлшық ет шоғыры
Қан тамыры
Қан тамыры
Қабығы
Қабығы

Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы

Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы

1 - сурет. Бұлшық ет ұлпаларының түрі мен құрылысы. (bibil.tikva.ru)
Көлденең салалы бұлшық ет ұлпаларының негізгі екі түрі бар: қаңқа бұлшық еті және жүрек бұлшық еті.
Бұлшық ет ұлпаларының типтері

1 - Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы;

2 - Көлденең салалы қаңқа бұлшық ет ұлпасы;

3 - Көлденең салалы жүрек бұлшық ет ұлпасы

2 - сурет. Бұлшық ет ұлпаларының типтері
(biologija-myshtsy004-tipy-myshech noj-tkani.html)

Қаңқалық бұлшық ет ұлпасы
Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының шығу тегі миотомның жасушалары - миобласттар. Дифференциация барысында екі түрлі жасушалық топтар саласы қалыптасады:
Біріншісі - бір саладағы жасушалар тобы бірігіп, ұзынша симпластар түзеді, олар бұлшық ет талшықтары, онда түйіршікті эндоплазмалық тор жақсы дамыған, арнайы органоид миофибрилдер дамып талшықтар ішін толтырады, ядро шетіне ығысып, жасуша орталығы мен микротүтікшелер толық жойылып, түйіршікті эндоплазмалық тор біраз редукцияға ұшырап, дефинитивті құрылым миосимпласт пайда болады.
Екіншісі - жасушалар жеке дифференциацияланып миосателлиттер қалыптасады. Олар миосимпласттардың үстінде орналасады.
Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының құрылымдық бірлігі - симпласт, ет талшықтары. Олардың сырты базальді мембранамен қоршалған, құрамында миосимпласт пен миосателлиттер бар (3-сурет). Ет талшығының ұзындығы сантиметрмен өлшенеді, ал ені 50-100 мкм. Миосимпласттың плазмалеммасы мен базальді мембранасы құрған комплексті сарколемма деп, ал талшықтың цитоплазмасын саркоплазма деп атайды.

3 - сурет. Қаңқаның көлденең салалы бұлшық еті
1 - ұзына бойлы кесілген бұлшық ет талшығы, 2 - көлденең кесілген
бұлшық ет талшығы, 3 - бұлшық ет талшығының цитоплазмасы,
4 - бұлшық ет талшығының ядросы. (dic.academic.ru)

Миосимпластың құрылысы. Миосимпластың құрамындағы ядролар тікелей сарколемманың астында орналасқан, пішіні сопақша, саны он мыңнан асады. Миофибриллалар миосимпласты бойлай ұзыннан созыла орналасып, оның негізгі бөлігін толтырады.
Миофибриллалар көлденең салалы бұлшық ет пен жүрек бұлшық еттерінің сарколеммасындағы жиырылғыш жіптер, бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз етеді. Олар бөліктерден тұрады. Бөліктердің жарықты өткізу қабілеті әртүрлі. Бөліктердің бірі күңгірт - жарық сәулесін нашар өткізеді, екіншісі ақшыл - жарық сәулесін жақсы өткізеді, оларды дискілер деп атайды. Күңгірт дискілерді анизотропты немесе А дискілер, ақшылдарын изотропты немесе І дискілер деп аталады. А дискісінің ортасынан М сызығы өтсе, І дискісінің ортасынан Z cызығы өтеді. Екі Z сызығы арасындағы бөлікті саркомер деп атайды. Саркомер - (грек сөзі sarkos - ет, ұрық және meros - бөлік, үлес) миофибриллалардың жиырылатын және қайталанатын бөлігі (4, 5-суреттер). Сондықтан, саркомер миофибриллалардың құрылымдық және жиырылғыш бірлігі болып саналады. Ол бір-бірімен әрекеттесетін белокты жіпшелер - миофиламенттер жиынтығынан тұрады.
Миофиламенттердің 2 типі бар:
1. Жуан миозинді (ұзындығы 1500 нм, диаметрі 10-15 нм);
2. Жіңішке актинді (ұзындығы 1000-1100 нм, диаметрі 5-8 нм).

Сонымен қатар, басқа да белоктар кездеседі: тропомиозин Б (жіңішке бұлшық ет типтерінің бәрінде); тропомиозин А немесе парамиозин (жуан бұлшық ет типтерінің бәрінде) және тағы басқалар.

4 - сурет. Бұлшық еттің құрылысы. (dic.academic.ru)

5 - сурет. Саркомердің құрылысы. (Б.Альбертс бойынша)
Миосимпластта жасуша орталығы жоқ, яғни олар бөлініп, көбеймейді. Соған байланысты бұлшық еттің регенерациясы миосателлитер арқылы іс жүзіне асырылады. Жараланған бұлшық ет талшығына жақын жатқан миосателлиттер бөлініп, миобластар пайда болады, жарақаттанған жерде көптеген жаңа талшықтар қалыптасады.
Миосателлиттер - аз дифференциацияланған жасушалар, ет ұлпасының регенерациясына қатысады. Олар миосимпласттың сыртындағы базальді мембрана мен сарколемманың арасында орналасады.
Көлденең салалы бұлшық еттің құрылысы күрделі, оған шоғырлану тән. Шоғырланудың бірнеше қатары болады. Бірінші реттік шоғырланудың арасын байланыстыратын борпылдақ дәнекер ұлпа, ол арқылы қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Ал, кейінгі қатарлары дәнекер ұлпасының тығыз қабатымен бірігіп, бұлшық етті тұтас қаптап тұратын тығыз қабықшаға айналады. Бұлшық ет сіңірлер арқылы сүйекпен байланысып, дене бөліктерін қимылға келтіреді.
Құстардың, сүтқоректілердің және адамның бұлшық ет талшығының ядролары сарколемманың астында цитоплазманың шет жағында орналасады. Төменгі сатыдағы омыртқалылар мен барлық омыртқасыздарда ядро талшықтың ішінде, немесе ортасында орналасқан. Электрондық микроскоппен зерттеу саркоплазманың құрамында мембраналармен шектелген цистерналар мен түтікшелер жүйесінің болатынын көрсетті. Құрылысы басқа жасушалардың эндоплазмалық торына ұқсас болғандықтан, оны саркоплазмалық тор деп атайды. Саркоплазмалық торда гликоген синтезделеді және кальцийдің ионы болады. Гликоген - бұлшық еттің жиырылуына қажет энергия көзі, кейде энергия көзі ретінде май қышқылдары да пайдаланылады. Саркоплазмада миофибриллалар саны көп, ол талшықтың қызмет атқаруындағы негізгі бөлігі болып саналады. Саркоплазма миофибриллалар арасын толтырып, ядроны қоршап тұрады және мөлшері ауытқымалы.
Кейбір бұлшық ет талшығында миофибриллалар көп, саркоплазма аз болады. Ондай талшықтардың жиырылу күші жоғары болғандықтан тез шаршап, жұмсалған энергияны жылдам қалпына келтіре алмайды. Ал, талшықтары аз, саркоплазмасы көп бұлшық еттер ұзақ уақыт жұмыс атқаруға қабілетті.
Моифибриллалардың арасында саркоплазмада көлденең орналасқан сарколеммамен байланысқан Т-жүйесі (көлденең түтікшелер) болады. Белгілі жерлерде саркоплазмалық тордың екі цистернасының арасында Т-жүйесінің түтікшелері орналасады. Бір Т-жүйесінің түтікшесі мен екі цистерналар комплексін триада деп атайды. Түтікше мен цистерналар өзара көлденең мембраналық көпіршіктер арқылы жалғасқан. Цистерналар Са[2+] иондарын ұстайды және босатуға қатысады, яғни кальций иондарының концентрациясы азаяды немесе көбейеді. Бұл процесс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан тамырларының негізгі бөліктерінің құрылысы
Бұлшық еттер туралы ілім.Тұлға,құрсақ және арқа бұлшық еттері
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Ветеринариялық - санитариялық сараптау пәні бойынша зертханалық сабаққа арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Көкірек қуысының сүйектері
Еттің құрамы мен қасиеттері
Бұлшық ет тіні
Мал тұқымы
Тірек-қимыл жүйелі мүшелері. Қаңқа
Баланың тірек жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі
Пәндер