Мемлекеттік басқару және құрылымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекет нысанының түсінігі

Басқару нысаны

Мемлекеттік құрылым нысаны

Саяси режим нысаны

Конституциялық құқықта мемлекет нысанынын жіктеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол мемлекеттік биліктің бөлінуі және тұтастығы. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет нысанын поликратиялық (көп билікті), монократиялық (жеке адам билігі) деп ажыратады. Мемлекеттің нысаны қоғамдық, экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты.

1995 жылғы Конститутция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды.

Мемлекеттің нысаны дегеніміз -басқару нысанына және саяси (мемлекеттік) режиміне сәйкес мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы, мемлекет формасы сол мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының нақты тарихи жағдайына байланысты болады, оған мемлекеттің тарихи типі мен мәні әсер етеді.

Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады. Мұнда маңызды мәселе: мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның практикалық саяси мәніннің жоғары дәрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Міне, мемлекет нысаны мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы.

Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден - бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру және ұйымдастырудың белгіленген тәртібі. Екіншіден - бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық регионалдық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі. Үшіншіден - бұл мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысанынан және мемлекеттік, саяси режим нысанынан синтезделеді (түзіледі) . Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика) те қоса қарастырылатын болды.

Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда мемлекеттік ең жоғарғы биліктің ұйымдастырылуы түсіндіріледі. Әсіресе, оның ең жоғарғы және орта органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, халықпен қатынасу түрлері, халықтың оларды қалыптастыру дәрежесі сөз болады.

Басқаша айтқанда, басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара және халықпен байланысын сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады.

Ежелгі грек философы Аристотель өз заманында басқарудың нысанын жоғарға өкіметтік биліктің жүзеге асырылуының қалай орындалатынына байланысты жіктеген болатын. Онда жоғарға өкіметтік билікті жеке адамның бір өзі атқаратын түрін - монархия, шектеулі адамдар арқылы атқарылатын жоғарғы өкіметтік билік - аристократия және бүкіл халықтың қатысуымен атқарылатын жоғары өкіметтік билік - демократия деп жіктеген болатын.

Басқару нысандарының осы көрсетілген айырым белгілері қазіргі кезге шейін сақталды. Жоғарға билікті жалғыз адам атқара ма? Әлде ол билік сайланбалы алқалы органға тиесілі ме? Міне осы жәйтке байланысты басқару нысаны ерекшелеу барысында ажыратылады. Енді осыны байланыстыра отырып басқарудың монархиялық және республикалық нысандарын атап, бөліп көрсетуге болады.

Монархия - мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады) . Монарх (патша, король, перғауын (фараон), қаған, хан және тағы басқалар) ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек құдайдың алдында ғана жауапты.

Ең алғашқы мемлекеттердің бәрі де монархиялар болған және орта ғасырдағы мемлекеттердің көпшілігі де монархия болатын.

Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархия болған, мұнда мемлекетті қаған, хан басқарған. Бірақ, ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған.

Сонымен, монархия деп жоғарғы билігі бір ғана адамға тиесілі болып келетін мемлекеттегі билікті айтады. Мұндағы бір ғана адамға тиесілі билікті ол адам өз билігімен, қалауынша пайдаланады. Билікті өз билігімен қалауынша пайдалану құқығын ол адам ешқандай да басқа биліктен алған емес.

Заң ғылымында монархияның екі түрі көрсетіледі: абсолютті (шексіз) және шектеулі (конститутциялық немесе парламенттік және дуалистік монархия) .

1. Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх- мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Монарх барлық биліктің үстінен тұрады, оның қолында заң шығару, заңды атқару, және сот билігі болады. Шыңғыс хан және оның қрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция - осы абсолюттік монархияға мысал. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Біріккен Араб Әмірлігі елдерінде орын алған.

2. Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға (мысалы, парламентке) бөлінген болып келеді. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция мемлекеттерінде бар.

3. Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді. Мысалы, өикен замандардағы Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей елдерінде монархтың қолында атқарушы билік (үкімет) болған. Үкіметті жасақтау, өзінің алдында жауапты министрлерді, басқа да лауазымды тұлғаларды тағайындау және оларды орнынан алу құқығына ие болған. Бұлардан басқа монарх тыйым (вето) құқығы мен парламентті таратып жіберуге шексіз құқықты болған.

4. Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады және олар сайлаушылар алдында жауапты болады.

Республика билігінің екі жолы бар: президенттік және парламенттік. Президенттік республикада Президентті тікелей халық сайлайды және Президент мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен, Үкіметті өзі құрады. Қазақстан мемлекеті - Президенттік басқару нысанындағы республика.

а) Президенттік республика. Басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері бойынша президент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама Штаттарында және Қазақстанда орын алған.

б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады. Мұндағы президент - мемлекет яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады) (премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін) .

Парламенттік республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі Парламенттің басымдылық принципіне негізделген. Парламенттің алдында үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет Парламенттің сеніміне сүйеніп қызмет істейді. Парламент Үкіметті қолдамаса, ол қызметін тоқтатады. Парламенттік республикаға Италия, Алмания, Үнді мемлекеттерін жатқызуға болады.

в) Парламенттік-президенттік аралас республикалар да кездеседі, онда Үкіметті Президент пен Парламент бірлесе отырып жасақтайды, құрады. Мысалы Ресей Федерациясы.

Формалды тұрғыдан қарасақ, басқару нысанынның мемлекеттік құрылымға шешуші әсер етпейтінін байқаймыз. Мысалы, монархиялық Жапония немесе Ұлыбритания әлдеқашаннан демократиялық құқықтық мемлекет екені белгілі. Республикалық Кеңестер Одағы мұндай мемлекет бола алмады. Патшалық Ресей демократиялық та, құқықтық та мемлекет болмаған еді. Ал Франция Республикасын бұрыннан демократиялық басқарудан республикалық басқару нысанындағы демократиялық, құқықтық мемлекеттің мазмұнына көбірек сәйкес келеді.

2. Әрбір мемлекеттің аумағында мемлекеттің аумақтық құрылымы оның ішкі құрылысын анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттің аумақтық бөліктерінің жүйесі қалыптасады. Солардан мемлекет, мемлекет органдарының байланыс жүйесі түзіледі. Мемлекеттің тұтастай және оның әрбір аумақтық бөлігінің құқықтық мәртебесінің сипаты да соған байланысты болады. Мемлекет аумағының аталған түзілімін мемлекеттік құрылым дейді. Демек, мемлекеттік құрылым - тұтастай мемлекет пен оның бөліктерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы болып табылады.

Мемелекеттік құрылымына байланысты барлық мемлекеттер біртұтас(унитарлы) және күрделі болып екі топқа бөлінеді.

Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтық құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Осы мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет деп аталады. Унитарлық мемлекет, әдетте тек әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінеді де, мелекеттің әкімшілік-аумақтық құрылымын құрайды. Әкімшілік-аумақтық бөліктерге ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекетте бір ғана Конституция, бір ғана заң шығаратын жоғары орган, бір ғана жоғары басқару органы, біртұтас азаматтық болады. Қазақстан Республикасы - унитарлық мемлекет.

Унитарлық мемлекет - тұтас орталықтандырылған мемлекет. Оның әкімшілік-аумақтық бөліктерінде мемлекеттік құрылым мәртебесі және егемендік құқықтар болмайды. Унитарлық мемлекетте жоғарғы органдардың, заң қабылдаудың, соттардың бірыңғай жүйелері құрылады. Онда бірыңғай азаматтық және бір арналы салық жүйесі болады. Мысалы Италия, Франция, Қазақста н.

Күрделі мемлекет - мұндай мемлекеттердің құрамдас бөліктерінің белгілі бір дәрежеде дербестігі болады. Күрделі мемлекеттерге империялар, конфедерация, федерация, достастық және бірлестіктер құрған мемлекеттер жатады.

Империя - күш жұмсаудың нәтижесінде құрылған күрделі мемлекет. Бұл мемлекеттің құрамдық бөліктері жоғарғы өкімет (билік) орындарына тәуелді болып келеді. Империялардың бір ерекшелігі, олардың құрамдық бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік-құқықтық мәртебе болған емес. Мысалы, тарихта белгілі Рим империясы, Британия империясы және т. б. жатады.

Федерация - күрделі одақтық мемлекет, оның құрамдас бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады. Олардың белгілі бір мөлшерлі шамада (дәрежеде) егемендігі болады. Федерациялық одақ децентрализациялау қағидатына негізделеді.

Федерацияда жоғарғы федералдық органдар және федералдық заң қабылдау жүйелерімен қатар федерация субъектілерінің жоғары органдары мен заң қабылдау жүйелері қатарласа өмір сүреді, федерацияда қос арналы салық жүйесі орын алады. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтықтың болуы жатады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағидат бойынша құрылуы мүмкін. Мысалы, АҚШ мемлекеті федерация-штаттардың 51 субъектілерінен, ал Ресей Федерациясы - 89 федерация субъектілерінен (Республикалар, округтер, өлкелер және т. б. тұрады) . Алмания (Германия) - 16-дан аса федерация субъектісінен тұрады. Бразилия 26 штаттан тұрады, ал Үндістан-28 штат және 7 аумақтан тұрады.

Достастық - сирек кездесетін, тәуелсіз мемлекеттердің шарт негізінде құрылған бірлестігі, белгілі бір дәрежеде тектес болып келетін ортақ белгілерімен (нышандарымен) сипатталатын мемлекеттердің ұйымдасқан түрі. Достастық мемлекеттік құрылымның құқықтық негізін шарт, немесе жарғы құрайды, тәуелсіздіктері толық сақталады, құрамына енген мемлекеттердің әрекеттерін ұйымдастыру үшін арнайы мемлекет аралық органдар құрылады. Мұндай бірлестікті біріктіретін белгі (нышандары) экономикаға, құқық жүйесіне, тіл, мәдениет, дін салаларына қатысыты болып келеді. Мысалы Еуропа Одағы және т. б.

Бұл бірлестіктің мүшелері толығынан алғанда тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, олар халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады.

Мемлекеттер бірлестігі - қоғамның мемлекеттік болып ұйымдасуының өтпелі кезеңдеріне тән нысан. Мемлекеттер бірлестігін құрудың негізнде, әдетте, мемлекетаралаық келісім (шарт) жатады, оның өзі көп жағдайларда бірлестікке кірген мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланыстарды нығайта түседі. Сөйтіп бірлестік мемлекеттерінің конфедеративтік бірлестікке қарай бірте-бірте дамуына жол ашады.

Одақтастық-бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекет -аралық шарт болады. Ол одастатастыққа кіретін мемлекеттің интеграциялық байланыстарын күшейтеді және конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысны 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алдық. Тәуелсіздік Қазақстанда екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституцияның орнына, екінші 1995 жылғы 30 тамызда Референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды. Бұл Конституцияның жалпы бөлімінің 2-бабында, “Қазақстан Республикасы- президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет” деп жариялады. Мемлекеттің нысаны негізгі үш элементтен тұрады. Басқару нысаны, құрылым нысаны, және саяси режимдер болып үшке бөлінеді. Содан ақ мемлекетіміздің басқару нысаны, Президенттік Республика екенін білуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциямыздың III -бөлім 40-бабы Президент туралы арнаған. 40-баб Қазақстан Республикасының Президенті -Мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізі бағыттарын айқындап, ел ішінде және халық аралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін, ең жоғарғы лауызымды тұлға.

3. Мемлекеттік нысанның соңғы элементі- саяси режим. Бұл режим деген созді екі мағынада қолданады. Бірінші- саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.

Саяси режим- бұл саяси билігі жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Мемлекет теориясында «саяси режим» және «мемлекеттік режим» ұғымдары кездеседі. Осыған сәйкес, осы екі ұғымның арақатынасына байланысты бірқатар көзқарастар бар. Кей ғалымдардың айтуы бойынша бұл екі ұғым бір мағынаны білдіреді. Ал кей авторлардың айтуы бойынша мемлекеттік режим саяси режимге қарағанда тарлау. Өйткені мемлекеттік режим-бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Өз алдына саяси режимді тек мемлекет қана емес, сонымен қатар саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер де жүзеге атқарады.

Саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымды болып табылады. Жалпы қоғамның және оның әлеуметтік топтары мен жеке адамдарының тұрақты дамуы саяси жүйенің қаншалықты орнықты, жақсы жұмыс істеуіне байланысты.

Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы режимдерге бөлінеді. Саяси режимнің мынадай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық, шектелген демократиялық, либералды-демократиялық, патерналистік, бонопаристік, авторитарлық, тотолитарлық, фашистік, расистік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері.

Саяси режим -мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі. Саяси режимді жүзеге асыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің ерекшелігіне байланысты ол екі түрге бөлінеді.

а) демократиялық;

б) антидемократиялық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Муниципалды құрылым
Муниципалды құрылымдар әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
МУНИЦИПАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттінің құрылымы
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары туралы ақпарат
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz