Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгілер жүйесі


Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгілер жүйесі
Жоспар
1. Карта, план, профиль туралы ұғымдар.
2. Масштабтар, олардың түрлері. Масштабтың дәлдігі.
3. Пландар мен карталардың шартты белгілері
4. Топографиялық шартты белгілер
План, карта және профиль туралы ұғымдар
Жер бетінің кішігірім бөлігінің ортогоналды проекциясындағы кішірейтілген бейнесі - план . Жер бетінің үлкен аумағының картографиялық проекциядағы кішірейтілген бейнесі - карта. Егер де план мен картада тек қана ситуация бейнеленсе, ондай план мен картаны ситуациялық (контурлық) . Ал, егер ситуациямен қатар рельефтің бейнесі көрсетілген план мен карта топографиялық д. а.
Топокарталар масштабына қарай бөлінеді:
- ірімасштабты - М 1:100 000 одан да ірі;
- ортамасштабты М 1:100 000 - М 1:200 000;
- ұсақмасштабты - М1:1000 000 одан да ұсақ.
Жер бетінің вертикаль қимасы түріндегі кішірейтілген бейне - профиль. Профиль анықталған бағытпен салынады. Вертикаль масштаб горизонталь масштабтан 10 есе ірі болу керек.
Масштабтар және олардың түрлері
Пландағы, немесе картадағы кесінді ұзындығының соған сәйкес жердегі кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Масштабтар сандық, сызықтық (графикалық) және көлденең болып бөлінеді. Графикалық және көлденең масштабтардың негізі 2 см. Пландағы 0, 1 мм кесіндіге сәйкес келетін жердегі арақашықтық - масштабтың дәлдігі деп аталады.
Пландар мен карталардың шартты белгілері
Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдікті қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман- геодезистер, маркшейдерлер жасайды. План мен картаның мазмұны толық, түсінікті және көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады. Топографиялық картадагы шартты белгілер: карталарды түрлі- түсті безендіруден, түсіндірме жазулардан, цифрлы белгілерден тұратын бір тұтас жүйеден тұрады. Шартты белгілер мен олардың түстері жердін әртүрлі объектілері, тектік түрлерін көрнектендіре түседі. Ал, түсіндірме жазбалар мен цифрлык белгілеулер шартты белгілерде кескінделетін объектілердің және ерекшеліктері туралы мәліметгермен толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер масштабты (контурлық), сызықтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілерге бөлінеді .
Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және олардың көлемін де білуге мүмкіндік береді. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирлермен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің белдерін және шын мәніндегі сұлбаға үұқсастығын сақтай отырып белгіленеді. Бейнелейтін заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб арқылы көрсету мүмкін болса, ондай заттар масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Мәселен, жаңа өскен ағаштар, құдықтар, километр бағаналары, т. б. заттардың мөлшері көрсетілмей тұрған орындары белгіленеді, яғни масштабтан тыс шартты белгілер тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын геометриялық фигуралар. Өзендер, каналдар, жолдар, т. б. сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар объекті осін оның табиги орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі. Контурлық және масштабтан тыс белгілерді толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді түсіндіргіш шартты белгілер дейді. Мәселен, өзендердің ағын жылдамдығы, көпірдің ұзындыгы мен көтерімділігі, геодезиялык пункттердің, ормандағы ағаштардың жанында жазылган сандар, т. б. түсіндіргіш белгілеріне жатады. Елді-мекендердің, өзен-көлдердің, таулардың, т. б. аттары толық жазылады. Қысқартьшған жазулар объектілердің маңызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы: вкз-вокзал; ск-скважина; қ-құдық деген мағынаны береді. Топографиялық карталардагы түрлі-түсті бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өзіне сәйкес болып келеді; мәселен: ормандар-жасыл; су-көк, жер бедері-қоңыр, темір жолдар, өнеркәсіптік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері-қара бояулармен боялады.
Топографиялық шартты белгілер
Топографиялық шартты белгілер - жер беті бедерін топографиялық карталар мен пландарға түсіруде қолданылатын жергілікті заттардың шартты (сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлык) белгілері. [1]
Топографиялық белгілер (Топографические знаки) - жергілікті заттардың топографиялық, карталардағы шартты (графикалық, әріптік, сандық) белгілері. Жергілікті заттардың шартты белгілері карталарда стандарт (үлгі) бойынша болады. Олар масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірмелі болып негізгі 3 топка бөлінеді. Масштабты шартты белгілермен өз өлшемі бойынша карта масштабында керсетілетін заттар (орман, көл, т. б. ) бейнеленеді. Масштабтан тыс шартты белгілер карта масштабында өлшемі шағын болғандықтан (шахталар, радиомачта) көрінбей қалатын жергілікті заттарды беннелеуге колданылады. Түсіндірмелі шартты белгілер масштабты, масштабтан тыс шартты белгілермен бірге, жергілікті заттарға қосымша сипаттаыа беру үшін колданылады (орман түрін керсететін белгі, әзеннің ағу бағытын корсететін белгі) . Жергілікті заттардың шартты белгілерінің қасына объектінің аты көрсетіліп, түсініктеме берілуі мүмкін.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz