Германия елінің даму тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Теміртау қаласының "Жоғары медициналық колледжі"

Реферат
"Германия елінің даму тарихы"

Орындаған:Жолдасова Индира Сд 209к
Тексерген:Бегимбаева Джаннета Айсултановна

Теміртау 2021

ГЕРМАНИЯ (лат. Germanіа, нем. Dеutschland, Doutsсһе - неміс, Land - ел, сөзбе-сөз аударғанда - немістер елі).

Тарихы. Германия жерінде адам б. з. б. 500-300 мың жылдарда, төменгі палеолит дәуірінде (Гейделъберг адамы) пайда болған. Оңтүстік Германияда неандерталь адамының сүйегі табылған. Палеолит дәуірінен неолит дәуіріне өтер кезеңде Германияның солтүстік аймақтарын алғашқы қауымдық балықшы және аңшы тайпалар мекендеген. Б. з. б. 3-2-мың шылдықта Германия жеріндегі тайпалар мал және егін шаруашылығымен де шұғылданды. Б. з. б. 1-мың жылдықтың басында Германия жерінде қола құралдарымен қатар, темір құралдар да пайда болды. Германия жерінің денін қоныстанған герман тайпалары б. з. б. 1-мың жылдықтың аяғында Рим мемлекетімен соқтығысты. 4 ғасырдың қарсаңында тайпалардың қоныс ауыстырып, араласуы нәтижесінде германдықтардың тайпалық жаңа бірлестіктері құрылды; бұлардың бір бөлігі 4-6 ғасырларда Батыс Рим империясының жеріне ойысты. Германия жеріне алемандар, баварлар, шығыс франкілері, сакстер, тюрингілер, фриздер бір жолата орнықты.

Германияда негізінен алғашқы қауымдың құрылыс ыдырау барысында феодалдық қатынастар қалыптаса бастады да, франкілер шапқыншылығынан кейін, бұл процесс жеделдей түсті. Франкілер 8 ғасырда бүкіл Германия жерін өзіне қаратты, сөйтіп Германия франк мемлекетінің құрамына кірді де, онда христиан діні тарады. Ақсүйектер мен қауым басшыларының ірі жер иеліктерімен қатар, корольдар мен шіркеулердің жер меншігі пайда болды. Ерікті шаруалар бағындырыла бастады. Каролингілер империясы құлағаннан кейін, Германия жері шығыс франк корольдығына кірді; бұл герман аймақтарының мемлекеттік тұрғыдан даралануының басын бастап берді. Бұл процесс маркграф Арнульф Каринтийский (887-899 жылдар биледі.) шығыс франкілерінің королы болып сайланғаннан және саксон әулетінің негізін салушы саксон герцогы Генрих I (919-936 жылдар биледі) 919 жылы герман королы болып сайланғаннан кейін аяқталды. Генрих I тұсында ертедегі феодалды герман мемлекеті қалыптасты. Алғашқыда бұл мемлекет Рейн, Эльба мен Альпі аралығындағы жерді алып жатты. Оның құрамына 4 тайпалық герцогтық: Саксония, Франкония, Алеманния (Швабия), Бавария кірді; 870-880 жылдар оған Лотарингия (біржолата 925 жылы) мен Фризия (Фрисландия) қосылды.

Герман феодалдық мемлекеті шапқыншылық саясатына көшіп, полаб славяндарының жерін басып алды. Оттон I (936-973 жылдар биледі) тұсында бодричтердің, лютичтердің, серб-лужиліктердің тайпалық одақтары Германияға бағындырылды. 951 жылы Оттон I Солтүстік Италияны өзіне қаратты, 962 жылы Римді алып, император атанды. Қасиетті Рим империясының басы осыдан басталды да, герман корольдары Италияға ұдайы тонау жорықтарын жасап тұрды. 1032-1034 жылдар Бургундия (Арелат) корольдығы империяға қосып алынды. Чехия империяға тәуелді аймаққа айналды.

11 ғасырдың аяғында бүкіл Германия халқы феодалдық қатынастарға тартылды. Феодалдық қалалар тез өсе бастады. Алғашқыда қалалар епископтарға, феодалдарға, корольға вотчиналық жағынан тәуелді болды. Кейіннен көптеген қалалар бұл тәуелділіктен құтылды. Штауфендер әулетінің императорлары (1138-1254) неміс князьдарын толық бағындыру мүмкін еместігін көргеннен кейін, Италия жерлерін өзіне қаратуға ұмтылды. Бірақ бұдан ешнәрсе шықпады. Ал кейбір неміс князьдары өз тарапынан славяндардың, Эльба сырты мен Балтық маңындағы басқа халықтардың жерлерін басып алды. Генрих Лев Бодричтердің жерін шауып, онда Мекленбург (1170) герцогтығын, Альбрехт Медведь лютичтердің жеріне басып кіріп, Бранденбург маркграфтығын құрды. 13 ғасырда семсер тағушылар ордені ливалар мен эсталардың, Тевтон ордені прустардың жерін өзіне қаратты. Шығыста Германия жері екі есе көбейді. Мұнда ерікті ірі князьдықтар пайда болды. Жаулап алынған жерлерге немістер келіп қоныстанып, жергілікті халық күшпен немістендірілді.

12 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырда папа қауымының ықпалы күшейіп, олар іс жүзінде Германияны өзіне бағындырды. Папа Инокентий ІІІ-нің көмегімен таққа отыру правосын қалпына келтірген Фридрих II Штауфен (1212-1250 жылдар биледі) император әрі Сицилия королы болды. 13 ғасырдан бастап Германия жері одан әрі бөлшектене түсті. Князьдар іс жүзінде тәуелсіз мемлекеттік басшыларына айналды. Король өкіметінің билігі формальды тұрде ғана сақталды. 15 ғасырдың 2-жартысынан Германия экономикалық жағынан алға баса бастады. Кен, тоқыма өнеркәсібінде, кітап басу ісінде, кейбір басқа салаларда капиталистік өндірістің алғашқы түрлері туа бастады. Бюргерлердің арасында цехтық ұйыммен байланысы жоқ кәсіпкерлер, ал қола плебейлері арасында пролетарлық прослойка ұшқынының маңызы барған сайын күшейді. Ауыл шаруашылығында феодалдық тәуелді шаруалар мен феодалдар арасындағы күрес ушыға түсті. Бұл Оңтүстік-Батыс Германияда шаруалар мен қала халқының антифеодалдық толқуына [Ганс Бехайм қозғалысы (1476), Башмақ қастандықтары (15 ғасырдың аяғы - 16 ғасырдың басы), Кедей Конрад көтерілісі (1514) т. б.] әкеліп соқтырды.

Ел ішінде оппозициялық қозғалыстың өрістеуі және Германияның халықаралық жағдайының шиеленісуі салдарынан неміс князьдары империяның мемлекеттік құрылысына реформа енгізу жолдарын қарастырды. 15 ғасырдың 80 жылдарында Оңтүстік-Батыс Германияда құрылған Швабия одағының (ірі князьдардың саяси және әскери ұйымы) князьдық партиясы 1495, 1500 жылдар империя ішіндегі соғыстарға тыйым салу, князьдар арасындағы дауларды т. б. шешу үшін жалпы империялық басқарма мен сот құру жөнінде рейхстагқа жоба қабылдатты. 16 ғасырдың басында оппозициялық қозғалыс шаруа-плебейлер бұқарасын, бюргерлер қауымын, империялық рыцарьлар қауымын қамтыды. Католик шіркеуіне қарсы Реформация қозғалысы шықты. Халық арасында Реформация Т. Мюнцердің революция ілімі негізінде өзінше әлеуметтік-саяси бағыт алды. Бұл ілім халық бұқарасының феодалдарға қарсы күрес туына айналды. Бүкіл Оңтүстік-Батыс және Орта Германияны қамтыған Шаруалар көтерілісі (1524-1526) Реформация дәуіріндегі революция қозғалыстың шыңы болды. Шаруалар соғысы аяусыз басылды.

Экономикасының төмен құлдырап бастауы салдарынан 16 ғасырдың 2-жартысы - 17 ғасырдың басында саяси реакция бұрынғыдан да күшейді. 1618 жылы империяда өріс алған соғыс жалпы-европалық ұзақ соғысқа (Отыз жылдың соғыс, 1618-1648) ұласты. Германия көп жылдар бойы осы жойқын соғыстың құшағында қалды. Соның салдарынан елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы мықтап тежелді. Халықтың саны күрт азайды, көптеген қалалар мен деревнялар қирады.

Вестфаль бітімі (1648) негізінде Отыз жылдық соғыс аяқталғаннан кейін де, Германия сол бұрынғы бөлшектелген князьдықтар күйінде қалды. Бұлар формальды түрде Қасиетті Рим империясының құрамында қалды. Феодалдар езгіні күшейтіп, өз шаруашылықтарын кеңепте түсті. Бранденбург-Прусс курфюрлігі (1701 жылдан - Пруссия корольдығы) сол кездегі аса ірі неміс мемлекетінің бірі болды. Пруссиялық әскери-басыбайлы монархияның бүкіл өмірі милитаризм және вотчиналық деспотизм рухына толы болды. 1740 жылы прусс әскерлері Силезияға басып кірді; бұл Австриямен соқтығысуға әкеліп соқтырды және Австрия мұрагерлігі (1740-1748) үшін соғыстың басын бастап берді. Соғыс барысында Фридрих II Силезияны түгел дерлік Пруссияға қосты. Жеті жылдық соғыс (1756-1763) нәтижесінде Силезия тағы да Пруссияның қарамағында қалды. Ал Пруссия 1772 жылы Польшаның бір бөлігін өз жеріне қосып алды. Пруссия Европадағы ұлы мемлекеттердің қатарына қосылды.

18 ғасырдың аяғында Германияда өнеркәсіп өндірісі дамыды. Товар айналымы едәуір ұлғайды, кеме жүретін каналдар көбейді. Ұлыбританиямен, Голландиямен, Швециямен, басқа да елдермен сауда-саттық күшейді.

Ұлы француз революциясының әсерімен Рейн мен Эльзаста шаруалардың толқуы басталды. Антифеодалдық күрес, әсіресе Саксонияда кең өрістеді. 1793 жылы наурыз-сәуірде Силезия тоқымашылары көтеріліс жасады. 1792 жылы сәуірде Австрия-Пруссия мен революцияшыл Франция арасында соғыс басталды. Соғыстың барысында австрия-пруссиялықтар жеңіліске ұшырады (1792 жылы қыркүйек). 1793 жылы 18 наурызда Майнцта неміс жеріндегі тұңғыш демократиялық республика - Майнц коммунасы жарияланды. 1795 жылы Пруссия Франциямен сепараттық бітімге қол қойды; Рейннің сол жақ жағалауындағы жерлер Францияның билігіне көшті. 90 жылдары Пруссия мен Австрия Польшаның жаңа жерлерін басып алды. 1806 жылы күзде Пруссия Францияға қарсы тағы да соғыс ашты, бірақ жеңіліп қалды. Тильзит шарты (1807) бойынша Пруссия өз жерінің жартысынан айрылды. Неміс халқы француз басқыншыларына қарсы күреске шыгып, Лейпциг шайқасынан (1813) кейін бүкіл Германия жері басқыншылардан азат етілді. Вена конгресінен (1814-1815) кейін (конгресс мақсаттарының бірі - Германияның тағдырын шешу болды) Германия саяси жағынан бытыраңқы күйінде қалды. Конгрестің шешімі бойынша 39 мемлекеттен Герман одағы құрылды. Онда Австрия басқарушы роль атқарды. Бытыраңқылық қаншама тежеу болғанынымен, 30 жылдары Германияда өнеркәсіп төңкерісі басталды. Капиталистік фабрикалық өндіріс күшейді. 1834 жылы Герман таможнялық одағы (Пруссия, Бавария, Вюртемберг және 15 неміс мемлекеті) құрылды; онда Пруссияның ролі басым болды, Австрия одаққа кірмеді. Бұл өнеркәсіп пен сауданы дамытуға cебепкер болды. Германия темір жолы құрылысында да зор табысқа жетті.

Франциядағы Июль революциясының (1830) әсерімен Саксонияда, Брауншвейг, Ганновер, Гессен-Кассель және басқа герман мемлекеттерінде рев. толқулар болып өтті. Гессен-Дармтптадта шаруалар көтеріліс жасады. 30 жылдары шетелдерде тұңғыш неміс жұмысшы ұйымдары (Әділеттілер одағы т. б.) құрылды, коммунистік қоғам құрудың (30-40 жылдары В. Вейтлинг насиқаттаған) утопиялық жоспары тарады. 1844 жылы Силезия тоқымашыларының көтерілісі шықты. 19 ғасырдың 40 жылдарында герман жерінде марксизм дүниеге келді. Оның негізін қалаушы К. Маркс пен Ф. Энгельс 1-халықаралық пролетарлық ұйым - Коммунистер одағына басшылық етті және одақтың программасын - Коммунистік партияның манифесін жазды. 1848 жылы наурызда буржуазия-демократиялық революция (1848-1849) басталды. Революцияның қозғаушы күші жұмысшылар, қолөнершілер, шаруалар болды. Революңия Германияны біріктіріп, феодалды-абсолюттік құрылысты жою мақсатын алга қойды. Халық бұқарасының алдыңғы қатарлы өкілдері - Коммунистер одағының мүшелері - бір тұтас демократиялық герман республикасын құруға ұмтылды. Ал буржуазия барлық көкейтесті мәселені тақта отырғандармен ауыз жаласып шешуді жөн көрді. 1848 жылы наурызда ең алдымен Баден, Гессен-Дармштадт, Вюртемберг, Бавария халқы көтерілді. 18 наурызда Берлинде болған көтеріліс Пруссияда өкімет басына Кампгаузен-Ганземан либералдық үкіметін келтірді. 1848 жылы сәуірде Баденде республикалық көтеріліс болды, бірақ ол басып-жаншылды. Демократиялық күштерді біріктіруде 1848 жылы мауымда Маркс пен Энгельс ұйымдастырған Жаңа Рейн газеті маңызды роль атқарды. Неміс буржуазиясы контрреволюция жағына шықты. 1848 жылы қарашада Пруссияда феодалдық ақсүйектер мен шонжарлар үкіметі құрылды. Негізінен алғанда, революция неміс буржуазиясының сатқындық саясаты салдарынан жеңілді (Германиядағы революция, 1848-1849 жылдары).

50 жылдардың басында реакция шабуылды күшейте түсті. Коммунистер қуғынға салынды. Сонымен қатар өнеркәсіп төңкерісі мықтап өріс алды; төңкеріс 80 жылдарға дейін созылды. Егіс көлемі ұлғайып, ауыл шаруашылығына машиналар қолданыла бастады. 1862 жылы О. Бисмарк үкімет басына келді. Австралия-Пруссия соғысында (1866) неміс армиясы жеңіп шыққаннан кейін, Бисмарк Германияны Пруссияның төңірегіне біріктірді. Прага бітімі (1866 жылы 3 шілде) бойынша Австрия герман істеріне араласпауға міндеттенді. Австриямен одақ құрған ұсақ мемлекеттер Пруссияға қосылды. 60 жылдары неміс жұмысшы қозғалысы бірсыпыра табысқа жетті. 1863 жылы Жалпыға бірдей герман жұмысшы одағы құрылды; одақты Ф. Лассаль басқарды. 1869 жылы Эйзенахтағы съезде А. Бебель мен В. Либкнехт Г. С. -д. жұмысшы партиясының (әйзенахтықтар) негізін қалады.

Француз-прусс соғысы (1870-1871) Пруссияның Германияны өз төңірегіне біріктіру жолындағы династиялық соғыстың соңғы сатысы болды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеті және музыкасы
Неміс халқының мәдени тарихындағы ұлт зиялылары
ӘСКЕРИ - ТЕҢІЗ КҮШТЕРІ
Іс-шаралар туризмінің қазіргі жағдайын талдау, жоспарлау және ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда дамуы
Бесінші жолы, отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясы
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
Феодалдардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптары
КАНАДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Пәндер