Цифрлық сауаттылық - уақыт сұранысы


Ақболатова Лунара Төлегенқызы,
Орал қаласы, №14ЖОББМ-тің директордың
ғылыми-әдістеме ісінің орынбасары,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Цифрлық сауаттылық - уақыт сұранысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауына сәйкес, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын.
Бағдарламаның мақсаты: Орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.
«Цифрлық сауаттылық дегеніміз не?», «Оның қандай түрлері бар?» осы сауалдар төңірегінде ізденіп, ойланып көрейік:
«Цифрлық сауаттылық - адамның күнделікті және кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі және пайдалана білуі».
Цифрлық сауаттылық дағдыларға бөлініп, негізгі цифрлық дағдылар төмендегідей бес құзыреттілікті қамтиды.
- Дербес компьютер мен ноутбукты, мобильді құрылғыларды, Интернет желісін сенімді пайдалануды, деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтитын базалық цифрлық дағдылар;
- "Электрондық үкіметті" және үйден шықпай-ақ "онлайн" қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды қамтитын мемлекеттік қызметтерді пайдалану дағдылары;
- "Ашық үкіметтің "төрт компонентін пайдалануды қамтитын" ашық үкіметті " пайдалану дағдылары»;
- "Электрондық сауда" дағдылары, оның ішінде "онлайн" тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату және жылжыту дағдылары»;
- Дербес деректерді қорғауды, ДК, планшетті, смартфондарды және т. б. қорғауды, Интернет желісінде қорғауды, қаржылық операцияларды жүргізу кезінде қорғауды қамтитын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі дағдылар десек, заманауи технологиялар біздің өмірімізде үлкен орын алатыны сөзсіз, себебі «цифрлық» сөзі біздің күнделікті өмірімізде жиі қайталанады.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жаңа технологиялар арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру міндеті белгіленген.
Бүгінгі таңда әрбір сала маманының цифрлы сауаттылықтарын арттыру алға қойылып отырған өзекті мәселе. Осы орайда, мектеп мұғалімдерін заманауи цифрлық білім беру технологияларымен, оларды оқу процесінде қолдану принциптерімен және оқытуды цифрландыру ортасында сабақтарды жобалау мен тиімді оқу ортасын құру үшін цифрлы сауаттылықтарын қалыптастыру алға қойылып отырған мәселелердің бірі десек те болады.
Елімізде орын алған қашықтықтан оқыту үрдісі барысында мектеп мұғалімдерінің цифрлық сауаттылықтарын арттыру үрдісі алға қойылған басты мәселе болатын. Өйткені, қашықтықтан оқытуға көшу барысында мұғалімдердің басында сан түрлі сауалдар орын алған еді. Атап айтсақ, «Қашықтықтан оқыту қалай болады?», «Қандай құрылғыны пайдаланамын?», «Қандай бағдарламаны пайдаланымыз?», «Қай бағдарлама тиімді болады?» т. б. сұрақтар төңірегінде толғанып, бір шешімін таппаған педагогтерді көрсек, мектеп әкімшілігі, түрлі платформа негізін қалаушылар, курс жетекшілерінің ұйымдастырған оқыту семинарлары, вебинар, курстар және алгоритмдер арқылы бұлттың арасынан жарық сәуле көргендей күйге ендік.
Қазіргі уақытта мектебіміздің мұғалімдері жүз пайыз «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ ұйымдастырған «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» курсын тәмамдады.
Курс барысында алған білімдерінің нәтижесін мұғалімдердің оқу үрдісінде жаңа технологияны үнемі пайдаланып, сабақта түрлендіріп өткізгенінен, әртүрлі бағдарламаларды түрлендіріп қолданатынын көре аламыз. Оған дәлел, өткен сабақты қайталау барысында уақытты үнемдеу, оқушылардың деңгейлерін анықтау мақсатында «Kahoot» әдісін пайдалану арқылы мұғаліммен бірге оқушылардың цифрлы сауаттылықтары артты десек, онлайн тест құруға арналған жаңа бағдарламаның бірі - Kahoot қосымшасы болып табылады. Бұл бағдарлама қазіргі кезде жиі қолданысқа енгізілуде. Kahoot қосымшасы арқылы оқушылардың білім деңгейін бір мезетте тексеруге болады. Бұл интернет желісі арқылы жүзеге асады.
«Padlet», «Jamboard» тақталары, «Google» кесте, тест арқылы бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру - оқушылардың қызығушылығын арттырса, мұғалімнің оқушыларды бақылауына үлкен мүмкіндік тудырып отыр. Дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда жаңа технологияның өзектілігі - бүгінгі жаһандану заманындағы білім мазмұнының жаңаруымен, ақпараттық ортаның қалыптасуымен, білім беру мүмкіндіктерінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Өйткені, жаңа заман талаптарына сәйкес, технологияны пайдалану арқылы уақытты үнемдей білуге, мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпақтың заман талабына сай жан-жақты дамуына әсер етіп, шығармашылықпен жұмыстанатын, үнемі ізденіс үстінде жүретін педагогтерді талап етеді. Бүгінгі оқушы оқулықта берілген тапсырманы ғана орындаумен шектелмейтін, үнемі жаңашылдыққа ұмтылатын, педагогтің әрбір сабағынан үлкен өзгерісті күтетін тұлға десек те болады. Өйткені, оқушылардың да цифрлық сауаттылығы жоғары деңгейде деп есептеуімізге болады. Қашықтықтан оқыту барысында оқушыларымыз түрлі платформаларды еркін меңгеріп, интернет желісінен қосымша мәліметтерді тауып, жинақтап, өз ойларымен бөлісіп отырды.
Алдағы күндерде мектеп мұғалімдерін жан-жақты цифрлы дамыған, әлемдік деңгейдегі түрлі бағдарламаларды жетік меңгерген, жаһандық даму үрдісіне ілесе алатын, мүмкіндігі жоғары, үнемі ізденіс үстінде жүретін маман ретінде көреміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz